Талдау -жинақтау әдісі. Заттар мен құбылыстарды тану үшін олардың жекелеген әлементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру - талдау - жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу - талдау, ал бөлшектен бүтін құрау - жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке емес, бірлікте қаралатын болғандықтан, талдау -жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.
Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп отырған объектіге аударып, оны жақсы меңгеруге көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, алған білімін практикада саналы Тұрде қолдана білу мүмкіндігін жасайды, оқушылардың сөздерді өз орнына қолдануын, тіл мәдениетін дамытады.
Грамматикалық ереже немесе емлені салыстыру кезінде грамматикалық категориялар мен формалар арасында қандай ұқсастық немесе қандай айырмашылық бар екендігі ашылады. Сөйтье отырып, материал арамсындағы бәріне ортақ ерекшелік аңғарылады.
Салыстырмалы әдісті әртүрлі спатта жүргізуге блады.
1. Сабақта орын алатын ақыл-ой жұмыстарының сипаты бойынша
салыстыру екі түрлі мақсатты көздейді: а) үксастық белгілерін анықтау, ә)
айырмашылық белгілерін анықтау.
Объектінің көлемі бойынша бІр ғана жолмен салыстырылатын жай салыстыру және әртүрлі жолмен салыстырлатын күрделі салыстыру әдісі жүргізіледі.
2. Салыстыралтын объектілер сипатына қарай:
а) емле ережелері салыстырылады;
ә) сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырылады;
б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырлады;
в) сөздердің морфологиялық бөліктерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары салыстырылады;
г) грамматикалық категориялар мен олардың тұлғалары
салыстырылад ы.
1.2 Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі Грамматикалық ереже қолдану тәртібі Я. А. Коменскийге дейін былайша жүйеленген еді. Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріп, ең соңында жаттығу жүргізілетін. Коменский бул схемаға өзгеріс енгізіп, бірінші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды.
Жаңа материалды түсіндіру алдында оған әзірлік жұмыстарын ұйымдастырған тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу әзірлік жұмысының бір түрі болып табылады. Алайда бұл істі барлық мұғалім әр уақытта орындап отырмайды. Өтілетін материал тақырыбын тек ауызша айтып қою оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер «Біз бүгін ү әрпінің жазылу емлесін оқимыз. Сендер ү әрпі і әрпімен ауысып жазылатындығына назар аударыңдар» деген түрде алдын ала ескерту жасалып отырырылса, оқушы сабақ мақсатын түсінетін болады. Сабақты өтпей тұрғанда, оқушы ү мен і әрпінің алмасып жазылатындығына күмән келтіруі мүмкін. Алайда ү мен і үнемі алмаса бермейтіндігін оқушылар есте үстаулары керек. Санаулы сөздерде ғана сөйлемнің соңғы буынында ү әрпі жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені мұғалім түсіндіріп, сөздер көрнекі құрал арқылы немесе тақүтаға жазылып көрсетіледі.
Мұғалімнің мақсаты - белгілі грамматикалық категорияға байланысты оқулықта берілген ережені ғана білгізіп қою емес, сол ережеге сүйене отырып, тілдік материалды таныту, соның төңірегінде оқушыны ойланту, ақыл-ойын дамыту. Оқылған грамматикалык каптегорияны оқушы тани білуге, оны түрлендіруге, емлесін жазу практикасында мұлтіксіз колданып отыруға тиіс. Бұл үшін материалды жақсы түсініп, берік меңгеруі керек. Мұғалім түсіндіру үстінде оқушылар назарын өзіне аудартады. Жалықтырмас үшін сұрақ-жауап арқылы оларға әңгімелетеді, сөйтіп сабаққа оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда оқушылардың оқулықпен өздігінен жұмыс жүргізуі материалды пысықтау немесе қайталау түрінде жүзеге асырылады.
Ереже, әдетте, жазуды орфографиялық нормаға түсірудің құралы болып табылады. Тіпті кейде жеке бір сөзді жазудың өзіндік ережесі болады.
Ережелерді меңгерту нәтижесінде қалыптасатын орфографиялық белгілі ереже бойынша өздері таныс сөздерді ғана дұрыс жазумен шектелмейді, сол рфограммамен жазылатын өздеріне таныс емес сөздерді де қатесіз жазатын болады.
Жинақтық дағды қалыптастыру үшін әртүрлі лексикалық, синтаксистік материалдарға негізделген жаттыгу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Нақтылы материалдарға жаттыға отырып, абстракқиялау процесі жүзеге асырылады. Жинақтық дағды қалыптастыруда сөздік материалдарды вариантқа бөлу де шешуші роль атқарады. Бір вариантты ереже белгілі фнетикалық немесе грамматикалық құрылымдардың жазылуын бір түрде ғана сипаттаса, көп вариантты ереже олардың жазылуын кемінде екі жолмен көрсетеді.
3. Фонетикаға байланысты орфографиялық материалдар. Фонетиканы оқи отырып оқушылар әдеби тілдің орфоәпиялық нормаларымен танысады. Бұған дауысты мен дауыссыз дыбыстар, олардың жуан, жіңішке, үнді, үяң, қатаң түрлері негіз болады.
Орфоәпиялық кемшілік сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алмаушылықтан, өте шапшаң немесе өте баяу сөйлеуден, белгілі бір дыбысты айта алмағандықтан болады. Бала көбінесе р, л, ш, ч, щ, с, қ, ә дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Соның әсері жазуға да тиіп, бар сөзін бал, жоқ сөзін соқ деп те жазады.
Кейбір диалектілік сөйлеу ерекшелігі бар оқушылармен орфоәпиялық жұмысты байыпты жүргізуді есте үстау керек. Оқушылардың сөзіндегі диалектілік қателерді түзету үшін мына сияқты жұмыстар жүргізуге болар еді:
1. Оқушылардың неғұрлым көбірек қате жіберетін сөздерін таблица
ретінде жазып, класқа іліп қою қажет. Таблицадағы сөздермен танысып,
дұрыс айтуға төселу керектігі оқушыларға алдын ала ескертіледі.
2. Дыбыстық алмасу кездесетін сөздерді оқушыларға жаздырып,
алмасып естілетін дыбыстардың асты сыздырылады.
3. Таблицаға я тақтаға диалектілік варианттары бар сөз жазып, қайсысы
әдеби нұсқаға жатаныны айтқызылып және дәптерлеріне жаздырылады.
Көркем әдебиет шығармаларынан арнаулы текстер оқып, қажетті
дегендерін жаттатады.
Көркем сөз шеберлерінен жазылып алынған грампластинкалар мен
магнитофон тыңдалады.
Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады. Орфографияны берік меңгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр турлі фонетикалық құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында фонемалар өзінің ерекшелік сипатын сақтауы да, түрлі өзгерістерге ұшырауы да мүмкін.
Фонетиканың «үндестік заңы» деп аталатын тақырыбы бастан — аяқ орфографиялық мақсатты көздейді. Мұнда орфоәпиялық та ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша, түбір сөздің соңғы буынның жуан я жіңішке блып келуіне қарай қосымшүа да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт. Бұл ережені окушылар жеңіл меңгере алады. Алайда тіліміздегі барлық сөздерге қосымша осы сияқты тәртіппен жалғана бермейді. Міне, осығңан байланеысты ереже де, жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді жағдайлар жасалу керек. —мен (-бен, -пен), паз —қор, -қой, - кеш, -гей, -гер, -хана, -тал, -дар, -нікі (-дікі) қосымшалары сөздің соңғы буынының жуан я жіңішкелігіне қарамастан осы күйлерінде ғана жалғанады (қолмен, өнерпаз, өсімқор, әзілқой, күлекеш, сәуегей, саудагер, шілдехана, өсімтал, білімдар, колхоздікі т.б.) деген ережемен шектелуі жеткіліксіз. Бұлардан басқа да бірсыпыра ерекшеліктерді қамти кетуге тура келеді. Дыбыс үндестігі, негізінен мынадай ережеге бағынуы тиіс: а) түбір сөздің соңғы дыбысы, дауысты, үнді я үяң дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басты дыбысы үнді я үяң дыбыс болады; ә) түбір сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басты дыбысы қатаң болады.
Фонетиканы оқытуды окушылардың тілі мен ойлауын дамытуға көмектесетіндей етіп жүргізу үшін мұғалім: а) оқушылар білімінің жалпы дәрежесін ескеруі тиіс; ә) оқу материалдарының логикалық жағынан дұрыс және балалардың шама-шарқына, жас ерекшеліктеріне лайықтап дайындауы керек; б) класта жүргізілетін жұмыстар мен үй жұмыстарында творчестволық пен әрекет етуін ұйымдастыра олтырып, балалардың белсенді Тұрде ойлапй білуін дамыту қажет; в) оқулықпен қоса орфографиялық сөздік, көрнекі құралдар пайдаланып отыруы керек.
|