Сөздердің оқулықта қайталану жиілігін ескерудің мәні.
Ғылыми принциптер негізінде сұрыпталған сөздер оқулықта жүйелі қайталанып отырылуы керек. Бұл - өзге тілді оқыту әдістемесінде экспериментті түрде қаралып, дәлелденген мәселе.
Ғылыми-әдіскерлердің пікірінше, сөздердің қайталану жиілігі оның қиындық денгейіне байланысты болуы қажет.Соңғы әдістемелік әдебиеттерде: «ең қиын сөздердің қайталану жиілігі 16-20 рет, орташа қиындықтар 10-12 рет, қиын сөздер 8-10 рет, жеңіл сөздер 5-6рет, өте жеңіл 3-4 рет,» - деп көрсетілген. Әдіскерлердің айтуы бойынша, сабақта берілген жаңа сөздер 3-4 сабақ қатарымен, одан кейін де қайталау керек.
Лексикалық материалдарды іріктеудің принциптері. Қайсы бір тілді алсақ, ол сөздер жиынтығынан тұрады. Сондықтан тілді игеру үшін белгілі бір сөздік қор болуы қажет.
Көрнекті әдіскер.З.П.Даунене: «При обучении лексике целесообразно уделять внимание тем вопросам, которые связаны практическим овладением русской речи, с трудностями приусвоении русской лексики. Естественно при такой цели и своеобразных условиях изучения русского языка в национальной школе необходимо ограничение словаря, научный отбор минимума слов учебных целей »- демекші орыс мектебіндегі қазақ тілі бойынша игеруге тиісті минимум сөздіктің жоқтығы көптеген қиындықтарға әкеледі. Минимумды жасаудың теориясы мен практикасы, әрине, өте жауапты да қиын іс екені даусыз.
Лексикалық материалды ірікеу заңдылықтары:
- статистикалық принцип
- сөз тіркесімділігі принципі
- сөзжасамдық принцип
- тілдің сематикалық құндылығы принципі
- сөздің стилдік жағынан бейтарап болуы принципі
- ситуативті- тақырыптық принцип.
Сөздің статистикалық принципі жалпы қоғамдық өмірдің барлық салаларында жиі қолданылатын сөздер жиынтығын қамтиды. Бұл сөздер оқушының күнделікті қарым қатынасқа және өтілетін материалғабйланысты өз ойын анық жеткізуге мүмкіндік беретіндей болуы керек.
Жиі қолданылатын сөздердің тіркесімділігі әр тілде әр түрлі.
Мысалы, қазақ тілінде етістіктің басқа сөздерді менгеру қабылеті күшті. Сондықтан етістік бойынша лексикалық минимумды жасағанда, етістіктің сөздерді меңгерумен қатар, оған меңгерілу икемі жоғары сөздердің тіркесім қасиетін ескеру – оқытуда жақсы нәтижеге қол жеткізеді.
Ситуативті – тақырыптық принцип жәнінде Л.Г. Саяхованың айтқаны орынды: «Достоинство этого принципа в том, что он сохраняет наидолее естественную для речи ситуативно-тематическую организацию языкового материала и обусловленные ею связи языковых элементов ». Бұл оқушының жасанды ситуацияларда еркін сөйлеуіне мүмкіндік береді. Лексикалык материалды іріктеудің ғылыми негіздерінің бірі – сөзжасамдық принцип. Мәселен, қазақ тіліндегі етістік – сөзжасамдық қасиеті жағынан күрделі сөз табы. Оқушы қазақ тіліндегі етістіктің сөз тудырушылық қасиетін неғұрлым жақсы түсінсе, оның тіл байлығында етістік сөздер көбейеді. Сонымен бірге тілді меңгеруде ортақ элементтері бар материалды оқушы және сапалы игереді.
Бағдарлама бойынша мектеп курсында (І-ХІ) қазақ тілінен 2570-3050 сөз игерілуі керек. Әр сыныпқа шаққанда , міндетті түрде игеріп алуға тиісті сөз мөлшері мынадай.
1- сынып 80-100 сөз
2- сынып 150-200 сөз
3- сынып 200-220 сөз
4- сынып 220-250 сөз
5- сынып 250-280 сөз
6- сынып 250-280 сөз
7- сынып 300-320 сөз
8- сынып 320-350 сөз
9 – сынып 320-350 сөз
10- сынып 300-350 сөз
11- сынып 300-350 сөз
Барлығы 2570-3050 сөз.
Сонымен қорыта келгенде, лексикалық- грамматикалық минимумды ғылыми тұрғыдан іріктеп, сұрыптамайынша, тілді оқытуду нәтижеге жету мүмкін емес. Осымен байланысты, ең болмаса бастауыш сынып оқушыларына арналған лексика-грамматикалық минимум жасау- қазір кезек күттірмейтін мәселе деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |