Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


Өткен шақ (прошедшее время)



Pdf көрінісі
бет128/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

Өткен шақ (прошедшее время): -ды,-ді,-ты, -ті жұрнақтары (суффиксы): 
қол қойды, өкілетті етті, төледі 
Сөздік 
Сенім білдіруші – доверитель


169 
сенім білдіру – доверять
рәсімдеу – оформить, оформление
куәландыру – заверить, удостоверить 
сатып алу және тіркеу – купить и зарегистрировать 
жылжымайтын мүлік орталығы – центр по недвижимости 
қол қою – расписываться 
тұратын – проживающий 
өкілетті ету – уполномочить 
жеке тұлға – физическое лицо
заңды тұлға – юридическое лицо 
әрекет қабілеттілігі – дееспособность
мөр – печать
 
3-тапсырма. Үлгімен танысыңыз. 
Сенімхат
Қазақстан Республикасы 
Алматы қаласы, 2010 ж. 5 шілде
Мен, ..........жылы....... туған, Алматы қаласы, ....шағынауданы, ...-үй, ...-пәтер 
мекенжайы бойынша тұратын ...............Алматы қаласы, ....шағынауданы, ...-үй, 
...-пәтер мекенжайы бойынша тұратын ............... 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар 
факультетін бітіргенім туралы дипломымды алуға, ол үшін оған менің 
атымнан өтініштер беруге, мен үшін қол қоюға және осы тапсырмаға 
байланысты барлық басқа әрекеттерді орындауға сенім білдіремін.
Осы құжатқа қол қойғанда сенім білдіруші әрекет қабілеттілігінің 
шектелмегендігін, есірткілік, токсикологиялық, алкогольдік мас еместігін, 
денсаулығы жағдайына байланысты өзінің құқықтарын жүзеге асыра 
алатындығын, қорғай алатындығын және міндеттерді орындайтындығын, қол 
қойылатын құжаттың мәнін түсінуге кедергі келтіретін аурулармен 
ауырмайтындығын, қателесу, алдау, зорлық, қорқыту, бір тарап өкілінің екінші 
тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде немесе ауыр мән-жайлардың 
салдарынан жасауға мәжбүр болмағандығын растайды. 
Сенімхаттың мәтіні менімен толық оқылды және нақты еркіме сәйкес 
келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 167-170 баптарының 
мазмұны, жасалатын нотариалдық іс-әрекеттің мәні, мағынасы және құқықтық 
салдарлары маған нотариуспен түсіндірілді.
Сенімхат мерзімге берілді


170 
Қолы: 
_________________________________________________________ 
Тегі, аты және әкесінің аты, қолы
«5» шілде 2010 жылы, осы сенімхат менімен, ҚР ӘМ 03.04.1999 жылы берілген 
№ 0000412 лицензияның негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының 
нотариусы . .... куәландырылды. Менің қатысуыммен сенімхатқа азамат............. 
қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, әрекет қабілеттілігі 
тексерілді. 
Тізілімде №1-1455 болып тіркелді.
Нотариус________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет