Сөздерді сұрыптауда оның жеңіл-қиындығын ескеру.
Сөздерді лексикалық минимум жағынан сұрыптағанда, оның қолданылу жиілігімен қатар жеңіл-қиындық деңгейіне де көңіл бөліну керек. Себебі жиі қолданылатын сөздердің өзі түрлі-түрлі:
Біреуінің айтылуы жеңіл, бір-екі дыбыстан тұратын сөз де, екіншісі төрт –бес дыбыстан тұратын сөз болуы да мүмкін. Сол себептен өзге тілді оқыту әдістемесінде екідыбыстан, үшдыбыстан тұратын бір буынды сөздерді үйретуден бастау дұрыс саналады. Бұл принцип «қазақ тілін үйренеміз» оқулығында, А.Байтұрсыновтың қазхақ балаларына арналған әліппесінде қолданылған.
Сөздердің синонимдік қасиетін ескеру. Кез келген тілдің сөздік құрамы синонимсіз болуы мүмкін емес. Сондықтан, өзге ұлт үшін қазақ тілінің лексикалық минимумын сұрыптау мәселесін сөз етикенде, сөздің синанимдік қасиеттеріде ескеріледі. Өзге тілді оқыту әдістемесінде (А.А. Миролюбов, И.В. Рахманов, В.С. Цетлин, С.М. Шатилов т.б.) тіл үйренушілерге синоним сөздердің барлығын үйрету мүмкін еместігін дәлелдеген. Ғылымдардың айтуынша ,өзге тілді үйретуде синонимдік қатардың ең жиі қолданылатын бір-екі сөзін алу жеткілікті.
Дегенімен, кейінгі кезде, кей жағдайда қолданыстағы ең жиі кездесетін сөздеодің синонимдерін лексикалық минимумға қосу мәселесі де сөз болып жүр(Н.М. Шанский, Н.З. Бакеева, А.М. Ким т.б.). Оның тиімділігін тәжірбеде де көрсетіп отыр.Жалпы синоним сөздермен тіл үйренушілер ана тілі арқылы таныс. Осыған байланысты өзге тілдің синонимдерін меңгеру еш қиындық туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |