2) Тақырып. « Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел»
I деңгей
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
жалғауын жалғаңыз.
Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй................................................................................
Ана .............................................................................
Ата-ана........................................................................
Дос...............................................................................
Туыс..............................................................................
II деңгей
1.Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2.Отан туралы 5- мақал-мәтел дәптеріңе жаз
III деңгей
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқып,мазмұнын айт.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
Бейне,ой,бас,би.
3)Тақырып. «Мемлекеттік мерекелер»
I деңгей
1. «Ұстаз мерекесі» атты мәтінді түсініп оқы.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
2. Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.
Ата-ана ,ата -әже, әке,ана,бала,қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы,
Кенже,жеңге, жезде, немере,сіңлі, қарындас, іні, аға.
II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2.Астана мерекесін өз сөзіңмен әңгімелеп бер./8-сөйлем/
3.Мына етістіктермен сөйлем құрастыр.
Орналасты,еңбектен,біледі,ақылдас ,жазылды,кеңесу,билеу.
1. Мәтінге жоспар құру.
2. «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |