3.4 Автоматтандырылған кадастр программалық кешені негізінде
кадастрлік аймақты мемлекттік жер реестріне енгізу
ҚР мемлекеттік жер кадастры бұйрығымен, өңдеуден кейін бекітілген
Кадастрлік аудан жерлерінің мемлекеттік атау сөзін жүргізу тәртібі «Жер
телімдері» бөлімінің және «Жер телімінің кадастрлік жоспарын әзірлеу
ережелерінің» сәйкес, ертеде есепке алынған жер телімдері туралы мәліметтерді
енгізу жүргізіледі:
- МЖК мәліметтерін дайындау және беру үшін, себебі олар тек КА МЖР
ашық және куәланған бөлімшесінен ғана беріле алады;
- жаңа жер телімдерінің пайда болуы туралы есептік кадастрлік жазбалар
жасау үшін;
- жер телімдерінің бөлек сипаттамаларының өзгеруі туралы есептік
кадастрлік жазбалар жасау үшін.
Ертеде есепке алынған жер телімдері туралы мәліметтерді енгізу жоспарлы
және жұмыс тәртібінде жүзеге асырылады. Ертеде есепке алынған жер телімдері
туралы мәліметтерді жұмыс тәртібінде енгізу келесі жағдайларда болады:
- мәліметтері КА МЖР енгізілмеген ертеде есепке алынған жер телімі
туралы мемлекеттік жер кадастрі мәліметтерін беру туралы сұраныс түскенде;
- бөлек сипаттамаларының өзгерісі туралы есептік кадастрлік жазбалар
орындауға сұраныс түскенде (мысалы, жер телімінің экономикалық
сипаттамасы туралы мәліметтер енгізгенде) [10].
Қазіргі уақытта жер реестрін жүргізу бойынша барлық технологиялық
үрдістер Автоматтандырылған кадастр программалық кешенінде жүзеге
асырылады.
Жер
кадастрін
жүргізудің
бағдарламалық
комплексі
(Автоматтандырылған кадастр программалық кешені) кадастрлік аудан
жерлерінің мемлекеттік реестр құжаттарын әзірлеуді автоматтандыруға
арналған.
МЖК жүргізу үшін қажетті қызметтерді Автоматтандырылған кадастр
программалық кешені көтереді. Автоматтандырылған кадастр программалық
кешені, қызметкерлердің ұжымдық жұмысын қамтамасыз ететін, модульді
бөлінген көп пайдаланушысы бар жүйе ретінде жүзеге асырылған. Комплекстің
барлық модульдерінде бірыңғай пайдаланушы интерфейсі бар, көрнекі әрі
ұғынуға оңай. Комплекс есеп нысандары – жер телімдерінің, сондай-ақ,
территориялық аймақтар туралы мәліметтердің қалыптасуы мен есебін
орындауға мүмкіндік береді. Есеп нысандары туралы жалпы ақпараттан басқа,
оның құқықтық статусы, экономикалық сипаттамалары, жер телімдерімен тығыз
байланысты жылжымайтын нысандар, сондай-ақ, басқа да арнайы мәліметтер
ескеріледі. Есеп нысанының тарихы мен құқықтық статусын сақтау мүмкіндігі
бар.
Семантикалық
ақпарат
сақтау
үшін
SQLсервер
қолданылады.
Картографиялық ақпаратты сақтау мен кезекші кадастрлік картамен жұмыс үшін
Автоматтандырылған кадастр программалық кешені геоақпараттық жүйелер
(ГАЖ) қолданысын ұсынады.
Автоматтандырылған кадастр программалық кешені МҚ түгенділік және
қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін әр ақпараттық нысанның ағымдағы статусы
(күйі) болады, ол нысанға қол жетімді операциялар жиынын анықтайды.
Ақпараттық нысандардың бес негізгі статусын ерекшелеуге болады:
- «Жаңа» - жаңадан құрылған нысан, жер телімі үшін бұл статус
рәсімделуші кадастрлік іске сәйкес, онда барлық ақпаратты өшіруге дейін кез
келген өзгертулер жасауға болады.
- «Тіркелген» («Өзекті») – тексерілген және бекітілген мәліметтері бар
ақпараттық нысан, мұндай ақпараттық нысанды өшіру немесе өзгерту мүмкін
емес, мысалы, жер телімдері үшін бұл статус, тіркеушімен бекітілген КА МЖР
бөлімшесіне сәйкес келеді.
- «Мұрағаттық» - өз болмысын тоқтатқан есеп нысаны үшін КА МЖР
бөлімшесіне сәйкес келеді.
- «Актіленген» - МЖК жүргізудің автоматтандырылған технологиясына
көшу мерзімінде орамда есепке алынған, «Кадастрлік орам қалыптастыру
хаттамасына сәйкес енгізілген жер телімдері үшін.
- «Есепке алынған» - «Жаңа» немесе «Актіленген» және «Тіркелген»
арасындағы аралық күй, мысалы, жер телімдері үшін, телімді тіркеу туралы
мәліметтер ҚР ƏМ жіберілген және ҚР ƏМ қорытындысы күтіліп жатқан күйге
сәйкес келеді.
24 Cурет – Автоматтандырылған кадастр программалық кешенінде жер телімі
туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу
- Автоматтандырылған кадастр программалық кешені ДҚ семантикалық
ДҚ (дерек қоры) (СДҚ) мен геоақпараттық ДҚ (ГДҚ) қосындысынан тұрады.
СДҚ басқаруы SQL-сервері құралдарымен жүзеге асырылады. ГДҚ басқару
геоақпараттық
жүйелер
(ГАЖ)
құралдарымен
жүзеге
асырылады.
Автоматтандырылған кадастр программалық кешені құрамына
келесі
модульдер кіреді:
- «Кадастровое деление» модулі кадастрлік бөліну бірліктері туралы
мәліметтерді қарау, енгізу және өзгерту үшін қызмет етеді: кадастрлік өңірлер,
аудандар, блоктар, массивтер, орамдар.
- «Земельные участки» модулі жер телімдерінің есебін жүргізу үшін
арналған (25-сурет) [9].
- «Субъекты права» модулі КА МЖР құқық субъектілері туралы
мәліметтерді қарау, енгізу және өзгерту үшін қызмет етеді – жеке тұлғалар
(азаматтар), заңдық тұлғалар (кәсіпорындар мен ұйымдар) және билік
мекемелері [11].
25
Cурет – Автоматтандырылған кадастр программалық кешені
«Земельные участки» модулі
- «Документы» модулі КА МЖР есеп нысандарының иелену құқығы мен
басқа да белгілерінің пайда болуы, алып тасталуы және өзгертілуі үшін негіздеме
болып табылатын құжаттар туралы мәліметтерді қарау, енгізу және өзгерту үшін
қызмет етеді.
- «Кадастровый
учет»
модулі
кадастрлік
есеп
мекемелерінде
автоматтандырылған қызметтік құжат айналымын ұйымдастыру үшін арналған.
- «Административно-территориальное
деление» және
«Префиксы
адреса» модульдері мекен-жайлық жүйе элементтерінің тізімін жасауға және бар
мекен-жайлық жүйе элементтерінен мекен-жай префиксін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Мекен-жай префиксі комплекстің басқа модульдерінде есеп
нысандары мен басқа да нысандардың мекен-жайлық сипаттамасын
қалыптастыру үшін қолданылады.
- «Классификаторы»
модулі
Автоматтандырылған
кадастр
программалық кешені ДҚ анықтамалық ақпараттың бір мәнділігі мен
артықшылық еместігін қамтамасыз етеді.
- «Кезекші кадастрлік карта» модулі – бұл кадастрлік карта жүргізу үшін
MapInfo немесе ObjectLand ГАЖ-мен өзара әрекеттесу модулі. Бұл модуль
көмегімен графикалық және кестелік ақпарат байланысы, кестелердегі
мәлімет бойынша графикалық нысандар іздеу, және кері бағытта
таңдалған графикалық нысан үшін кестелік мәлімет іздеу, графикалық
мәліметтерді енгізу мен өңдеу жүзеге асырылады (26-сурет) [12].
26 Cурет – Автоматтандырылған кадастр программалық кешені «Дежурная
кадастровая карта» модулі
- «Территориальные
зоны»
модулі,
муниципалдық
құрылу
территориясында орнатылған, территориялық аймақтар туралы мәліметтер есебі
үшін арналған.
- «Библиотека
запросов»
модулі
Автоматтандырылған
кадастр
программалық кешені ДҚ-на SQL-сұраныстарды құру мен орындау үшін
арналған. Модуль деректер таңдалымы нәтижелерін экрандық пішінде қарау,
сондай-ақ, сұраныс нәтижелерін сыртқы пішімдерге экспорт жасау мүмкіндігін
береді (MS Word, MS Excel).
- «Администратор» модулі Автоматтандырылған кадастр программалық
кешені
пайдаланушылар
тізімін
қалыптастыруға,
сонымен
қатар,
Автоматтандырылған кадастр программалық кешені әр модулінің мәліметтері
мен операцияларына пайдаланушылардың қол жетімділік құқықтарын орнатуға
арналған.
Координаттар бойынша нысанды енгізу үшін «Кадастрлік карта» модулін
қарау терезесінде Операции+Добавить әмірін орындау немесе пернені басу
қажет. Əмірді орындау нәтижесінде «Типы объектов» терезесі ашылады,
енгізілуші нысан түрін көрсету қажет, бұл жағдайда темір жол телімі. Выбрать
пернесі немесе тышқанды екі рет басу арқылы түрлер тізімінен, нысан түрін
таңдау расталады. Нысандар түрлері тізімінде, физикалықтарға сәйкестік
орнатылған логикалық қабаттар атаулары ғана көрсетіледі (басқарушымен
орындалатын, «Кадастрлік карта» модулін келтіруде). Нысандар статустарына
сәйкес келетін қабаттар логикалық түрлері көрсетілмейді, себебі, нысандарды
қосу әрқашан таңдалған нысан түріне сәйкес логикалық қабаттың, логикалық
түріне «<логикалық қабат атауы>қалыптасушы» жүргізіледі, мысалы, «телім
қалыптасушы».
Қосылатын нысан түрін таңдаудан кейін «Создание: <имя логического
слоя> формируемый» терезесі ашылады. Бұл терезеде «Координаты точек
объекта» кестесіне межелеу нүктелерінің координаттарын енгізіледі. Сонымен
қатар, пайдаланушы қарау терезесінде координаттар енгізу барысында
қосылатын нысан пішінін көре алады. Дайындалған, *.cvr пішімді темір жол
жер телімінің координаттар тізімдемесі, файл бар болса, мәліметтерді импорт
әмірі бойынша енгізуге болады.
Сонымен, далалық өлшеулерді заманауи геодезиялық жабдықтармен
жинау, соның ішінде, GPS қабылдағыштарын пайдаланумен, мәліметтерді
сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуде өңдеу және межелеу құжаттарын кейін
тікелей Автоматтандырылған кадастр программалық кешеніне экспорттау
мүмкіндігі, жер кадастрін жүргізгенде барлық операцияларды автоматтандыруға
мүмкіндік береді[13].
|