Диплом тақырыбының өзектілігі


Орта Азиядан Ресейге жіберілген негізгі тауарлар



бет5/5
Дата03.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#463902
түріДиплом
1   2   3   4   5
сауда

Орта Азиядан Ресейге жіберілген негізгі тауарлар:
1) мақта, иірілген жіптер, бөз, выбойка, халаттар; 2) жібек; 3) мал шаруашылығы мен бағалы аң өнімдері: қой, ешкі, жылқы, түйе (өте аз мөл­шерде), түйе жүні, қой мен ешкі жүні, ақ бөкен мүйізі, өңделмеген терілер, бағалы аң терілері, елтірі; 4) Жүн мен түбіттен тоқылған өнімдер: кілемдер, паластар, орамалдар; 5) бояулар: марена (тамырынан қызыл бояу алынатын шөп), бызгунж, испарак, индиго (қара көк бояу); 6) дермене тұқымы; 7) кептірілген жеміс-жидектер; 8) сарацин тарысы; 9) шайлар; 10) бағалы тастар мен маржандар; 11) әр түрлі тауарлар: күнжіт майы, анардан алынған уксус, бұхарлық шарап өнімдері, ас бұрыштар, табак, қытайлық фарфор ыдыстар және т.б.
Қазақтар оған қой терісін, тұлыптар, түлкі мен қарсақ, ақбөкен терісін, киіз, текемет, қой, сиыр және жылқы апарып сатты. Саудаға қазақтармен қатар орыстар мен жоңғарлар да,Орта Азияныңсаудагерлері де қатысты. Бірақ жоңғарлардың әскери жорықтары кезінде бұл бекіністегі сауда-саттық уақытша тоқтап қалып жүрді.
1750жылы қазақтар Троицкіде де сауда жасай бастады. Қазақтармен сауда жасауғаМәскеуден,Қазаннан,Туладан,Ростовтан,Ярославльден,Воронежден,Курскіден,Түменненжәне басқа да қалалардан көпестер көптеп келетін болды[11, 147 б.].
1759жылы тағы даАбылай сұлтанныңөтініші бойыншаПетропавлбекінісінде қысқы сауда орны ашылды. Қазақтар онда мал және мал өнімдерімен қатар ас тұзын да саудалады.
Көшпелі қазақтар мен отырықшы орыс халықтарының арасында тұрақты сауда-саттық байланыстарын қалыптастырып, нығайта түсу үшін1764жылы шекара шебіндегі бекіністерде қазақақсүйектерінесыйлық ретінде ақша үлестіріле бастады.
Сонымен патша үкіметі шекара шебіндегі бекіністерде қазақтар мен Орта Азия саудагерлеріне арнап, мешіттермен керуен-сарайлар салуды қолға алды. Бұл кезде Петропавл және Семей қалалары ірі-ірі сауда орталықтарына айналып үлгірді.


2 XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастардың дамуы

2.1 XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі




Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

  • аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;

  • ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;

  • ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;

  • тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:

  • қалалар мен темір жолдар салынды;

  • тауар-ақша қатынастары дамыды;

  • көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және

отырықшы түрлеріне ауыса бастады;

  • әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.
Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.
Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері ХЫХ ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.
ХХ ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды.
Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.
Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.
Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. ХЫХ ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.
XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге, өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты.
Қазақ даласындағы айырбас саудасының өркендеуіне орай өсімқорлық кең етек алды. ХІХ ғасырдың ортасында орыс саудагерлерінің едәуір бөлігі жергілікті тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға берді.
Бұл туралы Сібір өлкесін зерттеуші М.Красовский былай деп жазды: «Саудагерлер, егін шаруашылығымен айналыспайтын казактар қырғыздарды алдау арқылы күн көреді. Олар саудагерлерден келісіммен тауарларды алып, оны қырғыз ауылдарына белгілі мерзімге дейін таратып береді, осы арқылы олар еселеп байиды... Мұндай өсімқорлықтан татар саудагерлері де қалыспай орыс көпестерінен де артық байыды...»[11, 114 б.].
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.
70–80жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге, күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды.
Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алма­ды[10, 89 б.].
Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді[12, 106 б.].
Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді.
XIX ғасырдың 80–90жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Өлкеде тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да кредит мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады.
Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 30-дан астам қалалар мен 400казак-орыс поселкалары пайда болды. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын[9, 72 б.].
XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен болды.
Мұның өзі банк мекемелерінің ашылып, олардағы ақша айналым қатынастарын күшейтті. 1871жылы Қазақстанда алғашқы ашылған банктердің бірі – Петропавлдағы негізгі капиталы 40мың сом болатын қалалық қоғамдық банк еді.1875жылы Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесі құрылды[8, 96 б.].
Табиғи қазба байлықтарға өте бай Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы бола бастады. 1896жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170күміс-қорғасын, 3темір т.б. рудниктері жұмыс істеді. XIX ғасырдың аяғында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында балық аулау кәсіпшіліктері капиталистік кәсіпорындарға айналды. Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде, Орал облысы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орындары ашылды[7, 83б.].
XIX ғ. 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874–1876жылдары Орынбор темір жолы салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды.
Сонымен, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті.
Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді.
Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер-директоры Никита Шемякин тұсында сауда өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол қазына болып құйылды.
Мысалы, мемлекеттік саудадан 1789 жылы 3922 рубль, 90 тиын алынса, 1791 жылы 8380 рубль, 74 тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір және неміс тауарлары 51338 рубльге, ал қазақ, Ташкент және Қытай тауарлары 63800 рубль 94 тиынға жетті[16, 135 б.].
Айырбас сауданы одан ары дамыту мақсатында патша әкімшілігі қазақ даласындағы осы мақсаттағы сауда аландарын көбейтуді мақсат етіп қойды. «Оныңхалықаралық саудадағы қолайлылығын ескере отыра, Елизавета патшаның жарлығымен 1765 жылы Өскемен маңайында айырбас алаңы негізделді. Мұнда ташкенттіктер мен бұхарлықтар үнемі өз тауарларын әкелетін болды, ал қырғыз-қайсақтар,- деп жазады сол кездегі құжаттар, - көп мөлшерде қой, жылқы, жүн, тері сататын».
Ресей өндіріс тауарларын өткізу, оларды шикізатпен қамтамасыз етуге мүдделі патша үкіметі шет аймақтағы сауда өкілдерінің мүддесін қорғауды да үнемі басты назарда ұстап келді. Осы мақсатпен қазақ даласына келген орыс саудагерлері мен өнеркәсіп орындарының өкілдеріне арнайы сауда агенттері, тілмаштар мен жол бастаушылар бөлінді. Олардың алдында қойған мақсаты да капиталистік даму жолына түскен Ресей кәсіпорындарын көп мөлшердегі шикізат көздерімен қамтамасыз ету, арзан қолды өндіріс тауарларын шет аймақтарға мол мөлшерде өтізу болды. Аталған мақсатта үкімет тарапынан саудагерлердің қызметін жеңілдетуде оларды ынталандыру, ірі сауда капиталын қалыптастыру мақсатында т.б. көптеген шаралар қабылданды. Атап айтқанда, патша үкіметі ірі саудагерлерге ресми атақ беріп, ол атақ мұрагерлікке қалатын болды.
Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік катынастар өрісіне тартылуы халықтың экономикалык өміріне, атап айтканда, сауданың нысаны мен мазмұнына аз өзгеріс енгізген жоқ.
Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды. Егер соңғысын көбінесе бүкіл өлкені жайлап орналасқан орыс-украин шаруа тұрғындары және казак станицалары жүргізсе, айырбасты көбінесе көшпелілер жасады.
Географиялык орналасуы себепті бұрынғысынша Орта жүздегі бүрынғы округтік приказдар, Кіші жүздегі бекіністі шептер маңындағы экономикалық ошақтар, Жетісу мсн Оңтүстік Қазақстанның жаңадан құрылған қалалары, көп адам тұратын қыстақтары айырбас саудасының орталықтары болды, оларға қазақ ауылының шаруашылық жағынан оқшаулануын неғұрлым әлсірете түсу үшін көшпелілер мен отырықшы тұрғындар арасындағы делдалдық рөл берілді. «Қазақ даласының шикізат өнімдерін, Орта Азия өнеркәсібі бұйымдарының бір бөлігінорыс өндірісініңөнімдеріне айырбастау» айырбас саудасынын басты объектісі болды. Бұл орайда Орынбор, Троицк, Петропавл, Верный, Семей сияқты айырбас сауда-саттығының дәстүрлі орталықтарының айналымдары 50-жылдардың аяғында-ақ елеулі мөлшерге жетіп, бірнеше миллион сомды құрады.
60-жылдардағы әкімшілік реформалардың жүргізілуіне, Орталық және Солтүстік Қазақстанның бай табиғи ресурстарын шаруашылық жағынан игеруді кеңейту жөніндегі үкімет саясатының белсенді жүргізілуіне байланысты экономикалықөмірді жандандыра түскен жаңа орталықтар, атап айтқанда, Акмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Қазалы, Жаркент пайда болады. Айырбас саудасы XIX ғасырдың орта шеніне дейін Петропавл, Орынбор, Семей тарихында болғанындай,қаланың өзінде емес, кайта аталған қалалардың шегінен тыс едәуір қашықтықта жүргізілді. Мысалы, Акмолада мал саудасы қаланың оңтүстік жағында, одан 1—2 шақырым жерде орналасты; малдың көпшілік бөлігі азықтандыру үшін «әдетте» қала шетінен едәуір қашық жерде бағылды.
Мал өнімдерін ұксату жөніндегі өнеркәсіптің калыптасуы, мұндай кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің орын алуы қалаларда немесе ірі қоныстарғатікелей жақын жерлерде мал өсіруші жұмыс жағдайын егжей-тегжейлі білетін қазіргі базарлар сияқты базарлардың пайда болуынтездетті. Мәселен, нақсол Ақмолада мал шаруашылығы шикізаты тері базарына шоғырландырылды, онда тауарларды сақтауға арналған қоймалар болды; ал кең ауласына қамбалар орналасты; басқа қалаларда, мысалы, Павлодарда саудагерлер пайда түсіру үшін маусымдар бойынша жақын орналасқан қазақ ауылдарымен тұракты шаруашылық байланыстар жасап, номадтар арасында қажеттілік жылдан-жылға есе түскен тауарларды — мәуіті, баркыт, сиса, жүн бұйымдарын, темір, мыс ыдыстар, қант, шай және т.б. жеткізіп отырды. Қарашаның ортасында Ертіс өзенінде мұз қатқан кезде «сауда-саттықты жалғастыру үшін даладан түйемен көптеген қазақтар» келетін еді; олар қала тұрғындарынан көбінесе ұн сатып алды, дұрысырақ айтканда, айырбастап алды. Сауда мәмілелерінің калған бөлігі қалалық Николаев жәрмеңкесінде одан әрі жүргізілді жәнеоныңайналым сомасы ХІХғасырдың 60-жылдарыныңаяғында-ақ едәуір мөлшерге — 250 000 сомға дейін жетті. ДалалықҚазақстанның жаңатуып келе жатқан экономикалық орталықтарындағы сауда көлемінің біршама аз болуы түсінікті және Петропавл мен Семей сияқты сауда алыптары тарапынан нақты бәсеке болуы әбден заңды.
Шаруашылық жандануының жеткіліксіздігі және тұтас алғанда ауыл қауымының, неғұрлым бірыңғай өз күнкөрісінің сақталуы себепті оңтүстік аймақтарда жаңа шаруашылыққоныстар ішкі саудада зор табыстарға жетті.
Қазалы қаласы «Орыс Түркістаны» сауда-экономикалық өміріні орталығына айналып, көрсеткіштері жөнінен Перовскі мен Түркістаннан, Шымкенттен озып кетті. Ол арқылы Ресейге 3 561 300 сомның тауарлары әкелінді. Облыс аумағына әкелінгені — 1 100 000, одан әкетілгені — 400 000 сомға жетті. Сауданың қаулап өсуіне Жаркент қаласының дамуы дәлел болды. Оның айналымдары туралы 1898 жылы жергілікті кеден жинаған мәліметтер бойынша пікір айтуға болады: мануфактура өнімдері көтерме сауда сомасы — 26000 сом, нақ сондай бөлшек сауда — 480000 сом, тауарлардың түр-түрі бойынша: бакалея — 121000 сом, галантерея – 55000, аралас бұйымдар — 220000, ұсақ-түйек — 6000, темір бұйымдар – 80000, бөлшек саудадағы ет — 119100, мал өнімдері – 23000 сом; оның үстіне қала базарында, сауда нүктелерінде қазақтардың сатқаны: жылқы – 4165 бас, құны – 83360 сом, басқа мал –3448 -51720, есек – 515-2060, кой мен ешкі – 34264 – 102792сомның колемінде болды.158
Торғай облысының уезд орталықтары бойынша да ішкі сауданың көрінеу өскені аңғарылды. 1896 жылы сауда айналымдары Ақтөбе қаласы бойынша – 300 000 сомға дейін, Ырғыз қаласы мен Қарабұтақ кенті бойынша – 500 000, Торғай қаласы бойынша – 200 000, барлық отырықшылық мекендерде– 1612154 сомға дейін жетті.
Егіншілік көп таралған аудандарда өсірілген астық негізінен «өз керек-жарақтары» үшін тұтынылса да, алайда кейбір артылып қалғаны, мысалы, Өскемен уезі бойынша базарға түсті немесе қазақтар айырбастап алды; бұл орайда олар астықтың әр пұтын 30-40 тиынға сатты; Тарбағатай таулары маңында көшіп жүрген Аягөз және Көкпекті округтерінің жергілікті халқы артылып қалған астықөнімін ақшаға сатып және өздеріне қажетті бұйымдарға айырбастау арқылы орыстарды жабдықтап отырды.Жетісу облысының кұрамындағы Ыстықкөл уезі саудада елеулі табыстарға жетті. 1883 жылы Нарын-Қаракөл арқылы 209 керуен өтті, 471 586 сом тұратын тауар әкелінді. Қазақтардың қала рыноктарында, базарларда мал сатуы үнемі өсіп отырды: оның серпінділігін Сырдария облысы бойынша аңғаруға болады: 1886 жылы накты малдың саны (мың есебімен) - 2 456,2 бас болып, оның 206,8 басы сатылған; 1893 жылы -9988,6бас малдың615,6-сы; 1895 жылы - 5185,2 бас малдың - 1645,0 басы сатылған.
Ішкі сауда көбінесе ақшалай нысан алып, алыстағы далалық аудандарды барған сайын қамти берді, сауда куәліктерінен алынатын арнаулы қаражат қазынаны едәуір байытты. Мәселен, нақ сол Сырдария облысы бойынша 1891 жылы сауда үшін алынған акшалай алым мынадай болды: 59 927 сом, 1892 жылы–59 280, 1894 жылы — 60 482,86, 1895 жылы–70607,13, 1896 жылы–81 903,25 сомды кұрады. Ірі қоныстарға ірге тепкен саудагерлер саны да едәуір өсті. Мұны 1898 жылғы деректер айқын көрсетеді: Павлодарда I гильдия көпесі -1,11 гильдия көпесі - 63 адам; Өскеменде I - 1, II - 35; Семейде I -4, II - 92; Қарқаралыда жалпы копестер -21, Зайсанда - 32, Омбыда 1-5,11 -73, Верныйда I - 6, II - 56 адамға жеткен.
Ішкі сауданың ауқымы елеулі болғанына қарамастан, жолдардың «тым жайсыз жағдайы» саудагерлерді заттарын негізінен дәстүрлі екі әдіспен: арбамен және түйеге артып тасуға мәжбүр етті. Түйеге артылатын калыпты жүк – 16 пұт, ал алыс жолға шыкпаған кездегі әлжемді түйеге артылатыны 17-18 пұт, түйеге артылатын әдеттегі тең, мысалы, Түркістан ауданында 8 пұтқа тең болды.
Қазақстанның Монғолиямен, Шыңжанмен аумақтық жақындығы ерте кезден бастап шет елдермен сыртқы сауданың кеңейтілуі үшін кең мүмкіндіктер ашты. Ресейдің Монғолиямен саудасыныңдамуындағы қазақ даласының транзиттік рөлі шекаралық аудандардың өткізушілік міндеттерін күшейтті.
1860 жылы Ургада (Улан-Батор) орыстың тұңғыш коммерциялық фирмасы кұрылды, онымен көп ұзамай Үлбі, Алтай, Бұқтырма сиякты кыстақтар арқылы Өскемен көпестері байланыс орнатты. Монғолияға Бұқтырма жолы апарды, тауарлар да сол арқылы жеткізіліп отырды.
Қазақстан арқылы орыс-моңғол саудасының дамуына көп жағынан Мәскеудің «Савва Морозов және оныңұлдары» компаниясы себепші болды. 1872 жылы оның бастамасымен «92 түйе мен 30 аттан» тұратын, сомасы 45 000 сом болатын тауарлар апаратын керуен жасақталды.
Алайда Ресейдің Монғолиямен сауданы дамытуға қатысты көтермелеушілік шаралары ойдағыдай нәтиже бермеді. 1873 жылы, Урга консулдығының мәліметтері бойынша, Бийскіден Монғолияға тауарлар апару 16 700 сом мөлшерінен аспады және Бийскбағыты «үмітті актамады». Бийскінің өзінде Батыс Монғолияның шетаймақтарында сауда жасайтын Қазақстан көпестері аз тұрмағанымен, соған карамастан, орыс-монғол саудасының негізгі көлемі Зайсан, Семей және Өскемен арқылы жүргізіле бастады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Монғолия мен Қазақстанныңқалалары және кедендері арқылы жасалатын сауданың келемі Бийскіден тасылатын тауарлардын көлемінен едәуірасып түсті.
Қытаймен 1881 жылғы Петербург шарты бойынша Ресей Монголияның бүкіл аумағында баж салынбайтын саудаға және Қобда мен Улясутайда консулдықтар кұруға кұқық алды. Ресейден Монғолияға тауарлар төрт бағыт бойынша: 1 – Өскемен мен Семейден Қобдаға; 2 – Бийскіден Шуя трактісі арқылы Қобда мен Улясутайга; 3 – Минусинскіден Урянхайға; 4 –Забайкалье мен Амур өлкесі арқылы Кяхтаға жеткізілді.Сонымен көпес керуендерін Монғолияның сауда орталықтарына апаратын жолдардың бірі Өскемен мен Семей арқылы өтті, мұнын сол қалаларда тұратын немесе орталық губерниялардан келетін Ресей көпестері үшін де, сенімді адамдар арқылы сауда-саттық жүргізетін қазақ саудагерлері үшін де ынталандырушылық маңызы болды.
Монғолияның маньчжур-цин билеушілеріне тәуелді болуына және Қазақстанның Монғолиямен экономикалық өзара байланысын реттейтін ресми негіздегі шарттарының болмауы себепті саудаазды-көпті ойлағандай нәтижеге жеткізе алмады.
Қазақстанның көршілес Қытаймен саудасының даму шарттарының бірі аумактың шектестігі, сондай-ақ 1881 жылы Цин империясы мен Ресей арасындағы Петербург шартына қол қойылуы болды. Верный, Семей, Зайсан қалалары мен қоныстары, сондай-ақ Қатон-Қарагай, Қорғас және баскалары сияқты кеден пункттері бұрынғысынша сауда орталықтары маңызын сақтап қалды.
1882 жылдың бірінші жартысында Семейге ғана әр түрлі адамдарға Қытайға 305464сомтұратын көлемде(1881 жылғы 255198сомның орнына)тауарлар апару үшін 335 рұқсат қағазы (1881 жылғы 32 болатын) берілді. Шыңжаң қалаларындағы орыс саудагерлерінің саны да айтарлықтай өсті, олардың көпшілік бөлігі Шәуешекте сауда жасады және олардың айналымы 200 000 сомға жетті. Құлжадағы сауда жанданатүсті. «Орыс саудагерлерініңтабиғи ресурстарының саны жөнінен де, олардын капиталдары жөнінен де «Ресей ықпалы» (Құлжадағы. -ред.)«елеулі және басым»деп жазылған Дала генерал губернаторының 1882 жылғы есебінде. Ресей бодандары Цин Қытайынан тері, жүн, кесек күміс және, әсіресе, шай тасыды. Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментіне Құлжадағы Ресей консулыныңтабыс еткен мәліметтері бойынша, 1882 жылы олар Шыңжаңнан: 12 000 қой, жылқы және түйе терісін, 45 000 елтірі, 600 пұт жылқы қылын, 400 пұт ешкі түбітін, 8500 пұт жүн, түлкінің 800, бұлғынның 200терісін алып келген.Ағылшындардың бақталастығы мен теріс әрекеттеріне қарамастан, Ресейдің Шыңжанмен Жетісу және Шығыс Қазақстан арқылы сауда байланыстары қарқын ала берді және мұнда Қытай шекаралықаумағымен сауда жағдайларын егжей-тегжейлі зерттеген қазақ саудагерлері елеулі рөл атқарды: 1891 жылғы 1 қантардан 1 мамырғадейін 11 мың жанға 29 керуен жіберілді, олардыңбір бөлігі қазақкөпестеріне тиесілі еді. Мәселен, Боғыш Шаянбаевтөрт қызметкерімен бірге 6400 сомныңтауарын, Көкпекті көпесі Т.Жандыбаев – 2660сомның мануфактуралық тауарлары мен тері, Семей көпесі Мұхамед Шәкіров – 7899 сомның әр түрлі ұсақтауарлары мен темір бұйымдарын, Жетіков – 1150 сомның әр алуан тауарларын апарған, ал 1891 жылы қазақ саудагерлері мен басқадасаудагерлер Шыңжаңнан (Жетісу облысының Сергиополь учаскесі аркылы) 283 824 сом 32 тиынныңтауарларын тасып әкелген, ал сол аудан арқылы жасалған экспорттың көлемі 327 109 сом 15тиынболған.
Цин империясының қалаларымен саудаға Үржар, Мақаншы және басқа да елді мекендердің шаруалары мен қазақтары қатысты. Олар, негізінен, бидайменсауда жасады. 1891 жылдың 1 каңтарынансәуірайынадейін Бақты бекінісі және Захарьевск селосы арқылы Шыңжаңға 106 саудагер өтті, олардың ішінде 65 шаруа мен қазақ болды. 1895 жылы қытай тауарлары едәуір мөлшерде әкелінді. Мәселен, Зайсан кедені арқылы – 315 475 сом 64тиын, Алқабек арқылы– 119203сом, Қатон-Қарағайарқылы–42666сом;барлығы–560206сом 25 тиынға қытайдың түрлі тауарлары әкелініп; ал (аталған мекендер арқылы) 607554сом 45тиынныңтауары Қытайғаапарылған.
XIX ғасырдың 80-жылдарында Жетісу өлкесі арқылы Шыңжаңмен жасалған сауда байланыстарының өсу сарыны байқалды. Жаркент кеден учаскесі бастығының мәліметтеріне карағанда, 1893 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін Қарқара жәрмеңкесі арқылы Батыс Қытайға 171 саудагер барған, апарған заттарының кұны 435 433 сом болған. Сатылған мал санына учаске бастығы 12 300 сом тұратын 629 жылқыны, 4 000 сомдық400 ірі қараны, 12 000 сом тұратын 500 қойды да қосып есептеген.
Қазақстанға қытай экспортының ең басты бөлігі шай болды. Қытай шайын негізгі тұтынушылар ретінде қазақтар бүкіл шекаралық өңірде осы тауардың әкелінуіне үнемі мүдделілік танытты.
Алайда маньчжур шенеуніктерініңозбырлығымен ұштастырылған цин сарайыныңокшауланушылық саясаты сауда байланыстарының кеңейтілуіне келеңсіз әсер етті. Бірақ Ресейдің Цин империясымен шекаралық мекендер арқылы жасаған қазақ-қытай саудасының болмашы көлемінің өзі де дәстүрлі керуен жолдарын жандандыруда өте маңызды болып шықты және Қазақстанның, Ресейдің, Қытай мен Монғолияның қалаларыарасындадостық, іскерлік байланыстарорнатуға игі ыкпал жасады.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін негізгі ХVІІІ ғасырдың басынан басталған қазақ-орыс саудасы алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар-ақша қатынастарына ауысты [12, 96 б.].
Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар «әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ, қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.
Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтарыОрынбор, Троицк, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, СемейжәнеОралбекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын[17, 89 б.].
Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды[10, 92 б.].
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбас жасап, шаш-етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.
Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, қазақтар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды[11, 94 б.].
1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды. Сауда-саттық айырбас және ақшамен балама түрінде де жүргізілді.
Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пұт жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ[15, 148 б.].
Қазақ саудагерлерінің едәуір бөлігінің сауда айналымынан табатын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткізілген Жалпыға бірдей халық санағының деректері бойынша, Қазақстан аумағында сауда-саттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның ішінде қазақтардың саны небары 4,6 мың немесе 11 пайыздан сәл-ақ алатын еді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті.
Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5-6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.
Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды.
Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды. Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті.
Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды[12, 148 б.].
Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды. Көпестердің саны да арта түсті.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.
П.И.Небольсиннің мәлімдеуінше, XIX ғ. ІІ ширегінде Оңтүстік Қазақстан мен Ресей саудасы айналымының мөлшері төмендегідей: 1827-1837 ж. он жылдың ішінде 10,53 млн. сом, 1840-1850 ж. - 15,73 млн. сом.
Яғни, соңғы он жылда алдыңғымен салыстырғанда 36,4% өскен.
Егер Орынбор кедені арқылы өткен 1857 ж. сауда айналымын 100% деп алсақ, онда сауда айналымының өсімі төмендегідей (кесте 1):


Кесте 1

Р/с

Жылдар

Ресейден Орта Азияға әкелінген тауарлар

Орта Азиядан Ресейге жіберілген тауарлар




1857

100,0

100,0

2

1859

113,3

127,5

3

1861

138,4

141,8

4

1863

161,4

121,4

5

1865

151,0

164,1

6

1867

214,1

439,3



Сауда саласында,біріншіден,өлкені орыс әскерлері жаулап алғанға дейінгі кезеңде және әскери іс-қимылдар жүріп жатқан он жылдың ішінде сауда байланыстарының жылдам қарқынмен дамығандығын,екіншіден,XIX ғ. 50-ж. бұл байланыстардың өте үлкен серпіліспен жоғары көтерілгендігін көреміз. П.Г.Галузоның пайымдауынша, бұл көрсеткіштердің артуы Ресейдің 1853-55 жж. соғыстағы (Севастополь соғысы және Париж бейбіт келісімі) сәтсіздігімен тікелей байланысты, яғни Парсы елі, Түркия және Батыс Еуропаға тауарларды шығару мүмкіндіктері азайған соң Орта Азияның сауда нарығы ретіндегі маңызы дереу артты [18, 72 б.].
Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты, Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді, Жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын[15, 109 б.].
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі сауда капиталы шеткері ұлт аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға тартыла бастады. Осы уақытта Батыс Қазақстанның әр өңірінде, қалалар мен бекіністерде сауда-саттық ісі жанданып, одан әрі дами түсті. Сауда ісіне тартылған қазақтардың ішінде елге белгілі, танымал саудагерлер де пайда болды. Көпестердің гильдиялық мәртебесіне қол жеткізіп, әскери қызмет атқаруға, ішкі округ құрамындағы Орал, Ырғыз, Ақтөбе, Торғай, Гурьев және басқа да қалаларда тұруға рұқсат алған қазақ саудагерлер қатары да қалыптасты. Қарастырылып отырған уақытта әкімшілік басқару туралы реформалар аясында қазақтарға қалалар мен әскери бекіністерде, арнаулы құжатсыз ерекше куәлікпен көтерме және бөлшек сауда жүргізу құқығы берілді. Ал, жергілікті халыққа қалада тұрып далада, ауылдық жерлерде түрлі шаруашылықпен, кәсіппен айналысуға шектеу қойылмады. Қазақтар арасынан шыққан саудагерлер мен көпестер тұрған жеріне қарамастан, қалалық саудагерлермен бірдей алым-салық төлеуге тиісті болды. Сауда саласында оларға бес жылға дейін түрлі жеңілдіктер де берілді. Зерттеліп отырған уақытта аймақ халқының әлеуметтік құрылымына көп өзгерістер еніп, жаңа сауда-саттық саласының өкілдері қалыптасты. Ол ақсүйектер өкілдері болып табылатын қожалар мен молдалар, дінбасылар, казактар, көпестер, мещандар және шаруалар болды [12, 2 б.]. Аймақ халқының әлеуметтік құрамының жіктелуі өңірдегі экономикалық қарым-қатынастардың дамуы, тауар-ақша қатынасының дамуымен байланысты болды.
Сауда буржуазиясының өсуі, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудаға шығарумен шұғылданатын кәсіпкерлер санының артуына байланысты, Орал облысы халқының қоғамы бөлшектене, жіктеле берді. Әсіресе, халықтың негізін құрайтын қазақтардың басым көбі кедейлене түсті.
Мысалы, ХІХ ғасыр аяғында казактардың 40 пайызында жеке шаруашылығы болған жоқ. Осы уақыттан бастап, аймақтағы Орал, Гурьев сияқты қалаларда саудагерлер материалдық жағдайына байланысты үй тұрғызу кәсібімен айналысты. Әсіресе, екі қабатты тас үйлер салу сәнге айнала бастады. Соған байланысты, қала халқының құрамында ірі саудагерлер, кәсіпкерлер қатарымен бірге жалдамалы жұмысшылардың саны да көбейді. Оралдағы ұсақ буржуазия қатарын бай шаруалар толықтырды. Байыған шаруалар қаладан үй алып, лавка немесе кәсіпорын ашып, саудаларын жүргізді. Жәрмеңкеде тігіншілер, етікшілер, ұсталар, дәрігерлер көп пайда түсірді.
Біз сөз етіп отырған кезеңде Қазақстанда кәдімгі далалық қара жолмен қатар, су жолы, темір жол қатынастары да дами бастады. Ол кезде тас жолдар әлі салына қойған жоқ еді.
Сауда және қатынас жолдары Қазақстанның қай түкпірін болса да айқыш-ұйқыш шарлап жатты. Ол жолдармен қатынас жасау XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе түскен еді. Уақыт өте келе олар Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасының күшеюіне ықпал етті.
Мәселен, 1745 жылы Өскемен мен Омбы арасында қазыналық төте жол қатынасы салынды. Оның бес жерде бекеті болды. Пошта тасу, жәмшік қызметін атқару қазақтарға жүктелді. Дала төсіндегі бұл қызметті атқару қиын болатын. Кейіннен оған қоныс аударған шаруалар да қатыстырылды. Күре жолдардағы қатынас ат жегілген, кейіннен түйе жегілген көліктермен жүзеге асырылды. Ол көліктің түрлерітарантас, шыбықтан тоқылған қорап куйме, екі дөңгелекті ағаш арба және кәдімгі төрт дөңгелектіжүк арбасыболатын.
Қазақ даласындағы барлық елді мекендер бір-бірімен күре жолдар арқылы байланысып жатты. Ол жолдармен жүк тасушылар негізінен қазақтар еді. Осы кәсіпті бүкіл отбасымен меңгеріп, маманданып алғандар да кездесті[10, 97 б.].
Ертісте су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң, бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды.Бy қозғағышының күшімен жүзетіналғашқы кемелер.
ЕртіспенXIX ғасырдың 60-жылдарынанбастап жүзе бастады. 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады. Пароходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. Пароходпен тасылатын негізгі тауарлар тас көмір, астық, тұз, көкөніс және мал өнімдері болды. Өзенмен жүк тасу үшін кәдімгі салдар да пайдаланылды. Олар Ертістің бас жағынан Омбыға дейін жіберілді.
Сол арқылы қауын-қарбыз, жарма өнімдері, балық, бал қарағай жаңғағы, тұз, әк, алебастр және охра (жер бояуы) тасымалданды. Ертістен басқа өзендерде, әсіресе, Жайықта, пароходтардың жүзуіне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салынды. Ал бірқатар өзендер мен көлдердің тайыз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану кеңінен өріс ала алған жоқ[14, 113 б.].
Ресей Қытаймен және Монғолиямен сауда-саттық жасауы үшін Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдаланды. Бұл саудада қазақ көпестері көбінесе делдалдық қызмет атқарды. Қазақтардың арасында, біріншіден, қытай және монғол тілдерін білетіндер аз болған жоқ. Екіншіден, қазақтар шекара шебіндегі жер жағдайларын жақсы білетін. Үшіншіден, қазақ саудагерлерінің иелігінде жүк көліктері көп болды. Сонымен 1860 жылы Ургада (Ұлан-Баторда) алғашқы орыс коммерциялық фирмасы ашылды.
Сол фирманың құрамында Өскемен көпестері де жұмыс істеді. Ресей-Монғолия сауда-саттығы Зайсан, Өскемен және Семей арқылы жүзеге асырылды. 1881 жылы Қытаймен жасалған Петербург келісімшартының ережелеріне сәйкес патша үкіметі Монғолияның бүкіл аумағында баж салығын төлемей-ақ сауда-саттық жасау құқығына ие болған еді. Қобда және Улясутай қалаларында консулдық мекемелер ашылды. Міне, мұның бәрі де Монғолиямен сауда-саттықтың дамуына едәуір ықпал етті. Бірақ Монғолия Қытайға тәуелді ел болатын. Соның салдарынан ол өлкедегі сауда-саттық одан әрі дами алған жоқ.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытаймен негізгі сауда-саттық мәмілелері Кяхта қаласында жүргізілді. Бірақ Цинь империясы мен Ресейдің арасындағы кикілжінді сыртқы саяси қатынастардың тұрақсыздығы салдарынан екі арадағы сауда-саттық қайта-қайта үзіліп қала берді. XIX ғасырдың екінші жартысында бұл екі мемлекеттің арасындағы сауда қатынасында елеулі өзгерістер орын алды.
Батыс Қытайдың тұрғындары көрші жатқан мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстанмен де, керуен арқылы сауда-саттық жасауға көбірек мүдделілік танытты.
Қазақстанның Цинь империясымен іргелес жақын жатуы және өзара сауда қатынастарының тиімді болуы Ресей мен Қытайды тығыз байланыс орнатуға итермеледі. Қытай аумағындағы сауда Шұғышақ, Құлжа, Үрімші, Гучен қалаларында жүргізілді.
Қытайлардың ондағы саудаға шығаратын негізгі заттары күміс, тері-терсек, шай, сондай-ақ Қытайдағы қазақтардың мал өнімдері еді. Қазақстанның Қытаймен сауда-саттық жүргізуінде Семей, Зайсан, Бұқтырма және Петропавл сияқты қалалар мен ірі елді мекендер маңызды рөл атқарды. Қатонқарағай, Қорғас және басқа да кеден бекеттері сауда нүктелері ретіндегі маңызын сақтап қалды. XIX ғасырдың 50-60-жылдарында Ресей-Қытай сауда қатынасы Жетісу бағытындағы жолдармен де дамыды. Ондағы негізгі сауда-саттық нүктелері Қапая және Верный қалалары болды[13, 98 б.].
60-жылдардың екінші жартысынан 80-жылдардың бас кезіне дейінгі аралықта сауда қатынастары едәуір бәсендеді. Цинь империясының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды. 1881 жылы қол қойылған Петербург келісімшарты бойынша Іле өлкесінің аумағы Қытайға қайтарып берілді. Осы келісімшартта Ресейдің бүкіл Батыс Қытай аумағында баж салығын төлемей-ақ сауда жасауға құқықты екені алдын ала келісіліп қойылған болатын.
XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақ көпестері сауда-саттық операцияларына барынша белсене қатысты. Олар үсті-үстіне сауда керуендерін жөнелтумен болды. Көпестердің арасында Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы сияқты саудагерлер көпке танылып, сый-құрметке бөленді, зор бедел алды[14, 97 б.].
Осы кезеңде сауда қатынастары Жетісу жері арқылы дами бастады. Ертіс және Іле өзендерінде пароход қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Іле өзені арқылы тікелей су жолын ашты. Қазақ көпестерінің ерекше зор сұранысы шай, ал өздерінің шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды.
Дегенмен, XIX ғасырдың аяқ кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар бәсең тарта бастады.
XІX-XX ғасырлар шебінде жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептері болды:
Біріншіден, қазақтар барлық жерде бірдей жаппай отырықшылыққа көше бастады.
Екіншіден, уездік және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңінен етек алды. Сауданың бұл түрі қалаларда барынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнімдердің тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажетті бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, қазақтар емін-еркін сатып алатын еді.
Қалаларда кең көлемді сауда жасайтын дүкендер мен дүңгіршіктер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшері де өсе түсті. Мәселен, ірі қалалардың бір жылдық сауда айналымы Петропавлда 4 миллион, Омбыда 3,5 миллион, Семейде 1,5 миллион, Қостанайда 0,9 миллион сомға дейін жетті. Қалаларда тұрақты жүргізілетін сауданың күшейе түсуі ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегі сауданың жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберді. Қазақ өлкесінде тауарлы-ақша қатынастары дами түсті.
Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті. Қазақстан үшін ХІХ ғасырдың ерекшелігі – оның алдындағы дәуірден – қазақ халқының қоғамдық саяси мәртебесінде болды. Бұл енді құлдықтағы халық еді.
Қазақтар ХІХ ғасырда шаруашылық салада, әлеуметтік қатынастарда қиындықтар көрді, сонымен бірге, бұл – ұлттық тәуелсіздігін ауыр түрде басынан өткізген халық еді.
ХІХ ғасырда Ресей империясының қазақ жерлерін жайлауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 жылы, “Орынбор қырғыздарының уставы” 1824 жылы, би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру.
Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы.Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды.
Көшпелі қазақтар шаруашылығы әлеуметтік экономикалық қатынастарға тығыз байланысты. Негізгі рөл – қазақ халқының тіршілігінде – көшпелі мал шаруашылығы.Көшпелі шаруашылық малды жыл бойы аяқ астынан жайылуға негізделген. Мал азығының жеткіліксіздігі жайылымның өнімсіздігімен су ресурстарының жеткіліксіздігі малды жыл бойы әр жерлерге көшіріп отырып бағуды қажет етті. Ол үшін, әрине, өте көп аумақ керек болатын[16, 93 б.].
Жаз жайылымдар солтүстік және таулы аймақтарды. Жазғы жайылымды таңдаудың негізгі шарты – су көздерінің болуы. Олар көш жолы бойында малды сумен қамтамасыз ете алатын болуы қажет. Күзгі, көктемгі жайылымдар осы жазғы және қыстау арасындағы байланыс буыны рөлін атқарған.
Көшпелі қазақтар қатаң реттелген маршрут болған, яғни тұрақты қыстақтары және жаз кезінде белгіленген жайлауларға көшіп отырған. Орташа алғанда көшу радиусы 50-100 шақырым, кейде 1000 км- 2000 км дейін жеткен[15, 89 б.].
Жануарлар құрамы тұрақты болған: қой, ешкі, жылқы, түйе және қарамал. Бұл жануарлар дала жағдайына бейімделген.Жылқы өсіруді қазақтар бірнеше мақсатта пайдаланған: ет-май, сүт, көлік ретінде, қара күш ретінде, қазақ жылқысы еңбекқор, қара жұмысқа шыдамды, жергілікті жердің табиғатына бейім, алыс көштерге жарамды. Жылқы өсірудің көшпелі қазақтар өміріндегі мәні туралы Қасым хан ХҮІ ғасырдың басында былай деген: “Біз – дала тұрғындары; бізге сирек, бай заттар жоқ ең басты байлығымыз – жылқы, еті мен терісі бізге тамақ пен киім, ал оның сүті– қымыз ең асыл сусын; жерімізде бау-бақша жоқ, біздің ойын сауық құратын жеріміз – мал табыны, үйір-үйір жылқы, біз осы үйірлерден ләззәт аламыз.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда аграрлық мәселе шиеленісті. Оған қоныс аудару саясаты және жергілікті халықтың жер алуы себеп болды. Осыған байланысты «Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарын қазына жеріне ауыстыру туралы»қаулы шықты. Түркістан аумағына православие дінін ұстайтындарды көшіру қарастырылды. Қоныс аударушылар салықтан жеңілдікпен 8 жылға дейін жеңілдетіліп, әскери қызметтен босатылды. 1904ж «Қоныс аударудық уақытша ережесі туралы» заң шықты. Жаңа тәртіп бойынша бұрынғы орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз көшуге болды. Қоныс аудару стихиялық түрде болды. Кейбір зерттеушілер, патша үкіметінің әрқилы құжаттарына қарамастан, қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе түскенін атап өтеді.
Қазақстанда ХІХ аяғынан жер бөлу партиялары жұмыс істеді. Олар қоныс аударушыларға бос жерді анықтау керек еді[10, 142 б.].
Ф.А.Щербина экспедицияны басқарды. Бұл экспедиция жұмысы көп наразылық туғызды. Осы есеппен далаларда 4074180 ондық жер алынды, оның ішінде Ақмолада 2550202, Семейде – 499566, Торғай, Оралда – 1024412 ондық.
Дегенмен, жер пайдалану нормасын қайта қарау, көшпелі өмір салтын жою туралы пікірлер туып отырды. Ақмола, Семей облыстарына бірнеше экспедициялар жіберілді. Бұл экспедициялар материалдарында Щербин экспедициясы белгіленген норма көп, көшпенділерге көп кеңістік қажет емес, енді олар егіншілікке, отырықшылыққа көшу керек деп қорытындылады. Бірнеше жыл ішінде Қазақстанның бүкіл аумағы 5 қоныс аудару округіне: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария бөлінді. Басқаруда – меңгеруші тұрды, ол жергілікті әкімшілік генерал-губернаторға, ал көбірек жер басқару басқармасына бағынды.
Осындай ұйымдастырылуға қарамастан қазақ халқының жерін тартып алу заңсыз, дөрекі түрде жүрді. Жетісу тұрғындарының жайылымын, қыстақтарын алу ниеттері көрсетілді.
Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велунин: Олар мемлекеттік жерлер, қазақтарға уақытша пайдалануға берілген, қоныс аудару учаскесін құру керек болса, оларды ығыстырып, қырғыз қыстақтарын тығыздап қана жерді босату керек – деп тұжырымдайды.
Ал қазақ ауылдары ығыстырылған жерлер, түркімен бойынша сенатор К.Паленаның ревизиясы бойынша тасты, суландыруға келмейтін болған, және құнарлы жерлер. Ресей қоныс аударушылардың еншісіне көше бастады. Байғұс қырғыздар жердің шектелуіне байланысты, ендігі кезеңде көшуді тоқтатады – деп пікір айтқан .
Осы газеттің тағы бір санында көшпелілердің өмір сүру жағдайының төмендегендігі туралы айтылған. Қазақ қоғамындағы күрделі жер қатынасы, енді қауымдық жер бөлумен заңды негіз алды. Патша үкіметінің бұл мәселе бойынша бірнеше қаулылары шықты. Сібір қырғыздарының жарғысының 172-бабында; егіншілікке ден қойған қырғыздарға 15 ондық жер әр адамға берілетін болған. Ол жерлер мұрагерлік ретінде меншікке қалып отырған. 1886, 1891ж. ережелер осы тәртіпті әрі қарай жалғастырды. Қоныс аудару саясатын әрі қарай тереңдету мақсатында Қазақстанда Столыпин реформасы жүргізілді.
П.А.Столыпин – министрлер кеңесінің төрағасы және ішкі істер министрі 1906-1911ж жасады, оның алғы шарты – шаруаны жердің меншік иесі қылу.
Столыпин реформасының негізі үш құжатта берілген. 1. Жарлық «Шаруалардың жерге иелік ету, жер пайдалану туралы үкіметтің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1906ж.
9 қарашада ол мемлекеттік Думада қаралып Заң түрінде қабылданды. 1911 ж. 29 мамырда «Жер қатынастарын реттеу туралы» Заң қабылданды.
1907ж. 1 қаңтарынан шаруалардың общинадан шығу кезінде төлейтін құн алып тасталынды.
Столыпин реформасы шаруаларға көші-қон бостандығын әперді, егер барған жерлері ұнамаса, өз еліне қайтып келу құқын берді. Бұл реформаның нәтижесінде шаруалар көптеп қоныс аудара бастады, әсіресе, Қазақстанға В.А.Трясевский шенеулік айтуынша, қазақтарда 30 млн. ондық жер артық және қайтып алуға жатқызылған. Тартып алынған жерлерді 10-15-20 жыл ішінде қоныстандыру белгіленген.
Сонымен бірге, одан басқа темір жол, қалалар, салуға казак әскерлеріне тиісті жерлер тағы да алынған. Дегенмен, осындай ұлан-байтақ жер алқаптары барлық қоныс аударуға ниет қылғандарды сидыра алмады.
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде, сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.

  1. Таза монополия – өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.

  2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен рөл атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.

  3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия сөзінің мәні: Олиго – көп емес, азғантай; полия – сату.

Жалпы айтқанда, Қазақстаның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістерге ұшырағаны айқын көрінді.
2.2 Жәрмеңкелік сауда
Егемендік тұсындағы Отан тарихының өзекті мәселелерінің бірі ол экономиканыңқұрамдас бөлігі сауда қатынастары тарихы. Бұл тұрғыда XIX ғ. екінші жартысында Орынбор әкімшілігі арқылы қазақ даласымен өтетін сауда кереуендерінің маңызы және ондағы аймақ генерал-губернаторларының алғашқы рөлі әлдеде болса толық зерттелмеген. Аймақтың жағрафиялық орналасуы, табиғи қойнауындағы мол байлығы сауданың дамуына мұрындық болуымен қатар оңтүстіктегі шетелдермен сауда-экономикалық қатынастар арқылы саяси байланыстар жүргізудеыңғайлы еді. Осы проблеманың XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басындағы тарихыныңпроблемаларын баяндауға біршама іргелі еңбектер арналған[11]. Олардың басым көпшілігіаймақты отарлау процесі, өлкеніңәлеуметтік-экономикалық. саяси жәпе мәдени келбеті сипатталған. Сонымен катар, Ресей империясыныңнығаюы оның ІІІығыс елдерімен сауда катынасы мен жәрмеңкелер арқылы экономикалық байланыстарды дамытудың «кілті мен қақпасы» болған қазақ кеңістігіне барған сайын ден коюына себепші болғаны да жан-жақты баяндалған [2].
Қазақстанның экономикалық дамуыныңайқындаушы факторларының құрамдас бөлігі жәрмеңкелер болды, XIX ғасырдың ортасындағы сияқты олар көшпелілер мен отырықшы ауыл халқының арасындағы делдалдықміндеттерді жүзеге асырды. Жәрмеңкелік сауданыңтұрақтылығын немен түсіндіруге болады? Еңалдымен, рынокты малмен камтамасыз етуші — қазақтар мен малмен сауда жасаушылар арасында неғұрлым тұрақты сауда байланыстарын орнатуға кедергі жасаған қатынас жолдарының жеткілікті дамытылмауымен түсіндіруге болады; екіншіден, бұл — жәрмеңке саудасының қалыптасқан дәстүрлері талаптарымен көшпелілердін жеткілікті түрде таныс болуымен; үшіншіден, сол кездегі статистикада атап өтілгеніндейдаладағы байырғы мекендеушілердін көшпелі тұрмыс-салтымен түсіндіріледі; төртіншіден, жәрмеңкеде көшпелі халыққа өтe қажетті күнделікті тұтынылатын тауарларды сатып алуға болатын еді.
Ресейден, Орта Азиядан, Сібірден, Алтайдан, Онтүстік Оралдан, сондай-ақ Цин империясынан, Монғолиядан, Қазақстанның әр түрлі аудандарынан саудагерлерді тартқан ірі жәрмеңкелер мыналар болды: Қарқаралы уезінде –Қоянды-Ботов, Акмолада –Константиновск-Еленовск, Атбасарда –Петровск, Актөбеде –Ойыл, Әулиеатада –Солаттас, Петропавлда –Тайыншакөл, Верныйда –Қарқара, Жаркент каласында – Жаркент, Семей уезінде — Шар және басқалар.
Жазғы және күзгі болып бөлінген жәрмеңкелер саны жөнінен Акмола облысы жетекші жағдайда болды –ондағы жәрмеңкелер саны – 40, одан кейін,Семей облысы келеді (90-жылдардын аяғына карай), ондағы жәрмеңкелер саны 14-ке жетті. Реформадан кейінгі кезеңдегі ең ірі жәрмеңке –Қоянды жәрмеңкесі (немесе оның негізін калаушының есімі бойынша Ботов жәрмеңкесі) 1848 жылы құрылып, Қарқаралыдан 52 шакырым жерге орналасты, 1 маусымнан 1 шілдеге дейін жұмыс істеді. Екі шакырымға дейін алапты алып жатты. Жәрмеңкеде Мемлекеттік банктің бөлімшесі, пошта, телеграф кызмет етті.
Қарқара жәрмеңкесі XIX ғасырдың аяғында ашылған ірі жәрмеңкелердіңбірі болды, ол «император патша ағзамның» жарлығы бойынша 1893 жылғы 29 каңтардан бастап Жетісу облысының Қарқара өзенінің бойында жұмыс істей бастады. Жәрменкенің жұмыс уакыты – 15 мамырдан 15 шілдеге дейін бір айға созылып, алғашында «онда сауда жасаушылар баж төлеуден босатылды».
Аймақтық орналасуына карамастан, жәрмеңкеге көпестер әкелетінтауарлардың сипатын зерттегенде, сауда жасалатын заттарды мынадай санаттарға бөлуге болады: мал, шикізат, жергілікті жерде оңделген мал «өнімдері» – тері, қой терісі, жүн, қыл, киіз және т.б.; еуропалық үлгідегі тауарлар – ағаш ыдыстар, ұн, шай, қант, балауыз, сабын, фарфор және темір бұйымдар; азиялықтауарлар –шапандар, кілемдер, жібек және мақта-маталар, ер-тұрман әбзелдері, кептірілген жемістер.
Жәрмеңкелердің жұмыс істеу уақыты туралы айтканда, олардыңқызметінің іс жүзінде басталуы мен аяқталуының әрдайым сәйкес келуі сирек кездесетінін ескеру керек, ол толып жатқан факторларға және негізінен алғанда малдың қысты қандай жағдайларда өткізгеніне және кыстаудан кейін колданып үлгеруіне байланысты болды.
Дегенмен де, деректемелерде барлық дерлік далалық жәрмеңкелерде сатудың және сатып алудыңбасым тауары ретіндегі малға бірауыздан назар аударылады. Ақмола облысының ірі екі жәрмеңкесі: Тайыншакөл және Константиновск жәрмеңкелері жөніндегі салыстырма деректерді келтіріп өтелік. 1871 жылы сату үшін мынадай мал саны айдап әкелінген: біріншісіне – 5 000 жылкы, 30 000 ірі қара, 78 000 қой; екіншісіне – 880 жылқы, 1232 ірі қара, 76 746 қой.
Жәрмеңкелер бойынша кірістерді салыстыра келгенде, негізінен жергілікті тұтынуға арнап ұсақ малды сатудың тез өскені айқын көрінеді: 1891 жылы мал сатудан ғана Шар жәрмеңкесінде – 151 940 сом, Семей уезінің Сельяр станицасындағы Екатерина жәрмеңкесінде – 91 090 сом, 1900 жылы Нарын-Сергиополь жәрмеңкесінде – 28000 сом пайда түсірілген.
Ең алдымен, жәрмеңкелердің көшпелілерге арналуы себепті, олардың кызмет жағдайлары, орналасқан жері туралы анық ақпараты болған, үкімет нұсқауларының орындалуын қадағалап отырған генерал-губернаторлар «арнайы төтенше себептер болмайынша және озбырлықпен өзгертуге жол бермеу үшін...» маусымдық жәрмеңкелердің еш ссбепсіз орын ауыстырылуын немесе олардың орналасқан жерініңөзгертілуін мақұлдамады.
Жәрмеңкелер алыстағы ауылдарда тұратын көшпелілердің болыстарда жоқ фабрика-зауыт өнеркәсібініңөнімдері мен бұйымдарына деген кажетін өтеді, орыс шаруаларымен тамыр болу мүмкіндіктеріне жол ашты, сонымен катар, халықтың таңдаулы музыкалық және спорт дәстүрлерін: күрес, бәйге, гимнастикалық жаттығулар, акындар айтысы сияқты өнерін ел алдында көрсету үшін де тартып отырды. Мұнда тамаша қолөнершілер, халықтың он саусағынан өнері тамған зергерлері, талантты композиторлар Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса Байжанұлы жиналды; кейінірек даланы атақты әнші Майра Уәлиқызы Шамсутдинова және т.б. өз өнерлерімен тәнті етті. Жас кезінде Қоянды жәрмеңкесіне жезкөмей әнші Әміре Қашаубаев жиі барып жүрді.
Сөйтіп, XIX ғасырдың 80-90-жылдарында жәрмеңкелер Қазақстанды рыноктыққатынастар жүйесіне барған сайын кең тарта түсті, тауар катынастарына малдың едәуір бөлігін пайдаланып, бүкіл сауда құрылымын елеулі түрде үздіксіз озгертіп, даланың экономикалык өмірін бұрынғысынан гөрі жандандыра түсті.
Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте-мөте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды.
Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды.
Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді[13, 73 б.].
Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегіҚоянды-Ботов, Ақмола уезіндегіКонстантинов-Еленов, Атбасар уезіндегіПетров, Орал облысындағыОйылжәнеТемір, Верный уезіндегіҚарқара,Жаркенш, Сырдария облысындағыӘулиеата, Семей уезіндегіШар, ПавлодардағыТайыншакөлжәрмеңкелері болды[14, 87 б.].
1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.
Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері ор түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын[13, 93 б.].
Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті.
Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды.
Халықтың саяси-әлеуметтік, экономикалық даму тарихында жәрмеңкелердің алар орны ерекше. Өйткені олар сауда-саттық ісін дамытып қана қоймай, көрші елдермен саяси-экономикалық байланыс жасау, тұрақты қарым-қатынас орнықтыру мәселесінде аса маңызды қадамдар жасауға жол ашады. Онда халықтық өнер мен мәдениетті кеңінен насихаттаудың да мүмкіндігі мол. Ендеше, жәрмеңкелер тарихымен жете танысудың, олардың халықтың даму тарихына қосқан үлесін байыптап, саралаудың маңызы зор. Осындай саяси-экономикалық орталықтардың бірі — Орталық Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі.
Қазақстан территориясында XIX ғасырдың 20-жылдары сыртқы округтер деп аталған әкімшілік орындары құралады. Олар Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.) округтері.
Сауда өз кезегінде ішкі саяси жағдайларды шешуге де айтарлықтай әсер еткен. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Ташкенттегі Кяхта көпестерінің ком- мерциялык, агенттігінің жазбаларына үңіліп көрейік: «...окончательное сбли­жение наши с народами описываемого края все более зависит от развития непосредственной нашей торговли... с развитием торговли начнутся частые сообщения, постоянные сношения по делам обмена товаров и неизбежный при этом обмен мыслями при котором населения Средней Азии может быть оказываемо русскими громадное явление»[1].
Негізінен, сауда қазақ руларыменКереку, Өскемен, Семей,Қарқаралы арқылы жүзеге асып отырады, келер жылдары Зайсан арқылы шекаралық өкімет әкімшілік бөліктің рөліне көп көңіл аударады.
Ресейге бағынғанға дейінгі кезеңде XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында Қазақстанда сауда нашардамиды. Өйткені шапқыншылык салдарынан ірі қалалар мен қала базарлары қираған еді. Бірақ ауыл шаруашылық өнімдерімен айырбас жасау тоқтаған жоқ. Қазақтар көрші Хиуа, Қоқан, Бұхара, Қытай мемлекеттерінің халыктарымен тығыз байланыста болады.
Ал, Қазақстанның Ресеймен тығыз сауда байланысы XVIII ғасырдың екінші жартысынан, патшалық Ресей қол астына кіргеннен кейін басталады. Сауданың өрістеуіне Қазақстанда орыс қалаларының салынуы үлкен әсерін тигізеді.
Ресейге қараған кезде Қазақстанда бар жоғы үш-төрт қала қалған еді. Оның біреуі — Түркістан қаласы. Ал басқа Тараз, Созақ, Сайрам қалалары ұсақ кәсіпкершілік пен ауыл-шаруашылық орталықтары (поселка) ретінде жеткен-ді.
Қазақстанда кәсіпорынды қалалардың болмауы, әрине, сауданың өнеркәсіптің ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдай Ертіс, Орынбор және Оралдағы алғашқы бекіністердің салынуына байланысты өзгере бастайды. Сауда байланысының барысында бұл әскери бекіністер бірте-бірте қалаларға айналады. Қазақстан территориясында қалалардың, селолардың,станциялардың салынуы тауар мен ақша қатынасының орнығуна әсерін тигізеді. Шалағай жатқан аудандарға Қарағанды орыс шекарасына жақын орналасқан аудандарда сауда қатынасы ертерек дамиды.
Бұрыңғы кеңестегі Маевскийдің жан басына қарағанда 1824 жылы Қарқаралы сыртқы округі құрылған соң және 1827 жылы Қарқаралы мен Баянауылға казактар қоныс тепкен соң Жетісу өңірімен байланыс орнату әрекеті жасалады. Өйткені патшалық Ресей Құлжа, Шәуешекпен катынас жасауға мүдделі еді.
Ялуторск көпесі Варнава Ботов 1848 жылдың көктемінде өндіріс тауарларымен Қызылжарға мал айдан апара жатқан саудагерлердің алдынан шығып, сауда жасау мақсатында Тоқпақ тауларының баурайындағы үлкен жазыққа келіп қоныстанады. Ол өз тауарларын қымбат бағамен айырбастап мал мен одан алынатын өнімдерді, қолөнер бұйымдарын Қызылжарға, тиетін Ресейдің Сібір мен еуропалық бөліктеріндегі қалаларына жеткізіп, мол пайда табады. Мұндай оңай олжа басқа да орыс көпестерінің назарын аударады. Осы себептерге байланысты 1840 жылы мамыр айында Қояндыда орыс саудагерлері мен қазақтардың съезі ашылады. Бірте-бірте дами отырып, бұл сауда орны жәрмеңке дарежесіне дейін жетеді. Жәрмеңкенің дәл осы жерде ашылуына оныңнегізінен, Қытайдан Қызылжарға баратын көпестердің жолы болғандығы әсер етеді.
XIX ғасырдың 40-жылдары осы жәрмеңке ауданында тау-кен өндірістері дами бастайды. Сондай-ақ, Александровск күміс балқыту (1849 жылы), Богослонск (1857 жылы), Николаевск (1859 жылы) және Спасек мыс қорыту зауыттарының іске қосылуы дала саудасының дамуын жеделдете түседі.
1855—1862 жылдары қазақтардың мал санының азайып кетуіне карамастан 1869 жылы Қоянды жәрмеңкеніңсауда айналымыжарты миллионнан артып тускен. Патша үкіметінің көршілес елдермен сауда қатынасын дамыту үшін «жасаған кадамдары да Қазақстандағы сауданың дамуына ықпал етті. Мысалы, Ресейдің Сібір линиясындағы сауданың жоюы Сібірге келген Азия көпестеріне өз тауарларын сауда куәлігінсіз сатуға мумкіндік береді. 1852 жылы, бастапқыда бес жылга, ал 1857 жылы одан әрі ұзартылады. Осыпың бәрі Қоянды жәрмеңкесінің дамуына әсерін тигізеді.
1869 жылы Семей губерниясының әскери губернаторы Полтарацкий менҚарқаралы уезінің бастығы штабс-капитан Тихонов Қоянды сауда орнын жәрмеңке ретінде тануға бұйрық шығарады. 1868 жылдың он екінші қыркүйегінде, Батыс Сібір бас басқармасының кеңесі Қоянды жерінде жыл сайын 15 мамырдан 15 шілдеге дейін жәрмеңке ұйымдастыруды хаттап, бекітеді. Сонымен, бұл сауда орны оның негізінқалаушы орыс көпесінің құрметіне орай Ботов жәрмеңкесі деп атақ алады.
Қоянды жәрмеңкесі жылдан-жылға күшейе түседі. Жәрмеңкeгe әкелінетін мал саны маусым сайын сан мыңдап көбейіп отырады. Осыған байланысты 1871 жылы Батыс Сібір генерал-гyбернаторының жарлығымен жәрмеңкеге әкелінген малды бағып-жаю үшін55 шаршы шақырым жер бөлінеді.
Ал енді осы Қоянды жәрмеңкесінде қандай тауарлар сатылды, негізінен қандай заттар сатылып алынды?
Қоянды жәрмеңкесінің біраз жылдық есебін қарап отырып, жергілікті ұлт өкілдері жағынан негізінен төрт түлік мал және оның өнімдері (тері, қой жүні, ешкінің түбіті), өсімдіктер, тағы басқа заттардың саудаға тартылып отырғанына көз жеткіземіз. Мал шаруашылығы өнімдерінің аса маңызды болғаны сонша, мұнда жыл сайыи тек малдың өзі ғана 700000 сомнан 1.250000 сомға дейінгі көлемде әкелінген. Жалпы, жәрмеңкедегі айналымның қырықтан-алпысқа дейінгі процент: ірі қара мен ешкі, қойдың үлесіне тиеді. Ал екінші орынды жалпы осы жәрмеңке айналымы бойынша мал шаруашылығы өнімдері алаңы. Оларөңделмеген терілер, ешкі түбіті мен жылқының қылы, қойдың жүні – жалпы айналымның 8 процентінен 22 процентін құрады.
Сонымен қатар, қазақтың қолөнер бұйымдары және аздаған мөлшерде шаруалардың бұйымдары (ұн, астық) сатылды. Қарап отырсақ, Қоянды жәрмеңкесі — негізінен мал сату, сатып алу орны болған екен. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Қоянды жәрмеңкесіңде сатылған малдардың санын келтірейік: 1910 жылы 20 692 өгіз, 3 570 сиыр, 15 бұзау, 127360 қой, 2476 ешкі, 1420 жылқы, ал 1911 жылы — 14304 өгіз, 3916 сиыр, 36 бұзау, 122835 қой, 3570 ешкі, 2247 жылқы; 1912 жылы — 13501 өгіз, 1421 сиыр, 2 бұзау, 130244 қой, 2234 ешкі, 3717 жылқы; 1913 жылы — 9189 өгіз, 2767 сиыр, 87167 қой, 1475 ешкі, 1546 жылқы.
Алосы жәрмеңкеден қазақтар қандай заттар сатып алды?
Жәрмеңкеге көпестер мен саудагерлер дайын тауарлар жеткізіп отырған. Олар: күйдірілген ыдыстар, шәй, қант, шыны-әйнек, темір, шойын, тағы басқа заттар. Бұлар сауда айналымының 28-ден 40 процентке дейінгі бөлігін құрады, үш проценттен 6 процентіне дейін азия маталары құрады.
Семей губерниясындағы барлық жәрмеңкелер, жалпы қазақ жеріндегі барлық жәрмеңкелер бір-бірімен тығыз байланыста болған. Осы Қоянды жәрмеңкесінде сатылмай қалған мал, одан сатылып алынған тері, жүн, тағы басқа тауарлар Семей, Павлодар, Петропавловскіге, ал бұл жерден Ресейдің ішкі базарына жеткізіліп отырған. Ал мал Ақмола, Орынбор, Саратов, Тобыл, Перьм, Томск губернияларына, Сырдария, Ферғана, Торғай облыстарына және Мәскеу, Петерборға дейін әкетілген. Бұған біз осы Қоянды жәрмеңкесінің соғыс жылдарына дейінгі есебіне қарап отырыпкөзжеткіздік.
1848 жылы Қарқаралы қазақ стансасынан 52 шақырым Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Жәрмеңкенің негізін қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В.Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15-інен шілденің 15-іне дейін өткізіліп тұрды. Алғашқыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алқапты алып жатты[13, 106 б.].
1890 жылы мұнда 1 шіркеу, 199 сауда нүктесі, 42 тұрғын үй және 707 киіз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкені ашылды. Қоянды пошта бекетінің ғимараты да, поштателеграф бөлімшесінің үйі де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатханасы да осында орналасты.Жәрмеңкеге келушілер қымызханалардың қызметіне ерекше риза болды. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегіл, көл-көсір етіп жеткізіп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста бес биенің сабасында сақталынды.
Ресейдің қаржы министрлігі Қоянды жәрмеңкесінде Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратын салдырды.
Сауда қатарларының аяқ жағында «шенеуніктер орыны» деп аталатын квартал орналасты.
Онда Мемлекеттік банк бөлімшесі, пошта-телеграф кеңсесі салынды. Қарқаралы уезі бастығына, бітістіруші судьяға, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлеріне, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне арналған қонақ үйлер де осы жерде еді.Жәрмеңкедегі сауданың жылдық айналымы 2—3 миллион сомға дейін жететін.
Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткізіп тұратын. Сондай-ақ, билердің төтенше болыстық съездері де осында өткізілетін. Алым-салық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоянды жәрмеңкесі 1924 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келді. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды.
Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды[14, 106 б.].
Қазақжәнеорысхалықтарыөкілдерініңөзаратамыр-таныстығыдаосындайжәрмеңкелерденбасталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, атжарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардыңәртүрліруларының, кейдетіптібарлықжүздерініңөкілдерікүшсынасатынжарыстардаөткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.
Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтыңАқан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Муса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлысияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған[16, 89 б.].
Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында аймақта өтетін жәрмеңкелердің көпшілігі маусымдық сипатта болды. Олар көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы болып, мерзімдік кезең шеңберінде өткізіліп отырған.
Әрбір маусымдық жәрмеңкеде сатылатын тауарлардың айырмашылығымен бірге өзіндік сипаты да болды. Мысалы, көктемгі жәрмеңкелерде мал өнімдерінің шикізаты сатылса, күзгі жәрмеңкелерде төрт түлік мал көбірек сатылды. Осы жәрмеңкелерден жергілікті көшпелі халық малын сатып, тұрмыстық сұранысына қажетті қысқы азық-қорын жинап алып отырды.
Аймақтағы жәрмеңкелік сауданың ауқымы зерттеліп отырған кезеңде Орал облысына қарасты уездерде жоғары болды. 1869 жылы Оралда барлығы6 жәрмеңке болса, ондағы сауда айналымы 738095 сомды құрады [14, 19 б.]. Жазда өткізілетін Орал облысындағы жәрмеңкелер ортаазиялық рыноктармен байланысын жетілдіріп отырған. 1909 жылы Орал облысында тұрақты және маусымдық 10 жәрмеңке жұмыс жасады [15, б.3].
Қарақамыс жәрмеңкесінде тауар айналымының үрдісіне қазақтар қатысқанмен, сауда тізгінін татар алыпсатарлары мен орыс кәсіпкерлері өз қолында ұстаған. 1895 жылы Темір жәрмеңкесінде 284 саудагер болса, 52-сі орыс, 157-сі татар, 51-і қазақ, 24-і хиуалық және басқа шетелдік кәсіпкерлер болған. Бұл жәрмеңкеге Қазан, Сорочинск, Бугуруслан, Бузулук қаларынан татарлар келсе, орыстар Ор, Орынбор және Орал қалаларынан келіп сауда жасаған [16, 122 б.].
Қазақстанның батыс аймағындағы жәрмеңкелік сауда дамыған өңір Ішкі Бөкей Ордасы болды. Онда Хан Ордасы, Таловка, Ахун жеріндегі жәрмеңкелік сауданың айналымы қуатты болды. Мысалы, 1876 жылы Ахун жәрмеңкесінде 443670 сомның тауары сатылған [17, 40 б]. Қазақтардан шыққан кәсіби саудагерлердің едәуір тобы базарлардағы, жәрмеңкелердегі, айырбас сарайларындағы сауда келісімдерінде бітістірушілер міндетін атқарды.
Мысалы, XIX ғасырдың 90 жылдарында аймақтағы шағын ғана қалалардың бірі болған Ырғызда – 70, Торғайда – 32, Қостанайда – 37 адам делдалдықпен айналысқан. Олардың жартысына жуығы қазақ делдалдары болды [18, 48 б]. Сауда барысында жәрмеңке өткізілетін жерге жан-жақтан халық көптеп келді.
Оның нәтижесінде аймақта Ойыл, Темір, Калмыков, Ырғыз сияқты елді-мекендер халық көптеп жиналатын қалаларына айналды. Мысалы, Орал облысында 1883 жылы барлық халық саны 506347 адам болса, 1888 жылы халық саны 551495 адам болса, оның ішінде қалалық көпестер саны 512 болды [9, 122 б].
Аймақтағы жәрмеңкелік сауда Орал облысындағы Калмыков қаласы ғана емес, Темір, Гурьев қалалары халқының қалыптасуына да ықпал етті. Гурьев қаласындағы айырбас алаңында 1872 жылдан бастап, жәрмеңке ұйымдастырылып сауданың орталығына айналды. Бұл жағдай Гурьев қаласы халқының санын арттырды. Саудаға Орал облысының барлық уездерінің саудагерлері, өзге қалалардан көпестер мен саудагерлер келді. Мысалы,1873 жылы Гурьев қаласынындағы барлық халық саны 3663 адам болса,1897 жылғы халық санағы бойынша Гурьевтегі халық саны 9322 адамға жетті [10, 48 б].Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның батыс аймағында қалыптасқан сауда-саттықтың орны болған жәрмеңкелер халық өнерінің орталығына айналды. Батыс Қазақстан жәрмеңкелері қазақтың ұлттық ойындары мен қол өнерін насихаттауға да ықпал етті. Жәрмеңкеге жергілікті халықты көптеп тарту үшін арнайы бәйге де ұйымдастырылып отырған.
XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дами бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрмеңке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.
Қазақстанда тасымал сауда неғұрлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе, алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.
Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды.
Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.
Жәрмеңкелер тауар – нарық қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының тауарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығын капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.
Жәрмеңкелерде ақын, жырау, сал-серілердің дәстүрлі өнерлерімен бірге, орыстың цирк өнері де көрсетілген. Халықтың жәрмеңкелерде тамашалайтын палуандар күресі, кір тасын көтеру, арба сүйреп, темір иіп, төске тас қойып сындыру сияқты да сайыстар өткізіліп тұрды.
Сонымен қатар, жәрмеңкелер саудагерлер мен көпестердің бас қосып, көңіл көтеретін орталығына айналды. Мысалы, 1896 жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде 25 қазақтардың мейрамханасы, 4 татарлардың,3 башқұрттардың, 1 орыстардың мейрамханасы болған. Жәрмеңкеде тігіншілер, етікшілер, ұсталар, дәрігерлер көп пайда түсірді. Мысалы, Ақтөбе жәрмеңкесінде 1896 жылы 14 тігіншілік орын, 5 ұстахана жұмыс жасаса, 1897 жылы ұстахана саны 10 болған. Жәрмеңкеден түскен пайда Ақтөбе қалалық кассасына жиналды [12, 131 б.]. Аймақтағы жәрмеңкелік сауданың дамуы халықтық материалдық және рухани мәдениетін байытып, олардың мазмұнына да елеулі жаңалықтар әкелді. Жәрмеңкелер қазақ және басқа ұлт өкілдері бас қосатын және этникалық ерекшілігі мен өнерінің өзгешелігіне қарамастан, мәдени-әлеуметтік орталық болып табылды.
Сонымен, Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялықнарыққы тартты.

ҚОРЫТЫНДЫ


Әр дәуірге, әр кезеңге орай сауданың сипаты мен түрі өзгеріп отырады. Мысалы, XVIII – XIX ғасыр аралығында қазақ даласында кәсіптің үш түрін байқауға болады – айырбас сауда, жәрмекелер және тұрақты сауда орындары болғаның көреміз. Мұның ішінде айырбас саудамен тек қана алыпсатарлар айналысқан. Олар ірі қалалардан арзанға алған өнеркәсіп тауарларын дала қазақтарына қымбатына сатып, қыруар пайдаға кенелген. Патшалық Ресейдің сауда және өсімқорлық капиталы елдің орталық губерниялары мен Қазақстанның далалық аймақтарында делдалдық қызмет атқарды.


Осы орайда қазақ даласындағы нарықтық қатынастарының сол кездің өзіңде қандай дәрежеде болғанын дипломдық жұмысымда талдаған болатынмын.
Сонымен, қортынды бөлімінде зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері жинақталып, дипломдық жұмысының ішкі мазмұнынынан туындайтын тұжырымдар жасалынды:
1. XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық қалпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала беруі анықталды.
2. XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзеліске ұщырап, қазақ даласының экономикасына өз қиындықтарын тигізгені аталып өтті. Тек қана 1750 жылы Жоңғар хандығының әлсіреуі салдарынан Троицк бекінісінде қазақтардың айырбас сауда базары ашылуы қазақ даласының экономикасына шамалы болса да артқан үлесі аңғарылды.
3. XVIII-ғасырдағы сауданың дамуы-XVIII ғасырда Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қазақ, жоңғар және Ресей мен Орта Азия тұрғындары арасында сауда-саттық ісі жедел дамығаны қарастырылған болатын. Қазақтар мен Жоңғария арасында күшті сауда-саттық байланысы орнағаны атап айтқан жөн.
4. Орта Азияның саудагерлері қазақ ұлыстарының аумағында баяғыдан бері сауда жасайтын. Оларды бұхаралықтар деп атайтын. Бұхаралықтардың сауда керуендері кең-байтақ қазақ даласын басып өтіп, сонау Орынбор мен Троицкіге дейін, сондай-ақ Батыс Сібірдің қалаларына дейін жететін. Бұл, қазақ жеріндегі экономикалық нарықтың ашық болғанын дәлелдейді.
5. Қазақ жеріндегі ішкі саудасы да қарастырылды. Ішкі сауда екі нысанда жүргізілді: айырбас және акша арқылы жүзеге асырылды. Егер соңғысын көбінесе бүкіл өлкені жайлап орналасқан орыс-украин шаруа тұрғындары және казак станицалары жүргізсе, айырбасты көбінесе кешпелілер жасады.
6. XVIII – XIX ғасыр аралығында Қазақстанның жерінде капиталисттік даму отарлық-бағынышты түрде қалыптасты. Бұл жергілікті экономиканың көптеген салаларының кең түрде дамуын тежеді. Патша әкімшілігінің қазақ жерін тек шикізат көзі,тауар өткізу нарығы және арзан жұмыс күші ретінде бағалауы, жергілікті экономиканың дамуына да отарлық сипат беріледі. Сонымен бірге Қазақстан аталған кезеңде Ресей өнеркәсіптегі тауарларының өткізу аймағы ғана болып қалмады. 1829 жылғы Сыртқы істер министрлігінің Николай I-ге хабарламасында Қазақстанның арзан шикізат байлығын өркендей бастаған өнеркәсіп орындарына пайдалану мәселесі қойылды. Қазақтармен екі ортадағы айырбас саудасын жүргізе отыра, патша үкіметінін жергілікті әкімшілігі, саудагерлерді әрқашан алдауға, малдарын арзанға алуға тырысып келген. XIX ғасыр­дың аяғын­да Ре­сей ка­пита­лис­тері Қазақстан­да өнеркәсіп өндірісін ұйым­дасты­рып, мұнда өздерінің қар­жы­ларын әке­ле бас­та­ды. Жер мен шикізат ар­зан еді, жұмыс­шы­лар­дың жа­лақысы төмен бол­ды. Патша әкімшілігінің қазақ жерін тек шикізат көзі,тауар өткізу нарығы және арзан жұмыс күші ретінде бағалауы, жергілікті экономиканың дамуына да отарлық сипат беріледі.
7. Қазақ жеріндегі сауда саласындағы кәсіпкерлігі қазақ-орыс саудасын дамытуға бағытталды. Ол орыс сауда капиталы мен оның өкілдерінің қазақ даласына енуіне мүмкіндік береді. Кейіннен сауда кәсіпкерлігінің неғұрлым жетілген түрлері ұйымдастырыла басталды. Қазақстандағы ішкі сауданың дамуы мен оның сыртқы байланыстарының калыптасуы жергілікті қазақ саудагерлерінің қалыптасуына әкеліп соқты.
8.Патша үкіметінің және кршілес елдердің тауар-ақша қатынастарының ауыл шаруашылық енуі, қазақ ауылында жеке кәсіпкерлік бағытының қалыптасуына жағдай жасады. Бұл әсіресе, тауар өндірісімен айналысатын бай шаруашылықтарда айқын байқалды. Ауыл шаруашылығын игерудің пайда табуға негізделуі, осы саладағы экономиканың дамуына жаңа сипат береді.
9.Қазақ жері үшін жаңа болып саналатын экономикалық маңызды саласының бірі – сауда қатынасына қоса, халыққа қызмет көрсетуі болып табылады тұрмыстық және қол-өнер шеберханалық қызмет түрінде қалыптасты. Кәсіпкерлердің бұл салаға көңіл бөлуі жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, жаңа мәдени дамуға жол береді. Сонымен қоса қазақ даласындағы айырбас сауданың өркендеуіне орай өсімқорлық кеңінен етек алуыда қарастырылды. XIX ғасырдың ортасында орыс саудагерлерінін едәуір бөлегі жергілікті тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға беруіде айтылып кетті.
10. XIX ғасырдың екінші жартысында кейбір қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аударуы нәтижесінде, экономикалық ортының әлеуметтік және ұлттық құрамы әр түрлі блды. Әлеуметтік және ұлттық әр түрлілігіне қарамастан, олардың кәсіпкерлікпен айналысуларына үкімет тарапынан кедергілер туындаған жоқ. Дегенмен, орыс сауда-кәсіпкерлері ерекше қолдауға ие болды.
11. Қазақтар арасында кәсіпкерлік саласына қалыптасып, ол үнемі даму үстінде болды. Брақ, қазақ кәсіпкерлері көбінесе сауда, мал шаруашылығы саласына бейімделді. Ал, кәсіпкерліктің жаңа түріне (өнеркәсіп, халыққа қызмет көрсету) баяу менгерілді.
12. Ре­сей са­уда­гер­лері Қазақстан­да са­уда­ның жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстан­дағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жы­лы Бөкей ордасында Хан ор­да­сы жа­нынан ашыл­ды. Кейіннең Ақмо­ла об­лы­сы Тайыншакөл (Пет­ро­павл маңын­да), Конс­тан­ти­новск (Ақмо­ла), Пет­ровск (Атба­сар­да) және 50-ден ас­там ұсақ және ор­та­ша жәрмеңке­лер жұмыс істеді. 1848 жы­лы Қарқара­лы уезіндегі Қоян­ды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей об­лы­сы), Қарқара (Жетісу), Әули­еата (Сыр­да­рия об­лы­сы), Ойыл, Темір (Орал об­лы­сы) жәрмеңке­лері жұмыс істеді. Әрине, бұл жәрмеңкелердің ашылуы қазақ экономикасының дамуына үлкен ықпалын тигізді.
13. XIX ғасырдың 60-жылдардағы әкімшілік реформалардың жүргізілуіне, Орталық және Солтүстік Қазақстанның бай табиғи ресурстарын шаруашылық жағынан игеруді кеңейту жөніндегі үкімет саясатының белсеңді жүргізілуіне бай­ланысты экономикалык өмірді жандандыра түскен болатын, бірақ, қазақ жер сол қалпы шикізат көзі боп қалуы айқын көрініп тұрды.
Тәуелсіздігімізбен тұспа-тұс келген бүгінгі нарық қыспағы елдің еңсесің басып, есін жиғызар емес. Өндірістің тоқырауға ұшырап, экономикалық дағдарыстың ушығып, бағаның барған сайын шарықтай түсуі қарапайым халықтың тұрмысын бұрынғыдан да күйзелтері анық. Ал енді осы құлдырауға қашан құрық салынып, төл теңгеміздің қашан тегеуріңді болары тағы белгісіз. Осыған орай, - экономикадағы бұл дағдарыстың маселесі неде? – деген ойлар көпшілікті толғандырып, күн сайын алып-қашпа пікірлер де туындап жатыр.
Соның ішіндегі негізгісі, нарық саясатына байланысты экономикамыздың тұрақсыз шегіне жетіп отырғанда, өркениетті елдердің ұзын-сонар көшіне ілесуге әзір дайын еместігіміздің келіп тірелгені ме? – деген ойлар естіліп жатыр. Оның үстіне Ел басымыз қазақстан кәсіпкерлері «Кедендік Одақта» бәсекелестікке қабілетті емес екендігін атап айқан болатын.
Менің ойымша, мұндай көзқарасты қалыптастыруға бағатындар Қазақстанның мемлекеттігін де, оның тарихын да мойындағысы келмейтің кердең кеудемсоқтар дер едім. Әйтпесе, олар атақты Жібек жолының қазақ даласына көктей өтіп, көшпенді елдермен тығыз байланыста болып, Отырыр, Сарайшық, Сығанақ, Түркістан мен Тараз тәрізді ежелгі қалаларымыздың кезіңде мәдениет пен сауданың нағыз орталығы болғаның да білмей отырған жоқ. Егер қазақ сауда жасай білмесе, кәсіптің көзің таппаса, киімі мен ас-ауқатын былай қойғанда, оның тұрмыстық сән-салтанаты, сондай-ақ таңғажайып жиһазы мен бұйымдары қайдан пайда болды?!
ҚР тәуелсіздігіне биыл 22 жыл, тұғыры биік еліміз болашақта, экономикамыз алдыңғы елдердің қатарында болады деген сенімдеміз. Мемлекетіміздегі экономикалық реформалар, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуы, мемлекет тарапынан қолдау толықтай да еліміздегі экономикалық климаттың жоғары деңгейде екенің дәлелдейді. Сол бір дәлел ретіңде мысал келтіретің болсақ, болашақта Ел ордамыздағы «EXPO - 2017» көрмесінің өтуі болып табылад.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Назарбаев Н. Ә. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, 2012. – 510 б.
2. Абдирасилова З. С. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы. Қарағанды, 2008. – 24 б.
3. Назарбаев Н. Ә. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Егемен Қазақстан, 2007 – 12 б.
4. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы, 2008. - 352 б.
5. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1991. -158 б.
6. Мұхатова О. Х. Қазақстандағы агра-шаруашылық өзгерістер тарихнамасы
(XVIII – XX ғасырлар аралығы). Алматы, 1999. – 50 б.
7. Бекмаханов Е. Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1994. – 410 б.
8. Қасымбаев Ж. К. О торговле России с Цинской имперей через города Восточного Казахстана в 80-90-е годы XIX в. Моссква, 1981. – 158 б.
9.
3.Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925.-256 бет;
4.Златкин И. Я. История Джунгарского ханства. М, 1983.-324 б;
5.Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи. XVII—XVIII вв. А., 1991;
6.Касымбаев Ж. К- Под надежную защиту. А., 1989.
3. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. А., 1961, т. 1, 63-6.
4. Кар.: Кузембайулы А. История дореволюционного Казахстана. А., 1992;
5. Кузембайулы А., Абилев Е. История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов XX в.). А., 1996,-251 б.;
6. Кузембайулы А., Абилев Е. Казахстан в XVІІІ - нач. XX вв. Костанай, 1995- 213б.;
7. Касымбаев Ж. К. Хан Кене. А., 1993, История города Акмолы, А.. 1995-156 б;
8. Ерофеева И. В. Казахские ханы и ханские династии в XIII — середине XIX вв. /Культура и история Центральной Азии и Казахстана:роблемы и перспективы исследования. А.. 1997-, 107 б;
9. Артыкбаев Ж. О. Казахское общество; традиции и инновации.; Этнос және қоғам. XVIII г.; История Казахстана в XIX веке. 1999.- 354 б;
10. Муканов М. С. Этническая территория казахов в XVIII — начале XX веков. А., 1991- 251 б.;
11.Қазақ жерінің тарихы. А., 1994 – 263 б.;
12. Елагин А. С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. А., 1993;
13. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А., 1994;
14. Мырзахметов М. Казак калай орыстандырылды. А., 1993.
15.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. «Экономика». Алматы, 2003г. .(28 – 35 бет )
16.Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. М. Қ. Баймұхашева. Оқу құралы. Атырау, 2004ж.(65 – 68 бет )
17.Кәсіпорын экономикасы. Г. Ө. Жолдасбаева. «Экономика». Оқу құралы. Алматы, 2002ж. (35 – 36 бет )
18.Кәсіпорын экономикасы. А. Қ. Мейірбеков. Қ. Ә. Әлімбетов. «Экономика». Алматы, 2003ж. .(45 – 48 бет )
20.Мамырұлы Камен. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Өскемен., 1994, 178-б.
21.С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
22. «Қазақстан тарихы IIIтом». Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты. Ә.Х. Марғұлан атындағы архиялогия институты, Алматы «Атамұра» 2010ж.
23.Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында, Е. Бекмаханов., Алматы «Санат» 1994. – 410 б.
24. Алексеенко Н.В.Русские и казахи Верхнего Прииртышья в ХҮІІІ-начале XX вв. Ленинград., 1967,
25.Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацских или киргиз казанских Орди степей. Спб.,1832,Алматы., 1996, 394 б. fiimo.ucoz.kz › ... › КАЗАХСКОЕ ХАНСТВО‎
26. Бекмаханов Е. Очерки истории Казахстана XIX века. Алматы, 1966. – 256 б.
27. Касымбеков Ж.К. Под падежную защиту России. А., 1986. – 310 б.
28. Записи ИРГО. Спб., 1867. Т-1. – 439 б.
29. А . Н. Тетеревников Очерки внутреннеторговли Киргиской степи. 1867 otherreferats.allbest.ru/history/00174766_14.html‎






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет