Іскерлік ойынның технологиялық картасы
Даярлық
Кезең
|
Ойынды
жоспарлау
|
сценарин жасау
жоспар
инструкция
материалдық
жағын камтамасыз
ету
|
Ойынды жүргізу
|
шарттары
регламент, ереже
рольдерді беру
топтарды құру
кеңес
|
Өткізу
кезеңі
|
Топтық
жұмыс
|
әдебиеттерді оқу,
тренинг, ми шабуылы
|
|
Топтар арасындағы дискуссия
|
- сөйлеу
- қорғау
- эксперт жұмысы
|
Талдау, жалпылау кезеңі
|
қорытынды
талдау, рефлекция
бағалау
қорытынды, хабарлау
ұсыныстар
|
ТОҚ, мультимедия жүйесін қолдану әдісі. Көрнекті құралдың жаңа жанры – мультимедиялық энциклопедия, электронды оқулықтар. Электронды оқулықтар компакт дискіге жазылған кітап. Электронды оқулық ескірмейді, оны қолдану өте ыңғайлы: түстің түрін, мәтінін өзін, шрифт көлемін өзгертуге болады, принтер арқылы қажет материалды шығарып та алуға болады.
Мұғалім электронды оқулықты толықтыруға, жөндеуге немесе оқушыға электронды пошта арқылы жіберуіне болады. Веб – сайт арқылы барлық оқушылармен жұмыс жасауына да болады. Электронды оқулық оқушының өз білімін өз бетінше тексеруіне мүмкіндік береді.
Компьютер ойындарын енгізу арқылы оның интеракивтілігін арттыруға болады. Электронды оқулық оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Электронды оқулық мазмұны үнемі интернет желісі және басқа электронды кітапханалар арқылы толықтырылып отырады. Интернет желісіне қосылған компьютерлер арқылы веб – форум, телеконференция, конкурс өткізуге болады.
Бұдан басқа қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытумен байланысты лингофон кабинеттеріне арналған сабақтарды, аудио, бейне жазбалар таспаларын тиімді.
Сонымен, компьютермен оқыту жаңа прогрессивтік технологиялық құбылысқа жатады. Ол іс жүзінде оқытудың көптеген процестерін жылдамтатуға және тиімділігін арттыруға көмектеседі. Компьютерде оқыту бағдарламасының мәселелерінің тиімділігі қазақ тілін оқыту бағдарламасын алғашқылардың бірі болып енгізген Ә. Құрышжанованың еңбегінде сипатталады.
Видеосабақтарды жүргізудің әдіс – тәсілдерін Қ.Қадашева өз еңбегінде жан – жақты баяндай отырып, нақты видесабақтардың үлгілерін береді.
Жұмыс істеу барысында негізгі түйін видео (бейне) және компьютерлік техниканың өзара синтезі жоғары дәрежеде оқыту мүмкіндігіне ие екенін атап өтуге болады.
Қорыта келе, оқытудың тиімді әдістері, яғни интерактив әдістері қысқаша айта келсе, жоғарыда аталған әдістердің оқу үрдісінде жеке – жеке таза күйінде қолданылуы мүмкін емес екенін ескертеміз. Бір сабақта олар бір – бірінен тоғыса келе, жымдасып ажырағысы да өтуі мүмкін. Орыс мектебінде немесе басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытып үйрету үрдісіне аталған әдіс – тәсілдерді қолданудың өз ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бағдарламасын, жоспарын жасау, лексика – грамматикалық минимумды анықтау парктика – коммуникативтік бағыттағы оқулықтарды дүниеге әкелу келешектің ісі демекпіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тіл жөніндегі қазіргі жаңа саясат елімізде қазақ тілін оқып, үйренудің іс –жүзінде жүзеге асырудың неғұрлым жетілдіре түсуге, оның жан – жақты дамуына толық мүмкіндік жасап отыр. Жоғарғы, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі пәнін оқытуды міндеттеу оны үйретудің жетілдірілген, қазіргі заман талаптарына сай әдістемесін жасауды талап етеді. Осы тұрғыда басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері – қазақ тілін оқыту әдістемесінің келелі мәселелерінің бірі.
Ұлттық мектепте қазақ тілін оқытуда көзделетін мақсат – балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, танымын кеңейту, сөйлеу тілін дамыту.
Басқа ұлт өкілдерінің өзге тіл қазақ тілін үйрену мен ана тілінің ерекшеліктернің ескеруінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Осы айырмашылықтарының психологиялық – педагогикалық жақтарын айқындау тілді игерудің тиімді жолдарын белгілеп береді. Өзге тілді меңгерту – оқушылардың психологиялық қалпы, оның ерекшеліктері, қабілеті, білімі, мұғалім шеберлігі, оқытудың әдіс – тәсілдері сияқты көптеген факторларға тікелей қатысты.
Өзге тілді үйретуде тілдің толық грамматикалық жүйесін және сол тілдің сөздік қорын толық игеру мүмкін емес.
Сондықтан Н.Оралбаев, К.Жақсылықоваларының «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» еңбегінде көрсетілген лексикалық материалды таңдап, сұрыптауда ерекше көңіл бөлуі керек деп көрсеткен қасиеттерін ескеріп, сонымен қатар граммтикалық материалды іріктеудің негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, лексика – грамматикалық минимумды іріктеудің маңыздылығын көрсеттік.
Сол сияқты оқушылардың тіл меңгеру үшін және оларды адамгершілік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық сезімді қалыптастыруда оқулықтың атқарар қызметі зор.Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі қолданылып жүрген оқулығымыздағы кемшіліктерді ескермеу – үлкен қате.
Оқушылардың белсенділігі жоқ жерде білім беру нәтижесіз болады. Осы байланысты басқа ұлт мектептерінде қаза тілін оқытуды аз қолданылып жүрген, оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін, тіл үйренуге кездесетін кедергілерге жол бермейтін оқытудың интеракивті (жоғары белсенділікті дамыту) әдістерінің маңызы зор.
Республикада өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту ауқымы кең, келелі мәселе. Қазақ тілін өзге тіл ретінде оқытудың жалпы әдістемесін жасау, оның өзекті мәселелерін анықтап шешілу жолдарын іздеу келешекте де жалғасын таба бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:
Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2008. -26-32бб.
Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. - Алматы, 2002. -120 бет.
Махмутов М.И. Теория и практика проблемного обучения. -Казань, 1998. 169стр.
Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.
Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.
Достарыңызбен бөлісу: |