Дипломдық ЖҰмыс 5В011200 «Химия» мамандығы Өскемен қ., 2021 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Химия пәнін 8 сынып оқушыларына кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес қос тілде білім беру арқылы білім сапасын көтеру



бет3/5
Дата01.03.2022
өлшемі2.28 Mb.
#455868
түріДиплом
1   2   3   4   5
Мүслімхан Аяулым дип после норма контроль

Химия пәнін 8 сынып оқушыларына кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес қос тілде білім беру арқылы білім сапасын көтеру



  • Пәндік/тақырыптық мақсатты қалыптастыру

  • Тілдік мақсатты қалыптастыру

  • Дағды, құзыреттіліктреді дамыту

  • Кіріктірілген оқу бағдарламасы

  • Кіріктірілген сабақ жоспарлары

  • Қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстары

Тіл мен пәнді кіріктір оқытуда CLIL (Content and language integrated learning) әдісі
Пәнді оқуға және пән арқылы тілді үйренуге бағытталған әдіс
Пән мен тілді кіріктіре оқыту әдістемесінің қағидалары
4 «С»













6 кестенің жалғасы (келесі беттен басталады)

Мазмұн
Content

Коммуникация
Communication

Таным
Cognition

Мәдениет
Culture

Кіріктірілген негізде берілген тақырыптың пәндік мақсаты анықталады.

Қос тілділік дағдыны дамыту барысында белсенді коммунакативтік орта құрылады.

Метакогнитивтік және металингвистикалық
дағдыларды дамытады.

Мәдени құндылықты және өзге халықтардың мәдениетін құрметтеуге бағытталады.

  • Жаңа тақырыпты игеру

  • Бекіту

  • Айтылым

  • Жазылым

  • Тындалым

  • Оқылым

  • Білу

  • Түсіну

  • Қолдану

  • Талдау

  • Жинақтау

  • Бағалау


БАҒАЛАУ

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ

ЖИЫНТЫҚ




  • Оқушылардың бойында функционалдық және коммуникативтік дағдыларды дамытады

  • Күнделікті өмірмен байланыстырып пәндік білім негізін қалыптастырады




НӘТИЖЕ




  • Оқушылардың дағды, құзіреттіліктерін сын тұрғысынан дамытады

  • Оқушыларды өмір бойы білім алуға үйретуге ықпал етеді

2.2 Қос тілде кіріктіре оқыту бағдарламасында критериалды бағалау жүйесін қолдану


Кіріктірілген білім бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады. Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады[21].


Оқу жылы ішінде оқу үлгерімі мен оқудағы прогресс туралы деректерді жинау үшін критериалды бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау. Ішкі жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім / жалпы тақырып, тоқсан және білім деңгейі үшін жиынтықбағалаудың процедураларын қамтитындығын «3 суреттен» көре аласыздар.

Сурет 3 Критериалды бағалау құрылымы

Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей «талпынған» оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына «жетіп», ішкі жиынтық бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі балдық жүйемен есептеледі, бұны « 7-кестеден » көре аласыздар.


Кесте 7
8 - сынып білім алушысының «Химия» пәні бойынша 3-тоқсан бойынша бөлімдер мен тоқсанға жиынтық бағалау нәтижесі



Жиынтық бағалау (ЖБ)

Оқушының балы

Бөлім үшін ЖБ жоғары балы

Тапсырманы орындау пайызы және деңгейі

5 балдық шкалаға ауыстыру кезіндегі болжам

Қатынасы,%

Ұпайлардың пайыздық мөлшері

1

ЖБ 1 бөлім үшін

4

12

33%
төмен

2

50%

29,4%

2

ЖБ 2 бөлім үшін

6

10

60%
орташа

3-4

3

ЖБ 3 бөлім үшін

10

12

83%
орташа

3-4

4

ЖБ тоқсан бойынша

18

20

90%
жоғары




50%

45%

Қорытынды

74%

Мұғалімдер мен оқушылар оқу бағдарламасы аясында берілген барлық оқу мақсаттарын қамтуға міндетті. Оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бағалаудың бір-бірін толықтыратын және міндетті болып саналатын екі түрі қолданылады.


Қалыптастырушы бағалау тоқсан ішінде кездесетін іріктелген оқу мақсаттарына негізделіп жасалады. Бұл мақсаттардың таңдап алыну себебі олар оқушының негізгі қабілеттерімен қатар, пәндік білімін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізгендігін немесе талпынып жатқандығын бағалай алады.
Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың қабілеттері немесе дағдыларының шыңдалғандығын бақылауға бірнеше сабағын ғана арнай алады (көп ретте бір сабақтың өзі жеткілікті). Сондықтан «жетті» деген шешім оқушы оқу мақсатын толық дәрежеде игере алды дегенді білдірмейді. Өйткені бұл жағдайда «жетті» деген шешім оқушы берілген уақыт шегінде нақты сынып, тоқсан, пән бойынша игерілген білімінен жақсы нәтиже көрсетті дегенді меңзейді. Оқу мақсатына «жетті» деген шешімді қабылдау үшін жетістік критерийлері қолданылады.
Ішкі жиынтық бағалау (әрі қарай - ІЖБ) тоқсан сайын жүргізіледі. ІЖБ бойынша тапсырмалар тоқсан ішінде оқытылған барлық оқу мақсаттары аясында құрастырылады. Тапсырмалар оқушының сол тоқсанда игерген білімі мен дағдыларын жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Бағалау үшін балл қою критерийлері пайдаланылады.
Оқыту мен оқу процесінде мұғалімдер мен оқушылар пән бойынша бағдарламада көрсетілген барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Оқу жоспарында сыныптар бойынша әр пәнде кездесетін оқу мақсаттарына ұсынылған оқыту әрекеттері берілген. Берілген оқыту әрекеттері мұғалімдерге оқушыларды ішкі және сыртқы жиынтық бағалауға даярлауда септігін тигізеді.
Берілген оқу мақсаттарының бірнешеуі қалыптастырушы бағалауды жүргізу үшін іріктеліп алынған. Бұл мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға келесі дағдылар бойынша даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді:

  • Білу

  • Түсіну

  • Білімін қолдану

  • Сыни ойлау

  • Анализ

  • Синтез

  • Бағалау

  • Рефлексия

  • Зерттеушілік дағды

  • Шығармашылық

  • Тыңдалым

  • Оқылым

  • Жазылым

  • Айтылым

  • Математикалық сауаттылық

  • Техникалық әдіс

Берілген дағдылар оқушының пәндік білімі мен қабілеттерін дамытуда пайдаланылатын оқыту әрекеттері аясында қалыптасады. Бұл оқушылар бір мезетте пәндік білімі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, негізгі дағдыларын да дамытады дегенді білдіреді.
Оқыту мен оқу процесі аясында мұғалім оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін үздіксіз бақылап отырады. Нақтырақ айтқанда, қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек.
Сондықтан қалыптастырушы бағалау аясында мұғалімдер оқушылардың мақсатқа қол жеткізгендігін немесе қол жеткізуге талпынып жатқандығын бақылауға алуы тиіс.
Қалыптастырушы бағалау бойынша әрекеттерді бастамас бұрын оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылап алған дұрыс. Бұл оқушылардың алдын-ала өздері қол жеткізуге тиісті дағдылар деңгейін, сол деңгейге қол жеткізу үшін қажетті талаптарды дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді (мыс. қажетті мысалдар саны, пайдаланылатын техникалық терминдер, жазылым жұмысының көлемі, презентация жұмысының ұзақтығы және т.б.). Бұл ақпарат оқушылар өздерінің оқу мақсатына «жеткенін» немесе «талпынатынын» анықтауға көмек береді.
Кейбір әрекеттер бірнеше оқу мақсаттарын бағалауда қолданыла береді. Оқушыларға барлық оқу мақсаттары мен жетістік критерийі әрекет басталмас бұрын айтылады.
Оқушыларға пайдалануға болатын қосымша құралдар мен ақпарат көзі туралы айтылуы тиіс (мыс. сөздіктер). Сол секілді оқушылардың жеке немесе топ болып жұмыс жасайтындығы туралы да айтылады.
Оқу мақсатына қол жеткізуге талпынатын оқушылар жетістікке жетуі үшін мұғалімнің кері байланыста көрсеткен нұсқауларын үнемі ескеріп отырғаны жөн. Сол секілді оларға оқу мақсатына қол жеткізу үшін екінші мәрте мүмкіндік берілуі керек.
Екінші реттік байқау бір сабақ шегінде немесе бір тоқсан аясындағы кез келген сабақта орын алуы мүмкін. Оқушының бағалануы бірдей немесе ұқсас тапсырма және бірдей жетістік критерийін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы керек. Мұғалім оқу жоспарынан мұндай оқушыларды бағалауға қолайлы оқыту әрекетін анықтауы тиіс (мәселен келесі талқылау сабағы немесе ғылыми тәжірибе). Егер тоқсан шегінде ұқсас әрекет түрі қарастырылмаған болса, мұғалім оқушыға екінші мүмкіндіктің берілу мерзімін өзі шеше алады.
Кей оқу мақсаттары бір-бірімен ұқсас тақырыптарға ортақ болғандықтан, оларды бірге оқытып, бірге бағалау мүмкіндігі бар. Әйтсе де кейде оқушылардан белгілі бір көзқарасты түсіндіру үшін мысалдар келтіруі талап етілуі мүмкін және мұндай мысалдар бірнеше оқу мақсаттарын орындауға бағыттала алады.
Мәселен, оқушылармен A, B, C және D жағдаятты тапсырмалар (кейс-стади) өткізеді. Оқушы олардың арасынан үшеуін (A, B және D) нұсқаларын белгілі бір оқу мақсатын орындау үшін таңдап алды делік. Кейіннен осы оқушы өзге үш мысалды да (B, C және D) таңдай алады. Нәтижесінде бір оқушы екі түрлі оқу мақсатына қол жеткізу үшін B және D мысалдарын екі рет қолданды.
Бұл жағдайда мұғалім әр оқу мақсатын жеке бағалауы шарт. Егер A, B және C алғашқы оқу мақсатына сәйкес келетін мысалдар болса, онда оқушы осы мақсаттарға қол жеткізе алады. Сәйкесінше, егер B, C және D екінші оқу мақсатына сәйкес келетін мысалдар болса, оқушы оған да қол жеткізген болып есептелуі тиіс. Оқушылардың әр жаңа оқу мақсатына жаңа мысалдар пайдалануы қалыптастырушы бағалауда міндетті болып саналмайды. Оқушының оқу барысында жаңа мысалдарды пайдалану жиілігі туралы шешім мұғалімнің пәндік сауаттылығы мен кәсіби деңгейіне сәйкес орындалады.
Жетістік критерийі мұғалімге оқыту мақсатына жеткен және қол жеткізуге талпынып жатқан оқушыларды нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жетістік критерийі мұғалімдерге кәсіби пайымдауын пайдалана отырып, шешім қабылдау үшін септігін тигізеді.
3 ЭКСПЕРИМЕНТТІ СИПАТТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Педагогикалық эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді: анықтау, қалыптастыру және бақылау.
Педагогикалық эксперименттің мақсаты химия пәнін қазақ және ағылшын тілінде оқыту арқылы мектепте қос тілде кіріктіре оқытудың тиімділігін дәлелдейтін әдістемелік мүмкіндіктерді анықтауға бағытталды.
Мен өзімнің зерттеу жұмысымды Өскемен қаласы әкімдігінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастадым. 8 – сынып оқушыларын таңдап алып, олардың сабақтарына қатысып, оқушылардың үлгерімімен, мұғалімнің оқу жоспарымен таныстым. Сабақ екі сыныпқа да көбінесе дәстүрлі түрде жүргізіледі екен. Іс – тәжірибеден өту барысында 8 «Г» және 8 «В» сыныптарына сабақ жүргіздім. Менің мақсатым оқушыларға химия пәнін қазақ және ағылшын тілінде оқыту арқылы мектепте қос тілде кіріктіре оқытудың тиімділігін дәлелдейтін әдістемелік мүмкіндіктерді айқындау болды.
8 «Г» сыныбын эксперимент сыныбы ретінде алдым. 8 «В» сыныбын бақылау сыныбы болды. Эксперимент жүргізбес бұрын 8 – сынып оқушыларынан химия пәнінінің берілу жағдайын анықтау үшін және оқушылардың пәнге қатынасын айқындау үшін сауалнама жүргіздім. Қосымша (А). Жүргізілген сауалнама нәтижесі кестеде көрсетілген. Сауалнама нәтижесінде оқушыларды қос тілде кіріктіріп оқытуды қолдану қызықтыратыны байқалды.
Эксперимент жұмысын жүргізу үшін алынған сыныптардағы бала саны бір-біріне таяу және білім сапалары деңгейлес болды. Эксперименттік сыныпта 20 оқушы, бақылау сыныбында да 20 оқушы. Эксперименттік сынып пен бақылау сыныбы оқушыларынң бастапқы білім деңгейі анықталды. Сынып оқушыларынан өткен материалдар бойынша бақылау жұмысы алынды. Бақылау жұмысы «Сутек. Оттек және озон.» тарауындағы тақырыптар бойынша құрылды. Эксприменттік сынып бойынша бақылау жұмысын жоғары деңгейде үшеуі «5» бағасын, он екісі «4» бағасын, ал бес оқушы үштік алды. Бақылау сыныбында екі оқушы «5» бағасын, он оқушы «4» бағасын, сегіз оқушы «3» бағасын алды. Бақылау сыныбында екілік баға болған жоқ. Экспериментке дейінгі оқушылардың деңгейі төмендегі 4-суретте берілген. Мен зерттеу жұмысымда оқушылардың химия пәнінен қызығушылығын көтеру мақсатымен 8 «Г» сыныбында «Иондық байланыс», «Электртерістілік. Ковалентті байланыс» тақырыбына оқушылардың таңдауы бойынша қос тілде кіріктіре оқытуды пайдаланып сабақ жүргізуді жөн көрдім. Мен осы тақырып бойынша оқушылармен химиялық байланыс түрлері «Иондық байланыс» атты тақырыпта оқушылардың таңдауы бойынша ғылыми зерттеу жұмысымды жүргіздім. Зерттеу жұмысы аяқталғаннан соң осы тақырыптарды қамтып ТЖБ алдым. Қос тілде кіріктіріп оқыту жүргізілген сыныбымда «Химиялық байланыс түрлері» тарауы бойынша тест қорытындысы экспериментке дейінгі деңгейден жақсы көрсеткіш көрсетті. Яғни эксперименттен кейін 20 оқушының тоғызы «5», жеті оқушы «4», төрт оқушы «3» алды. Бақылау сыныбымда 20 оқушының үш оқушы «5», он оқушы «4», жеті оқушы «3» алды. Қос тілде кіріктіре оқытуды пайдаланып сабақ жүргізілсе, оқушылардың білім деңгейі жоғарлап, тиянақты білім қалыптасады. Себебі балалар тақырып бойынша тек қана мектеп оқулығымен ғана шектеліп қоймай басқа да ақпарат көздерінен білімдерін толықтырады. Өткен материалдар бойынша алынған бақылау жұмысының қорытындысы 8 кестеде және сурет 4 берілген.

8 кесте
Экспериментке дейінгі білім деңгейі көрсеткіштері





Сыныптар

Білім деңгейі

«3»- баға

«4» -баға

«5»-баға



Эксперименттік

25%

60 %

15%

Бақылау

40 %

50%

10 %




Сурет 4 Экспериментке дейінгі оқушылардың білім деңгейі


Эксперименттен кейін екі сыныптан да «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» тақырыбына бойынша тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жұмысы алынды. ТЖБ тапсырмалары екі вариантпен құрылды. Эксперименттік сыныппен бақылау сыныбының тест тапсырмаларынан кейінгі білім деңгейінің көрсеткіштері 9 кестеде және 5 суретте берілген.


Эксперимент нәтижелерін салыстыру математикалық-статистикалық әдістер бойынша жүргізілді. Эксперимент барысында оқушылардың химиядан білім деңгейін анықтауға бағытталған бақылау жұмысының сандық және сапалық талдауы жасалды. Алдымен оқу тапсырмаларын меңгеру коэффициенті Z=n/N формуласымен анықталды. Мұндағы,
Z- эксперименттік және бақылау сыныптарының оқу материалын меңгеру коэффициенті;
n- бақылау тапсырмаларын жақсы бағаға орындаған оқушы саны;
N- сыныптағы барлық оқушылар саны.

Кесте 9
Эксперименттен кейінгі білім деңгейі көрсеткіштері





Сыныптар

Білім деңгейі

«3»- баға

«4» -баға

«5»-баға



Эксперименттік

20%

35 %

45%

Бақылау

35 %

50%

15 %




Сурет 5 Эксприменттен кейінгі оқушылардың білім деңгейі


Оқу тапсырмаларын меңгеру коэффициентін есептеу әдісі қолданылды. 9 кесте мен 6 суретте Оқу тапсырмаларын меңгеру коэффициенті мына Z=n/N формуламен анықталды. Мұндағы,


Z- эксперименттік және бақылау сыныптарының оқу материалын меңгеру коэффициенті;
n- бақылау тапсырмаларын жақсы бағаға орындаған оқушы саны;
N- сыныптағы барлық оқушылар саны.

Кесте 10
Оқушылардың оқу материалын меңгеру коэффициенті





Сыныптар

Жалпы оқушы саны

Бақылауды жақсы бағаға орындағандар

Оқу материалын меңгеру коэфициенті

Эксприменттік

20

16

80%

Бақылау

20

13

65%


Сурет 6 Оқушылардың оқу материялын меңгеру коэффициенті


Алынған мәліметтер эксприменттік топта білім деңгейі де, оқу материалын меңгеру деңгейі де төмендеу екенін көрсетеді.


Эксперимент мәнділігін анықтау үшін Стьюдент критерийін қолданамыз. Стьюдент критерийін есептеу мақсатымен эксперименттік сыныптағы оқушылардың кіру бақылауында алған бағалары мен ТЖБ жұмысының бағаларының айырмашылығы алынды. Эксперимент қорытындылары 11 – кестеде берілген, бізге алдын ала қажетті есептеулерді жүргізіп аламыз.

Кесте 11
Эксперимет сыныбы оқушыларының бағаларының орташа ауытқу және ауытқу квадраттарының мәндері







Эксперимент сыныбы
бағалары

Орташа мәннен ауытқу

Ауытқу квадраты

X

Y









Уантаева Аружан

5

5

-1,1

-0,75

1,21

0,5625

Тлеулина Аяулым

4

5

-0,1

-0,75

0,01

0,5625

Бейбитов Арлан

3

4

0,9

0,25

0,81

0,0625

Кужатаева Анель

4

4

-0,1

0,25

0,01

0,0625

Болат Нұрасыл

4

4

-0,1

-0,25

0,01

0,0625

Дәуітханов Шыңғыс

4

3

-0,1

1,25

0,01

1,5625

Нұртаев Нұржан

4

4

-0,1

0,25

0,01

0,0625

Биболат Ания

5

5

-1,1

-0,75

1,21

0,5625

Молдаханов Азамат

4

3

-0,1

1,25

0,01

1,5625

11 кестенің жалғасы (келесі беттен басталады)



Сабыр Аңсар

4

4

-0,1

0,25

0,01

0,0625

Молдаханов Азат

3

3

0,9

1,25

0,81

1,5625

Қырықбаева Дана

5

4

-1,1

0,25

1,21

0,0625

Серібекұлы Жоламан

4

4

-0,1

0,25

0,01

0,0625

Советбекова Аэлита

3

5

0,9

-0,75

0,81

0,5625

Абаева Инара

4

5

-0,1

-0,75

0,01

0,5625

Уграш Белқыс-Румейса

3

5

0,9

-0,75

0,81

0,5625

Магзатова Анель

3

5

0,9

-0,75

0,81

0,5625

Үмбетова Дариға

4

5

-0,1

-0,75

0,01

0,5625

Өсерхан Айым

4

5

-0,1

-0,75

0,01

0,5625

Құрманғалиева Сабина

4

3

-0,1

1,25

0,01

1,5625

Барлығы

78

85













Орташасы

3,9

4,25












Берілген кестеде экспериметтік сыныптағы оқушылардың кіру бақылауында алған бағаларының орташа арифметикалық ауытқу ( ) шамасы келесі формуламен (2) анықталған:


, (2)
мұндағы, - қосынды белгісі; хii) – әрбір өлшеудің мәндері; n – сыныптағы өлшеудің жалпы саны.
2 формулаға кестедегі мәндерін қойып, мына мәнді аламыз:


3,9 (2.1)

Оқушылардың «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» тарауына алынған ТЖБ жұмысының бағаларының орташа арифметикалық ауытқу ( ) шамасының мәні:




(2.2)

Орташа арифметикалық шамалар арасындағы абсолютті шама айырмасы тең, оның формуласы (3):


- ) =3,9-4,25=-0,35 (3)
Осы есептеулерден шыққан орташа арифметикалық шамаларды салыстыратын болсақ, экспериметтік сыныптағы оқушылардың кіру бақылауында алған бағаларының бұл шамасы ( = 3,9) «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» алынған бақылау жұмысының бағасының орташа арифметикалық шамасынан ( = 4,25) артық. Бірақ та эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейі жоғарылады деп кесіп айта алмаймыз, сондықтан да есептелген орташа арифметикалық мәндер арасындағы статистикалық дәлділікті (t) анықтаймыз.
Эксперименттік сыныпта алынған екі бақылау жұмыстарының арасындағы орташа квадраттық ауытқуының мәні (4) формуламен есептелді:


(4)

мұндағы,


- қосынды белгісі;
хii)– әрбір өлшеудің мәндері;
– орташа арифметикалық мәндер. Алынған мәліметтерді (4) формулаға қоятын болсақ:

Sd= (4.1)

Сонда tэмп мына формуламен (5) есептейміз:


(5)

мұнда,
tэмп – Стьюдент критерийі;
– орташа арифметикалық мәндер;
– орташа квадраттық ауытқу.

Tэмп= =3.04 (5.1)


Сұрыптау мәндерінің «еркіндік дәрежесі» f төмендегі (6) формуламен есептеледі:




f =n1+n2-2=20+20-2=38 (6)
Стьюдент критерийінің критериалды мәндері «Методы математической обработки данных психолого-педагогического исследования, учебное пособие для вузов» кітабынан алынған[22]. Стьюдент критерийінің есептеліп алынған еркіндік дәрежесіне кіретін мәнділік деңгейінің сан мәндерін tкр анықтаймыз:
1,67 мәні α ≤ 0,10
2,042 мәні α ≤ 0,05 тең болады
Бес пайыздық мәнділік деңгейінің сан мәні tкр =2,042. Ендеше 3,04>2,042 болған соң өткізген эксперименіміздің нәтижесі шындыққа жанасатынын көрдік.
Стьюдент критерийінің эксперименттік мәні кестеде берілген сан мәндерден жоғары екенін көреміз. Осылайша, эксперименттік топ оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті. Қос тілде кіріктіріп оқытуды пайдаланып сабақтар жүргізсе оқушылар тақырыпты жан-жақты толық меңгеруіне көмектеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ


Мектепте химия пәнін оқыту процесі бір-бірімен қиылысқан әр түрлі әдістердің күрделі байланысынан тұрады. Оқушыға оқу пәні қызықты әрі түсінікті болуы үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға ұмтылады. Біздің зертеу болжамымыз бойынша оқушылардың химия бағытындағы түсініктерді игерудегі қиындықтарын шешу үшін «Химия» пәнін 8 сыныптан бастап басқа пәндермен қос тілде кіріктіре оқытудың маңызы зор және осы бағдарлама негізін қолданып білім берсе, оқушылардың білім деңгейі жоғарлайды. Оқу пәнінің бағдарламасының мазмұны мен құрылымы да сол ғылымның құрылымы мен мазмұнын көрсете алатындай болуы қажет. 8 сыныптың «Химия» пәнінен кіріктірілген оқу бағдарламасын қос тілде оқытылуы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде зерттеуге алынған екі топтың I тобының, яғни эксперимент топтың оқушыларының табиғи құбылыстарды жан-жақты басқа ғылымдармен байланыстыра отырып, химиялық түсініктермен тұжырымдауы және академиялық ғылыми тілде жоғары көрсеткіш көрсетуі білім сапасының артуын көрсетті. Жүргізілген эксперимент қорытындысы зерттеу болжамның дұрыстығын дәлелдеді. Жалпы зерттеу жұмысына мынадай қорытындылар жасауға болады:



  1. Жалпы білім беретін орта мектепте химияны 8 сыныптан бастап кіріктіре қос тілде оқытудың оқушылар үшін қажеттілігі мен тиімділігі дәлелденді.

  2. Химия пәнін басқа пәндермен кіріктіре қос тілде оқытуға негіздеп сағаттарға бөлуді ұсынамыз және 8 сынып химиясының кіріктірілген оқу бағдарламасына арналған қос тілділік жүйемен құрылған қмж (әр тақырыптарға арналған тапсырмалар жинағы) жасалды. Осы тарауларды өтудің оқу-әдістемелік кешені құрылды, олар, қос тілде химия пәнін басқа пәндермен оқытуды қолдану әдістемесі, сабақты және сабақ жоспарын құрылымдау тәсілі, оқушылар білімін тексеруге арналған тапсырмалар.

  3. Оқушылардың әр сабақта алған теориялық білімдері практикалық іс-әрекеттермен ұштастырылып, сол арқылы химиялық академиялық ғылыми және қос тілде өз ойларын еркін жеткізе алды.

  4. Біздің құрған оқу -әдістемелік кешеніміз қос тілде химия пәнін басқа пәндермен оқытудың моделіне сәйкес эксперимент барысында қолданылып, өзінің тиімділігін көрсетті.

Химияны басқа пәндермен кіріктіре оқытуды қос тілде жүргізу мәселесі оқушылардың академиялық ғылыми тілде сөйлеу, өз пікірі мен тұжырымын еркін жеткізуді қалыптастыру проблемасын қамтиды. Зерттеудің мұнан әрі басқа бағыттары тереңірек қарастыруды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет