Диплом жұмысы қҰрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі



бет16/17
Дата18.05.2024
өлшемі0.63 Mb.
#501415
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Дип.-ҚҰРМАЛАС-СӨЙЛЕМДЕРДІ-ЖІКТЕУ-МӘСЕЛЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдерді топтастыруда құрылымдық, семантика-грамматикалық және функционалдық ұстанымдар басшылыққа алынады. Құрмалас сөйлем синтаксисі – жай сөйлем синтаксисі пәнінің жалғасы. Компоненттері жай сөйлемдерден құралатын құрмалас сөйлемдер өзінің грамматикалық табиғаты мен синтаксистік құрылымы жағынан – ерекше құрылымдық бірлік. Курс аталған синтаксистік бірлікті түзуші тілдік амалдар мен құрмаластың түрлерін, компоненттер арасындағы мағыналық, функционалдық қатынастар мен соған сай қалыптасатын сөйлемнің грамматикалық-семантикалық сипатын қарастырады.
Құрмалас сөйлем синтаксисі студенттерге (бакалаврларға) тілдің синтаксистік жүйесінің құрылысын, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалысын танытуды міндет етеді. Курс жай сөйлем негізінде құрмалас сөйлем жүйесінің қалыптасу, даму жолдарын, сөйлемнің грамматикалық- семантикалық белгілерін ажырата білуге үйретеді.
Курс мақсаты:
Синтаксис iлiмi төрт салаға бөлiнедi: сөз және оның формаларының синтаксисi, сөз тiркесi синтаксисi, сөйлем синтаксисi (Сөйлем синтаксисiнiң өзi iштей жай сөйлем синтаксисi, құрмалас сөйлем синтаксисi болып бөлiнедi), мәтiн синтаксисi. Құрмалас сөйлем синтаксисі курсының жалпы мақсаты жай сөйлемдердің түрлі тілдік тәсілдер арқылы байланысуы нәтижесінде құрмалас сөйлем түзу қасиетін, компоненттер арасындағы грамматикалық және мағыналық қатынастарды айқындау.
Сөйлем синтаксисi өз iшiнде 2 үлкен салаға: жай сөйлем синтаксисi және құрмалас сөйлем синтаксисi болып бөлiнсе, оның әрқайсысының зерттеу объектiсi бар. Жай сөйлем синтаксисiнiң негiзi зерттеу объектiсi жай сөйлемдер мен олардың түрлерi, сөздердiң бiр-бiрiмен грамматикалық байланысқа түсiп сөйлем мүшесi болуы, сөйлем құрау жолдары болса, құрмалас сөйлем синтаксисiнiң негiзгi объектiсi жеке ойды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өз ара тiркесiп, бiр бүтiнге айналуы, сол арқылы күрделi ойды бiлдiруi болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисi жеке ұғымдарды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өзара тiркесiп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнiң түрлерiн, жасалу жолдарын тексередi.
Функциясы жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ойды жарыққа шығарудың құралы болғанымен, құрамы мен құрылымы, мағыналық қатынасы жағынан бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлемдер жеке мүшелерден құралатын болса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады. Жай сөйлемдерде бір ғана предикативтi орталық болса, құрмалас сөйлемдер кемiнде екі предикативтiк орталыққа негiзделедi. Құрмалас сөйлем компоненттерi арасында жай сөйлемдердегiдей тиянақталған интанация болмайды. Жай сөйлем жалаң ойды бiлдiрсе, құрмалас сөйлем күрделi ойды бiлдiредi. Құрмалас сөйлемге анықтама беруде жоғарыда аталған структуралық және сематикалық белгiлерi ескерiледi.
Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiр-бiрiне байланысты екi немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдi айтамыз.
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердiң тiркесе салуы емес, бiр-бiрiмен мағыналық, әрi құрылымдық тығыз байланыстағы бiрiне-бiрi бағынышты күрделi мағыналық бiр бүтiн болып саналады. Бұл жөнiнде Т.Қордабаев: “Егер әдеттегi жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгiлi шамада болса да, аяқталған ойды бiлдiретiн, өз алдарына бiр бүтiн болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компонеттерi интонациялық жағынана тиянақсыз, аяқталған ойды бiлдiре алмайтын, бүтiннiң бiр бөлшегi болып табылады. Ол бөлшек өзi сияқты басқа бiр бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бiр бүтiн бола алады. Егер бұл бiрлiктерi бұзылса-ақ, олар өздерiнiң алғашқы мәндерiн жояды, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бiр бүтiн бола алады деп түсiндiредi. Расында да Ұлжан аулына келiп жеткенше, барлық үйлер тiгiлiп болды (М.Әуезов). Осы сөйлемдегi екi компонентiң бiрлiгi бұзылатын болса, ойдың ретi негiзгi мағына мен әр компоненттiң интонациялық ерекшелiктерi де өзгередi. Кезiнде құрмалас сөйлем құрамындағы компонеттердiң бiрлiгiн ғалымдар әр түрлi түсiндiрiп келдi. Орыс тiл бiлiмiнде А.М.Пешковский, А.А.Шахматов сынды ғалымдар мұны бiрнеше жай сөйлемдердiң тiркесi десе, В.А.Богородицкий, В.А.Белошапова сынды ғалымдар мұны органикалық тұтастықтағы синтаксистiк құрылым деп түсiндiредi. Соңғы пiкiр тiлшi ғалымдар арасында кең қолдау тапты.
Сонымен құрмаластарды топтастыруда төмендегідей ұстанымдар негізге алынады:
- компонент санына қарай топтастыру: а) екі компонентті құрмаластар, ә) көп компонентті құрмаластар;
- компоненттердің байланысу формасына қарай топтастыру: а) салалас құрмаластар; ә) сабақтас құрмаластар.
- салаластарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру: а) жалғаулықты салаластар, іргелес салаластар, ауыспалы салаластар (әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз).
- компоненттер арасындағы семантика-грамматикалық қатысына қарай топтастыру: жалғаулықты салаластар: ыңғайлас, қарсылықты, себептес, талғаулы, себептес; іргелес салаластар: мезгілдік, қарсылықтық, себептік, шарттық, түсіндірмелі; ауыспалы салаластар (әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз): мезгілдік, қарсылықтық, себептік, шарттық.
- сабақтастарды байланыстырушы амалдардың қатысына қарай топтастыру:
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

  1. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

  2. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет