Қорытынды
Қазіргі жағдайда әрбір елдің нарықтық экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды және жеке тұлғалардың негізгі мақсаты мен әрекеті қоғамдық ұдайы өндірістің көрінісі болып табылады.
Нарықтық жағдайда рыноктың тойымдылығын қанағаттандыру дәрежесі өз кезегінде тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне тікелей байланысты болады, осындай өзара байланыс қаржылық есеп жүргізу мен бухгалтерлік балансты қажет етеді.
Сондықтан диплом жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі берілген және бухгалтерлік баланстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.
Диплом жұмысында оны қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.
Бұл тарауда есеп беру мәліметтері кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, шаруашылық қызметті талдау үшін пайдаланылатындылығы туралы мәлімет беріледі.
Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының айналысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беруі кіретіндігі айтылады.
Бухгалтерлік есеп және және есеп беру нәтижесінде, біріншіден – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталынады, яғни кәсіпорынның борышты қамти алатындығы, өтімділігі анықталынады, екіншіден, кәсіпорынның рентабельділігі белгіленеді және шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталынады, сонымен бірге бухгалтерлік есеп беру, статистикалық мәліметтерді салыстыру үшін және бюджеттерде болған өзара байланыстарды анықтау үшін пайдаланылатындығы айтылған. Тараудың соңында қаржылық есеп берудің элементтері бағаланады.
Диплом жұмысында оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынған. Әсіресе бұл есеп пен есеп берудің дәрежесі халықаралық талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу қазіргі басты мәселе екендігі туралы ой – пікірлер білдіреді. Сонымен бірге бухгалтерлік балансты оны алу нәтижесінде, біріншіден, кәсіпорын туралы апталық ақпарат алатындығы, екіншіден, кәсіпорынның меншікті айналымы қаржыларымен қамтамасыз ету дәрежесін анықтайтындығы, үшіншіден, айналым қаржыларының көлемі есепшоттың қай статьялары есебінен өндіріске ұшырағандығы білдіретіндігі туралы айтылады.
Бухгалтерлік баланс методологиялық спецификациясымен, айрықша бағытталған мақсаттарымен және мәліметтер негізінде белгіленген формалар бойынша бюджеттерге және бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтар бойынша есептер жасалынатыны айтылады.
Диплом жұмысының соңында баяндалған материалдар негізінде зерттелген және талдау жасалынған тұжырымдар ой – пікірлер ұсынылады.
Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасы мен стратегиясы іске асыруға қажетті стиль мен әдістерді таңдауда көмек береді.
Диплом жұмысында баяндалған материалдар негізінде төмендегіше қорытынды жасауға болады.
-
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жасау үшін ең негізгі қайнар көз болып есептелінеді.
-
Бухгалтерлік баланс кәсіпорын қаржыларының және қаржы қатынастарының ауыспалы айналымын қорыта бейнелейтін моделдер жүйесі болып табылады.
-
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру нәтижесінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталады, кәсіпорынның несиелік борышты қамти алатындығы, өтімділігі белгіленеді.
-
Кәсіпорынның рентабелділік дәрежесіне баға беріледі.
-
Шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталып, құрал- жабдықтар мен жұмыс күшін тиімді пайдаланғандығына баға беріледі.
-
Бухгалтерлік есеп беру негізінде инвестициялық ресурстарда болу туралы шешімдерді және региондағы экономикалық саясатты анықталды, сонымен бірге қоғамның кейбір мүшелерінің әлеуметтік жағдайына шаруашылық процестердің тигізген әсерлері белгіленеді.
-
Бухгалтерлік баланс методологиялық спецификациясымен, айрықша өзіне тән мақсаттарымен және мәліметтерді пайдалану сипаттарымен ерекшеленеді.
-
Бухгалтерлік баланс кәсіпорындарды, мекемелерде есеп айырысу процесінің соңғы аяқталған кезеңі болып есептелінеді және ол кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы мен шаруашылығының қызметінің қорытынды нәтижесі болып есептелінеді.
-
Іскер серіктің ақпарат және қаржы қызметінің негізгі қайнар көзі бухгалтерлік есеп беру болып, ол нарықтық экономикалық жағдайда кәсіпорынды, пайдаланушылар мен байланыстырушы ақпараттық звено ретінде қызмет етеді.
-
Қазіргі жағдайда активтер мен пассивтердің негізгі мазмұны оны пайдаланушыларға қызмет ететін ақпарат беруге бағытталған нысан болып есептелінеді. соның нәтижесінде ол кәсіпорынның ағымдағы шығындардың пайдалану есебінен дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайын ашып тастайтын және меншікті капитал мен резервтердің кейбір түрлерін қалыптастыратын статьяларды талдау жасауға жоғары дәрежеде мүмкіндік береді.
Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасы мен стратегиясын іске асыруды қажетті стиль мен методтары таңдауда көмек береді.
Қазіргі таңда нарықты экономикалық қатынастарға толығымен өткен жағдайда әрбір кәсіпорынның Қазақстан республикасының экономикалық реформаларын іске асыру және кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы нығайтуда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы ерекше екендігі тағы да дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Артеменко В. Г., Беллендир М. В. Финансовый анализ. М- 1997 г
-
Астахов В.П. Теория бухгалтерского учета Москва 1999г.
-
Әбдіхалықов Т. Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп. Оқу құралы- Алматы- Қаз университеті 2000ж
-
Бюллетень бухгалтера 2002,2003г.
-
Дүйсенбаев К.Ш. “Аудит и анализ в системе управление финансами” Алматы “Экономика” 2000ж.
-
Дүйсенбаев К.Ш. “Анализ финансового положения предприятий” Учебное пособие Алматы 1998ж.
-
Күлімжаев К К. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы Алматы Экономикс- 2003ж
-
Ковалев С.И. “Аудит финансового положения предприятия” Алматы 2000г.
-
Ларинов Г. С. Бухгалтерский учет. М- 1999г
-
Ришар Г.С. “Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятий” Москва 1997г.
-
Родостовец В. К. Финансовый учет. Алматы 1998г
-
Родостовец В. К. т.б. Кәсіпорындағы бухгалтер есеп. Алматы- 2003ж
-
Сакмурзаев К. Бухгалтерский учет на современном предприятии. Алматы- 2002г
-
Совицкая Г.В. “Анализ хозяйственной деятельности предприятий” Минск 2000г.
-
Стандарт бухгалтерского учета № 2 “Бухгалтерский баланс и основные раскрытия в финансовых отчетах”
-
“АШМ Сервис оралығы ӨК” кәсіпорынның 2004-2005 жылдардағы бухгалтерлік балансы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және ақша айналымы қаражаттары туралы есептері.
Достарыңызбен бөлісу: |