Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет6/32
Дата17.08.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459967
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
stud.kz-38836

Дозақ айтар: «Мен артық: залым кұлдар менде бар,
Залымдарға беруге заһар менен у да бар

Бейіш айтар: «Мен артық: ғалым кұлдар менде бар,


Ғалымдардың көңілінде аят, хадис, құран бар

Дозақ айтар: «Мен артық: бинамаздар менде бар,
Бинамаздар мойнында жылан менен шаян бар – »

Бейіш айтар: «Мен артық: сопы құлдар менде бар,


Сопылардың көңілінде зікір, пікір, сүбхан бар»,  дейді. Бұған қарсы дау айтуға уәжі жоқ Дозақ орнынан тұрып Бейіштің қолын алып, жеңілгенін толық мойындайды [2, 20 - б.].
Сонымен, жоғарыда аталған М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк», Ж.Баласағұнның «Құтты білігіндегі», Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметіндегі» айтыстар түркі тектес халықтарға ортақ жазба әдебиетіміздегі сол айтыстың ерте кезден-ақ ел-жұртпен сіңісті болып бірге жасап келе жатқан көне жанр екенін аңғартады.
Айтыстың көне түрі ретінде байырғы магиялық жорамен, сонымен бірге халықтың ежелгі тұрмыс-салтымен тығыз үндесіп жатқан «Бәдік», «Жар-жар», «Өлі мен тірінің айтысы» үлгілерін айта аламыз. Айтыста рудың намысын жоқтау, жақсылығын аспандатып, өзге рудың кемшілігін қазу, төменшіктету, ру аралық талас-тартысты майданға шығару да оның көне рулық қоғамда пайда болғандығын көрсететін бір дерек болуға тиіс.
Сонымен бірге түркі халықтарының барлығына ортақ кездесетін жұмбақ айтыс үлгісін де айтыстың жаңаша нұсқасы емес, керісінше ең ескі бір үлгісі екендігін байқаймыз. Себебі, жұмбақ айтыста қозғалатын мәселелер, мысалы жердің, ай-күннің, жұлдыз бен ғарыштың жаратылу тарихы, өсімдіктер әлемі туралы, әулие-әнбие, пайғамбарлар жайында қойылатын күрделі діни-пәлсапалық сұрақ-жауаптар мифтік дәуірге апаратын көне ұғымдарды елестетеді. Мұндай жаратылыс туралы мағыналы сұрақтарды жұмбақ етіп жасыру әлем халықтарының сөз мұрасында да мол кездеседі. Мәселен, веда абыздары бір-біріне осындай тақырыпта жиі-жиі жұмбақ айтыс түрін қолданатын болған [7, 66-б.],
Сонымен қатар М.Әуезов өзінің «Айтыс өлеңдері» атты зерттеуінде Батыс Еуропаның Орта ғасырындағы келттерде - фильдердің, терістік Францияда - труверлердің, Орталық Еуропадағы - мейстензингерлердің, Скандинавия еліндегі - скальділердің, орыс еліндегі – скоморохтардың, ертедегі Иран, Үнді елдеріндегі «Мүшайра» мен Аравиядағы «Мұғаллақатқа» қатысқан ақындардың бәрінің де суырыпсалма айтысқа ерендігін, бұл өнердің қазақтағы айтысқа барынша ұқсас екенін атап көрсеткен-ді [8, 231-б.].
Белгілі зерттеушілердің пікіріне қарағанда суырыпсалмалық дәстүрге сүйенген айтыс өнері ерте кездерде тек қазақ елінде емес, көптеген елдердің өмірінде-ақ болған тәрізді. Әзербайжан ізденушісі Ә.Мирахмедов те «Әдәбиjjатшүнаслыг енсиклопедик лүғәт» кітабында Германияда мейстензингерлер, Францияда трубадурлар және басқа да ұлттарда орта ғасырларда айтыс сияқты өнер жарыстары болғандығын жазады [9, 57- б.]. Көшпелі моңғол, түрікмен, араб тәрізді елдерде айтыс жанрының мол болғанын кезінде С.Мұқанов та тап басып айтқан еді [10, 7-б.].
Белгілі айтыстанушы ғалым М.Жармұхамедұлы былайша кең пікір өрбітеді: «Шынында, қазақ айтыстарына өзінің түрі, мазмұн-сипаты жағынан өте жақын қарақалпақ, қырғыз еліндегі айтыс жанрын әзірге былай қоя тұрғанда, басқа ел әдебиетіндегі суырыпсалма айтыс өнерінен бізге үндес, ұксас келетіні сол арабтағы «'Мұғаллақат» деп аталатын өлеңдер» [2, 15-б.]
«Мұғаллақат» - арабша тізбектеу, жинақтау деген ұғымды білдіреді. Ислам дәуіріне дейінгі араб әдебиетінде (VIII ғасырда) суырыпсалма рауи Хаммад деген кісі тұңғыш рет өзінен бұрынғы араб ақындарының атақты жеті қасидасын бір жинақ етіп тізіп, оны «Мұғаллақат» деп атаған.
Белгілі ғалым Е.Тұрсынов «Айтыс қазақта ғана емес, сонымен қатар біршама өзге халықтардың рухани тіршілігінің тарихынан орын тауып отыр. Алайда оны нағыз өнер биігіне көтере алған және қазіргі күнге шейін сақтап келе жатқан тек қазақ халқы мен қырғыз, таилер ғана» деп пайым жасаған [11, 112-б.]. Ол бұл пікірін былайша түйіндей түседі «Қазіргі заманда айтыс жанры кең түрде дамып келе жатқан екі-ақ халық бар. Олардың бірі қазақ халқы болса, екіншісі - Таиландтың негізгі халқы таилер. Таилердің айтыстарында қазақ айтыстарына тән көп ерекшеліктер анық байқалады» [11, 114-б.].
Шоқан Уәлиханов қазақ поэзиясының құдіретті болуын көшпелі халықтың еркін де дархан өскен, кең байтақ табиғат құшағындағы шынайы да пәк болмысымен түсіндіреді. Ол: «Далалық орданың тұрғыны қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... Осынау дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы болу керек немесе ашық аспан астында шет-шегі жоқ шүйгін дала аясында ғұмыр кешкен соң, табиғат шіркінді тәңір тұтқандықтан да болар... татар атаулы халықтар арасында өзінің ақындық қабілет-дарыны жөнінен қазақтар бірінші орында болса керек» деп жазады [12, 36-б.].
Қазақтың көрнекті ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың осы бағыттағы зерттеулерінде бұл жанрдың драмалық-театрлық түрге ұласу жолдарына, яғни «алаңдық айтыс-тартысқа» ауысуына мүмкіндік мол екеніне ерекше мән берген. А.Байтұрсынов осы мәселе туралы «Сөз өнерінің бұл түрі Европа тілінде тек «айтыс» мағынада емес, «айтыс-тартыс, арпалыс» мағынада ұғылады. Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақтың айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң айнасына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды», – деп жазған болатын.
Қазақ халық әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі 2 салаға бөлінеді: 1) сауықтама, 2) сарындама
Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер кіреді. Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт сарынымен айтылатын сөздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға, тараулары тармаққа, бұтаққа бөлінеді.
Сауықтама екі тарау болады:
1) ермектеме (ермек сөз). Ермектеме деп ермек үшін сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен, ертегі, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш т.б.
2) зауықтама деп көңіл көтеру үшін сөйленентін сөздер айтылады. Мәселен, ертегі жыр (батырлар), тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, түрлі терме өлеңдер.
Осының ішінде айтыс өлеңге тоқталар болсақ Ахмет Байтұрсынов еңбегінде, айтыс – екі палуан күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сияқты, екі батыр жекпе-жек ұрысқаны сияқты, екі ақынның бірін-бірі сөз жүзінде аңдып, бірінің біріқапысын тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері. Ақындар әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі сөзбен шаншып, жеңеді. Әрқайсысы сөзбен шаншуға қолайлы, осал-оңтай жерін іздейді. Басында, ісінде, жұртында, ұлтында болған осалдық, кемшіліктерді айтып, сөзбен ұялтып яки сөзбен қамап, жан-жағын бөгеп, тоқтатады. Сондықтан ақындар бірінің жайын бірі білмейтін болса, әркімнен әдейі сұрастырып, мағлұмат жинайды. Елентай мен Болық айтысқанда Елентайға Болық қиын сұрақтар беріп, мүдіртпек болған. Жарылысқан Қожа мен Айқын айтысқандағы бір-бірінің басындағы, ғамалындағы міндерін айтып, мүдірту талабында болған. Оған болмаған соң, әйел басындағы жалпы кемшілікті айтып жеңген.
«Кеншімбай мен Ақсұлу» айтысында еліндегі кемшілік, осалдық жағын айтып, бас адамдарының осал істерімен айтып, мүдіртпек болған. «Жанақ пен Баланың» айтысында ел жағына да, ақындардың өз жағынан да тию талабы байқалады. «Қазақ пен Ноғай» айтысында қазақ ноғай жұртының мінін айтып, мүдірту қамында болған.
Қазақта айтыс өлең көп, бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, сиреп барады. Мұның да бәрін жазып алып қалмаса, бұ да анайы әдебиеттің өшетін, жоғалтатын түрі [13, 276-б.].
«Айтысқанда ақындар көбінесе бірінің-бірі басындағы, еліндегі міндерін айтып тоспақшы болады. Айтыстың бұл жағынан әлеумет алдына пайдасы зор» дей келіп,- «... бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының да сөзін өзі шығаратын болған», – деп айтыстың әдеби драмалық жанрға айналу мәселесін де сөз етеді [14, 275-б.]. Айтыс өлеңдерінің шығу тегі мен оның жанрлық ерекшеліктерін ашып белгілеуде қазақ академик жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқановтың еңбектері орасан зор орын алады. М.Әуезов айтыстың тұрмыс-салт жырларынан бастау алып жеке жанр болып қалыптасуына мән беріп, оның тартысты, қызуқанды драмалық белгілеріне көңіл аударса [8, 229-б.], С.Мұқанов айтыстың қазақ халқының өміріндегі орны мен мәніне, көркемдік сипаттарына қарай талдап бағалайды [10, Б.5-14].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет