Дипломдық жұмыс 1945-1980 ж ж. Жапонияның экономикалық дамуы.ң Орындаған: тарих факультетінің


ІІ. Тарау. 1970 –1980-ші ж.ж. Жапон экономикасы



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі430.5 Kb.
#20564
түріДиплом
1   2   3   4

ІІ. Тарау. 1970 –1980-ші ж.ж. Жапон экономикасы

2.1. Жапонияның шет елдерімен

қарым қатынасы.
1970–1980-шы ж.ж. басынан бастап экономикалық өсуінің жоғарғы қарқына бір жарым он жылдықтан кейін капитализм экономикасының шиеністер жолына түсті. Мишдат пен ендігетикалық дағудысы нәтижесінен шиеленіскен ұзақ алдыңғы қатарлы капиталистік елдердегі шаруашылықтың шиеленісуін тұғызды. Басқа елдерден көрі шикізат пен отын тауларының импортынан тәуелді болған Жапонияға да бұл дағдарыстың терең соңқысы тиді. 1970–1980-ші ж.ж. Жапон экономикалық дамуымен жапон – американ қатым-қатынасының ерекшеліктерімен және қатты бақталас күресімен анықталған жапон тауарларының АҚШ -қа ағылуы өзара тауар айналымен салыстыру кезінде айқындалатын нәтижеге әкелді. 1970–1980-ші ж.ж. АҚШ – тағы Жапон экспорты 3,3 есе импорт 2,2 есе өсті және 1970– ші ж.ж. екінші жартысында экспорттың өсу қарқына импорттан жоғары болды38.

Валюта жүйесі мен сауданың өсіп кеткен тұрақсыздығы мен капиталистік шаруашылықтың терең жаң түршігерлік жағдайдағы қарамастан Жапония қалыптасқан жағдайы пайдаланып және соған икеледелініп сыртқы саудада өзінің белсенді сальдосын көбейтті. 1970–ші ж.ж. Жапониялық АҚШ – пен саудада тұрақты онды сальдоны кемдеді.

1970 – ші ж.ж. болса Жапонияның жалпы өндеу өнеркәсібінің тауарлары және капиталды мен ғылыми салалар экспортының әлемдік соның ішінде негізінен американдық нарықты позициясын күшейтті.

АҚШ – тың нарығына, американ кәсіпкерлері үшін көп уақыт бойы қолайлы болған автомобиль, химиялық тауарлар, өнеркәсіптік және тұрмыстық электроника, болат, комплекстік және тазарту жабдықтар т.б. салалардың тауарлары көптеп еніп отырды. Осындай бір қатар тауарлар бойынша Жапония әлемдік экспортта бірінші орынды алып, сауда – саттық жағдайы нашарласа да бұл жерде олардың жоғары бақталаса алушылығы ерекше рольді алып отыр.

Жапон автомобильдерін сату әсіресе энергетикалық дағдарыстан кейін үзіліссіз көбейді, себебі тасымалдадағы шығындарға қарамастан, олардың бағалары жергілікті автомобильдің бағаларынан 15 – 20% төмен болды. Бұндай саудада бірінші орынды «Ниссанң, «Тоиотаң, «Хондаң фирмалары ұстап тұрды. Қара металлургия өнімінің саудасы да ұлғайды. Жапондық тұрмыстық электроника (теледидар, транзистар, магнитофн т.б.) да американ нарығының едәуір бөлігін жаулап алды39.

1970–1980-ші ж.ж. басынан бастап Жапония мен Батыс Европа елдері арасындағы экономикалық қарым - қатынастар өз дамуының жаңа этапына кірді. Жапония мен Батыс Европалық аймағында елдерінің арасындағы экономикалық қарым - қатынастар, олардың АҚШ – пен немесе Жапонияның Онтүстік – Шығыс Азия елдерімен экономикалықбайланыстары сияқты екі жақтан да қатынастардың интенсивтілігі мен маңыздылығына жеткен жоқ.

Бұл қатынастардың белсенді дамуы 1970–1980-шы ж.ж. екінші жартысынан басталып және бір жағынан Жапонияның сыртқы саудасымен экономикасын либерализациялау процесі және ЕЭС – тің кенендік ”қарусыздандыру” процесімен, екінші жағынан Европа елдерінің АҚШ- пен қатынастық шиеленісуінің өсуіне әкелген, әлемдәк сауда және валюта салаларындағы империалистік елдер арасындағы қайшылықтың шиеленісуімен байланысты.

1976–1987 ж.ж. Жапония мен Батыс Европа арасындағы сауданың көлемі 6 есе өсті. Осы аймақтағы Жапонияның негізгі сауда контрагенті болған ЕЭС болып табылады. 1977 ж. Жапонияның Батыс Европаға жіберген экспорттынан ЕЭС – тің үлесі 68 %, ал осы аймағының (Батыс Европа) импортынан 75,8 % құрады40. Формалды түрде Жапония өзінің импортын либералдарын тек 29 тауарлық позициялар бойынша ғана кедендік шектеулерді сақтап қалды.

1973–1975 ж.ж. экономикалық дағдарыс жапондық іскер және билеуші топтарын Батыс Европамен сауда қатынасының дамуы үшін маңызды болған, өнеркәсіп пен сыртқы сауданың құрылымдық қайта құруды тездетуіне мәжбүр етіп, өндіріс ұстанымның өсуіне сықпал етті.

Жапонияның сыртқы экономикалық стратегияның жаңа маңызды өсіру болып табылады. Бірақ соңғы жылдарда елдегі инвестициялық орта нашардап бұл өз алдымен көптеген салалар үшін ұлттық нарық көлемінің нормадан асуы, еркін қорларының (жұмысшы күш, жер учаскелері) таусылуы, кедендік қорғаныс дәрежесінің әлсіреуі және валюта бағамының өзгеруі болып табылады. Капиталдық экспорты, тасымалдау ұстанымдарының қысқаруына жетіп, тарифтік т.б. кедергілерден өтуіне, өндірісті өткізу нарықтарына жақын қойып, нарықтың сұранысын эффективті бақылауға мүмкіндік берді. Осындай тиімді жақтардың барлығы да Жапониядан потенциалды көлемі бойынша үлкен болған және жағрафиялық жағынан алыс Батыс Европамен саудасында ерекше маңызды алды.

Бұл нарықты жаулап алу стратегиясы жапон монополияларын өздерінің өндірістік қуатының бір бөлігін көшіруіне мәжбүр етті. 1970–1980-шы ж.ж. ортасынан бастап Бастыс Европа нарығындағы жапон инвестициялық стратегиясының бетбұрыс жағдай пайда болды. «Сониң, «Мацусита, «Хондаң, «Тойотаң, «Ниссанң, «Мицубисиң, «Асаки касэйң, «Ниппон сэйкоң т.б. бір қатар компаниялар осы жерже өздерінің өндірістік филиалдарын аша бастады41. Өндіріс кооперациясы немесе тауар өткізу негізінде жұмыс жасайтын аралас өндіріс орындарды құру, алға жылжуының ең таралған түрі болып табылады. Осымен қатар өндірістік бірлікке айналдыруға бағдарланған құрылыс филиалдар, әр – түрлі өкілдік бюролар пайда бастады.

Батыс Европадағы жапон бизнесі үшін өкілдік немесе тауар өткізу филиалдарын құруынан біріккен өндіріске қатысуына дейін, құрылыс зауыттардан жергілікті өндірісте шығарылған құрал – жабдықтарды пайдалануымен (көпшілік кезде минни) жаңа модельді шығаруына дейін, бір елдің нарығына өз өнімін еңгізуінен, солармен байланысты нарықтарға тасымалдауға деін сияқты өнеркәсіп салаларының сатылы ұлғаюы ерекше болды. Осылайша «ниппон эектрик компаниясы 1973 ж. Дюссельдорфте өзінің басты батыс Европалықфилиалын және ФРГ, Франция, Италияда сату бойынша Парижде тауар өткізу бюросын ашқан және одан басқа Ирландияда салынған өзінің жаңа зауттың өнімдерін 1976 ж. ашылған Лондондағы өткізу орталығы арқылы батыс Европа нарықтарына тасымалдаған42. Сонымен қатар Жапония және Батыс Европаның іскер топтары дамушы елдерде бірігіп кәсіпкерлік жасау мүмкіндігін қарады.

Жапон мемлекеттік – монополистік капиталы сауда, инвестиция сияқты салаларындағы операциялардың динамизм мен эффективтілігі бойынша өзінің батыс Европалық партнерларынан аса алда болды. Жапониямен сауда күресі мәселесі Батыс Европа елдердің бір қатар өнеркәсіп салалары үшін үшкір болды. Бұл ең алдымен Батыс Европаға жіберілетін Жапон экспортында басты орын алатын бес саланың болат құю, автомобиль, кеме жасау, электро – техника және подшивник жасау өндірістерінің өнімдеріне қатысты болды.

ЕЭС, Америка және Кариб елдерімен қарым қатынас туралы Лом конвенциясы бойынша Жапония өзінің өнеркәсіптік құрылыс жобасымен технология мен жабдықтарды тасымалдауына қатысуға ұмтылыс жасады. Франциямен келісімшарт негізінде дамушы елдердегі бірқатар біріккен инвестициялық жобалар жүзеге аса бастады. Жапония үшін, жапонияға қарсы болған Онтүстік – Шығыс Азиядағы батыс европалық компаниялардың кәсіпкерлік жұмысына үлестік қатысуы тиімді болды.

Жапонияның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінде дамушы елдер маңызды орын алады. Өзінің өнеркәсіптік шикізат пен минералды отын қорлары мүлдем болмаған Жапония үшін олардың әкелінуі өте маңызды болды. Капиталистік әлемнің отын – шикізат дағдарысы Жапонияның осы елдерімен қатынасын одан сайын күшейтті. Сонымен қатар дамушы елдер жапон өнеркәсіп өнімінің өткізуінің маңызды нарыға болып табылады.

Жапония үшін дамушы елдер арзан еңбек күшін пайдалануымен де байланысты. Жапонияның өзінде жұмысшы күш бағасының өсуі және өндіріс ұстанымының кейбір элемменттердің өсуі, монополистік капиталды шетелдерде өнеркәсіп орындарын салдырып, олардың өнімін өз елінде сатуына мәжбүр етті Осылайша Жапон сыртқы сауда статистиканың мәлеметтері бойынша әр – түрлі электротехникалық және радиолектронды жабдықтарының келуі көбейді. Соның ішінде АҚШ – пен ФРГ мен бірге тасымалдаушылардың арасында Онтүстік Корея, Тайвана, Гонконг болды. Олар электромотар мен басқа да күрделі емес электро қуатты жабдықтар, электро өлшеуіш құралдар, дайын және құрастырылмаған түрдегі байланыс жабдықтарды, жартылай өткізгіш элементтерді экспорттап отырды. Бұл елдерде олардың өндіріс жергілікті жерде тұтынумен қатар экспортқа, соның ішінде Жапонияға жіберу мақсатымен жапон компанияларымен салынды.

Азияда жалғыз ірі капиталистік мемлекет болған Жапония ұзақ уақыт бойы дамушы және өнеркәсіпті дамыған капиталистік елдер арнасында, біріншілердің мүддесін қорғайтын делдал болуға ұмтылды. Бірақ халықаралық экономикалық келіссөздеріне Жапонияның қатысу тәжиребесі бұл жарнамалық “имиджінің” жасанды екенің көрсетеді. 1970–1980-ші ж.ж. екінші жартысында Жапония мен дамушы елдер арасында қайаслықтың түрі экономикалық көмек болып табылады. Соңғы жылдарда Жапониядан капитал шығару едәуір өсті. Бұл жағдай елдегі валюта - қаржылық жүйенің жақсаруымен, соның ішінде жапон инвесторлары үшін шетел капитал салуларын тиімді еткен иена бағамының өсуі мен белгілі түрде нашарлауымен (өндіріс ұстанышының өсуі, жапон экономикасының әрі қарай тез өсуіне жол болмауы т.б.) байланысты болды.

Ресми мәлеметтер бойынша Жапон экономикалық көмегі 4003 млн. доллар яғни елдің ішкі ұлттық өнімінің 0,72 % құрады. Нақтылай айтқанда Жапония дамыған капиталистік елдерден ішкі ұлттық өнімінің 1 % - тін дамушы елдерге экономикалық көмек ретінде бөлуді талап ететін БҰҰ - белгілі шешімін орындамай отыр деген сөз43.

Соңғы жылдарда Жапония ОШАЕА мүшелерімен экономикалық байланысына ерекше көніл аудара бастады.

Жапон монополиялары Онтүстік – Шығыс Азия оймағын экономикалық билеу сферасы ретінде қарады. Ал, ОШАЕА елдерінде Жапонияның Онтүстік – Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс елдерімен сауданың жартысы тиеді. Бұл елдерден Жапонияға мұнай, қоюланған газ, Темір және мыс рудалары, олово,табиғи каучук, орман ағаштары, копра т.б. шикізаттың кейбір түрлері әкелінді. ОШАЕА елдеріне Жапонияның қызығушылығының өсуіне соңғы жалдарда Жапонияның дамушы елдермен экономикалық қатынасына жаңа фактор – дамушы елдердің өнеркәсіп жағынан дәстүрлі жапондық тауарлардың бақталастығы едәуір күшеуі ыңпал етті. Алғашқыда бұл бақталастық жеңіл өнеркәсібінің өнімдеріне соның ішінде ұсақ тұтыну тауарларына, кейін текстиль тауарларына таралды.

Алдағы уақытта дамушы елдер жағынан сағат, өмкеуіш құоралдар, подшипник, қалта және стол электро – есептеуіш машиналар мен басқа даофистік жабдықтар, лакобояу материалдар, химиялық тыңайтқыштар, мұнай химиикаттар т.б. нарықтарында ықпалы көріне бастады44. Осының бәрі жапония үкіметі мен монополистік капиталын дамушы елдердің әр – түрлі өнеркәсіп орындарды салуда техникалық және қаржылай көмек беру сұраныстарына сақтыкпен қарауға мәжбүр етеді.

Осы елдерде өнеркәсіп орындарды салу жоспарларын сатуда алғашқы кезде жапон компаниялары қай жақтан болмаса да ойланбастан қатысты. Олар максималды табысқа ұмтылып сатылған технология тез көнеріп отырған кезде тоқтаусыз техникалық прогресс пен сұраныстың өсу жағдайында бақталастықтан өсуін қорықпады.

Қазіргі нарықтағы тоқырау мен өткізу қиншылықтын күшейген жағдайында дамушы елдердегі жапон көмегімен салынған олардың әр бір өндіріс орны дәл соедай жапон өнімдерінің сатылуын қысқартып отыр.

КСРО мен Жапония арасындағы 1970–1980–ші ж.ж. қатынастарда балық аулау саласындағы қарым - қатынас екі ел арасындағы жалпы байланыстар комплексінде маңызды орын алды. Оның маңыздылығы екі мемлекет үшін бір қатар себептермен соның ішінде әлемдегі балық аулайтын ірі державалар болып табылатындығымен ерекшеленеді.

Теңіз өнімдері Жапонияда тамақ рационының маңызды бөлігін құрайды. 1985 ж. Жапонияның жылдық аулауы 1887 млрд иен тұратын 10 545 млн т. құрайды. Кеңе Одағы да балық аулаумен интенсивті айналысып 1985 ж. оның көлемі 10 млн т. шамасында құрды45.

Кеңес Одағы мен Жапония теңіз өнімдерін өндіруде әлемде екінші және бірінше орындарды ала отырып балық аулау шаруашылығы саласында өзәра тиімді қарым - қатынастардың дамуына мүдделі болды. Бұл жағдай 2 елдің балық және басқа да теңіз өнімдерінің көп бөлігін Тыңық мұхиттың сол түстік – батыс бөлігінен алып отырғандығымен ерекшеленеді. Бұл жер бүкіл әлемдік мұхиттағы балық өнімі мол болып табылады. Сондықтан Жапондық балықшы кәсіпкерлер оған көп көңіл аударады.

Екі ел арасындағы балық аулау саласындағы қатынастар жалпы кеңес – жапон байланыстарының дамуына ықпал етті. Кеңес одағы мен Жапония арасындағы балық аулау саласындағы қатынастар алдағы кезеңде (80 – ші ж.ж.) сәтті дамып отырды46.

1979 ж. бастап, КСРО аймақтың шельфтегі жапондықтардың шаян промысылы туралы жыл сайын үкімет аралық келісімдер бекітілініп отырды. Ал, 1984 ж. бастап құнды теңіз азық түлік өнімі болып табылатын «цубу ракушканы аулау туралы келісімдер бекітіле бастады.1977 ж. балық шаруашылығы саласындағы екі жақты ғылыми – техникалық қарым - қатынас туралы келісім, 1985 ж. Жапонияның солтүстік – шығыс жағалауы жаңында балық аулауда қадағалайтын балық аулау операцияларды еңгізу туралы кеңес – Жапон келісімдері бекітілді.

1970 – ші ж.ж енді әлемдік мұхитты пайдалану мәселесі маңызды орын алды. Осы міндетті орындау теңіз хұңы бойынша БҰҰ- ң Ш- і конференциясына жүктелді. Бұл конференцияға қатынасқан дамушы елдердің өкілдері Тыңық мұхит жағалауындағы жоғары аталған ауданның мемлекеттері өздерінің жағалауларында 200 мильдік теңіз зонасын қондыруы мен осы зонада балық аулаумен айланысуын ұсынды. Оған КСРО өз келісімін береді. Сөйтіп 200 мильдік балық аулау зонаны құру туралы заң 1979 ж. 13 сәуір айында АҚШ – та қабылданды47.

200 мильдік шетел зоналарына кірген бір қатар теңіз аудандарда көптеген елдер болып аулау шаруашылығын жалғастыру мүмкіншілігінен айырылып, жаңа игерілмеген балық аулау аудандарды іздеуге мәжбүр болды. Экономикалық немесе балық аулау зоналармен қоршамаған аудандар жағрафиялық саласы тар болған шетелдік балық аулау кемелерінің шоғырлану қауіпті төңді.

Осы жағдайда КСРО өзінің жағалаулары жанындағы теңіз аудандарда теңіздік биологиялық қорларын сақтау мақсатымен бір қатар шараларды қабылдауға мәжбұр болды. Кеңес Одағының уақытша шараларын еңгізуі (1976. 10.12.) Жапония – мен балық аулау саласында қарқым қатынаста қайта құруды қажет етті.
2.2. Ұлттық экономиканы дамыту
Япония елінің әлемдік экономикалық держава қатарына қысқа мерзім ішінде шығуына елдің, негізгі мақсаты ұлттық құндылығымен шетел жетістіктері және тәжиребелерге арнайы жағдайда жоғары дәріжеде бейімделуі болған майысқан экономикалық саясат жүргізуі себеп болды.

Пропорция жағынан жоспар мен нарықтың сәйкес келуі оптималды және эффективті экономикалық саясатты немесе жапондықтардың өзі атағандай ”индустриялды саясатты” жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл саясатта екі негізгі элемент болды біреуі – бөлек өндіріс орындар дәрежесінде менеджмент, техника мен технологияны және жаңашыл ғылыми тетістіктерді еңізу жолы арқылы өндірісті райионалдандыру (микродәрежеде) және екіншісі – бүкіл экономика үшін эффективті бағаттағы, өнеркәсіпте құрылымдық қайта болды (макродәрежеде) 48.

Өндірісті рационалдандыру мен өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру, соғыстан кейінгі Жапонияда мемлекеттің радикалды экономикалық реформалар жүргізу үшун барлық қаржылар мен қорларды мобилизациялау мақсатымен мемлекеттің ықпалынсыз орындала алмайтын еді. Себебі мемлекеттің аталған мақсаты бойынша елді казіргі замаңғы дамыған өнеркәсіпті капиталистік мемлекеттер қатарына шығару керек болды.

Жапон ғылымдары арасында “аралас” Жапон экономикасы туралы яғни күшті жоспарлы элементтері бар нарықтың экономикасындағы жоғары бақталаса алушылық туралы тезис туды. Әрине әлемнің басқа елдері сияқты Жапония да жалпы мемлекеттік ауқымындағы кеңес Одағының ұзақ мерзімді жоспарлау тәжиребесін пайдаланды. (Корпорация, фирма, өндіріс орындар дәрежесінде Жапония өндірісті, таулар өткізуді т.б. жоспарлауын бұрыннан үйренген). Бірақ жапондықтар кеңестік тәжиребеден жеке меншікті жаппай мемлекеттендіру мен халық шаруашылықты басқарудың әміршіл - әкімшіл әдістерін алмай, тастап яғни өздерінің экономикалық моделіне әдісін емес концепциясын ғана алды49.

Сонымен Жапонияның экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен мақсаттарын және оны жүргізу әдістерін ашып қарайық. Жапония экономикалық көтерілуінің басты міндеті ретінде оның барлық негізгі көрсеткіштерін: ішкі ұлттық өнімінің, өнеркәсіп өндірісінің, еңбек өнімділігі мен экспорттың т.б. өсудің жоғарғы қарқынына ғылым мен техникалық жаңашыл жетістіктерді еңгізу мен минималды шығымен максималды нәтиже алу негізінде жету болды.

Осы кезде, яғни 1970–ші, 1980–ші ж.ж., ”велосипедті” экономика термині пайда болды. Оның негізгі мақсаты, бұл айналымы күрт тоқтаған кезде тепе – теңдікті жоғалтпай алғы жылжуы үшін Жапония осы “велосипедтің” экономикалық педалін күшпен айналдырып отырды қажет болып табылады. Нәтижесінде Жапония 1970 – 1980 – ші ж.ж. жалпы және жан басқа шаққандағы Ішкі ұлттық өнімінің өсуі бойынша әлемде рекордты жоғарғы қарқынға жетті. 80 – шы ж.ж. Жапония ішкі ұлттық өнімінің өсуінің орта жылдық қарқыны 4,4 %, – АҚШ - 3,4 % ЕЭС елдері – 3,1 % құрады, яғни Жапония осы экономикалық өсудің көрсеткіші бойынша алдыңғы капиталистік елдерді озып тұрды. Осындай өсудің жоғарғы қарқының нәтижесі Жапония ішкі ұлттық өнімінің абсолюттік және ара.қатысты (АҚШ-пен салыстырғанда) өсуі болып табылады49.

Егер 1950 ж. Жапонияның Ішкі ұлттық өнімі АҚШ-тың ішкі ұлттық өнімінен 8,8 % құраса, 1960 ж. – 14,8 %, 1970 ж. – 28,1 %, 1980 ж. – 33,9 %, 1989 ж. – 36,1 % құрады 1980 – 1988 ж.ж. Жапонияның, капиталистік елдердіңІшкі ұлттық өнімінің үлесінен 2,2 % есе өсті. Сонымен қатар Жапония өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша да өзінің негізгі бақталастарын озып тұрды. (табл. қара).
Дамыған капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқындары, 1980 ж. = 100.


Жыл

Жапония

АҚШ

ЕЭС

жыл

Жапония

АҚШ

ЕЭС


1970

67

72

76

1986

122

115

105

1975

73

80

85

1987

126

119

107

1985

122

114

103

1988

138

126

111

Нәтижесінде дамыған капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірісіндегі Жапонияның үлесі 1,7 %, АҚШ 1,7 % өсіп, ал ЕЭС елдері 3,5 % қысқарды50.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін Жапония ғылыми – техникалық прогресті колдап жаңашыл техника мен технология импортына қадам жасай бастады.

Жапондықтар барлық жағынан да имитаторлар болды, бір заттың копиясын жасағанда олар затты ориганылынан да жақсы жасап отырды. Әрине автомобильді, телевизорды, сағатты, фотоаппарат, бейне-магнифатонды, персоналды компьютерді т.б. көптеген заттарды шиғарған жапондықтар емес. Бірақ бұл заттарды жапондықтардан жақсы, сапалы, берік және әдемі етіп ешкім жасай алмаған. Аналогтан қымбат болып тұрсада Жапонияда шығарған тауларды кәзіргі кезде де адамдат қуана - қуана алып отыр. Себебі оларды «Жапонияда жасалынды деген жазу бар. Осыдан жапондықтардың тек қарапайым имитаторлар ғана еместігі көрінеді51.

Жапония кеме жасауда, қара металлургия да, тұрмыстық электро-техникада, автомобиль жасауда, және сандық программалық басқаруы бар жабдықтар өндірісінде әлемдік медерге шықты52.

Жапонияның Ғылыми – зерттеу және тәжиребе – конструкторлық жұмыстарына арналған шығынның 3 бөлігі жеке капиталистік корпорациялар меңберінде жүргізіліп және тез коммерциялық қайтарып алуына бағытталды53. Жапондық ойлап шығарулар мен техникалық жаңалықтар автомобиль, ЭЕМ, копировалды техника, фотоаппарат, телидидар, электронжы музыкалық аспаптар, стереожүйелерде, бейнемагнитофондарда, сонымен қатар фармацевтикада, жартылай өткізгіш электроника мен ғылым мен техникада т.б. бір қатар бағыттарда ұзақ мерзімді пайдаланатын техникалық тұтыну тауарларында кең қолданылады.

Сапалылық мәселелерді жапондықтар алдынғы қатарға қояды. Белгілі бір ағылшын зерттеушінің айтуынша: «Сапа – бұл жапондықтардың ұлттық ұстанымы, бұл мәселені олар басты мәселердің алдына қояды. Ал, американ экономист ғалымдары – «Сапа түсінігі Жапонияда «жетілдіруді білдіріде – дейді54.

Жапондықтар өз өнімнің сапалылығын ең жоғарғы әлемдік дәрежеге дейін көтеріп ғана қоймай, сонымен олар сапаны тотальды бақылаудың өзіндік жүйесін де құрды. Бұл жүйені құруда АҚШ – тың элементтерін алып оны өзінің ұлттық ерекшелігіне сай бейімдеді55.

Жапон концепциясы бойынша: «Сапа мен еңбек өнімділігіне жету үшін өндіріс процесін бақылау басты болып табылады. Бұл мақсатқа жету әртүрлі жоғары сапалы өнім шығару үшін көптеген адамдар мен машиналар саның біріктіру мен ұйымдастыру өнерге байланысты56. Сонымен қатар бұл мәселені шешу өндіріс процесінің барлық сатыларды қарастырылады. Осыған байланысты конструктор дефектілерді өнімді шығаруда алып, компоненттер мен шикізат тасымалдауына жазап беруші инженер – оларды сатып алу кезінде, ал заут инженерлер мен жұмысшылары - өндіріс процесінде бақылап отырады.

Көптеген жапон өндіріс орындарында әр – бір өндірістік жолында инспекциялық тәжиребелді жүйесі еңгізілді яғни егер дефект табылса оның себебі анқталып (машина немесе оператор) деффект қайталанбауы үшін арнайы оперативті топ яғни сапа үирмелері құрылады.

Мысал ретінде «Тойота мотор корпорейшінң компанияның сапаны бақылау жүйесін алуға болады. Оның негізгі ерекшеліктері мынадай:


  1. артық өндіріс операцияларды, деффектілер мен өнімдерді жою, қайталау жұмысын болдыртпау.

  2. Барлық технологиялық операциялардың жоғары сапасы арқылы құрастыру бағасын төмендету.

  3. Тексеру әдістерін рационалдандыру жолымен сапаны бақылау бағасын төмендету.

Фирмада осыған байланысты арнайы бөлім құрылды. Бөлімнің жұмысы фирманың іскер белсенділігін барлық спектрлерін қамтыды, яғни жоспарлау, жобалау, конструкторлау, қамсыздандыру, өндіру, бақылау, сату мен қызмет жасау болды57.

1970 – 1980 – ші ж.ж. Жапонияның электронды өнеркәсібі әсіресе

80 – ші ж.ж. жаңартудың жоғарғы қарқынымен сауданың өсуін көрсетеді. АҚШ – тың өндірістік және коммерциялық стратегиясы басқа елдердегі электрониканың тәуелсіз дамуына қарама- қайшы болды. Тк қана Жапония осы салада автономия алып, бұл өз ауқымында американдықтың жартысына эквивалентті және ЕЭС елдерінің электронды өнеркәсібіне тең болды. 80 – ші ж.ж. басында Жапон өндірісшілері электроника мен информациялық техника құралдарының материалды бөлігін шығаруда американ фирмаларымен күш сынасатын жағдайда келіп, ал кейбір бағыттарда АҚШ – ты озғысы келді. Енді Жапония бұл жерде новатор есебінде орнауға ұмтылды. Мысаоы: жаңа ұрпақ интегралды жүйелдер шығару көлемі мен оларды құруда жапон фирмалары американдықтарды озды58.

Батыс Европалық фирмалар алдыңғы қатарлы технология саласында әсіресе электроникада АҚШ- пен Жапониядан қатты тәуелді болды. Жапония өнеркәсптің роботтарды шығару мен пайдалануда лидер болды. Жапондықклассификация роботтың дәрежесі мен күрделігі бойынша алты типін бөледі, ал сол болса басқа елдер күрделіліктің 3 түрін ғана қамтитың роботтардың тар классификациясын пайдаланды59. 1985 ж. Жапонияда 130 мың роботтар мен манипуляторлар қондырылды. Саңға тірелсек жапон мәліметтері бойынша 1989 ж. аяғына таман әлемде қондырылған топтық 59,500 роботтардың ішінен Жапонияның үлесі – 22000 (37 %), АҚШ – 18000 (30 %), Батыс Европа – 15000 (25 %) құрады60.

Робототехниканың басты міндеті - өнімнің жоғары сапалылығын қамтамасыз ететін майысқа, көп номенклатуралы, тез қайта құрылатын өндірісті құру болып табылады. Бұл міндетті шешуге нақты технологиялық қажеттіліктерге тез белімделетін робототехникалық комплекс көмектеседі. Осы кезде ғана Жапонияда осы жерде работотехника дамуының перспективасы қаланды. (1867 ж.) аяқталмаған Мэйдзи бұржуазиялық революция дәуірінен бастап, Жапония Батыстық дамыған капиталистік елдерді озу мақсатымен экономиканың техникалық дәрежені көтеру және модернизациялау үшін ірі күшті жұмсай бастады. ХХ ғ.1970 – ші ж.ж. ортасына таман билеуші топтардың бұл мақсаты негізінен орындалды. Бірақ, Батыстың дамыған елдерімен экономикалық үзілуінің жойылуына жетіп, Жапония жалпыұлттық мобилизацияландырушы мақсатты белгілі бір шарада жоғалтып алды61.

1980-ші жылдардың басында жапондық капитализм өте ауыр жағдайда тап болды. Соғыстан кейінгі кезеңде ең терең циклдік және құрылымдық 1974 – 1975 ж.ж. дағдарыс Жапон экономиканың өсудің жоғарғы қарқынның «алтын ғасырының аяқталуын белгілеген өтпелі кезең болып табылды. Егер 1960 – шы ж.ж. Жапонияның ІҰӨ - ң орта жылдық өсуі 10,6 %, ал экспорт 15,8 % құраса, 70 – шы ж.ж. 4,9 және 9,4 %яғни екі есе қысқарды. Бұл Жапонияның шаруашылық құрылысының капиталистік экономикалық жүйесінде дағдарыстың құбылыстрға жағуғу дәрежедегі сезгіштігін дәлелдейді 1980–ші ж.ж. басындағы Жапон экономикасы үшін, басқа ердерімен әсіресе АҚШ және батыс европалық мемлекеттерімен сауда – экономикалық қарама - қайшылықты туғызатын динамикалық және экспорттың экспансия және сұраныс өсуінің төмен қарқыныны ерекше болды. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің ірі жетіспеушулугун жою мен мемлекеттік әкімшілік апаратты қайта құру үшкір мәселе болды.

Одан басқа іскер белсенділігінің төмендеді, инвестициялық іскерлігінің тұрып қалуы, жұмыссыздықтың өсуі, инфляция т.б. сияқты құбылыстар Жапонияда, басқа дамыған капиталистік елдерге қарағанда қатты үшкір болып көрсетілмеген.

Жапон монополистік – капитализмнің капиталистік әлемдегі дағдарыстық құбылыстарға жоғары биімділігінің басты факторларының бірі ғылыми –техникалық прогресінің жоғарғы қарқыны болып табылады.

1960 – шы жылдарда көптеген өнеркәсіпті дамыған елдерден артта қалып отырған, Жапония, өзінің ғылыми техникалық дәреже бойынша 1980 – ші жылдардың басында Батыс Европаны озып, АҚШ – ты тез қарқынме қуып жетуде.

Ғылыми технологиялықпотенциал – бұл көп қырлы және күрделі саяси экономикалық дәреже. Бағалаудың нақты және қарапайым әдісінің болмауы елдер аралық айырмашылықты күрделендіреді. Осыған байланысты Жапон экономисттерінің техникалық дәреженің көрсеткіштерін санап осының негізінде алдыңғы қатарлы капиталистік елдер бойынша салыстыруды жүргу ұмтылысына ерекше көңілін бөлу орынды. Осы есептеулер бойынша 1970 – 1980 – ші ж.ж. аралығында Жапонияның ғылыми – техникалық потенциалының синтетикалық көрсеткіштері бойынша позициялары едәуір жақсарып, оны АҚШ – тың басты бақталасына айналдырды. Егер АҚШ – тың «техникалық дәреженің көрсеткіші 100 % деп алсақ онда 1980- ші жылдарда бұл көрсеткіш Жапония үшін 45,5 %, Батыс Германия – 47,5 Франция – 35,9 және Ұлыбритания – 22,4 % құрады63.

АҚШ – пен басқа шет елдік державалар арасындағы технологиялық бақталастығының азаюына қарамастан қазіргі замаңғы капиталистік әлемдегі АҚШ – тың лидер болуы әлі де сақталынуда. АҚШ – капиталистік әлемдегі барлық бағыттағы Ғылыми – техникалық прогрестің дамуын қамтамасыз етіп отыратын жалғыз ел болып есептеледі.

Бірақ АҚШ – пен Батыс Европаның іскер және үкеметтік топтары Жапонияның алдынғы қатарлы ғылыми және күрделі техника өнімдерін шығару саласында күшеуінің қауптенді64.

Қазіргі уақытта Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің бір қатар салалары капиталистік әлемде ең бақталаса алатын болып табылады. 1960 – шы жылдарда жабдық құралдардың әлемдік нарығы АҚШ (33 %) пен ЕЭС мемлекеттердің (44%) қолында болды. 1981 жылы Жапония экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының елдердің (ЭЫДҰ) жабдық - құралдар нарығының 25 % - тің ұстап отырса, АҚШ – пен ЕЭС – тің үлесі 26 және 53 % - ке төмендеп қалды. Жапондық өнеркәсібінің ғылыми – техникалық қайта құруын қамтамасыз етіп отырған салалардың ішінде станок жасау саласы болып табылады. 80 – ші жылдарда Жапония АҚШ – пен ФРГ – ді озып осы салада лидерлік орында алды. 1982 жылы Жапониядағы станок паркінің жартысынан астам сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар станоктар құраса, бұндай станоктар 1949 ж. өзінде пайда болған АҚШ – та, бұл станоктармен бүкіл станок паркінің 5 % - ті ғана жабдықталды.

Қазіргі уақытта Жапония әлемді автомобиль жасауда алдыңғы орынды алып отыр. Нақты мысалдарды пайдалана отырып М.Моритана жапон фирмаларының өнімі, энергетикалық дағдарыстардын ықпалынан өзгерген әлемдік нырқтың жағдайына жоғары дәрежедегі бейімділігін көрсетті. Бұндағы жапон кіші метраж автомильдерінің жоғарғы экологиялық стандарты мен жанар майдың экономды шығыны шешуші рольді алды.

Құрылымдық қайта құрулардың жаңа этапын құрайтын, Жапонияның ішкі экономикалық жағдайында ықпалының өсуіне әсер етін ғылыми техникалық прогресті айтып кеткенің маңызды болатын Өндірістік функцияның көмегімен жапон экономистері есептеулері бойынша Жапон елінің 1980–ші жылдарда экономикалық өсуінің реалды орта жылдық қарқының 5 % - тың қамтамасыз етуіне потенциалды мүмкіндігі болды. Бірақ ғылыми – техникалық прогрестің үлесі 2,8 % құруы керек болды Басқа сөзбен айтқанда егер 1970 – ші жылдарда ішкі ұлттық өнімінің өсуі орташа есеппен 40, 6 % білімнің прогресі есебінен қамтамасыз етіліп отырса, сонда 1980-ші жылдарда бұл үлес 56, 1 % - ке дейін өсуі керек болды. Бұл есептеулер ғылыми – техникалық прогрестін интенсификациясы Жапонияның экономикалық өсуінің басты факторы болғандығын көрсетеді65.

Соғыстан кейінгі жылдарда «Батысты қуып жету кезеніңде Жапонияның басқа елдердің дамуын есепке алу және ұлттық ерешеліктерді пайдаланып пайдаланып негативті құбылыстардын пайда болуын уақытында және эффективті бақылауына мүмкіндігі болды. Жапония кәзірі кезде әсіресе ғылыми – техникалық революцияның қазіргі замаңғы этапында дамуының әлеуметтік – экономикалық нәтижелер саласындағы, әлемдік тәжиребеде болып көрмеген, мәселелерді шешу қажеттілігімен ұшырасты. Бұл Жапониядан өндірістік қорлары белсендеттіруін талап етеді, яғни «еліктеушіден «новаторға айналу деген сөзі М.Моритани осы мәселеге байланысты барлық қиыншылықты түсіне отырып, бірден бір компания, бірден бір бизнесмен басқа елде, басқа халықпен шығарылған модельдерді пайдалануы тоқтатып, енді олар өзінің және осы мен инициативасы негізінде жұмыс жасау қажет – деп жариялады66.

Соңғы кезге дейін Жапония, өзінің жүргізген фундаменталды зерттеулердің нәтижелерін кең пайдалана отырып, дамыған капиталистік елдерін фарватері болып тұрды.

Қорытынды
Жапонияның соңғы он жылдықта экономикалық және өнеркәсіптік өсуінің тұрақтануы басқа алдыңғы қатарлы капиталистік елдердегі әлсіз шаруашылық коньюктурасына сай болмады.

Жапон компаниялары екі мұнай дағдарыстарынан ешбір жоғалтусыз өтіп, мұнайға күрт өсіп кеткен бағалардың нәтижелерін минимумға түсіре алып, әлемдік нарықта өзінің тауарларының жоғары бақталаса алушылығын сақтап қалды. Сондықтан олар осының нәтижесінде, алдымен мехатронды және электронды өнімдерінің экспортын кеңейте алып, осыдан әлемнің басқа елдердің қызғаныш туғызатын, елдегі жұмыссыздықтың санын көбейтпей өндірістік процестеріне өнеркәсіптік роботтарды, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарды және басқа да еңбек сқтағыш құралдарды енгізе алды.

Жапонияның индустриалды потенциалының тоқтаусыз өсуі, әрине, техникалық прогреспен байланысты болды. Егер бастапқы кезде олар аз шығындардағы жоғары сапалы тауарларды өндіру икемділігімен белгіленсе, соңғы жылдарда олар көптеген алдыңғы қатарлы техникалық салаларында ҒЗТКЖЗ-нің кеңінен айналдырды. Нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктерді пайдаланып, компаниялар жаңа өнімдердің жаппай өндірісін құрып, шығаруды бастады.

Жапония бейнемагнитафондар, 64 килобайт есте сақтау көлемі бар ең үлкен интегралды жүйелер, өнеркәсіптік роботтар мен көміртегі талшықтар әлемдік нарықтарында лидерлік орынды алып тұрды. Электронды игеру жапон фирмаларына ең ірі американдық бақталастарының позицияларына қауіп төндіруіне мүмкіндік берді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде өндірістік аппараты толық күреген Жапония үшін бұндай тез дамушылық әдеттен тыс болып көрінеді.

Әр бір жапондықтың бөлек және бәрінің бірігіп қосқан ірі талпынысы осының маңызды факторы болып табылады. Бірақ еңбек сүйгіштік сезімінен басқа олар жаңа бір сезімді туғызып, елдің табиғи қорлармен жеткілікті қамтылмауы сияқты объективті қиыншылықтардан өту жолын талпыныспен іздейді. Ұлттық өнеркәсібінің тез дамуы да осы талпыныстардың тікелей нәтижесі болды. Бұл жерде прогрестің басты бірақ жалғыз емес көзі туралы айтылды. Тағы да осындай сияқты үш факторға көңіл бөлу орынды болар еді.

Бірінші- өнімді ұжымдық жұмыс ұүшін қолайлы жағдай жасайтын жапон компаниялардың ішкі ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бұл аспектіні көп жағдайда батыс компаниялардан тыс қалдырып отырды.

Екінші –индустриалды жамыған елдердің соғыстан кейінгі экономиканы қайта құру толқынында құрылған, жоғарғы дәрежедегі Жапония үшін қолайлы жағдай. Жапон шаруашылығын қалпына келтіру және одан кейінгі экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының жылдары, еңбек бөлінудің халықаралық жүйенің қайта құруы мен тереңдетуімен сәйкес келді.

Үшінші – сол кездегі техника дамудың Жапония үшін пайдалы бағыты. 1950-1960-шы жылдарда бүкіл әлем 40-шы жылдардың технологиялық революцияның өнімін игерген кезде Жапонияның позициялары әлсіз болды. АҚШ пен Европаның жапон фирмаларына сұраған жабдық-құралдар мен лицензияларды сатуы таң қаларлық жағдай емес.Жапония, батыстың техникалық айдың жаңашыл жетістіктерін сараптап, өзінің жеке өнеркәсіптік потенциалын құрып отырды.

Жапония, халықаралық дәрежеде танымал болған техникалық потенциалын ала бастаған уақытына таман, 1950-1960-шы жылдардың технологиялары есейіп, жапон жағдайларына сәйкес болды.

Қазіргі уақытта Жапон экономикасы өз елінде де, шет-елдерде де жаулау күшін жоғалтты. Долларға қатысты иена бағамының төмендеуі мен онымен байланысты әлемдік нарықтағы жапон тауарларының бақталастығының жоғарлауына қарамастан басталған экспорт өсудің қарқынын қысқаруы – басты себебі болып табылады. Жапонияның сыртқы саудадағы қиыншылығы, барлық өнеркәсіпті дамыған елдерді қамтыған әлемдік капиталистік шаруашылығының депрессивті жағдайына, соның ішінде іскер белсенділігінің төмендеуінің әсерінен болған халықаралық экономикалық қатынастарында шиеленісуінің күшеюін көрсетеді.

Экспорттық өсу қарқынынң тежелуі, жапон экономикасының өсу қарқынын 1980-ші жылдар бойы екі-үш процентке қысқаруын көрсеткен болжамдарды шыдықпен толтырып, болашақты қара түске айналдырды. Бұл жағдайлардың сәтсіз дамуы – экспорттың қатты тәуелділігінің нәтижесі болып табылады.

Жоғарғы технологиялық өнімдерінің әлемдік саудада Жапония мен АҚШ арасындағы қарама-қайшылықтың күшеюін белгілеп кетуге болады. “Технологиялық” алдыңғы орын үшін жанталасуға Жапонияның шапшаңдығы АҚШ- ты қуып жетуіне мүмкіндік берді, ол бұл өзалдымен рейгандық “күшті” Америка туралы түсінігіне сай болмады. Алғашқыда АҚШ-та құрылған, технологияларды игеруге, Жапонияның өзіне тиімді пайдасын алу жағдайы АҚШ-тың ашуын келтіретіндігі түсінікті. Олар өздерінің жеке жартылай өткізгіш пен компьютерлік техниканың бақталасына жаңа нарықтарды жаулап алуына көмектескендігін көре отырып өздерінің жапондықтар сатып кеткен деп сезінуі де ерекше емес.

Батыс Европа өз жағынан қазіргі заман өнеркәсібінің прогрестің маңызды саласы-электроникада артта қалуын ауыр жан құбылысын өтудк. Европа елдеріндегі жұмыссыздық олардың индустриалды салалары тез дамытуына көңілін шоғырландыруын мәжбүр болды ететіндегі сықылды. Бірақ олардың бұндай іске дайындығы нашар; себебі электроника мен басқа да алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша ҒЗТКЖЗ-дегі едәуір қиыншылықтарға ұшыраған Батыс Европаның компаниялары Жапонияның көмегінен қатты тәуелді болды.

Осы бірге жиналған жағдайлардың барлығы да алдымен оның техникалық қуатымен Жапонияға сақтық қатынасының тазаруына ықпал етті.

Бұндай жағдайда Жапонияға не жасау керек және жиналған техникалық потенциалын есепке ала отырып оның бейбіт шаруашылық байланыстарының әрі қараә даму жолы қандай? деген сауал туындайды.

Біріншіден, Жапония барлық мүмкіндіктерді қарастырып, технологиялар экспортын бастауы қажет. Басқа елдермен екі жақты қатынастардың жақсаруынан басқа, бұндай бетбұрыс, Жапонияны қызықтырып отырған әлемдік экономикалық тірілуіне ықпал етеді. Сыртқы тауарлық нарықтарында төмен коньюктуроның себебінен экспорттың өсу қарқынының тежелуінен оның жеке шаруашылығының өсу мәселелері иеленіскендіктен, Жапонияның фирма аралық қарым-қатынас, технологияларды сату және экономикалық дамудың мемлекетаралық бағдарламалардың көмегімен, әлемдік экономиканы тұрақтандыру үшін әр-түрлі шараларды жасауы, ол үшін тікелей табысқа айналады.

Екіншіден Жапонияны бұрын және қазірде жоғалмаған құтқарып отырған сәтті жағдайларды да тыс қалдырмау керек. Бірақ, артықшылықтың негізінде өмір сүретіндер, әлемнің басқа елдерінде үшкір қызғаныштың объектісі болуы мүмкін. Шынында да, Жапониядағыдай, қорғанысқа жұмсалатын төмен мөлшердегі шығындар “қажетті” тірексіз одақтастарды қалдыратын және әскери-стратегиялық рольді алмау сезімі партнерларды мазалап тұрды. Бейбіт үшін жауапкершілігінің үлесін көтеру Жапония үшін ең жақсы саясат болар еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет