Дипломдық ЖҰмыс 5В011200 «Химия» мамандығы Өскемен қ., 2021 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Пән:химия Мұғалімнің аты-жөні:Мүслімхан Аяулым



бет2/5
Дата01.03.2022
өлшемі2.28 Mb.
#455868
түріДиплом
1   2   3   4   5
Мүслімхан Аяулым дип после норма контроль

Пән:химия

Мұғалімнің аты-жөні:Мүслімхан Аяулым

Дата:23.02.2021

Класс:8Г

Оқушы саны: 20

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

8.3 С
Ерітінділер және ерігіштік

Сабақтың тақырыбы


Заттардың суда еруі


Оқыту мақсаттары

  • Заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу

  • Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру.




Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу

  • Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру.




Тілдік мақсаттар


Ерітінділер мен ерігіштік ұғымын түсіне отырып сұрақтар қояды және жауап бере алады
Пәнге қатысты лексика мен терминология



Қазақша

Ағылшынша

1

Су

Water

2

Еріткіш

Solvent

3

Еріген зат

Solute

4

Ерітінді

Solution

5

Ерігіштік

Solubility

6

Еритін

Soluble

7

Аз еритін

Slightly soluble

8

Ерімейтін

Insoluble



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Бұл не/осы қосылыс формуласын қалай жазуға болады?
Мен ерітінділерді.......бойынша жіктедім, себебі олар...


Құндылықтарды
дарыту

Мәңгілік ел идеясының құндылықтарын бойына сіңіре отырып, азаматтық патриотизм жауапкершілігі мен құрмет,топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс –өмірбойы білім алу, өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдылық



Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Физика




АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPointжәне де оның мүмкіндіктерін көре алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Бөлмені желдету.
2Қауіпсіздік ережесін сақтайды.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


Эпиграф: «Химия - адамзатқа құлашын кең жаяды»
Сәлемдесу. Good afternoon dear children!
I’m very glad to see you! How are you today?
What date is it today? Who is absent today? Психологиялық ахуал ұйымдастыру
«Өзі туралы кластер» тренинг.
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасына шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады.
Мысалы: жанұяның еркесі, адал дос, caring brother, family pride т.б.

Слайд


Үй тапсырмасы
3 минут





15 мин
3мин

5мин

5мин


Өткен сабақ бойынша тақырыпты еске түсіру Тапсырма 1

  • Кристалдық тор деген не?

  • Кристалдық тор түйіні деп нені айтады?

  • Кристалдық тор типтерін атап бер.

  • Сутегі ең жеңіл газ. Оның кристалдық торы қандай ?

  • Калий селитрасы – ақ, суда жақсы еритін кристалдық зат.Оның ерітіндісі электр тогын жақсы өткізеді. Бұл затты минералды тыңайтқыш ретінде қолданады. Бұл заттың кристалдық торы қандай?




Жаңа сабақты презентация арқылы оқушыларға түсіндіру.


Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары


Activity 1: «Семантикалық карта» әдісі



Concentrated solution

еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара
бір – бірімен физикалық – химиялық әсерлесетін біртекті жүйе.



Solution

берілген температурада 100г еріткіште ери алатын
заттардың максималды массасымен анықталады



Dilute solution

еріген заттың ерітіндідегі мөлшері жоғары болса

Ерігіштік

еріген заттың ерітіндідегі мөлшері аз болса



Дескриптор:

  • Ерітінді қалай түзілетінін түсінеді;

  • Ерігіштікке анықтама бере алады;

  • Еріген зат мөлшеріне байланысты ерітінді түрін біледі.

Activity 2. Әр дақты оны кетіре алатын
еріткішпен сәйкестендіріңіз.


май

су

қан

спирт

бояу

бензин



Дескриптор:

  • заттардың суда ерігіштігінің сәйкесін табады;

  • еріткіштерді сәйкестендіре алады;

Бағалау:Мадақтау

Activity 3. Ерігіштік кестесін пайдалана отырып, мына қосылыстарды жіктейміз

Қосылыстар

Soluble

Slightly soluble

Insoluble



Бағалау:10 балдық бағалау жүйесімен бағаланады

слайд

слайд


слайд




слайд


Сабақтың соңы
5 минут



Үйге тапсырма:

  • What is a solution?

  • What is solubility?

  • Ерітіндінің қандай құраушылары еріткіш және еріген зат деп аталады?

  • Ерігіштік кестесін пайдаланып,жақсы еритін,аз еритін жіне іс жүзінде ерімейтін заттарға мысал келтіріңдер?

Слайд



Қорытындылай отырып химия сабағын кіріктіріп оқытудың қысқаша үлгісін ұсындым[15,16]. Көрсетілген тақырып бойынша оқушыларда заттар олардың қасиеттері жөнінде негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады, химиялық терминдермен олардың атауларын тек қазақ тілінде емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді.


Менің ойымша химия сабақтарын ағылшын тілінде жүргізіп, мақсат еткен межеге жету үшін бізге аянбай еңбек ету керек деп есептеймін. Қалай болғанда да бұл бағдарлама бүгінгі күннің талабы екендігі анық. Сондықтан жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жаңа мағлұматтарға жол ашады. Жастар заман көшімен бірге жүре алады деген ойдамын.
«Химия» пәні қоршаған ортадағы химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарды, принцип пен ережелерге бағынатын түрлі құбылыстар мен процестерді зерттеп оқытуға негізделеді.
Әлемде су, ауа, топырақ пайдалы қазбалар тәрізді табиғи заттар көптеп кездеседі. Олар адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды және де химия табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттiлiгiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Жер ресурстары мен олардың қорлары шексiз емес екендігі белгілі. Химия оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың айналуларының маңыздылығын түсінуге көмектесiп, табиғи ресурстарды ұқыпты қолдануға баулиды. Оқушылар жаңа заттарды алу мүмкіндіктеріне көз жеткізіп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын ағымдағы мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйренеді. Бұл пән оқушылар дүниетанымын дамытуға үлес қосып, олардың әлемнiң ғылыми бейнесін қалыптастыруында маңызды мәнге ие.
Мектепте химияны оқыту қоршаған ортада болып жатқан химиялық құбылыстар мен процестердің мәнiн түсiнуге жағдай жасап, салауатты өмiр салтын жүргiзуге жетелейді.
Бұл пән оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, эксперименттік және тәжірибелік дағдыларының кең спектрін дамытып, мәселені шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы шешуге бағдарлайды.
Химияны оқу арқылы оқушылар стандартты лабораториялық құрал-жабдықтар мен эксперименталды амал-шарттардың іс-жүзінде қолданылуын түсінеді.
Қоғам дамуына байланысты бүгінгі таңда оқушылардың бойында тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарына түсуге қолдау көрсету мақсатында лингвистикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін орта мектептер қос тілде кіріктіре білім беру саясатын жүзеге асыруға ат салысуда.
Орта мектептерінде қос тілде білім беру саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рольдерін белгілейді[17].
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың ішіне мыналар кіреді:

  • оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың алдында меңгерген білімдері мен түсініктерін дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын құптау;

  • жүйелі түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және ауқымды оқыту;

  • міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

  • оқушылардың білім алуын бағалау арқылы қолдау;

  • оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды марапаттау;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;

  • сынып жұмысының жеке, топтық және жалпы сыныптық үйлесімді барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

«Химия» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер:

  • мұғалімнің демонстрация мен оқушылардың лабораториялық жұмыстарды орындауы;

  • проблеманы жобалау және жеке тәжірибелерді қою арқылы зерттеу;

  • оқушының түрлі ақпарат көздерінен бүгінгі проблемалар жайлы мәліметтер жинақтауы, синтезді жүзеге асыруы, алынған мәліметке баға беруі және қорытынды шығаруы;

  • химияны түсіну және түсіндіру үшін теория мен модельдерді қолдану;

  • жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды сиптаттау, түсіндіру және болжау;

  • теориялық модельдерді түсіну және олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, олармен жұмыс жасау;

  • ойын/модельдеуді қолдану;

  • пікірталастар мен дебаттар өткізу;

Пән оқытушыларының қос тіл саясатына сәйкес оқушылардың тілдерді меңгеруін қолдауы.
Пән мазмұнын оқытуды қолдау үшін пән мұғалімдері, пәнге қатысты оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне назар аударады. Мұғалім әр сабаққа арналған тілдік мақсаттарды анықтайды. Мысалы, оқушылар ауызша түрлі заттардың, мысалы металл немесе бейметалл қасиеттерін сипаттап, ол жайлы не білетіндіктерін жазып бере алады. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың тілдік жетістіктерін бағалауына қолдау көрсетуі тиіс. Оқушылардың пән мазмұны мен тілді қолдануын дамыту мақсатында оларды жүйелі және ұйымдастырылған түрде диалог пен жазылымға қажетті сөз тіркестерінен тұратын тілдік тірекпен қамтамасыз ету керек.
Мұғалімдердің пән арқылы оқушылар бойында тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде дамыту көзделеді.
Оқушылардың көп тілде кіріктіре оқыта білімдерін қалыптастырудың әдістемелік жолдарын құру алдында психологтардың, дидактардың, әдіскерлердің зерттеу нәтижелерін зерделеу арқылы біздің зерттеуімізде оқушылардың білімдерін қалыптастыруға арналған тәсілдерді іріктеуде пайдаландық.
Оның негізінде кіріктіре оқытуды іске асырудың жүйесі және нәтижеге жету жолы қарастырылады. Кіріктірілген бағдарламаға сай, пәндік және тілдік мақсатты ескере отырып, кіріктірлен сабақ жоспарлары мен оқушының күтілетін нәтижеге жету талаптарына негізделген қалыптастырушы бағалау жұмыстары құрылады. Пән мен тілді кіріктіре оқыту мәселерін қарастыру кезінде алыс және жақын шетел ғалымдарының бұл мәселемен айналысқандықтарын көре отырып, олардың еңбектерімен танысып,талдау жасай отырып, әдістемелік моделімізге CLIL(Content and language integrated learning) әдісін зерттеуімізге тірек еттік. Сабақ жоспарының құрылымы тіл мен пәнді кіріктіре оқытуда қолданылатын осы әдістің 4 қағидатына негізделіп құрылуы ұсынылады. Бағалау оқушының мақсатқа жету жолындағы жетістік критерийлерін орындау сапасына сай критериалды бағалау жүйесімен анықталынады. Мұғалімнің әдістемелік жүйені тиімді қолдануына қарай нәтижесінде оқушыда пәндік, тілдік және жан-жақты дағды, құзіреттіліктері қалыптасады[18]. Осының нәтижесінде кіріктірілген білім беру моделін құрастыруға болады (6-кесте).

Кесте 6


Химиядан 8 сыныпта кіріктірілген білім беру моделі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет