Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата24.02.2022
өлшемі0.89 Mb.
#455741
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Жастардың 
түрлі 
салалар 
бойынша жұмыспен қамтылуы 
Кӛрсеткіштер
Экономика салаларында (кӛтерме 
және бӛлшек саудамен айналысады) 
388,8 мың адам (18,5%) 
автомобильдер мен мотоциклдерді 
жӛндеумен 
253 мыңнан астам адам (12%) 
ауыл шаруашылығында 
239,7 мың ада 
ӛнеркәсіпте 
218 мың адам (10,4%) 
Білім деңгейі бойынша жұмыспен 
қамтылған 
44,2%-ында (936,7 мың адам) 
2019 жылы Үкімет Жастар жылын ӛткізудің жол картасын қабылдап, 
жүзеге асырды. Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз 
ету, білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасын қолдау 
және т. б. шаралар қарастырылған.
Жастар жылын ӛткізу бойынша жол картасы шеңберінде 4 блок (тірек іс-
шаралар, жаңа бастамалар, ҮЕҰ гранттық қолдау, мемлекеттік органдардың іс-
шаралары) және бес бағыт кӛзделді. Біріншіден, жастарды, оның ішінде жұмыс 
істейтіндерді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жұмыс істейтін жастар (жас 


62 
мамандар) үшін жыл сайын еліміздегі басты үш қалаға (Нұр-сұлтан, Алматы, 
Шымкент) кемінде бір мың жалдамалы пәтер салу мәселесі жүзеге асырылды.
Жастарды еңбекпен қамту мәселесі бойынша «Жас кәсіпкер» бағдарламасын 
әзірленіп, жас кәсіпкерлерді қолдау, оқыту, жаңа бизнес жобаларды іске асыру 
үшін мемлекеттік гранттар ұсынылды. Қазіргі таңда елімізде Білім және ғылым 
министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жылдан бастап жүзеге 
асырылып келе жатқан бизнес жобалардың бірі «Zhas Project» жастар 
корпусын дамыту жобасы. Биылдың ӛзінде жұмыссыз жастардың үздік 
әлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа қазірге дейін 5508 
жас қатысып, 1616 бірлескен жоба жеңімпаз болған.
Білім беру мен волонтерлікті дамыту. «Жас маман» бағдарламасын 
әзірленді. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждерді Ашық университет 
жобасы іске қосылды. Іргелі және қолданбалы зерттеулерді гранттық 
қаржыландыруды жылына 3 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Қайырымдылық 
қызметпен белсенді айналысатын студенттер үшін стипендияны 30%-ға 
арттыру мәселесі де Жастар жылы қаралып, беітілді.
Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту бойынша «Жасыл Ел» 
қозғалысы негізінде «Жасыл қала - Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске 
асырылды. Құрылыс компанияларында Студенттік құрылыс отрядтары үшін 
квота бӛліну қарастырылды. 2025 жылға дейін әскери-патриоттық тәрбие беру 
бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру қолға алынған.
Жас отбасын, денсаулықты және әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау 
мақсатында ӛңірлік жастар чемпионаттары мен студенттік универсиадаларды 
ӛткізу тәжірибесін жаңартылды. [25] 
Тұрғын үй мәселесі бойынша, 2019 жылы 3 мың жас азамат 
Қазақстанның үш ірі қаласынан жалдамалы баспана алды. Нұр-Сұлтан 
қаласында жастар 1050 пәтер, Алматыда - 1050 және Шымкентте 900 пәтер 
алды. 3 мыңнан астам жас маманға 13,5 млрд теңге сомасына тұрғын үй алуға 
бюджеттік несие берілді.
Жоғарыда атап ӛткеніміздей, «Дипломмен ауылға» жобасына 
қатысушыларға 1500 АЕК-тен аспайтын мӛлшерде (3 787 500 теңге) бюджеттік 
несие беру қарастырылған. 172 мыңға жуық адам «Еңбек» мемлекеттік 
бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан. Еңбек нарығын дамыту және 
халықтың, соның ішінде жастардың тұрмыс деңгейін жақсарту бойынша 
қосымша шараларды қабылдау мақсатында «Еңбек» ӛнімді жұмыспен қамтуды 
және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. 2019 жылғы 1 
желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама қатысушылары арасындағы 
жастардың үлесі 34,3% құрап отыр. Кӛрсетілген мерзімде Бағдарлама 
қатысушыларының қатарына 213,5 мыңнан астам жас азамат қосылған, 
олардың 189,6 мыңы немесе 88,8%-ы жұмысқа қамтылған. Бағдарлама аясында 
«Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы іске асырылып жатыр, 
соның арқасында 9 немесе 11-сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмаған 
мектеп түлектері бірінші жұмысшы мамандығы бойынша ақысыз оқуға 


63 
мүмкіндік алды. Осылайша, есепті кезеңде 22 мың адам кәсіптік оқуда, 20,2 
мың адам қысқа мерзімді оқуда білім алуда.
Сонымен қатар, жастардың, оның ішінде NEET санатындағы жастардың 
біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін еңбек нарығында сұранысқа ие 
мамандықтар бойынша кәсіптік оқытудың қысқа мерзімді курстары (6 айға 
дейін) ұйымдастырылып, жастар білім алуда.
Қазақстанда «Жас кәсіпкер» және «Жас маман» жобаларынан тұратын 
«Жастар – ел тірегі» жобасын іске асырылуда. Аталған жобалар «Еңбек» 
мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Осы негізде жалпы 
мемлекеттік қолдау шараларымен 209 мыңнан астам жас азамат қамтылған, 
олардың ішінде еңбекпен қамтылғаны — 172 мың адам. Қазіргі уақытта үш 
жыл ішінде 1 млн жастарды қамту арқылы «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасы 
жүзеге асырылуда.
«Жас маман» жобасы еліміздің барлық аймақтарында үш жыл ішінде 200 
мыңға жуық жас азаматтарды қамти отырып, 200 жаңартылған білім беру 
ұйымдарының (20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен 180 озық 
колледждер) базасында 100 аса сұранысқа ие индустриялық және қызмет 
кӛрсету кәсіптері бойынша мамандар даярлауды кӛздеп отыр.
«Жас кәсіпкер» жобасы қазіргі таңда республика бойынша, соның ішінде 
NEET санаттарында жастар кәсіпкерлігін дамыту жӛніндегі іс-шаралар кешені, 
оның аясында бизнес жүргізу дағдыларын үйрету және стартап жобаларды іске 
асыруда кӛмек кӛрсету бойынша шараларды кеңейту жоспарлануда. «Жас 
кәсіпкер» жобасы аясында 20 мың адам кәсіпкерлік негіздері курсында 
оқытылды. 2019 жылы 9,5 мың жас азамат жаңа бизнес идеяларды жүзеге 
асыру үшін гранттар алса, болашақта жыл сайын 10 мың жас грант алу 
мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, 2,5 мың жас кәсіпкер ӛз бизнестерін дамыту 
үшін микро несие алған, 15 мың жас қазақстандыққа алдағы үш жыл ішінде 
несие алу қарастырылған. 
«Жасыл ел» жобасы аясында 20 мыңнан астам адам жұмыспен 
қамтылды. 2019 жылы жастар практикасына 33 мыңға жуық жас азамат 
жіберілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша біржолғы жәрдемақы 
мӛлшері 70 АЕК-тен (176 750 теңге) 100 АЕК-ке (252 500 теңге) дейін 
ұлғайтылды. 6 мыңға жуық жас маман 1,2 млрд теңге кӛлемінде кӛтермелеу 
жәрдемақысын алды. Айта кету керек, Бағдарламаның екінші бағыты Атамекен 
ҰКП-ның «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту мен 
микрокредит беру арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бүгінгі 
таңда «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 20 мың адам кәсіпкерлік негіздерімен 
қамтылды, оның ішінде 2,8 мың адам шағын несие алса, 15 мың адам грант 
алды. Сонымен қатар, 200 АЕК-ке дейінгі мӛлшерде ӛтеусіз негізде 
мемлекеттік гранттар түрінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған 
құрал әзірленуде.
Қазіргі таңда еліміздің ӛңірлеріндегі кадрлар тапшылығын азайту 
мақсатында 2019 жылдың 9 айында 353 еңбекке қабілетті отбасы мүшелері 
жұмыс күші мол ӛңірлерден кӛшірілді. Оның ішінде 310 адам жұмыспен 


64 
қамтылған. Бұған қоса жұмыс күші артық ӛңірлердегі жастарға жоғары, 
техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды еңбекке қабілетті адамдар 
жетіспейтін аймақтарға жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел 
жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы қарастырылған. Бұл еңбекке 
жарамды адамдар жетіспейтін ӛңірлер мен ауылдық елді мекендерді жас білікті 
мамандармен қамтамасыз етуге, қоныс аударушыларға жаңа жерге орнығуға 
жәрдемдесуге, оның ішінде оқыту, жұмыспен қамту, баспанамен және 
балабақшалар мен мектептерде орындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар, Бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары 
үшін әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және қоғамдық 
жұмыстар ұйымдастырылды, оларға 2019 жылдың 11 айында жастар арасынан 
64 мыңнан астам адам қамтылған.
Сонымен бірге, Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін 
NEET санатындағы жастардың ішінен үміткерлердің тізімін құру, оларға 
түсіндіру жұмыстарын жүргізу, коучинг және психологиялық қолдау кӛрсету 
үшін жергілікті комиссиялардың мобильді жұмыс топтарын құру 
қарастырылған. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 
Министрлік ӛткен жылдан бастап еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық 
базасын - Электрондық еңбек биржасын (www.enbek.kz) (бұдан әрі - ЭЕБ) іске 
қосылды. Бұл дегеніміз жастар үшін жұмыспен қамту орталықтарына бармай 
және жарияланған ақпараттарға еркін қол жеткізумен бос жұмыс орындары мен 
түйіндемелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған 
бірыңғай цифрлық алаң. Жұмыс іздеушілер үшін түйіндеме орналастыру, 
жұмыс берушілерден жұмысқа орналасуы туралы хабарламалар қабылдау, 
сондай-ақ ұнаған бос жұмыс орындарына белгі қалдыру және сұхбаттасуға 
шақырту алу, бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу функциялары 
қарастырылған. Бұл бағдарлама бойынша барлық қызметтер ақысыз. 2019 
жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша ЭЕБ-да 36,4 мыңға жуық бос жұмыс 
орны және 161,5 мың түйіндеме орналастырылды. ЭЕБ қызметтерін 182,5 мың 
жұмыс беруші және 858,7 мың жұмыс іздеуші қолданды. ЭЕБ арқылы 476 мың 
жұмыс іздеуші еңбекпен қамтылды (338,6 мың адам тұрақты жұмыс 
орындарына және 137 мың адам уақытша жұмыс орындарына). Қазіргі таңда
халықты, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және оқыту мәселелерін 
шешу мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдыларға 
сәйкес Министрлік бірқатар кешенді шараларды қабылдауда. Сонымен қатар, 
биылғы жылы еңбек ресурстарының ағымдағы және болжамдық сұранысын 
және ұсыныстарын бағалау үшін Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық 
жүйесі енгізілді (бұдан әрі ҰБЖ). Бұл жүйе демографиялық болжамды, білім 
беру жүйесінен ағым болжамын, салалар арасындағы ағымдарды, орташа 
мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар бойынша модульдік жүйені, еңбек 
нарығындағы әлемдік болжамды ескерумен қысқа мерзімді қамтиды. ҰБЖ 
негізгі нәтижелері Ұлттық еңбек ресурстарының болжамы болады, еңбек 
нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерілімін анықтау, мемлекеттік білім 


65 
беру тапсырысын жасау, сондай-ақ кадрларды қысқа мерзімді даярлау және 
қайта даярлау мақсатында сұранысқа ие кәсіптерді нақтылау үшін қажет. 
Жас ғалымдардың қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруға 
3млрд тг бӛлінді ҚР БҒМ Жастар жылында ҰБТ тапсыруға ӛтінім берген әрбір 
екінші талапкерге ЖОО-ға түсуге мүмкіндік берген 53 785 грант бӛлді. 
Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының жұмысы аясында 270 отбасы 
сақталды. Қазіргі таңда еліміздің Жастар ресурстық орталықтарында тегін 
заңгерлік кеңес беру бӛлімдері жұмыс істейді. 2019 жылы жастарды қолдауға 
бағытталған 56 гранттық жоба іске асырылды. Жалпы, гранттық жобалар 
аясында мемлекеттік қолдау шараларымен 2 млн-нан астам жас азамат 
қамтылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа 
кәсіптер мен құзыреттер атласы» ақпараттық жүйесін әзірленіп, ол 2020 жылы 
наурыз айында іске қосылу жоспарлануда.
Сондай-ақ кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстар 
жүргізілуде. «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттер 
атласы» – бұл алдағы 15-20 жылға арналған перспективалы кәсіптердің 
электронды порталы. Ол қандай салалардың белсенді дамитынын, оларда 
қандай жаңа технологиялардың, ӛнімдердің, басқару тәжірибесінің пайда 
болатынын және жұмыс берушілерге қандай жаңа мамандықтардың қажет 
болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Атлас экономиканың тоғыз басымдыққа 
ие саласы бойынша әзірленеді: тау-кен ӛндірісі саласы, мұнайга, ауыл 
шаруашылығы, кӛлік және логситика, машинажасау, АКТ, энергетика, туризм 
және құрылыс, тау-кен металлургия саласы. Жалпы бұл бағдарлама еңбек 
нарығына қажетті мамандарды даяралуды анықтау мақсатында енгізілмек.
Бұдан ӛзге, жаңа экономиканың салаларына сай келетін кадрлардың 
дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін «Еңбек дағдыларын дамыту және 
жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында ЕХӘҚМ Ұлттық 
кәсіпкерлер палатасымен, мемлекеттік органдармен бірлесіп кәсіптік 
стандарттарды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Кәсіптік стандарт жұмыскердің 
еңбегінің сапасы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, сонымен қатар
белгілі бір кәсіптік қызмет саласы бойынша біліктілік деңгейі мен 
құзыретіліктерін айқындайды. Қазіргі таңда кәсіптік стандарттар негізінде білім 
бағдарламалары әзірленуде. Осы негізде еңбек нарығына қойылатын 
талаптарды ӛзара байланыстырып, осы дағдылардың білім беру жүйесі 
тарапынан ұсынылуына мүмкіндік жасайды.
Биыл шетелдік жұмыс күшінің квотасы ұсынылатын 100 сұранысқа ие 
және индустриялық кәсіптерді міндетті түрде қамтумен 480 кәсіптік стандартты 
бекіту аяқталды. 480 кәсіптік стандартты әзірлеу бойынша жұмыстарды тиімді 
және уақытылы орындау үшін Жобалық офис құрылып, оның құрамында 
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, орталық мемлекеттік органдар, жетекші 
кәсіпорындар, компаниялар, оқу орындарының ӛкілдері қатысты. Бұл ретте, 
Еңбек кодексіне сәйкес, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге жұмыс берушілердің 
салалық қауымдастықтары да қамтылған. Сонымен қатар, бұрын бекітілген 
кәсіптік стандарттарды ескерумен орта және жоғарғы біліктілік деңгейіндегі 70 


66 
білім беру бағдарламасы жаңартылған. 2018 жылдан бастап жекелеген оқу 
орындарында 12 білім беру бағдарламасын пилоттық енгізу жүргізілуде. 2020 
жылдан бастап жаңа 480 кәсіптік стандар негізінде әзірленген/жаңартылған 
білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды оқыту жоспарланған. 
Қабылданған шаралар жас қазақстандықтарға ӛз әлеуетін іске асырып, еңбек 
нарығында сұранысқа ие болуға жәрдемдесуге бағытталды.
Қазіргі таңда жұмыс берушілерді бірінші жұмысқа еңбек тәжірибесі жоқ 
жастарды алуға жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ еңбек нарығында 
жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «Еңбек» бағдарламасы 
аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы енгізілді. «Алғашқы жұмыс орны» 
жобасы бойынша еңбекке орналастыруды ұйымдастыру қажетті еңбек 
дағдыларын кӛрсету, бірінші жұмыс орнында бейімделу үшін жастар 
санатындағы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін барлық меншік 
түрлері ұйымдарында іске асырылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 
бойынша жұмысқа орналастыруда кӛпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 
шыққан, колледждер мен ЖОО-лардың түлектеріне, еңбекке қабілетті 
мүгедектерге, оқуды аяқтаған мүгедектерге басым құқық, яғни мүмкіндік 
беріледі. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші халықты 
жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарт негізінде «Еңбек» 
бағдарламасының қатысушыларын кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмыс 
орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыскердің 
жалақысын бірінші жұмыс істеген жылында 20 айлық есептік кӛрсеткіш 
кӛлемінде (50 500 теңге) тӛленеді. 
Жол картасы аясында «Ұрпақтар келісімі» жобасы жүзеге асырылуда. 
Бұл жобада, зейнет жасына жеткен жұмыскерлерді жас мамандарды алмастыру
арқылы еңбекке орналастыру қарастырылған. Еңбекке орналастыруда жастарға, 
кӛп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан еңбекке қабілетті 
жандарға, еңбекке қабілетті мүгедектерге құқық беріледі. Бұл жоба бойынша 
зейнет жасы алдындағы адамдар зейнет демалысына шыққан соң ӛз білімдерін 
жас мамандарға тәлімгерлік жасайтын болады. «Ұрпақтар келісімі» жобасында 
үміткерді жұмыс беруші мемлекет субсидиялайтын жұмыс орнына 6 айға 
дейінгі уақытқа жұмыс алады (жалақы кӛлемі шамамен 20 АЕК – 50 500 теңге). 
Келісімшарт мерзімі аяқталған соң үміткер тәлімгердің жалақысымен тұрақты 
жұмысқа қабылдайды.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша еңбек келісімшарты бойынша жұмыс 
істейтіндерді жұмыскердің біліктілігі мен дағдыларының ерекшеліктерін 
ескерумен, жұмыс берушінің қайта даярлау курсының құнының кемінде 50%-
ын тең қаржыландыруы шартымен кәсіптік даярлау бойынша қосымша 
шаралар қарастырылған, оның ішінде жас мамандар да қамтылады (оқыту 
мерзімі бір айдан он айға дейін). Жұмыскерлерді кәсіптік даярлау ұйымы 
жұмыстан жартылай босату немесе жұымс уақытынан бос уақытта оқыту 
(кешкі уақытта, демалыс күндері) арқылы жұмыс уақыты шегінде жұмыс 
орнында оқытуды қарастыруы мүмкін. Кӛпбалалы және аз қамтылған 
отбасылардың мүшелері үшін 7 жыл мерзімге дейін, пайыздық 


67 
мӛлшерлемесінің жылдығы 4%-дан аспайтын жеңілдікті шарттарда шағын 
несие ұсыну қарастырылады. Бұл ретте, ауылдық жерлерде тұратын тұлғалар, 
мүгедектер, 50 жастан асқан тұлғалар, жастар, оның ішінде NEET санатындағы 
жастар, аз қамьылған және/немесе кӛпбалалы отбасылары мүшелері кәсіпкерлік 
бастамасы бойынша қолдау шараларын алуда басымдыққа ие.
Сонымен қатар алдағы уақытта «Еңбек» бағдарламасында мүгедектерді 
еңбекке орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ 
азаматтардың жекелеген санаттарына квота бӛлу аясында жұмыс орындарына 
орналастыру мемлекет тарапынан қарастырылуда. 
Ӛз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді кӛздейтін жастар арасында 
еріктілердің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде әлем бойынша 970 
миллион волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер 
қатарын толықтыруда. Мамыр айында Қостанайда ӛткен Қазақстан-Ресей 
жастарының форумында «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының тӛрайымы Вера 
Ким 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауды Елбасына ұсынған болатын. 
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынысты қолдайтынын атап ӛткен 
болатын. «ҚР Президенті ретінде мен әрқашан волонтерлардың қозғалысын 
қолдайтынымды жеткіземін. Сондықтан Сіздердің келесі жылды Волонтерлар 
қозғалысының жылы деп жариялау туралы ұсыныстарыңызды толығымен 
қолдаймын. Еріктілер - жаны таза адамдар. Олар - елдің шынайы патриоты, сол 
үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің 
дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сӛзсіз», - деді Президент. [28] Кӛп 
ұзамай, 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды. 26 тамызда 
Мемлекет басшысы қаулыға қол қойды. Ол бойынша Үкіметке Волонтер 
жылын ӛткізу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
2016 жылы 22 желтоқсанда ӛткен Сенат отырысында «Еріктілер қызметі 
туралы» Заң қабылданған. Заңда кӛрсетілгендей еріктілер қызметі – жеке 
тұлғаларға, кәсіпорын - компанияларға, әлеуметтік топтарға кӛмек кӛрсету, 
қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, ӛзара кӛмек кӛрсету және қоғамда 
қайырымдылық жасау. [29] 
19-баптан тұратын заңда волонтер дегеніміз кім, олардың қызметін 
мемлекеттік тұрғыда реттеу, волонтер жұмысын ұйымдастыру және Қазақстан 
Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін 
жауаптылық сынды кӛптеген маңызды мәселелер жазылған. 
Жыл ӛткен сайын еріктілерге ерекше кӛзқарас қалыптасуда. Соның бірі 
жақында ғана еріктілер қауымының қуанышына себеп болған 50 мың теңге. 
Еріктілікке әркім ӛз еркімен келгенімен, ел үкіметі еткен еңбекті елегені 
еріктілерге жігер сыйлайтыны анық. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму 
министрлігі «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын жүзеге асыру 
мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Балалар үйінен 
бастап, әлеуметтік мекемелерде және әртүрлі шаралар барысында волонтер 
болған студенттер аталған жоба аясында сыйақы алу қарастырылған. 


68 
«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы осы жылдың қыркүйек айында жүзеге 
асады. «Qazvolunteer.kz» волонтерлердің бірыңғай интернет тұғырнамасында 
жобаға қатысты барлық ақпарат тіркеледі. Бұл «Qazvolunteer.kz» бірыңғай 
платформасы Қазақстанның волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарының 
қызметін үйлестіруге, волонтерлік жобаларға ақпараттық қолдау кӛрсетуге 
мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған платформаға 800 ерікті мен 70 ұйым 
тіркеліп үлгерген. Егерде аталған жоба жүзеге асса, студент-еріктілердің оқу 
ақысын тӛлеуіне таптырмас мүмкіндік болмақ. Жекеменшік, мемлекеттік 
университетте білім алып жатқан әрбір студент бұл жобаға қатысуға құқығы 
бар. Еріктілер таңдауына ваучердің екі кредитті және бес кредитті екі түрі 
ұсынылады. Ерікті екі кредитті ваучерге 20 мың теңге алып, тиісті 
бағдарламаны орындайды. 5 кредитті бағдарлама бойынша екі кредитке 
қарағанда кӛбірек жұмыс істеуге тура келеді. [30]
Бүгінгі таңда еліміздің әр ӛңірінен 200 волонтерлық ұйым жұмыс істейді. 
Жалпы ерікті болу – ерлікпен тең. Қазіргі таңда еріктілердің ерен еңбегі 
ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге кӛтерілетініне 
сенім мол. Әрбір жас қазақстандықтың бойында белсенді ӛмір сүруге дағды 
қалыптасса алынбайтын асу жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет