Дипломдық ЖҰмыс 5В011700 Қaзaқ тiлi жәнe әдебиеті Шымкент, 2021 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Сөздердің сөзжасамдық қабілеті принципі



бет9/20
Дата03.01.2022
өлшемі303 Kb.
#451299
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Жамашева Севара

Сөздердің сөзжасамдық қабілеті принципі. Сөзді қатынас құралы ретінде еркін қолдану үшін оның сөзжасамдық қабілетін де жете меңгеру қажет. Бұл пікірді «сөзжасам» тақырыбын ғылыми аспектіде оқыту деп түсінбек керек. Себебі екінші тілді оқыту әдістемесіә алдына бұндай мақсат қоймайды. Бірақ оқушылар сөз тудырушы жұрнақтарды айыра білуі керек. Орыс тілді оқушыларға қазақ тілінің барлық сөз тудырушы жұрнағынбілу қажет емес. Күнделікті қолданыста жиі кездесетін сөз тудырушы жұрнақтардың минимумы берілгені жөн.Сөз тудырушы жұрнақтарды білу оқушылардың туынды сөздердің мағынасын білетін оқушы осы сөзден –ім жұрнағы арқылы жасалған білім сөзінің мағынасына (знание) тез табады. Немесе сату (продавать) сөзін білетін оқушы (продавец) сөзінің мағынасын да тез айырады. Атап айтқанда, лекксикалық материалды сұрыптауда оның сөзжасамдық қабілетін ескерудің өзіндік маңызы бар.

Сөздерді сұрыптауда тілдің дыбыстық ерекшелігін ескерудің мәні.өзге тілді оқыту барысында кездесетін қиындықтардың біріекі тілдің дыбыстық айырмашылықтарына байланысты. Кез келген адамның артикуляциялық аппараты жас кезінен өзінің ана тілінің дыбыстық жүйесіне тән қозғалысқа үйренеде. Сондықтан да тіл үйренушілерөзге тілдегі сөздерді айтуда біраз кемшіліктержібереді. Атап айтқанда, тіл үйренушілерге олардың ана тілінде кездеспейтін бөгде дыбыстардың ерекшелігін айыра білуге, айта білуге жаттықтыру керек. Ал дыбыс жеке дара үйретілмейді. Ал дыбыс тіркесі тіркесі сөзішінде үйретіледі. Сондықтан сөздерді сұрыптауда қазақ тілінің ерекшелігіне байланысты дыбыстары бар сөздер жеткілікті таңдалуы керек. Ол төл дыбыстардың түрлі жағжайда қалай айтылуын, басқа дыбыстармен тіркесуерекшелігін үйрету үшін, оқушының ондай дыбыстары дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін керек.

Сөздерді сұрыптауда оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні. Өзге тілді оқытудың басты міндеттерінің бірі – тіл үйренушілердің өзіндік ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру.Оқушылдар өздерінің табиғатына, жекелік ерекшеліктеріне сәйкес түрліше. Осындай ерекшеліктер оқушылардың әрқайсысының қабілетінен, білімінен, мінез-құлқы мен темпераментімен, ерік-жігерінен, әдет-дағдыларынан анық көрінеді. Берілген материалды оқушылардың менгеруі –олардың қабілеттілігі мен білімділігіне тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет