Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады


Занды түлғаларға салынатын мүлік салығы



бет4/7
Дата12.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#129849
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Занды түлғаларға салынатын мүлік салығы


2003 жылы заңды түлғаларға салынатын мүлік салығы бойынша болжам 122474,0 мың теңгеге жетті, ал нақты түсім 127415,0 мың теңге немесе 104%, 2002 жылдың осындай кезеңінде түсім 95234,0 мың теңге қүрады. Түсім 32181,0 мың теңгеге өсті.

2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда түсімінің 32181,0 мың теңгеге өсуі материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты болды.



Жеке түлғаларға салынатын мүлік салығы

2003 жылы жеке түлғаларға салынатын мүлік салығы бойынша 48642,0 мың теңгені қүрайды деп болжам жасалған болатын, ал нақты түсім 54397 мың теңгені немесе 111,8 %, ал 1999 жылдың осындай кезеңінде түсім 38344,0 мың теңге болған болатын. Түсімнің өсуі 16053, мың теңге.

2003 жылы 2004 жылмен салыстырғанда түсімнің артуы келесі

факторлармен түсіндіріледі:

Алматы облысының Қарасай ауданының жаңа учаскелерін қосу есебінен, мысалы 2004 жылы 3315,0 мың теңге сомаға 2024 жеке тұлғалар тартылды.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, бірақ 803,0 мың теңге сомасында мүлік салығы бойынша есеп тапсырмайтын жекешелендірген 79 пәтердің иесі анықталды.

Нарық территорияларында орналасқан қоғамдық тамақтану пунктернің, киоскілердің, контейнерлердің иелері салық төлеуге тартылды, ал салық сомасы 450,0 мың теңге;

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы.

2003 жылға болжам 46842,0 мың теңгені құраған болатын, ал нақты 47673,0 мың теңге немесе 101,8% түсті. 2002 жылдың осындай кезеңінде түсім 54864,0 мың теңгені қүрады. 7191,0 мың теңгеге салық кеміді.

Жеке тұлғалардың табыс салығы бойыншаа түсімнің азаюына келесілер әсер етті:

"Сигма Жоспар" БК-да келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін шетел азамататтарының санының азаюы. Мысалы, 2002 жылы —21700,0 мың, теңге ал 2003 жылы 520000 мың теңге түсті.

01.01.2002 жылғы жағдай бойынша Алматы қаласының Әуезов ауданының Салық комитеті бюджетіне салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша болжам 108%-ға орындалды. Барлық деңгейдегі бюджетке 7381055,0 мың теңге түсті.

Ауданның экономикалық жағдайының өсуі өндірістің көлемінің өеуімен және төмендегі салық төлеушілердің салықтар мен

бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуімен қамтамасыз етілді:

"Эл Джи Электронике Алматы Казақстан" ААҚ, "Алаутрансгаз" ААК^ "Наурызбанк Қазақстан" ААҚ, Ақсай " ЖШС және басқалары.

Салықтар мен алымдарды түсу болжамын орындау бойынша жасалған талдау 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 112660,5,0 мың теңгеге түсімнің өсуін көрсетті.

38529,0 мың теңге сомасында болжамда республикалық бюджет 01.01.2002ж. 71445 мың теңгеге толтырылды немесе 104 %-ға орындалды.

98008,0 мың теңге болжамында жергілікті бюджет 53%-ға

орындалды немесе 52165,0 мың теңгені құрады. Заңды түлғаларға салынатын табыс салығы

2004 12 айына 780109,0 мың теңге болжам жасалған болатын, ал нақты түсім 836512,0 мың теңгені немесе 107 %-ды қүрады. 2003 жылдың 12 айымен салыстырғанда түсім көлемі 432841,0 мың теңгеге артты.

Болжамның асыра орындалуына келесі факторлар әсер етті:

өндіріс көлемінің өсуімен келесі кәсіпорындар бойынша түсім артты:

"Электромонтаж" ААҚ -да 2004 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 613335,6 мың теңгені, ал 2003 жылдың 12 айында 207856,3 мың теңге қүрады, ал түсім 2004 жылдың 12 айында 26150,6 мың теңгені, 2003 жылдың 12 айында 5335,7 мың теңгені құрады. Өндіріс көлемі 405479 мың теңгеге, ал түсім 20814,9 мың теңгеге артты. Өндіріс көлемінің артуы электр жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды кен орынмен келісім шартқа отыру есебінен болды.

"Алаутрансгаз" ААҚ 2004 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 4497974,5 мың теңгені, ал 2003 жылдың 11 айында 2543364,4 мың теңгені құрады, ал түсім 2003 жылы 19900,6 мың теңгені, ал 2001 жылы 43836,6 мың теңгені құрады. Өндіріс көлемі 1954610,1 мың теңгеге, ал түсім 23936,0 мың теңгеге артты. Өндіріс көлемінің өсуі газға бағаның өсуіне, газ үшін цистернаны жалға беру есебінен болды.

Төлем көзінен ұсталатын жеке түлғаларға салынатын табыс салығы

Осы салық бойынша 2004 жылдың 12 айында болжам 692374,0 мың теңге болады деп жасалған болатын, нақты түсім 780631,0 мың теңгені құрады немесе 113 %-ға орындалды.

2004 жылдың 12 айында болжамның аса орындалуы және 2003
жылдың 12 айымен салыстырғанда түсімнің өсуі келесілермен
байланысты.

Еңбекақы төлеу қорының өсуі есебінен аударымдардың артуымен;

Төмендегілерде еңбекақы мен жұмыс істеушілердің орташа саны артуымен:

Автоматика "ААҚ 2004 жылы олардың саны 94 адамды құрады;

2778,7 мың теңге салық аударылды.

2003 жылы жұмыс істеушілер саны 48 адамды құраған болатын;

еңбекақы төлеу қоры 1426,5 мың теңгені құрады, ал 1422,7 мың теңге салық аударылды.

"Қазақстан Наурыз Банкі" ААҚ-да қызметкерлер саны 163 адам, ал еңбекақы төлеу қоры 30446,7 мың теңгені құрады.

2003 жылы 65268,5 мың теңге салық аударылды, ал қызметкерлер саны 14 адамды, еңбекақы төлеу қоры 2170,1 мың теңгені құрады, 2014,4 мың теңге аударылды.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын табыс салығы 2004 қаңтар-желтоқсан айларына болжам 50512,0 мың теңгеге болжам жасалған болатын, нақты түсім 50914,0 мың теңге түсті немесе 101% құрады. 2003 жылдың осындай кезеңінде түсім 47673,0 мың теңгені қүрады.

Түсімнің артуы 3241,0 теңге құрады.

31.12.2004 жыл жағдайы бойынша 2743 кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар тіркелген


Мүлік салығы


Мүлік салығы бойынша 2004 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында түсім 172738,0 мың теңге құрайды деп болжам жасалды. Ал нақты түсім 189713,0 мың теңгені қүрады немесе 110 % - ға орындалды.

Заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша болжам 2004 жылы 121037,0 мың теңгені, ал нақты түсім 131349,0 мың теңгені немесе!09 %-ды қүрады. 2003 жылдың сәйкес кезеңінде түсім 127415,0 мың теңгені құрады. Түсім 334,0 мың теңгеге өсті.

Болжамның асыра орындалуы және 2000 жылмен салыстырғанда 2004 жылдың 12 айында түсімнің 3923,0 мың теңгеге және 103%-ға артуы келесі факторлармен қамтамасыз етілді:

1. 1512 кәсіпорындармен ағымдағы жылда 141262 мың теңге салық сомарын төлеу есебінен, олардың ең ірілері; ЭЛ

Джи Электроникс —5347,0 мың теңгені, Алматытелеком -7562 мың теңгені, Концерн Сонар —950,1 мың теңгені, пауэр Консолитэйтед —19854 мың теңгені қүрады.

2. Асыра төлеу сомасы- 01.01,2004 жыл жағдайы бойынша болашақтағы төлемдер шотына аванстық аударымдар 21500,2 мың теңгені құрайды, олардың ішінде ең ірі аударым сомалары келесі кәсіпорындар бойынша жасалды:

Құрылысшы —902,7 мың теңге;

Мастер-417,6 мың теңге;

Кастинг —44,8 мың теңге және т.б

Жеке түлғаларға салынатын мүлік салығы бойынша 2004 жылға болжам 51701,0 мың теңгеге жасалған болатын, ал нақты түсім 58553,0 немесе 113 % қүрады.

Әуезов ауданы бойынша 2004 жылғы акциздер болжамын сараптаған кезде төрт түрлі төлемдер түсті олар құмар ойын бизнесіне акциз, сыраға акциз, дизель отынына акциз, бензинге акциз, 2004 жылдық 9 айына арналған болжам 24766,0 мың теңге бола тұрып, нақты түсім 26715,0 мың теңгені, яғни 108 процентті қүрады.

Өткен жылғы дәл осындай уақыттағы түсім 18715,0 мың теңгені яғни 2004-ке қарағанда 8000,0 мың теңгеге кем соманы қүрайды. Төлемдердің ұлғаюының себебі -2003 жылымен салыстырғанда ойын үстелдерінің саны көбейген.

Салықтың бүл түрі бойынша төлемдер өсуі ( 105207) өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты мәселен 2003 жылы өндіріс көлемі 1056 долл. болса, 2004 жылдың 9 айында өндіріс көлемі 1450 долл. болды.

Дизель отыны мен бензинге салынатын акцизді ұлғайту мақсатында 9 ай ішінде АЗС-тармен үлкен жұмыс атқарылды.

9-кесте

Өнім түрлерінің 2002 жылдағы акциз бойынша түсімі

(мың теңге)



АТАУЫ

2004жылдың 10 айында

% ОРЫНДАЛУЫ

Болжам

нақты

Барлығы Онын ішінде

27379

31215

114,0

Дизель отынын бөлшектеп сату

7,14

949

133,0

Бензинді бөлшектеп сату

25335

27421

108,0

Құмар ойынға акциз

1238

2723

220,0

Сыра

92

103

112,0

Республикалық және жергілікті бюджетке түсімдерді талдауды қорытындылай келе Алматы қаласының Әуезов ауданының салық Комитетінде талдау жүмыстары тұрақты жүргізілетіндігін, негізгі салық төлеушілердың қаржылық жағдайының мониторингі жасалатындыгын, салық органдарының жүмысы жетілдіріліп жатқандығын, компьютерлік мәліметтер базасы барынша көп пайдалатындығын байқаймыз.

3.1. Шетелдегі салық саясаты жөне оны Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндігі

Салықтық реформаларды жүргізу үрдісінде жанама салықтардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу түбегейлі талдауды талап етеді.

Бұл келесі жағдайлардан туындайды, біріншіден, тікелей салықтардың көпшілігімен салыотырғанда жанама салықтардың, мысалы акциздің салыстырмалы түрде жас салық болуы. Екіншіден, жанама салықтардың қызмет ету механизмінің, есептеудің әртүрлі әдістері, төлеу және есептелу тәртіптері салық төлеушілер үшін түсінуге күрлелі болып отыр.Үшіншіден, әртүрлі мамандардың жанама салықтарға қатынасы әркелкі болып табылады.

Бірақ бұл қиындықтарға қарамастан жанама салықтар бүкіл әлемнің жүзге жуық елдерінде маңызды орынға ие. Қазіргі жанама салықтардың рөлін біздің республикамызда бүрын белгілі бір көлемде айналымнан алынатын салық ойнағанын білеміз.

Кейін бүл салықтың орнына қосымша құнға салынатын салық және акциздің енгізілуі көптеген өзгерістер алып келді.

Жанама салықтардан түсетін түсімдердің көбеюі үшін ставкаларды өсіру қажет, ал акциздер бойынша ставкалардың өсімі табыстардың бүрынғы деңгейін сақтау үшін керек, өйткені инфляция кезінде ставкалар тауардың бағасына емес, олардың

көлеміне, салмағына, күштілігіне тағы басқаға бекітілетіндіктен нақты табыстар азаяды.

Жанама салықтардың рөлін арттыратын маңызды фактор

болып бүл салықтардың құрамындағы өзгерістер табылады.

Мысалы, егер 1965 жылы жанама салықтардың ерекше түрінен

түсетін табыстардың 80%-ті алкогольді ішімдіктерге, темекі бұйымдары және мұнай өнімдеріне салынатын аюдиз құраса, 1995 жылы акциздің ролі қосымша құнға салынатын салықтың енгізілуімен төмендеді.

Францияда акцизделетін тауарларға алкогольді ішімдіктер, темекі бұйымдары, сіріңкелер, бағалы металлдардан жасалған бұйымдар, қант және кондитер бұйымдары, сыра және минералды сулар, автокөліктердің кейбір түрлері жатады.

Үлыбритания бюджетіне негізгі табыстарды жанама салықтар әкеледі.

Олардың негізгілері 17,5% ставкамен қосымша құнға салынатын салық, мұнай өнімдеріне, алкоголь және темекі бұйымдарына акциз, ойын бизнесіне салық 8%. Акциз алымдарының ставкалары 10%-30%аралығында, тікелей салықтар 56%, жанама салықтар 43% құрады.

Жанама салықтар құрылымында негізгі қосымша құнға салынатын салық 39%, кеден алымдары - 35%, мүнай өнімдеріне салынатын акциз - 43%, темекі бұйымдарына акциз — 6,6%, алкоголь ішімдіктеріне акциз — 5,1%, ойын бизнесіне салық -1,1%, басқа табыстар — 0,2%.

Данияның 1993жылғы мемлекеттік табыстар құрамында ҚҚСС — 19%, акциздер - 17%, кеден баждары - 1% құрады.

Акциздер халық тұтынуындағы тауарларға

дифференциалданған ставкалармен салынады.

Бұлар: алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, тұрғын үйлерді жылыту үшін жанармай, бензин, жеңіл автокөліктер.

Соңғылары үшін акциз ставкасы ең жоғарғы - 180%. Экспортталатын тауарлар акцизбен ҚҚСС-тан босатылады.

АКДІ-та федералды әмбебап акциз жоқ, бірақ көптеген сипаттарда 3% ставкамен сатудан алынатын салық қолданылады.

Федералды акциздер тауарлардан тек қана алкоголь және темекі бұйымдарына, қызметтерден тек қана жолдарға және әуе тасымалдарына қолданылады.

Соңғы жылдары акциз алымдары 40%-ке өсіп кетті. Бұл федералды бюджет дефицитінің өсуі нәтижесінде кейбір тауарларға (сыра, шарап, темекі бұйымдарына 2-есе) акциз ставкаларының өсуімен түсіндіріледі.

Қазір өтпелі кезенде, еліміз осындай терең дағдарысқа түскен уақытта, шетелдер тәжірибесін пайдалана отырып, осы

дағдарыстан шығудың принциптерін табу — аса маңызды да алдыңғы қатарлы іс болып табылады. Көптеген ғалымдар шетелдердің тәжірибесін қолдануды үсына отырып, біздің салықтар өздері немістердікіндей және гонконгтық ставкалармен, әрі американдық жеңілдіктермен сай болса керемет болар еді дейді. Бірақ, салық өте күрделі қоғамдық организм болып табылады да, халықтың ежелгі дәстүріне сүйеніп дамиды.

Ресей Империясы мемлекеттің кіріс бөлігін жанама салықтарды жинау жолымен қалыптастыруға көп көңіл бөлді. Иван 3 кезінде жанама салықтар, баждар мен откуптар жүйесі арқылы алынды. 18 ғасыр ортасында жанама салықтар Ресей бюджетінің 42-43%-ін алып отырды. Олардың негізгілері кеден баждары мен шараптық откуптар болды. Соның ішінде алкоголь сусындары өндірісіне бет бұрды, өйткені бүл сала әрқашанда табыстырақ болып отырады.

Ресейдегі акциз салығына қатысты тәжірибеге келсек "Акциздер туралы" РФ заңына 1991 ж алтыншы желтоқсанынан бастап акциз салығын салуға тауарлардың тобы жатады 1995 ж


Мемлекет алдындағы барлық қарыздық міндеттемелерін өтегеннен кейін олардың иелігінде қалған пайдадан сатылған өнімнің 1 л-ке пайыздық ставка бойынша төлейді. 1998 ж РФ Федерация кеңесі арнайы заң жобасын "Ішімдік өндірісіне және айналымына лицензияға алымдар туралы" қабылдады. Онда отандық өнімді сатқаны үшін жылына 7 мың доллар және импорт үшін 210 мың алым төлеуді қарастырады.

Ішімдік өнімдері бойынша акциздер сомасын есептеуде


салалық сипаттама зор мәнге ие. "Этил спирті және ішімдік
өнімдері өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы"
РФ Заңы 22.11.95 ж акциз салынатын өнімдер құрамын

нақтылады. Оған ішімдік спирт, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар, жүзімнен және жеміс-жидектен жасалған винолар, ішімдік өнімі бірлігі көлемінен 1,5 пайыздан көп этил спирті бар тамақ шикізатынан өндірілген басқа да өнімдер кіреді.

• 1997 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ішімдік және темекі

өнімдерін міндетті түрде маркалау тәртібі енгізілді. Халық тұтынатын тауарларға қатысты Заңмен қарастырылған

жеңілдіктер салық салудан босатылды .

• Шала өңделген өнім сспирті ірі сиымдылықтарда арналған

виноматериалдары;

•Алыс шетелдерге әкелінген акцизделетін тауарлар;

• РФ Үкіметімен бекітілген регламент бойынша мүгедектерге
өткізу үшін РФ территориясына әкелінгендерді қоса, қолмен
басқарылатын жеңіл автомобильдер "РФ-да өңделетін мұнайға
акциз туралы 14. 04.94.Ж және РФ территориясында өндіретін
мүнайларға сараланған акциз ставкалары осы ставканы 1994
жылдың бірінші шілдесінен бастап ай сайын индекстеп мүнай
өндіруші кәсіпорындарға бір тоннаға рубль енгізілді.
"1994 — 2000 жылдарға арналған минералдық шикізаттың базасын дамыту және геологиялық барлау жұмыстарын тұрақтандыру федералды бағдарламасы жүзеге асыру бойынша қосымша шаралар туралы "РФ Үкімет қаулысын жүзеге асыру барысында 01.04. 96 ж РФ Үкіметі қаулысымен белгіленген мұнайға 1 пайыз орташа салмақты акциз ставкасы бойынша есептелетін мұнай және газ канденсатын кен өндіру геологиялық барлаумен айналысатын ұйымдар тізімі анықталды жаңа жанармай материалдар өндіру үшін өнделмен шикізаты ретінде мүнай өндеуші зауыттарды жабдықтау үшін мұнай сатып алатын кәсіпорындар акциз төлемейді, өйткені олар акцизделетін тауар өндірушісі болып табылмайды.

Акциздер бойынша бюджет пен есеп айырысу сәйкес аралық шоттар бойынша "Бюджетпен есеп айырысулар" 68-ші шотында жүзеге асырылады.

Кәсіп орындардың акциздер соммаларын есепке алу №б форма бойынша дербес шоттар карточкаларында жүзеге асырылады. Банктер мекемелерден төлем құжаттарын алуына қарай дербес шоттың алтыншы графасында төлеушілердің есепті кезендегі төлеген акциз сомалары жазылады.

Декларация толтырылғанда дербес шоттың төртінші графасында есепті кезеңде бюджетке төлеуге жататын акциз соммасы көрсетіледі. Осы сомманы өткізуден түскен акциз соммалары қортыңдысымен салыстырылып, есептеу сальдосы шығарылады. Акциздердің соммасын есептеудің дүрыстығын тексеру кәсіпорындарға инспекция басшыларының белгілеген мерзімдерде салық инспекторының баруымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпорындарды бақылауды жүзеге асыратын

ішімдік өнімінің заңсыз өндірісі саласында салық салудан жалтаруға кедергі жасайтын салық өсімдері жұмыс жасайды.

Акциздерді есептеудің дүрыстығына және өз уақытында төлеуге жауаптылық акциз төлейтін кәсіпорындарға және оның өьсілетті түлғаларына жүктеледі.

Жанама салық салуда кеденде төлететін акциздер ерекше орын алады. Кеденде салықтық регламентті нормативтік қамтамасыз ету ҚҚС салықтарды, акциздерді және баждарды қамтиды ТМД мемлекеттері территориясында шығарылған және әкелінетін акцизделінетін тауарлар бойынша төлеуге жататын акциз сомасы осы тауарлар шығарылған елде төленген акциз сомасына оңайлатылады.

Батыс елдеріне сүйене отырып жасалған қазіргі кездегі Қазақстанның салық жүйесінің құрылымы барлық стандартты

блоктардан тұрады — табысқа салынатын салықтар, мүлікке салынатын салықтар, сонымен қатар акциздер кеден баждары, қосылған құн салығы сияқты жеке элементтерден тұратын акциздер тобы. 1992 жылы 1 қаңтардан бастап елімізде 43 салық енгізілді. Акциз салығы да осы 43 салықтың ішіне еніп, 1992 жылдан бастап қызмет ете бастады. Бұл кезде акциз салығы спиртке, арақ, шоколадқа, бекіре және т.б. балықтардың уылдырығына, темекі өнімдеріне, жеңіл автомобильдерге (ГАЗ маркасынан басқа), автомобиль шиналарына, кілем және кілем өнімдеріне, былғарыдан жасалған өнімдерге және т.б. тауарларға салынды. Сонымен қатар акциз ставкасы тауарлардың өткізу құнына процентпен белгіленіп отырды.
3.2 Салық саясатының болашақта жетілдіру

бағыттары

Салықтардың көптігі және олардың жоғары ставкалары мемлекет бюджетіне талай Республикалардың түсімінің көлемін қысқартып қана қоймай, кәсіпкерлердің қызметінің белсенді ынталандырмасының азаюына әкеледі. Сондықтан мемлекет пен азаматтардың мүдделерін біріктіретіндей салық саясатын жүргізу керек. Салық саясатында халықтардың саяси экономикалық, әлеуметтік қажеттіліктері есепке алынады. Сондықтан салық мемлекет бюджетінің қалыптасуының негізгі көзі болып табылатындықтан, ҚР салық кодексімен қарастырылған мемлекет бюджетке төленетін міндетті төлемдерді міндетті түрде төлеуі тиіс екенін әр азамат есте ұстауы керек.

Салық кодексін іске қосумен байланысты мемлекеттің жаңа салық саясаты белгіленді. Салық кодексін әділділік, түрақтылық, қолайлылық қағидаларында жасау қажет.

Салық саясатының тиімділігі біздің мемлекетіміздің жағдайларын және ерекшеліктеріне сай келетін салық жүйесінің үлгісін пайдаланумен анықталады, Қазақстанда салық салу объектісі табыс және шығын болып табылатын үлгі пайдаланылады.

Республикада салық саясаты қоғамның экономикалық даму деңгейіне және онда қалыптасатын экономикалық қатынастар сипатына. Елдің даму стратегиясына сай келуі тиіс.

Салық саясатының негізгі міндеттері, яғни инфляциямен және өндіріс құлдырауымен күресу қажет. Осы мәселені шешудің негізі салық жүйесінің реттеушілік қызметінің басымдылығы болуы тиіс. Жаңа салық жүйесі жөне оны жүзеге асыру механизмі салық саясатын білдіруі тиіс. Жалпы мемлекеттік және жеке

мүдделерді теңестіруді қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа салық саясатын

жүзеге асырудың негізгі күралы отандық өндірісті, отандық тұтынушыларды жан-жақты қолдау, өндіріс көлемін арттыруды ынталандыру, Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімінің бәсеке қабілеттілігін көтеруі тиіс.

Салық саясатының негізгі міндеттері нарықтық экономиканың әлеуметтік зияндылығын жеңу болып табылады.

Салық саясатының нақты бағыттарын әзірлей отырып, мемлекет келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы :

Жұмыс бастылықты қамтамасыз ету, халықтардың табыстарымен өмір сүру деңгейінің өсуін ынталандыру, ең аз қамтамасыз етілген халықтың табысының мүддесіне үлттық табысты бөлу бойынша әлеуметтік міндеттері

Салықты төлеуді оңтайландыру міндеті, яғни салық салу саласындағы қоғамдық корпаративтік және жеке мүдделер арасындағы паритетке жету

ҚР-да түрақты салық жүйесін қүру

Салықтарды ірілендіру және едәуір түсім бермейтін мақсатты салықтарды алып тастау жолымен олардың санын қысқарту

Экологиялық салықтардың маңыздылығын көтеру

Өнім өндірушілердің салықтық ауыртпалықты жеңілдету

Бюджеттің әлеуметтік мүмкіндіктері шексіз өлшемін

анықтайды. Қазіргі уақытта әлеуметтік шығындарды көбейту,

әлеуметтік әсерді максималдау мақсатында жиналған салықтарды

оңтайлы пайдалану туралы мәселе тұр. Әділ салық жүйесін қүру,

ягни қогамдық тауарлармен қызметтерді пайдаланушылардың әділ

ақы төлеуін қамтамасыз ету өте қиын. Бірде-бір мемлекет

бюджеттен ақшалай ресурстарды дәл, әділ және дұрыс бөлуге қол жеткізген жоқ.

Салық саясатында әдіддік және жариялылық халыққа салықтардың қайда, не үшін, қандай мақсаттарға жүмсалып жатқандығы туралы хабардар ету өте маңызды болып табылады.

Оңтайлы салық саясаты кез келген мемлекеттің және қоғамның арманы болып табылады. Ең соңында салық зандарында әділ салық салу қағидасын бекіту салық жүйесін тиімді етіп қана қоймай, салық тәртібін орнатуға, өркениетті азаматты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Енді акциз қатысты салық саясатына келетін болсақ, ол акцизделетін өнімге салық салу саласындағы ерекшеліктерді, негізгі қағидаларды, жүзеге асыру мақсаттарымен міндеттерін, жүзеге асыру жағдайларын және өдістерін анықтайды.

Акциздік саясатты жақсарту мақсатында мына міндеттер қойылды :



  1. Темекі және ішімдік өнімдері өндірісіне, импортына және
    экспортына бақылау жасау

  2. Акцизді өз уақытында және толық төлеуді күшейту

Қазір акциздік саясат төлеу жауапкершілігін акциз төлеушіге жүктедці,акциз төлеуден барлық кантрабандная өнім

кетеді. Бюджеттің кіріс бөлігінің түсімін арттыруға мүмкіндік беретін акцизді есептеу және төлеу тәртібіне жаңа тәсіл талап етіледі.

Менің ойымша, ішімдік өнімдерін заңсыз шығарумен күресу, бірігіп тексерулер, рейдтер жүргізу мәселелерін шешу керек. Салықтардан жалтару мүмкіндігі диференциалданған салық ставкаларын және салық салынатын табыстар, шегерімдерді қоса, түрлі салық жеңілдіктерінің дәлелсіз кең жүйесі арқылы

салықтарды селективті қолдануда немесе салықтардың құрылымының өзінде занды деңгейде болған.

Бұл заң шығарушылардың ойланбаған әрекеттерінің нәтижесі, олардың тұжырымдамаларының қателігі, олар қабылдаған құжатты қайта қарау жөне салық есебінің жетілмегендігі болуы мүмкін

Қаржы оргаңдарының қызметін жетіддіру, салықтық әкімшілік ету бағдарламасында басымды болып акциздердің түсімінің толықтығын қамтамасыз ету және акцизделетін тауарлар заңсыз өндірісімен айналымымен күресу міндеті бөлек көрсетілген болатын.

Осы міндетті жүзеге асыру барысында келесі іс-шараларды жүргізу қарастырылған:


  • Ішімдік өнімдері мен айналымын мемлекеттік реттеуді
    күшейту;

  • Ішімдік өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік
    реттеу туралы заң қабылдау;

  • Акцизделетін мұнай өнімдері (жанар май, дизель отыны)
    өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы бағдарлама
    жасау және қабылдау;

  • Акцизделетін өнімдер өндірісімен айналымы баланстар
    жүйесін ұйымдастыру және жүргізу;

Бүл бағдарламаның негізгі мақсаты бюджетке табыстардың барынша көп түсуі, ішімдік өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктерін көтеру болып табылады.

Бүл мақсатқа келесі мәселелерді шешу жолымен қол жеткізіледі:

- Салықтардың өндірісіне, айналымына және түсіміне қатаң
бақылауды ұйымдастыру;


  • Заңды өндірушілер үшін экономикалық қолайлы жағдай
    жасау;

  • Спирттік және ішімдік өнімдерінің барлық түрлерінің
    өндірісін заңдастыру;

  • Заңсыз өндіріспен және айналыммен күресу;

  • Салық және кеден саясатын жетілдіру;

- Нормативтік - құқтық негізді жетілдіру;

- бақылау қызметтерінің инфроқұрылымын ақпараттық


технологиялық қамтамасыз етуді дамыту;

Акциздердің толық түсімін тежейтін бірқатар себептер бар, бірінші кезекте - түрлі салалар кәсіпорындарға түрлі салық ауыртпалығын көрсететін салық жүйесінің тепе-теңсіздігі. Ішкі нарыққа бағытталған мұнай қайта өңдеуші өнеркәсібі үйымдар.

25-30%, ал мұнай өнімдерін бөлшек саудасымен
айналысатындар 15-20 %. Осы жағдайдың дамуына ықпал ететін
факторлар: өндірушіден соңғы тұтынушыға бензиннің

қозғалысының реттелмегендігі, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемін есепке алудың біріңғай автоматтандырылған жүйесінің жоқтығы.

Мұнай өнімдерін өткізуге бақылау жасау саласындағы акциздік саясат төмендегілерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді


  1. бензин және жанар-жағар май өндірушілерінен және мүнай
    өнімдерін өткізетін кәсіпорындардан салық түсімдері көлемін
    өсіру;

  2. бензин және жанар жағар майдың "көлеңкелі" нарығын
    занды нарықпен кезеі^ бойынша және біріншіден ығыстыыыру;

  1. Шығарылатын мүнай өнімдер сапасына бақылау орнату;

  2. отандық мүнай өнімдерін өндірушілердің қызметінің
    тиімділігін көтеру үшін баға белгілеуді жанама реттеу.

Акциз саясатын жетілдіруді кезең бойынша жүзеге асыру керек. Экспортқа бағытталған кәсіпорындарын салық жинаудың толықтығын қамтамасыз еткен маңызды.

Акцизделетін өнімдер өндірісіне және айналымына тиімді мемлекеттік бақылау жүйесін қүру бюджетке акциздердің түсімін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Осы маақсатты жүзеге асыруға келесі шаралар ұсынылады.

Ішімдік өнімдері өндіріс және өткізу көлемін автоматтандырылған түрде есептеуді енгізу (баланстар жүйесі) өндірістен және өткізілген өнімдер көлемін міндетті түрде декларациялауды, дайындаушы зауыттарда акцизделетін өнімдерді есепке алу приборларын анықтауды қарастырады.

Бүл жүйе декларация мәліметтерін автоматтандырылған түрде өндеу және оларды есептеу приборлары көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Акцизделетін өнімдер қозғалысын жетілдіру. Акцизделетін өнімнің есебін толық жүргізу мақсатында акцизделетін өнімнің өндірушілері және көтерме өткізушілері үшін декларацияның мідетті нысандарын енгізу қажет. Бүл ұсыныс әсіресе мүнай өнімдері және сыра айналымына қатысты қазір мүнай өнімдерінде және сыра айналымында лицензиялауға және декларациялауға жатпайды. Осыған байланысты акцизделетін өнімнің осы түрлері бақыланбайды десе болады. Темекі өнімдерінің қозғалысына бақылау жүйесін жетілдіру темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет