52
Олай болса, техника
тетігін терең меңгерген, білімді, білікті жұмысша
мамандарын дайындау, оларды
толыққанды жұмыспен қамту, сол арқылы ел
келешегін кемелдендіру- уақыт талабы.
2.2. Жастар саясаты субъектілерінің қызметіне жалпы сипаттама және
талдау
Соңғы онжылдықтардың тәжірибесі тез ӛзгеретін
әлемде стратегиялық
басымдықтар дамудың инновациялық әлеуетін тиімді дамыта және нәтижелі
пайдалана алатын, негізгі тасымалдаушысы жастар болып табылатын
мемлекеттерде болатынын айқын дәлелдейді.
Елімізде мемлекеттік жастар
саясатын азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдық бірлестіктермен және
жастар ұйымдарымен белсенді ӛзара іс-қимыл негізінде іске асырылатын елдің
инновациялық дамуының қажетті әлеуметтік
жағдайларын қалыптастыруды
кӛздейтін мемлекет қызметінің дербес бағыты ретінде қарастырады.
Дипломдық жұмыстың 2 бӛлімінің 2 параграфында жастар саясатының
жүзеге асырылуы бойынша әлеуметтік зерттеулерге мән берілген. Ресми
статистикалық мәліметтерге сүйене отырып,
жастардың білім және ғылым,
денсаулық сақтау, жұмыспен қамтылу, кәсіпкерлік және т.б. салаларындағы
жағдайын талданды.
Сонымен қатар, талдау барысында жас буынның саяси-
қоғамдық үрдістерге қатысу деңгейі мен мемлекеттік жастар саясатының
нәтижелілігін арттыру сұрақтары қарастырылды.
Негізгі кӛрсеткіштерде жастардың
демографиялық сипаттамасы, жастар
саясатын іске асырудағы халықаралық тәжірибелердің кӛрсеткіштері, ӛскелең
ұрпақтың денсаулығы және бос уақыты, жастардың ӛміріндегі
білім және
ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдық-саяси үрдістердегі
белсенділігі, моральды-адамгершілік және құндылықтық ұстанымдары және
жастар ортасындағы қылмыс мәселелері талданды.
Қазақстан жастары бүгінгі күні 14-тен 29 жасқа дейінгі 3 830 536 адам.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика
комитетінің берген мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылмен салыстырғанда 18%
жастар саны азайған. Ал 2017 жылы Қазақстанда
жастардың саны едәуір
жоғары болған (3 994 464).
Сурет-5 Жастардың демографиялық салыстырмалы кӛрсеткіші
53
Тӛменде кӛрсетілген (2- кестеде) қала және ауыл жастарының бӛлінді
кӛрсеткіші кӛрсетілген. Елімізде жастардың басым бӛлігі қала тұрғындары.
Кесте 5
Қала және ауыл жастарының бӛлінді кӛрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: