ҚОРЫТЫНДЫ
GPS қабылдағыш көмегімен түсірме жасау мен дала материалдарын өңдеу
технологиясы темір жол бөлінген алабы жер телімі мен жерге орналастыру ісін
дайындау үлгісінде мақұлданып енгізілді.
GPS спутниктік позициялау қабылдағыштарын қолдану – ГАЖ-жүйелерін
жасау мен жаңартудың қарапайым, әмбебап, салыстырмалы түрде аз шығынды
және қол жетімді жолы.Технология кез-келген дерлік объектінің кеңістіктік
орналасуын анықтауға мүмкіндік береді, ал жабдық пен бағдарламалық
жасақтаманың бірлескендігі деректердің «даладан кеңсеге» және кейін қарай
жеңіл әрі дұрыс тасымалына кепілдік береді.
Жер телімін құру мен оны мемлекеттік кадастрлік есепке қою үшін
семантикалық және картографиялық деректер базасы құрыстырылды.
Кеңістіктік және анықтауыштық деректер сапасын бақылау қателіктің орын алу
мүмкіндігін болдырмайды, жоғары өнімділік пен өлшеулердің дәйектілігін
қамтамасыз етеді.
Жер телімін кадастрлік есеп объектісі ретінде қалыптастыру
технологиялық
процесі
мен
далалық
материалдарды
өңдеудің
автоматтандырылған технологиясы үшін арнайы программалық жасақтама
жасалды. Жер телімін кадастрлік есепке қою автоматтандырылған жүйесі мен
мемлекеттік құқықтар тіркеуге құжаттар пакетін дайындау әдістемесі игерілді.
Автоматтандырылған технологияның тиімділігі еңбек өнімділігін 5 есе
арттыруға мүмкіндік береді, жабдықтарды сатып алуға өсіп келе жатқан
шығынға қарамастан, есесі тез арада қайтады.
Программалық жасақтама, атап айтқанда MapInfo программасы енді ғана
игеріліп бастағандықтан, әлі толығымен қолданысқа енген жоқ, ол әлемде
геодезия, проектілеу, жерге орналастыру мен гаж-технологиялар саласындағы ең
кең таралған программалардың бірі. Базалық программалық кешенді жетілдіру
мен бағдарламалық жасақтаманы пайдаланушылық деңгейден кәсіби деңгейге
ауыстыру үшін болашақта MapInfo ГАЖ-жүйесінің толық мүмкіндіктерін терең
зерттеу қажет. Жеке және заңды тұлғалар үшін қазіргі уақытта қажетті шара
болып ақпарат алмасу үшін телекоммуникациялық байланысты қолдану
мүмкіндігі табылады. Internet желісінде жұмыс баға жетпес артықшылықтар
беріп, түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге шексіз мүмкіндіктер ашады:
мысалы, бірнеше минут ішінде нақты жер телімі туралы компьютерден
алыстамай анықтама ақпарат алу немесе межелеу құжаттарын электрондық
түрде ұсыну, т.б..
Осы дипломдық жұмыста сипатталған техникалық, технологиялық және
программалық амалдарды тиімді қолданған жағдайда кез-келген өзіне қойылған
жерге орналастыру мен геодезия тапсырмаларын тиімді әрі ұтымды шешу,
сондай-ақ басқа да өндірістік тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне ие болады.
Жалпы, осы әдісті қолдану айтарлықтай тиімді, ірі ұйымдастыру- технологиялық
және техникалық ақауларсыз және болашақта даму мен жетілуге үлкен
мүмкіндіктерге ие деп қарастыруға болады.
|