Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет6/15
Дата04.10.2022
өлшемі1.75 Mb.
#461928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Битас Серикболат 1

Тақырыптық принцип

Уақыттық принцип

1-Тарау. Компьютердің шығу тарихы

1-сабақ.

    1. Ассемблердегі негізгі ұғымдар

      1. Микропроцессор

1.1.2. Регистр

2-сабақ.

3-сабақ. Жаттығулар орындау



    1. Арифметикалық командалар

      1. Циклдар

Пән мазмұнын құрылымдауды бастау алдында келесi мәселелердi шешiп алу қажет:

  • тақырыптық жiктеу деңгейiнiң тереңдiгiн, яғни оқу мате­риа­лы­ның иерархиялық деңгейлерiн анықтау;

  • әрбiр деңгейге сәйкес құрылымдық бiрлiктердiң типте­рiнiң атауларын анықтау;

  • мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену форма­сын айқындау.

Тақырыптық жiктеу деңгейiнде, яғни оқу материалының иерархиялық деңгейлерi үш деңгейден аспауы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда оқу материалы өте күрделі болып, оқушыға оны пайдалану ауыр болады.
Құрылымдық бiрлiктер типтерiнiң атаулары түрлі болып келуi мүмкін. Бiрақ онда сабақ кезiнде қолданылатын шартты атаулар (лекция, практика, семинар, т.с.с.) қолданылмауы керек.
Мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену форма­сын екi түрлі технологиялық бағытта болуы мүмкін: кадр – тақырып мазмұнына сәйкес мәтiн, графика, аудио, видео элементтер жиынтығы; модуль – көптеген кадрлардан және гиперсiлтемелер көмегiмен шақырылатын iшкi модульдерден тұратын құрылымдық компонент.
Қорыта айтқанда, пән мазмұнын құрылымдау оны тек тарауларға, тақырыптарға бөлiп қана қоймай, тақырыптар арасындағы байланыстарды айқындау, құрылымдық бiрлiктердiң ерекшелiктерiн анықтау, құрылымдық бiрлiктердiң бейнелену формаларын анықтау сияқты мәселелердi шешiп алуға келiп саяды.
Бiз даярлаған «Delphi» курсының жалпы құрылымы 2-схемада келтiрiлген. Схемадан көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес келедi. Ол келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде «Delphi» курсының құрылымданған және информация-логикалық байланыс­тырыл­ған оқу материалдары, тест тапсыру жүйесi, терминдер сөздiгi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетек­шiлiкке алып құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы тапсыр­малар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма, әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.
Бүгiнде жүргiзiлiп жатқан зерттеулер компьютерлiк оқыту программаларының тиiмдiлiгiн көпшiлiк жағдайларда оның интерфейстiк жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендiрiлуi үйренушiлердiң ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткiштерге тiкелей әсерiн тигiзедi. Сондықтан оқыту программасының интерфейсiн жобалау мәселесiн ғылыми негiзде, әбден ойластырылған жүйелi түрде қарастыру қажет.

Схема 1 – «Delphi» курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы


Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосым­шалары ашылады. Олардың көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады. Қосымшаларды шақыру тек оқытушы бiлетiн пароль көмегiмен ғана орындалады.


Шет ел психологтарының еңбектерiнде компьютерлiк програм-малардың безендiрiлуi жайлы көптеген зерттеулер жүргiзiлген. “Жақсы интерфейс - ыңғайлы аяқ киiмге ұқсас, - деп жазады атақты безендiру маманы М.Донской. – Оған ешкiм көңiл бөлмейдi. Көңiл аударған кұнде де, “Мұнда тұрған не бар” – дейдi. Ал нашар интерфейс барлық жүрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейстi пайдаланушы байқамайды, өйткенi ол программаның ажырамас функционалдық бөлiгi ретiнде қабылданады”.
“Қазiргi кездегi компьютерлiк программалар мен олардың безендiрiлуi адамның қабiлетi мен қызығушылығын ескермей құрылуда, ал бұл адам-машина қатынасының көптеген облыстарын зерттелмей қалуына себеп болуда-, дейдi, шет ел психологтары С.Эллиот пен Дж. Брзезинский ”.
Де М.Верней мен З.Л.Бердж интерфейс жөнiнде былай деп жазады: “Оқыту программасының интерфейсi нашар болса, өте жақсы жазылған курстың мазмұны да игерiлмей қалады. Себебi пайдаланушы өзiнiң көп уақытын интрфейспен танысуға жұмсайды. Сондықтан алдымен интерфейстi дұрыстап құру қажет, үйренушi мен программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет”.
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулерi негiзiнде компьютерлiк оқыту құралдырының интерфейсiн құруда келесiлердi ескерген жөн:
Безендiруде жүйелiк бағытты қолданудың ерекшелiктерi. Жүйелiк бағыт жүйелiк безендiрудiң негiзi, ол құрылып жатқан үлгiнi жобалау мен жасау процесiне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс iстеуiне әсерiн тигiзетiн факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл бағыт программаны безендiруде дәстүрлі кiтаптық әдiстерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистика, документалистика, функционалдық, коммуникативтiк, компоненттiк, құндылық т.б. сияқты бағыттарды пайдалануға мүмкіндiк туғызады.
Семиотиканы (таңбалар мен таңбалық жүйелер жайлы ғылым) пайдалану информацияны түрлі құрылымдарда құруда оның жалпы мағынасының жоғалып кетпеуiн қамтамасыз етедi. Негiзгi оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды анықтау. Үйренушi жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезiнде материал мәтiнi мен осы материал жайлы өзi бiлетiн информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиiмдiлiгiн арттырады және Бұл оқу материалының психологиялық негiзiн, логикалық байланыстарын көрсету деңгейiне тәуелдi анықталады.
Электронды оқу материалына және оның берiлуiне қойылатын талаптар үйренушiнiң жаңа информацияны қабылдау қабiлеттiлiгiн және қызығушылық деңгейiн анықтауға да тiкелей байланысты.
Оқу материалына қойылатын негiзгi талаптар:

  • мазмұндалу мәтiнi өте қысқа және максимум жаңа информация қамтуы керек. Үлкен көлемдегi мәтiндi компьютер экранынан оқып, түсiну өте қиын;

  • үйренушi бiлетiн сөздер мен қысқартуларды пайдалану. Бұл үйретушiнiң жаңа сөздердi үйрену және есте сақтауын жоғарылатады;

  • семантикалық байланыстағы информациялық элементтердi топтастыру қажет. Мұны құрылымдық принцип арқылы жұзеге асыруға болады;

  • өте маңызды информация экранның сол жақ жоғары бұрышында орналасуытиiс. Себебi зерттеулер көрсеткендей адамның назары алғашқы болып, экранның осы бөлiгiне аударылады;

  • абзацтың негiзгi идеясы оның алғашқы жолдарында берiлуi керек. Бұл абзацтағы алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына байланысты;

  • графикалық материал мәтiнмен ұйлесiмдi түрде құрылуы тиiс.

  • күрделі модельдер мен құрылымдарды бейнелейтiн иллюстрациялар ( схемалар, карталар т.с.с) подсказкамен қамтамасыз етiлуi тиiс;

  • оқыту материалының мәтiнi дыбыстық эффектiлерiмен толықтырылуы керек. Бұл информация қабылдау қабiлетiн жоғарылатады.

Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық, көрсеткiштiк, жылжу, ауысу, сiлтемелер жүйесінiң қаншалықты тиiмдi ұйымдастырылғанына тәуелдi.
“Бiрде-бiр үлкен кiтап сiлтемесiз болмауы керек. Сiлтемесiз кiтапты терезесi жоқ ұймен, көзi жоқ денемен салыстыруға болады. Ал Бұларды қолдану оңай емес”,-дейдi, Я.А.Коменский.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесi келесi талаптарды қанағаттандыруы тиiс:

  • Электронды оқулықтың оқытудың негiзгi этаптарын бейнелейтiн графикалық схема орналасқан кiлттiк экраны болуы тиiс. Бұл үйренушiге өзiнiң оқытудың қай кезеңiнде екендiгiн бiлiп отыруға мүмкіндiк туғызады;

  • гиперсiлтемелер оқулықтың қай түсына алып баратынын дәл және анық көрсетiп тұруы керек;

  • гиперсiлтемелердiң асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты сызылған мәтiн бөлiктерi болмауы тиiс;

  • оқу материалы бiр немесе екi беттен аспауы керек;

  • гиперсiлтемелер тiзбегiнде олардың келесi қадамы қатаң логикаға сүйенiп құрылуы керек (Қайда алып барады? Ненi көрсетедi? Қажет пе?).

  • программаның мiндеттi түрде iздеу жүйесi болуы қажет және кiлттiк сөздер мен мазмұн элементтерi арасындағы мета-тэгтер дұрыс қойылуы тиiс.

Информацияны құрылымдау процесiн, жылжуды және гиперсiлтемелердi ұйымдастыруды бiлiмдi бейнелеудiң автоматтандырылған құралдарын қолданғанда тиiмдi болады.
Түстер мен формаларды қабылдаудың физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру. Адам көру сезiмiнiң көмегiмен 180 түрлі түстi қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендiру мүмкіндiгi шексiз. Түрлі түс адамның көңiл-күйiне түрліше эмоциялық әсер ететiнi белгiлi.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Сонымен түстер комбинацмясы да адамға түрлі әсер бередi.
Оқыту программаларын жобалағанда түстер мен формаларды қабылдаудың келесi физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру керек:

  • қызыл, қызғылт, сары түстер адамға тiтiркендiргiш ретiнде әсерiн тигiзедi. Мұндай әсер адамның нерв клеткаларын белсендiрiп, информацияны қабылдау қабiлетiн жоғарылатады;

  • көк, көгiлдiр, жасыл дем алдырушы, ұйқы келтiргiш түстер;

  • қоңыр,ашық-қызыл, сұр, жасыл-сарғыш түстер нейтрал түстер;

  • екi түстiң қосылысы, фон мен таңба түстерi көру ыңғайлылығына әсер етедi. Кейбiр түстер жұбы тек шаршатып қоймай, стресс жағдайына дейiн жеткiзуi мүмкін (мысалы, қызыл фонда жасыл түспен көрiнген әрiптер);

  • программада қолданылатын шрифттердi таңдауда келесілердi ескерген жөн: бас әрiптер кiшi әрiптерге қарағанда ауыр қабылданады; тұзу сызықтар арқылы жазылған цифрлар жеңiл қабылданады; т.с.с.

  • шрифт пен фонның ең жақсы қабылданатын жұптары: қара-көк фонда ақ әрiптер, ақ фонда қара әрiптер, көк фонда сары әрiптер;

  • ақ фон түр-тұрпаттың ең күштi құралы болып табылады;

  • кез-келген фондық сурет пайдаланушының көзiн тез шаршатып, материалды қабылдау тиiмдiлiгiн төмендетедi.

  • адамның санасына мультипликация да қатты әсер етедi, анық, ашық түстi сутетер жылдам ауыстырылып отырса санада оңай сақталады;

  • құрамында қозғалып тұратын объектi (анимация) бар оқу материалын қабылдау өте қиын, себебi қозғалып тұрған объект адамның назарын өзiне аударады.

”Анимациялық интерфейс – өте күштi қару, сондықтан оны аса сақ қолдану қажет. Әлемдi таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда, пайдаланушының тез шаршауына соқтырады да, Бұл өз тарапынан бұкiл жүйенiң жұмысын қабылдамауға әкеледi”,- деп жазады М.Донской.
Ендi Электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрiнетiн элементтерiн қарастырайық. Электронды оқулықтың қүндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы тиiс пәннен болса, онда бiр материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т.с.с. түрінде берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн – график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу мазмұнды ассоциативтi түрде есте сақтауда үлкен көмек бередi.
Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм деңгейiн тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.
Оқу материалының бұлай үш түрде берiлуi, пайдаланушының бiр оқу материалын бiрнеше рет қайталап шығуына мүмкіндiк туғызады. Бұл оқу материалын есте сақтауды жақсартады.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшін оның түрлерiнiң мүмкіндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОҚ түрлерi келесi белгiлерi бойынша топтастырылады:

    • пән мазмұнына бойынша;

    • жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша;

    • оқу материалын қамту көлемi бойынша;

    • телекоммуникациялық пайдалану мүмкіндiгi бойынша;

    • оқыту деңгейi бойынша;

    • информацияны бейнелеу формасы бойынша.

Пән мазмұны бойынша КОҚ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшін алдымен КОҚ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар: пәндi оқудың мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен тұжырымдарын түсiну; түрлі деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау; пәннiң практикалық есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн қадлыптастыру; эксперименттiк жұмыстар жасау дағдысын қалыптас­тыру; стандарты емес жағдайлардағы есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру; зерттелетiн объектiлердi, процесстердi игеру; бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру; бiлiм мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкіндiгiне қарай КОҚ-рi келесi топтарға жiктеледi:

  • теориялық және техникалық дайындық құралдары;

  • практикалық дайындық;

  • көмекшi құралдар;

  • кешендi құралдар.

Бiрiншi топқа келесi КОҚ-ры кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасал­ған, белгiлi бiр курс бойынша базалық Ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық материалдар қамтылған КОҚ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) – белгiлi пән бойынша студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОҚ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптас­тыруға және оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОҚ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтан­дырылған лабораториялық жұмыстар жинағы; Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша ұғымдарға, терминдерге, анықтамаларға қысқаша түсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОҚ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген түрде қарастырылатын белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары; Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін берiлетiн стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген курс мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды емес КОҚ-рi бар. Интегралды КОҚ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз байланыста құрылады. Интегралды емес КОҚ-рi студенттiң кейбiр жеке қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОҚ-рi телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндiгi бойынша жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОҚ-рi есептеу техникасының түріне қарай жергiлiктi желiге бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОҚ студенттердiң өзара байланысын қамтамасыз ету мүмкіндiгiне қарай да екi түрге бөлiнедi: өзара байланысты және өзара байланыссыз.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және мультимедиялық емес КОҚ-ры бар.
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайда­лану­шылармен байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. Құрылым жүйенiң негiзгi программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және сыртқы қолданбалы программ­малармен байланысын бейнелейдi. Программалық компоненттердi (модульдердi) жiктеу функционалдық принцип бойынша орындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар, берiлгенде қоры, т.с.с.) қызметi, пайдаланылуы, берiлгендердi бейнелеу форматтары, қол жеткiзу тәсiлдерi т.с.с. белгiлерi бойынша бөлшектенедi.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесi ақпараттық және программалық объектiлерге сiлтеме жасауы мүмкін. Оқу материалының құрылымдық компоненттерi тапсырмалар жүйесіне және сыртқы КОҚ-дарға сiлтеме жасайды, ал тапсырмалар жүйесінде оқу материалына және сыртқы КОҚ-не сiлтемелер болады. Ендi оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесiмен байланысын қарастырайық.
КОҚ-де оқу материалдарына қол жеткiзудiң негiзгi үш тәсiлi қарастырылады:

  • элементтерi оқу материалының сәйкес құрылымдық бiрлiктерiне сiлтеме жасайтын мазмұн блогы арқылы;

  • көрсеткiштер арқылы (анықтамалық сөздiк, терминдер жинағы, тезаурус, глоссарий, т.с.с.);

  • оқу матриалының iздеу жүйесi арқылы;

Iздеу процесiн оқу материалдарын iздеу модулi (ОМIМ) толық мәтiндiк, не кiлттiк сөздер көмегiмен орындайды. Екiншi жағдайда кiлттiк сөздер индекстелген болуы қажет.
КОҚ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. Бұл ақпараттық компоненттiң бiр бөлiгi баспа кiтаптың титул бетiнiң қызметiн атқарады. Мұнда КОҚ-ның қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы мәлiметтер келтiрiледi.
Екiншi бөлiгiнде жүйенiң орнатылуы, КОҚ конфигура­циясының пайдаланушы өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша нұсқаулар блогы болады.
Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер. Мұнда оқушылар модулi мен олардың КОҚ-сiнде жұмыс iстеу барысының хаттамалары сақталады. Хаттамаларға пайдаланушының КОҚ-мен байланысын бейнелейтiн мәлiметтер енгiзiледi.
Оқу материалымен жұмыс iстеу барысы оны оқуға кеткен уақытпен, анықтамалық жүйелерге сiлтеме жасау бiрлiктерiмен, өтiп кеткен оқу материалдарына қайта көңiл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модулiне оқушының игерiп жатқан пән бойынша ағымдық бiлiм деңгейi, оқу процесiнде анықталған негiзгi дербес ерекшелiктерi жайлы мәлiметтер кiрiстiрiледi.
Ендi КОҚ-ның құрылымдық схемасындағы негiзгi модiльдердiң атқаратын қызметтерiн сипаттап өтелiк:

  • А.Оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтама­сыз­дан­д­ыру модулiнiң (ОМЖҚМ) атқаратын негiзгi қызметтерi:

  • мазмұн, сiлтемелер, анықта­ма­лық сөздiк, терминдер сөздiгi, тезаурус көмегiмен оқу материалының бiрлiктерiне қол жеткiзудi қамтамсыз ету;

  • оқу материалының белгiлi бiр бөлiгiн баспадан шығарып алуға мүмкіндiк жасау;

  • оқу маетриалының мазмұны толық болу қажеттi демонстрациялық, иллюстрациялық маетриалдарды шыға­руды қамтамасыз ету;

  • оқу материалында гиперсiлтемелер жүйесiмен жұмыс жасауды ұйымдастыру;

  • оқу материалының құрамына енгiзiлген таспырмалар жүйесін орындау және нәтижесiн талдау жұмыстарын жүргiзу;

  • °. Оқу материалын iздеу модулiнiң (ОМIМ) негiзгi қызметi ОМЖҚМ-мен жұмыс iстеудi толықтыру.

  • Б. Тапсырмалар жүйесi модулi (ТЖМ) келесi функцияларды ат­қа­рады:

  • пайдаланушыға орындауға арналған тапсырмалар тобын тапсырмалар жиынынан кездейсоқ не жүйеленген түрде берудi ұйымдастыру;

  • тапсырмаларды бiртiндеп, кезеңдерге бөлiп беру;

  • тапсырмаларды орындау нәтижелерiн талдау және дұрыс орындалмаған тапсырмалар үшін оқу материалының сәйкес бiрлiгiне сiлтеме жасау;

  • пайдаланушының тапсырмаларды орындау барысы туралы хаттамаларды ұйымдастыру;

  • пайдаланушының бiлiм деңгейiн тексеру және бағалау.

  • В.Тапсырмаларды тiркеу модулi (ТТМ) ТЖМ-нiң қосымша қызметтерiн атқарады.

Г.Оқу процесiн басқару модулi (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-педагогикалық стратегияны тиiмдi iске асыруды қамтасыз етуi тиiс. Ол келесiлерден тұрады.

  • оқушының оқу материалымен және тапсырмалар жүйесiмен байланыс деңгейiн тiркеу;

  • жоғарыдағы мәлiметтерге сүйене отырып оқушының моделiн құру;

  • оқушының бiлiм деңгейiн бағалау;

  • оқушының моделiне сүйене отырып, оқыту процесiнде оқу материалдары мен тапсырмалар жүйесін беруге өзгерiстер мен реттеулер енгiзу;

  • оқытушыға оқушының оқу барысы мен нәтижелерi жайлы мәлiметтер беру;

Оқушыларды тiркеу және анықтау модулi (ОТАМ) КОҚ-нi орнату және алғашқы рет iске қосқан кезде оқушы жайлы мәлiметтердi тiркеуге алады. Ол мәлеметтер оқушының аты-жөнi, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесi, т.с.с.
Д.Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi (ОЖХМ) – пәндi игеру барысы жайлы оқушыға не оқытушыға мәлiметтер берудi ұйымдастырады.
Е.Оқытушы интерфейсi модулi (ОИМ) – оқушының оқу барысы, тапсырмаларды орындау барысы, оқушының белсендiлiгi, психологиялық-педагогикалық стратегияның iске асуы туралы мәлiметтер модульдерi мен оқытушы интерфейсiнiң арасындағы байланысты қамтамсыз етедi.
Ж.КОҚ-ның конфигурасын сипаттау модулi (КОҚКСМ) – пайдаланушыны КОҚ-мен жұмыс жасау туралы нұсқаулармен қамтамасыз етедi.

1.2 Оқытудың заманауи құралдары туралы түсінік


Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді..


Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске, яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен (гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі. [7]
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ЭЕМ магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде) қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады.
Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі болсын десек, онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады; қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу), әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б. оның түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы бөлімде қарастырылады.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:

  • бақылаусыз оқыту;

  • бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;

  • қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.

Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді.
Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады. [7,21]
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:

  • оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы, есту және оның жадымызға әсері және т.б. оқулық материалдарды түсіну жеңіл түседі;

  • дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;

  • көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;

  • барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең мүмкіншіліктерді пайдалануыға мүмкіндік беру;

  • жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік туғызады;

  • шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да сөздерді пайдалану.

Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет.
Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :

  • лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;

  • арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.

1.3 Электронды оқыту құралдарын пайдалану саласы


Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.


Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу,жүрек қағысын байқау.
Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Тағы да бір ең үлкен кемшілігі –фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық, гигеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Электрондық оқулық және оның құрылымы



  • Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық түрге аудару қажет.

  • Электрондық оқулықтың мазмұны пайдаланушылардың интелектуальдық ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

  • Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

  • Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар пайдаланушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

  • Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол пайдаланушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды. [7, 21]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет