Дипломдық жұмыс Арал орман және жануарлар дүниесінің қорғау жөніндегі кмм жағдайында ағашы кесілген (өртеңдерде) жас шыбықтарды қалыптастыру және оларға күтім жасау жөніндегі іс-шалар жобасы


Қазақстанда орманшылықтын даму кезендері мен тарихы



бет3/11
Дата19.05.2022
өлшемі1 Mb.
#457573
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жанарыс дипломная

1.3 Қазақстанда орманшылықтын даму кезендері мен тарихы
Кадастрлық жас ағаш түріне, ағаш өсетін аймақтың жағдайына байланысты болады. Ағаштың бір түрі әртүрлі аймақта әртүрлі мерзімде өсіп жетіледі. Сондықтан орман қорын орман шаруашылық аймақтары бойынша бағалаған дәлірек болады.
Орман қорын тек қана шикізаттық табиғат ресурсы – ағаш қоры ретінде бағалу жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Орманда ағаш қоры көп болса, оның экологиялық мүмкіншілігі де мол болады. Сондықтан орманның осы екі қасиеті біртұтас әдістемелік негізде бағалануы тиіс. Бірақ мұның бір қиыншылығы ағаш қорына байланысты орманның экономикалық тиімін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық құндылығы дәл өлшеуге келмейді.
Аталған ерекшеліктер орман қорын ренталық қағиданың негізінде экономикалық бағалаудың мүмкін екендігін көрсетеді. Шығын мен нәтиженің уақыт алшақтығын оны ескеретін ерекше дисконттау тәсілімен есептейді.
Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алынатын барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді яғни орманның халық шаруашылық құндылығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондаған ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, орманның экологиялық қызметтері бағаланады.
Орман қорын бағалауға қажетті шеткі шығын шамасын барлық аймаққа бірдей немесе ондай аймақтарды көп жіктеп әр облыс бойынша әрқайсысына әртүрлі шеткі шығын шамасын белгілеу де дұрыс болмайды. Өте көп (әр облыс бойынша) шеткі шығын белгілеу дәйексіз, дәлелсіз әртүрлі экономикалық бағалаулар тудырады және есептеулерді қиындатады. Керісінше барлық аймаққа бірдей шеткі шығын шамасын белгілеу орманның құндылығына әсер ететін табиғи факторларды ескермеуге әкеп соғады.
Сонымен қатар шеткі шығын шамасына кейбір авторлар ұсынғандай, ағаш дайындау шығындарын қосудың қажеті жоқ. Шеткі шығын өсіп тұрған ағаш қорын, орман қорын (кесілген ағашты емес) бағалауға қолданылады. Сондықтан онда тек қана орман өсіруге, күтіп-баптауға, қорғауға және соған байланысты шығындар ғана есептелуі тиіс.
Сонымен әр орманға аймақтарындағы шеткі шығын шамасы табиғи ерекшеліктерден туындайтын орман шаруашылық шығындар айырмашылығын ғана ескеруі тиіс. Мұндай айырмашылықтар, бір жағынан, әр аймақта орманға қоғамдық қажетті шығын шамасының шегін, екінші жағынан орманды алқаптарға қарағанда орман аз (ормансыз) алқаптарда орман өсіру қаншама қымбатқа түсетінін көрсетеді [26].
Шеткі шығын шамасы орман шаруашылық шараларының қалыптасқан, түбірімен өзгермейтін мерзімге белгіленеді. Күрделі өзгерістер болған жағдайда шеткі шығын шамасы өзгертіледі. Бір аймақтың өзінде орман ағашының түрі, өнімділігі, іске жарамдылығы әртүрлі болады. Сондықтан, олар таксациялық бөлімдер бойынша жеке-жеке бағаланады. Ормандағы ағаштардың жастары әртүрлі болғанымен, бағалануы бірдей, ал олардың жасына байланысты құндылығы басқаша, пісіп жетілгені ғана құнды, сондықтан бағалау уақыт факторын ескеріп жүргізіледі, дисконттау тәсілі қолданылады.
Орман тек қана ағаш шикізатын беріп қоймайды. Оның табиғи ортаны сауықтыруда экологиялық қызметтері барған сайын маңызды болып келеді. Сондықтан орманды тиімді пайдаланудың ең маңызды шарттарының бірі – осы қызметтерін жетілдіру және мына жағдайды ескерген жөн: орманда ағаш дайындау шамасының артуы оның экологиялық қызметіне белгілі бір дәрежеде қайшы келеді. Ағаш кесу мөлшері орманның экологиялық қызметіне нұқсан келмейтін дәрежеден аспауы керек. Осыны ескере отырып орманнан ағаш дайындауды қысқарттық десек, бұл қажеттілікті басқа жақтан ағаш әкелу арқылы өтеуге болады, яғни қосымша шығын жұмсаймыз. Бұл шығынды орманды экологиялық қызметіне байланысты сақтау шеткі шығыны деп қарастыруымызға болады. Әрі қарай шеткі шығын мен дербес шығынды салыстырып рентаны анықтаймыз. Рента арқылы орман қорын бағалаймыз.
Жалпы орман қорын бағалағанда мәліметтер толық болмағандықтан экологиялық қызметін бағалау оған қосылмайды. Тек қана арнаулы экологиялық қызмет атқаратын ормандар осы қызметіне сәйкес бағаланады.
Орманның нақты көрсеткіштерімен сипаттауға келмейтін әлеуметтік құндылықтары да жеткілікті. Сонымен қатар, мұндай бағалаулар дәл өлшемдердің болмауынан біршама шартты бағалау екенін түсінуіміз керек.
Орманды қалпына келтіру (өсіру, жаңғырту) құнын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол шығындық қағида негізінде есептеледі. Біріншіден, орман өнімінің ең бастысы ағаштың пайдалану жасына жеткен қоры немесе ағаш қорын оның пісіп жетілу жылдарына байланысты жылдық қорының артуының құны есептеледі. Екіншіден, бағалу зерзаты орман жері және оған қоса ондаған ағаш қоры болып табылады. Сондықтан 1 га орманды жерді қалпына келтіру құны (Эл).
Эл = Эз + Эд жердің құны мен ағаш қоры құнының қосындысы болады.
Орман ресурстарын пайдалану мәселері
Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділік пен сипатталатын, ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор; төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден, орман-шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигиеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эчтетикалық эәне экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.
1992 жылы Рио-де Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарңа қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар атмосфераға түсіп, парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.
Қазақстанда орман жердің 26,2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап – 12,4 млн. га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман.
Қазір жалпы республика аумағының 4,6 %-ын орман алқаптары алып жатыр. Оларда 384 млн. м3 ағаш қоры шоғырланған. Орман шаруашылығын негізінен, сапасы төмен ағаштар мен ағаш қалдықтары, тағамдық жабайы жеміс-жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау және ертеректе ағаш өнімдерін өндіру мақсатында жаппай ұйымдастырылған шағын цехтар құраған. Төлем қабілеті төмендеген кәсіпорындар көбейіп, көлікпен тасымалдау, электр қуаты және басқа да шығындарды өтей алмай тығырыққа тірелген шаруашылық жаңа ғана нарық талабына бейімделіп келеді.
Орман алқаптарының азаюы
Қазіргі таңда жер бетінің шамамен 30%-ын немесе 3,2 миллиард гектар жерін орман алып жатыр. Ормандардың азаюы жөнінде басқа да экологиялық проблемалар сияқты көп айтылады.
Орманды алқаптар көлемінің азаюы немесе ормансыздануы-орманды алқаптардың өсімдіктер жабыны жоқ жайылым, қала, бос жерлер сияқты жер бөліктеріне айналу процесін айтады. Ормансызданудың негізгі себебі- жаңа ағаштар екпей, ормандарды қырқу. Одан басқа ормандар өрт, қатты дауыл жел, су басу сияқты табиғи себептерден және қышқыл жаңбырлар сияқты антропогендік әсерден де жойылуы мүмкін.
Ормандардың азаю процесі жер шарының көптеген бөліктерінде өзекті мәселелер болып табылады. Өйткені экологиялық, климаттық және әлеуметтік-экономикалық зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ орманды алқаптардың жаппай қырқылуы биологиялық алуантүрліліктің азаюына, өнеркәсіптік пайдалану үшін ағаштардың қорына, тіршілік сапасына және фотосинтездің төмендеуінен парникті эффектіге алып келеді.
Өсімдіктер-300000 аса түрлері бар табиғаттың ерекше патшадығы Жер бетінде тіршілікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Ормандардың планетада орналасуы біркелкі емес. Олар негізінен Солтүстік жарты шардың орта ендіктерінде, тропикалық аймақтарда жалпы ормандар ауданынң сәйкесінше 54-46% құрайды.
Ормандардың үлкен санитарлық-гигиеналық және емдік қасиеттері бар. Сондай-ақ атмосфераның химиялық тепе-теңдігін(әсіресе оттегінің, көміртегінің және азоттың) ұстап тұрады. Есептеулер бойынша 1 гектар орман алқабы 5-10 тонна көмір қышқыл газын сіңіріп, 10-20 тонна оттегін бөледі. Сондықтан ормандарды «Жердің өкпесі» деп атайды.
Фотосинтез процесі кезінде көптеген ағашты, бұталы және шөптесін өсімдіктер белсенділігі жоғары ерекше химиялық қосылыстар бөледі. Ғалымдардың айтуынша, орман ауасының құрамында 300-дей әртүрлі химиялық заттар, ароматты қосылыстар, эфир майлары жәнге т.б. бар. Қылқан жапырақты ағаштар көптеген ауру тудыратын микробтарды өлтіретін фитонцидтер бөледі. Ормандар тек таза ауамен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай желден, шаңнан да қорғап микроклиматқа да әсер етеді. Азық көзі ретінде, емдік және мәдени тұрғыдан алып қарасақ та ормандардың маңызы зор екені белгілі.
Эволюция барысында адамның ормандарға, жалпы табиғатқа әсері әртүрлі болып келді. Қоғамның дамуымен ормандар ресурсына түсетін қысым да күшейе түсті. Ормандарды құру қарқыны тоқтамай тұр. Жыл сайын олардың көлемі 200 мың км2-қа кемуде. Әсіресе тропикалық ормандардың жағдайы алаңдатарлық.
Табиғи ортаның нашарлауының негізгі факторларының бірі ормандарды, әсіресе тропикалық ормандарды қырқу болып тұр. Ормандардың үлкен аумақтарын өртеу, бағалы ағаштар үшін, отын ретінде жағу, жайылымдар ретінде және егіншілік үшін қырқу Амазонияда (Бразилия), Африканың бірқатар елдерінде, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде кең етек алып, үлкен масштабта жүруде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет