Диплом жұмысының қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті мақта өндіру технологиясын жетілдіру бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді


– бөлім Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#133241
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

5 – бөлім Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

Еңбек қоғау дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін,денсаулығы мен жұмыс қабилетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық,ұйымдастыру,техникалық,гигиеналық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді.

Кәсіпорындағы,әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың,ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуға тиіс.

Кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету,еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды ұйымдастыру және оның қорытынджылары туралы еңбек ұжымдарын дер кезінде хабардар етіп отыру жұмыс берушіге жүктеледі.

Кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жәніндегі және қызметкерлердің еңбек қорғау жөніндегі стандарттарды,ережелерді нормалар мен нұсқауларда сақтауы жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық шартта көзделеді.

Кәсіпорын қызметкерлеріне меншік иесі есебінен еңбек жағдайларына байланысты мемлекеттік басқару оргындары белгілеген нормалардан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде арнаулы киім,арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану кұралдары,жуу және дезинфекциялау материалдары,сүт,емдеу-алдын алу тамағы беріледі.

Кәсіпорындарда тиісті органдармен келісім бойынша еңбекті қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережеге сәйкес әрекет ететін нңбекті қорғау жөніндегі қызметтер кұрылады.Еңбекті қорғау қызметі өзінің мәртебесі жағынан негізгі өндірістік қызметтермен теңеседі және кәсіпорын басшысына бағынады.

Еңбек қорғау жөніндегі жағдайға және заңдылыққа сәйкес жүмысшылар мен қызметкерлерге техника қауіпсіздігі мен нүсқаулар және қауіпсіз жүмыс істеу әдістерін оқытып үйрету жүмыстары жүргізіледі.

Шаруашылықта еңбек қорғаудағы жүмысты үйымдастыру үшін, техника қауіпсіздігі бөлмесі жүмыс істейді. Техника қауіпсіздігін сақтауды және нүсқаумен таныстыру жүмысы жиі жүргізіліп түрады. Бақылаушы үшін техника қауіпсіздігінің журналына нүсқау жүмысының жетекшісі және барлық жүмысшылар қол қояды.

Шаруашылықта кейбір қауіпсіздік жүмыстарын жүргізуде кемшіліктер болады. Химиялық заттармен жүмыс істегенде адамдардың улануы және тағы басқа зиянды әсерлері болуы мүмкін. Сондықтан да химиялық заттармен жүмыс істеуге арнайы дайындалған, медициналық тексерілуден өткен адамдар жіберіледі. Бүл жүмысшыларға арнайы киім, сабын және сүт тағамдары бөлінеді. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер қондырғылары бар арнайы қоймаларда сақталады. Жаздың күні химиялық өңдеу жүмыстарының таңертең немесе кешкі мезгілде желсіз ауа-райы жағдайында жүргізілді. Шаруашылық саласында негізгі жарақаттаушы факторларға: айналмалы машина, тракторлы агрегаттар, электро тогы, жылу, суық, улы химикаттар, тыңайтқыштар және тағы басқа жатады. Тракторда жүмыс жағдайын жақсарту үшін, әсіресе химиялық өңдеу жүмыстары кезінде трактор кабиналары желдеткіш қондырғылары орнатылған есіктері мен терезелері өте тығыз жабылған тракторлар пайдаланды. Ал кабинасы жоқ және жоғарыда көсретілген талаптарға сай келмейтін тракторларды мүндай жүмыстарға жіберуге тиым салынған. Және де тракторшылар респираторлармен қамтамасыз етілді. Еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қызметтер кәсіпорындар жаңадан қүратын ассоциацияларда, корпорацияларда, концерндерде және басқа да бірлестіктерде қүрылуға тиіс.

Еңбекті қорғау қызметінің мамандары қүрылымдық бөлімшелердің басшыларына анықталған тәртіп бүзушы лықты жою туралы міндетті түрде орындалатын бүйрықтар беруге және кәсіпорындардың басшыларына еңбекті қорғау туралы заңды бүзған адамдарды жауапқа тарту туралы үсыныс енгізуге міндетті. Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төнген жағдайларда еңбекті қорғау қызметтерінің мамандары жүмысты анықталған тәртіп бүзушылық жойылғанға дейін тоқтата түруға қақылы.

Еңбекті қорғау қызметтері кәсіпорын өз қызметін тоқтатқан ретте ғана таратылады.

Кәсіпорын денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық тексерулер өткізуді үйымдастыруға міндетті.

Қызметкерлердің медициналық тексерулерден өтуден жалтаруға қақысы жоқ. Мерзімді медициналық тексерулерден өту кезінде қызметкердің жүмыс орны (кызметі) және орташа жалақысы сақталады.

Аса қауіпті жүмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс.

Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін мамандықтардың тізімін және оның көлемін денсаулық сақтау органдарымен келісім бойынша еңбекті қорғау қызметтері белгілейді.

Медициналық тексерулерден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Кәсіпорын өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан және кәсіби аурулардан қолданылып жүрген заңдарда белгіленген жағдайларда міндетті түрді сақтандырады.

Мен осы дипломдық жүмыстағы тәжірибем зерттеу жүмыстарын Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Оңтүстік-Батыс ғылыми зерттеу орталығында жүргіздім. Бүл өндірісте еңбек қорғау жүмыстары, шаралары жоғары дәрежеде деуге болады.
6-бөлім. Экономика бөлімі.
Ауыспалы егісте шитті мақта өндірудегі технолгиялық жетілдірудің экономикалық тиімділігі.

Мақта жетілдіру құны өндірістік тіршілігініде пайдаланылатын негізгі іс деп шығару қаражаттары және тікелей қаражаттарға тұқым, шикізат, материалдар, тыңайтқыштар және улы химикаттар, жанар – жағармай, еңбек жұмсалуы, тракторлар, ауылшаруашылық машиналары, өндірістік үй – жайлар, амортизациясы және т.с.с. қаражаттарды өз ішіне алады. Осыған орай жүргізілген тәжірибедегі осы күнгі тікелей жұмыс күні мақташылық шаруашылығында негізделген, өнімді іс деп шығаруда есептеп жазылған еңбек ақысының суммасы, өндірісте қатысқан ауылшаруашылық техникаларына есептеп жазылған амортизация суммасы, тағы да олардың жай жөнделуіне (ремонтына) кеткен қаражаттар суммасының есебіне бөлінеді.

Рентабельділік түрлі шаруашылық тіршілік нәтижелеріне баға беруде аса қажетті көрсеткіш болады. Өндірудің қаражаттары тиімділігін рентабельділік (пайданың сатылған өнім жеке нарқына) дәрежесіне орай белгіленеді. Бір теңге жұмсап, қанша пайда алынса, өндіру үшін соншама қолайлы кеңейтілген қайта өнім өндіру үшін соншалықты жақсы жағдайлар туындайды. Өндірудің жалпы рентабельділігі (Ро) осы өнімнен мекеме алатын пайданың өнім (По) толығымен жеке нарық (Ср) есесі арқылы анықталады және ол пайыз төмендегідей анықталады.


Өндірістерде рентабельділіктің өсуі өнімнің сатунан алынған пайданың және өнім жеке нарықтық азайуына байланысты болады.

Зерттеудегі екі тәжірибе шаруашылығында мақта ауыспалы егіске тиісті болғандықтан содан мақтадан мол өнім алу оның жеке нарқын және мақта жетілдіру технологиясының ерекшелігімен көп еңбек ететін жұмыстарды жеңілдетуімен сипатталады.

Жзүргізілген тәжірибе бірінші вариант сол шаруашылықта ауыспалы егіс 38 пайызға игерілген,ал екінші вариантта ауыспалы егіс 90 пайызға игерілген. №11 кестеде ауыспалы егіс қолданған танаптың тиімділігі көрсетілген.

11 кесте.Ауыспалы егістің экономикалық тиімділігі.



Көрсеткіштер

Тәжірибе 1

Тәжірибе 2

Жер көлемі (га).

85

85

Шығындар (тенге).

7717675

7717675

Өндірілген өнім (ц).

15

23

Сатылу бағасы (тенге).

55

55

Жалпы өнім (кг).

127500

195500

Жалпы табыс (тенге).

7012500

10752500

Таза пайда (тенге).

0

3034825

Жүргізілген бірінші тәжірибе нәтижесінде ауыспалы егіс қолданбаған танапта өндірілген өнім 15 ц, шыққан шығын 7717675 тенге болды.Шыққан шығыннан, өндірілген өнімнің аз болуы ауыспалы егін қолданбағандықтан болып отыр.

Ал екінші тәжірибеде өнім 23 ц, шыққан шығын 7717675 тенге, жалпы табыс 10752500 тенге, таза пайдасы 3034825 тенгені құрады.Бұл нәтижелер ауыспалы егін жүйесін қолданғандықтан шығып отыр.Ауыспалы егістің тиімділігі топырақтың табиғи құнарлылығын сақтап,жердің тозуының алдын алады және өсімдіктің жақсы өсіп-жетілуіне,жоғары өнім беруіне толық жағдай жасайды. Еліміздің экономикасын жоғарылату,экологиялық жағдайын жақсарту үшін жаппай ғылымға негізделген ауыспалы егіс жүйесін,шашыранды шаруашылықтарды біріктіру арқылы енгізу қажет.

Бизнес жоспар бөлімі.
Студент: Дауленов Қуандық.

Тобы: АП-04-11к.
1. Аннотация

Бизнес жоспардың тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысында ауыспалы егісте мақта өндіру технологиясын жетілдіру».

Фирма аты: « Батыр- Ата » өндірістік кооперативі.

Мекен жайы: ОҚО, Ордабасы ауданы, Батыр Ата ауылы.

Жобаны дайындаған: Дауленов Қуандық АП-04-11к тобы.

Жетекшісі: Байқабұлов Тілләбек.

Бизнес сферасы: Ауыл шаруашылығы егіншілік саласы бойынша.

Қызыметтің негізгі түрлері :Жіп иіру цехтарына сапалы шикізат жеткізу.

Басталу мерзімі: 2008. 01. 01.

Бизнес жоспар қанша мерзімге есептеліп жасалған: Бизнес жоспар төрт жылға есептеліп жасалған
2. Резюме

Қызымет түрінің сипаттамасы топырақты өңдеп,егіп,дақылды күтіп баптап жоғары сапалы өнім өсіріп жинап текстил фабрикаларына шикізат ретінде жеткізу.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында ауыспалы егіс жүйесін қолдану арқылы шитті мақта өнімін жоғарылату болып табылады.

Жоба шитті мақта өнімін қысқа мерзімде гектарына 14-15 центнерден ауыспалы егіс қолдану арқылы гектарына 22-25 центнерге көтеріп,ал ұзақ мерзімде 35-42 центнерге сапалы шиті мақта өнімін жинауды жоспарлайды.

3. Кәсіпорын сипаттамасы

1 кг мақта өнімнің сатылу бағасы 55 теңге.

1 га мақта түсімі 23 ц.

Кестеде 85 га жердің есебі берілген.



Уақыт мерзімі

Шығындар (тг)

Сату көлемі (кг)

Табыс (тг)

Таза пайда (тг)

1-жылдық

7717675

195500

10752500

3034825

2-жылдық

9613000

229000

14229000

4616000

3-жылдық

11732365

272000

20672000

8939635

4-жылдық

13200500

314500

28305000

15104500

Болашақтағы ірі тұтынушыларымызға келер болсақ:

1. «Текстиль»АҚ.

2. «Ютекс» АҚ.

3.Мемлекеттік мақта кластері.



Менеджмент.





Қызыметкерлердің аты-жөні.

қызыметі

Жалақысы қазіргі (тг)

Жалақысы келешекте(тг)

1

Жақыпбеков Дүйсен

Директор

40000

55000

2

Дәуленұлы Қоңыратбай

Бас агроном

35000

50000

3

Каримбаева Гүлназ

Есепші

33000

47000

4

Әбдіғаппаров Жомарт

Механик

30000

45000

5

Кәшеков Әбілда

Комбайыншы

30000

45000

6

Есжанов Икрамидин

Тракторшы

30000

45000

7

Алдашев Шәмші

Тракторшы

30000

45000

8

Кәшеков Нұрлыбек

Қарауыл

20000

35000

9

Шалабаев Мақсат

Қарауыл

20000

35000

10

Текенов Темірбек

Жұмысшы

20000

35000

11

Есжанов Рақымқұл

Жұмысшы

20000

35000

12

Бегалиев Мадияр

Жұмысшы

20000

35000

13

Серікбайев Азамат

Жұмысшы

20000

35000

14 Жандосов Хамит Жұмысшы 20000 35000

4. Өнім сипаттамасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шруашылық өнімдерін өндіру жөнінде республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып табылады.Ал облыстың маңызды дақылы шитті мақта екені баршаға мәлім.

Қоза талшықты дақылдар тобына жатады.Талшықты өсімдіктер арасында қозаның алатын орыны зор.Қоза жіп иірілетін шикі заттың 70-75 пайызын береді.Алғашқы өңдеу кезіндемақта талшығынан лид,мақта ұлпасы,шит бүршігі айырылып алынады.Шитті мақтада 30-40 пайыз талшық,60-70 пайыз шит болады.Ал шитте 22-29 пайыз мақта майы мен шит бүршігі болады.

Шитті мақта халық шаруашылығында тоқыма өнеркәсібі мен май өңдеу,гидролиз,химия және тағы басқа салалар үшін қажетті шикі зат.

Шитті мақтадан мынадай өнімдер өндіруге болады.Мақта майы,мал азықтық өнімдер,фетр майы,сабын,балық аулайтын ау,арқандар,қағаз,картон,спирт,дәрі-дәрмектер мен қатар кино түсіретін ,фото шығаратын пленкалар жасалынады.



5.Маркетинг жоспары.
Еліміздің экономикасы даму үстінде болғандықтан ауыл шаруашылық өнімдеріне де сұраныс арта түсуде.Сол себепті біздің нарығымыз өсуші нарық болып табылады.Басқа нарықтар бар бірақ біздің өндірістік коопероативте ғылымға негізделген ауыспалы егіс жүйесі енгізілген.Сонымен қатар жаңа заманауи техникаменде толық қамтамасыз етілген.Сондықтан біздің өндірген өніміміз басқа өнімдерге қарағандасапасы жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Біздің өндірістік кооперативті қаржыландыру «Нимекс» коорпарациясымен жасалған келісім бойынша жүргізіледі.Есеп айырысу өндірілген өнімді сатудан кейін қолма-қол ақшамен жасалынады.Өнімді өткізуде келісім бойынша «Нимекс» коорпаратциасына өткізіледі.Біздің кооператив өндірген өнімді келешекте «Оңтүстік арнайы экономикалық аймақ» бағдарламасы бойынша салынып жатқан мақта кластеріне өткізуге толық мүмкіндік бар



6. Өндірістік жоспар.

Жеке меншік:Ғимарат 1, Ордабасы ауданы,Батыр-Ата ауылы.

Құрал жабдық: агрегаттар 3 «КРУ-36», «ПЯ-3-36», «ОВХ-28», тіркеме 6,қосалқы бөлшектер.

Тасымалдаушы: трактор 3 «МТЗ-80», «Қазақстан».

Қажетті құрал-жабдықтар: тыңайтқыштар,гербецид,жанар-жағар май,ұрықтық тұқым.

Шикі затқа материалдарға кеткен шығындар сметасы.




Шикізаттың атауы

өлшем бірлігі (кг/га/л)

Бағасы (теңге)

Шығын мөлшері (га/теңге)

Жалпы танапқа жұмсалатын құны (теңге)

1

Мақтаарал 3031

23

125

2875

244375

2

Азотты селитра

300

40

12000

1020000

3

Калий тыңайтқышы

70

13

910

77350

4

Фосфор тыңайтқышы

115

15

1725

146625

5

Омайт

2

500

1000

85000

6

Хлорат магний

3

170

510

43350

7

Жалпы

-

-

-

1616700


Жеткізіп берушілердің сипаттамасы және олармен жасалған келісім шарт.

«Қазфосфат» АҚ мен тыңайтқыштар алу үшін төрт жылдық келісім шарт жасалынған.

Алдын-ала төлем бойынша жеткізіп береді.

Мақтаарал селекциялық тәжірибе станциясымен бір жылдық келісім жасалынған.

Төлем өнім жиналғаннансоң төленеді.Кепілдікпен берілгеніне байланысты.
Энергетикалық шығындарды есептеу.
Біздің ұсынып отырған жобамызда энергетикалық ресурстарға отынретінде жанар-жағармай қолданылады.

Ш0=Q*Б

Мұндағы: Q-технологияны өңдеу кезінде жұмсалған жанар-жағармайдың көлемі л/га.

Б-бағасы.

Жер айдау-35 л/га.

Тегістеу-10 л/га.

Тырмалау-10 л/га.

Чизелдеу-25 л/га.

Шит себу-5 л/га.

Култивациялау-40 л/га.

Арық алу-45 л/га.

Қоза жинау-10 л/га.

Қоза жапырағын түсіру және жинауға дайындау-1 л/гга.

Жанар-жағармай бағасы-60 тг/л.



Ш0=181*60=10860



Еңбек ақыға жұмсалатын шығындар.




Қызыметкерлердің Категорияларының аталуы

Жұмысшы саны

Бір айлық төлемі теңге

Жылдық айлық төлемі теңге

1

Директор

1

40000

480000

2

Бас агроном

1

35000

420000

3

Есепші

1

33000

396000

4

Механик

1

30000

360000

5

Тракторшы

1

30000

360000

6

Тракторшы

1

30000

360000

7

Комбайншы

1

30000

360000

8

Қарауыл

1

20000

240000

9

Қарауыл

1

20000

240000

10

Жұмысшы

1

20000

240000

11

Жұмысшы

1

20000

240000

12

Жұмысшы

1

20000

240000

13

Жұмысшы

1

20000

240000

14 Жұмысшы 1 20000 240000


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет