3.2 Орналасқан жердің сандық карталарын жасау
Құрастырылған технологияның келесі кезеңі болып MapInfo ГАЖсандық
түрінде жоспарлық-картографиялық негіздің салынуы табылады. MapInfo ГАЖ
геодезия, кадастр және жерге орналастыру салаларында қолданылатын негізгі
жүйелердің бірі. Басқа географиялық ақпараттық жүйелердің арасынан MapInfo
өзінің жақсы ойластырылған интерфейсімен, пайдаланушы үшін функциялар-
дың оптимальді жиынымен, картографиялық та, семантикалық та деректермен
жұмыстың ыңғайлы және түсінікті тұжырымдамасымен ерекшеленеді.
MapBasic тілі әр пайдаланушыға нақты қолданбалы тапсырмаларды
шешуге бағытталған өзіндік ГАЖ құруға мүмкіндік береді. Мысалы, диалогтар
терезелерінің үлкен санын талап ететін деректер енгізу тапсырмасы немесе
арнайы аспаптық панельдерге біріктірілетін бұйрықтардың тізімін орындауды
оңтайландыру. Программаның түрлі қосымша шағын программаларды
(модульдер) қолдауға мүмкіндігі бар, бұл оның мүмкіндіктер кеңістігін
кеңейтеді. Осы программа көмегімен жер жоспарын есептеулерсіз құрастыруға
болады, сондай-ақ ватман бетінде жердің жоспарын сызудың қажеттілігі
жоғалады.
MapInfo деректер базасы ақпараты *.tab,wor форматында сақталады, онда
объекті туралы графикалық және семантикалық ақпарат кестелік түрде (атауы
осы себептен) жазылған. Кестемен жұмыс істеу үшін оны алдымен ашу керек.
“Открыть” командасымен “Открыть таблицу”диалогы шақырылады да, керекті
кестені таңдау қажет.
MapInfo болса, басқа программа файлдарымен тікелей жұмыс істуге
мүмкіндік береді, dBase DBF, ASCII, Lotus 1-2-3, Microsoft Excel немесе растрлік
кескінформатындағы файлдармен жұмыс істеу үшін импорт жасау қажет емес
(12-сурет).
Сонымен
қатар,
импорт
кезінде
файлдың
көшірмесі
сақталатындықтан, дисктегі жады орны да үнемделеді. Ал MapInfo басқа
программалар файлдарымен тікелей жұмыс жасай алатындықтан, көшірме
жасаудың қажеті жоқ [4].
11
Cурет – MapInfo программасында кесте ашу
Программа терезесі бетінде функционалды пернелер мен курсор және
пернетақта көмегімен түсірме нәтижелері бойынша және сканерленген төсем-
карталар негізінде жоспар сызылады.
Картаның құрылымы қабатты сипатқа ие. Кез-келген қабатты қосу және
өшіру мүмкіндігі бар, бұл оларды өңдеуге ыңғайлылық жасайды.
Жер телімінің жобалық жоспарын құру геодезиялық ақпаратты өңдеуден
немесе декректер импортынан басталады. Беректер базасы ашылған уақытта
TGO программасында дайындалған деректер импортына көшуге болады, сол
кезде деректері бар жаңа кесте құрылады. MapInfo ортасы бірнеше форматтың
импортын қолдайды. Белгілі келтірулерден кейін деректер программаға
ойдағыдай импортталады. Геодезиялық ақпаратты геодеректерді геодезия
модулінде өңдегеннен кейін алуға болады (12-сурет). Геодеректер геодезиялық
аспап форматында немесе *.txt форматында координаталар мен өзгерістер
каталогы түрінде жүктеледі.
12
Cурет – MapInfo ортасында түрлі форматтардан импорттау
Келесі әрекет болып жер телімінің объектілері (ғимараттар, жолдар және
т.б.) мен шекараларын алу үшін импортталған пикеттерді байланыстыру
табылады. Байланыстыру түсірме нобайы бойынша, сәйкес меню пунктілерін
таңдай отырып жүзеге асырылады. Нәтижесінде бөлінген алап жер телімінің
сандық түрдегі жоспары пайда болады (13-сурет). Сосын құрылған сұлбаларға
түрлі суреттемелер мен семантикалық ақпарат қосылады. Жердің картасын
құрастыру үшін шартты белгілер қолданылады. 16-19-суреттерде жағдай
элементтерін электронды картаға енгізу бойынша жеке меню пунктілері
назарыңызға ұсынылған.
13
Cурет - MapInfo жүйесінің “Геодезия” модулінде импорттау
14
Cурет – MapInfo жүйесінде темір жол бөлінген алабы жер телімінің
жоспары
Қоршаулар, коммуникация желілері, коммуникация желілерінің түрлі
элементтері, қалалық жасылдандыру элементтері, рельеф элементтер, жолдар,
проектіленіп жатқан объектілер және т.б. бөлек қабаттарда орналасқан. Мысалы,
рельеф пен оның элементтері (белестер, каналдар, т.б.) Relef қабатында
орналасса, электр кабельдері мен электрикалық желі бекеттері Electric
қабатында.
15
Cурет – MapInfo жүйесінің “Стиль линейного объекта” менюі
16
Cурет – MapInfo жүйесінің “Стиль символа - геодезические пункты”
менюі
Барлық жағдай шартты белгілерде 1:500 масштабында енгізіледі, себебі
бұл ең жиі қолданылатын масштаб. Құжаттарды шығару алдында программа
қажетті масштабты сұрайды да, оператор оны пернетақтадан енгізеді. Шартты
белгілер автоматты түрде берілген масштабтың шартты белгілеріне айналады.
Бұл ірі объектілердің (өнеркәсіптік мекемелер, желілік объектілер және т.б.)
құжаттарын шығаруда маңызды [5].
MapInfo құрылымы программалық модульдерді жаңартып тұруға немесе
құжаттарды рәсімдеудің жаңа талаптарына байланысты бар модульдерді
өзгертуге мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.
17 Cурет – MapInfo жүйесінің “Стиль символа - растительность” менюі
Кейде графикалық ақпаратты енгізу үшін “растрлік төсем” бойынша
цифрлау технологиясы қолданылады. Төсемдер дегеніміз белсенді емес, яғни
өңдеуге келмейтін топографиялық деректер: DXF (вектор) немесе BMP, JPG
(растр). Олар жүйеде тікелей бағдарлау, барлау және/немесе дигитализация үшін
қолданылады.
Мысалы, муниципалдық құрылымның шекараларының кеңістіктік
орналасуы жайлы ақпаратты электрондық картаға енгізу. М1:10000 қағаз
тасымалдаушысынан ақпарат сканер көмегімен растрлік кескінге айналады.
Бұл “Открыть таблицу – растр” меню пункті көмегімен ашылған кескін,
кескінді қарауға немесе проект координаталары электрондық жүйесіне бекітіп
қоюға болады. Бекіту кем дегенде үш нүкте бойынша орындалады және
координаталық тор бойынша электрондық картаның қажетті масштабына
ауыстырылады (18-сурет). Кескінді тіркеуден кейін MapInfo .tab форматындағы
кестелік файлды жарыққа шығарады, онда тіркеу жайында ақпарат сақталады.
Келесіде осы растрлік кескінді кесте ретінде “Файл > Открыть таблицу”
командасымен, қайта тіркелместен ашуға болады. Содан соң компьютер
экранында кескіні бар оператор телім шекараларын немесе басқа кеңістіктік
объектілерді белдеулейді [6].
18 Cурет – MapInfo жүйесінде “Стиль региона” менюі
Достарыңызбен бөлісу: |