3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, көп мағыналы немесе омоним сөздерді ажыратыңыз. Киіз үй Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
*Киіз үй туралы әңгімелеңіз. Тірек сөздер: Көшпенділер, тез жығып, шапшаң тігу, көшіп-қону, қола дәуірі, зардап шегу.
5-тапсырма. Төмендегі мақалдар бойынша пікірлесіңіз. Омонимдердің мағынасын ашыңыз. «Сыйласуға жат жақсы», «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп».
6-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, жұптасып, бір-біріне әңгімелеңіз. Омонимдердің жасалуын түсіндіріңіз. Қазақ елі наурызды қалай қарсы алған? Құттықтау, тілек айту. Қызыр түні. Жаңа жыл үйге келгенде төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан (болезнь), пәле-жаладан (беда) аман болады» деген сеніммен Наурызға дейін үй іші тазартылады (тазарту-делать уборку). «Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады».
«Жыл бойы ақ мол, жауын-шашын көп болсын» деп Қызыр күні ыдыс атаулыны (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б) аққа (сүт, айран, шұбат, уыз т.б) және бұлақ (родник) суына толтырады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр – адамдарға дәулет, бақ беретін ақсақал, қиял-ғажайып бейне. (волшебный образ)
Наурыз – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, «Жаңа күн» деген сөз. 22 Наурыз күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-не қараған Наурыз күні күн мен түн теңеледі.