Дипломдық ЖҰмыс 5В011700 Қaзaқ тiлi жәнe әдебиеті Шымкент, 2021 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдер



бет11/20
Дата03.01.2022
өлшемі303 Kb.
#451299
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Жамашева Севара

Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдер

Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелерінің бірі –тиімді әдіс-тәсілдерінің тәжірибеде аз қолданылуы. Осымен байланысты қазақ тілін оқытуда қолданылатын, оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға мүмкндік беретін оқытудың интерактив әдістері сөз болмақ.

«интерактив» сөзі ағылшынның «interact» ( «inter»- бірлесіп, «act» - әрекет ету) деген сөзінен кірген. Бұл әдістеме Қазақстанның білім беру жүйсінде осы кезге дейін пайдаланылмаған әдістеме. Бірақ кейбір оқытушылардың жеке әдістемелерінде сирек те болса қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, иммитация әдістері, өрнектеу (моделирование) – осы интерактив әдістемесінің белгілері болып табылады.

Қазақ тілін өзге тіл ретінде оқытумен айналысқан ғалымдардың бірі Қ.Қадашева өз еңбгінде интеракив әдістерді «жоғары белсенділікті дамыту әдістемесі» дей отырып, жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің қазақ тілін екінші тіл ретінді оқытудағы ұтымдылығын көрсетіп, оның негізгі ұстанымдарын белгілейді.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің ұтымдылығын көрсеткенде Қ.Қадашева дәстүрлі әдістемелер бойынша алынған нәтижелерді, яғни үйренушілердің білім деңгейін әртүрлі әдістемелік тәсілдерді падаланғандағы білім деңгейімен салыстыратын пирамида арқылы түсіндіреді.

Жоғары белсенділікті дамыту, жоғары эмоция кезіндегі білім деңгейін сатылар арқылы көрсетеді.

Ол сатылар бойынша үшінші сатыдан бастап үйренушінің эмоциясы артады. Ал жоғары эмоция білім деңгейінің 100% болуына жағдай жасайды.

Айта кететін нәрсе, жоғары белсенділікті дамыту әдісін кез келген сыныпта қолдана беруге болмайды. Жоғары белсенділікті дамыту үшін сынып оқушыларының психикалық ерекшеліктері, тілге деген сұранысы ескеріледі. Жоғары белсенділікті дамыту бойынша үйретуші де, үйренуші де өте белсенді.

Үйретудің барлық процесі нақты өмірде қандай қиындықтар болса, сонда қиындықтарды әрбір үйренуші өзінің басынан өткізетіндей дәрежеде болуы керек

Дәстүрлі әдістемеде оқушы оқытылатын обьект түрінде болады, ал жоғары белсенділікті дамыту бойынша оқушы тіл арқылы өмірдің шындығын қайталайды.

Сонымен жоғары белсенділікті дамыту бойынша өзара қарым – қатынас, сезім, идея, пікір алмасу ( екі не одан да көп адамдар арасындағы), бір – бірімен сыйластық, сезімнен туған нәтиже өзара қарым – қатынас арқылы білімі кеңейеді. Бұл негізде олар белгілі бір материалдарды тыңдайды не оқиды және ондағы проблемаларды шешу жолында бір – бірімен сөз сайысына түсіп әрі сұхбатттасады. Мұндай жағдайда олар бір – бірін тыңдайды және осындай қарым – қатынаста өздерінің барлық білетін білімін, күнделікті көрген білгендерін әңгіме тақырыбына қолданады.

Жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің негізгі принциптері мыналар:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет