Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ПРОЦЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ



бет3/4
Дата05.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#458976
түріДиплом
1   2   3   4
Киши мектеп жасындагы

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ПРОЦЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау әдістері


Эксперименттік бөлімінің бастапқы кезеңінде, тақырыпқа сәйкес анықтау тәжірибесі ұйымдастырылып жүргізілмек, оның негізгі міндеті мыналар:


Бастауыш сынып оқушыларында ойлау процесінің психологиялық ерекшелігін ашып көрсету. Зерттеліп отырған әр оқушыда ақыл-ой дағдысы, ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау.
Эксперимент Қаратау қаласы, А. Байтұрсынов атындағы гимназияның 1 «а» және 1 «ә» сыныбында жүргізілді. Тәжірибеде 35 бала қамтылды.
Экспериментте қолданылған диагностикалық әдістемелердің орындалуы бастауыш сынып оқушыларымен ойлау әрекетінің әр түрін меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмадан құралған. Әр диагностикалық әдістемелерде бала орындауы тиіс практикалық тапсырма бар.
Бірінші кезекте «Ойлау» субтесті жүргізілді. «Жалпы атауын тап» тапсырмасы бойынша:
Нұсқау: «Бұл тапсырмада 5 сөз беріледі, сол сөздердің жалпы атауын тауып жауаптар бланкісіне жазу қажет».
Мысалы: алма, алмұрт, шабдалы, өрік қара өрік-жемістер.
субтесттің А тапсырмалар жинағы:

  1. Қалам, кітап, сызғыш, өшіргіш, дәптер.

  2. Аққайын, қарағай, емен, шырша, терек.

  3. Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, доға, тікбұрыш.

  4. Кірпіш, құм, ағаш, бетон, цемент.

  5. Қобыз, домбра, гитара, сырнай, барабан.

  6. Жапон, Үндістан, Қыргызтан, Мексика, Қытай.

  7. Төсек, диван, орындық, шкаф, кресло.

  8. Тіктөртбұрыш, тролейбус, арба, кеме, мәшине.

  9. Көз, мұрын, ауыз, кірпік, қас.

  10. Мұғалім, шахтер, құрылысшы, дәрігер, тігінші.

  11. «Өзара байланыс» тапшысы.

Кесте 2.1.1 - Субтесттің жауаптары: А- тапсырмасы.





Жауабы

Ұпайы

1

Оқу құралдары

1

2

Ағаштар

1

3

Фигуралар

1

4

Құрылыс материалдары

1

5

Музикалық аспаптар

1

6

Мемлекеттер

1

7

Жиһаздар

1

8

Көліктер

1

9

Бет мүшелері

1

10

Мамандықтар

1




Жалпы ұпайы

10

Субтесттің Б тапсырмалар жинағы:


Нұсқау: «Бұл тапсырмада 5 сөз беріледі. 1-ші сөзбен 2-ші сөздің арасында қандай да бір байланыс бар». 3-ші сөзбен берілген 5-сөздің арасындағы байланысты табу керек. Екі сөздің арасында белгілі бір байланыс бар. Жауап бланкісіне байланысы бар сөзді белгілеу керек.
Мысалы: Орман: қағаз-кітапхана?
а) жазушы ә) әңгіме б)кітапхана в) кітап г)каталог
Дұрас жауабы: кітап
1. Қайрымды: мейрімсіз-күн:
а) азан ә) түн б) апта в) сәрсенбі г)тәулік
2. Мектеп: оқу-аурухана:
а)дәрігер ә) оқушы б)ғимарат в)емдеу г)ауру
3. Ән: керең-сурет:
а)ақсақ ә) соқыр б) суретші в)сурет г) бояу жаққыш
4. Шыбын: ызыңдау-бұлбұл:
а) ұшу ә) қарға б) орман в)сайрау г)тор
5. Құс: ұя-адам:
а) тамақ ә) киім б)үй в)мамандық г)жұмыс
6. Шалғы: шөп-кайшы:
а)шөп ә)шаш б)өткір в)болат г)шеге
7. Аяқ: етік-қол:
а) жұдырық ә)қолғап б)саусақ в)білезік г)тырнақ
8. Су: құрғақшылық-тамақ:
а) аштық ә)ауыз б)ішу в)нан г)иіс
9. Паравоз: вагондар-ат:
а)поезд ә)жем б)қора в)арба г)ертоқым
10. Бас: бас киім-көз:
а)кірпік ә)жас б)көзілдірік в)қас г)косметика

Кесте 2.1.2.- Субтесттің жауаптары: Б-тапсырмасы





Жауыбы

Ұпайы

1

Түн

1

2

Емдеу

1

3

Соқыр

1

4

Сайрау

1

5

Үй

1

6

Шаш

1

7

Қолғап

1

8

Аштық

1

9

Арба

1

10

Көзілдірік

1




Жалпы ұпайы

10

Субтест бойынша ең жоғарғы ұпай 15 болып саналады.


I жоғары деңгей - мәліметтерді жан-жақты, терең талдаумен ерекшеленеді, жіктеу мүмкіндігі тез әрі толық. Жоғары деңгейде дамыған оқушылар зат топтарын тез жалпылап, оларды бір сөзбен айтады.
II орта деңгей - Бұл деңгейдегі оқушылар объектіні үш белгісі бойынша оңай ойланып қабылдайды, бірақ төрт және одан көп белгілеріне әлі талдау жасай алмайды.
III төмен деңгей - Бұл топтағы оқушылар объектілерді екі белгісі бойынша ойланып талдайды. Салыстыру кезінде берілген топқа қатысы жоқ зат белгілерін табады.

Кесте 2.1.3- Субтест бойынша қорытынды нәтиже



Топ

Балалар саны

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей

Сыналушы топ

17

21

32

47

Бақылау тобы

18

25

36

39

Зерттеу нәтижелері екі топты салыстырмалы түрде төмендегі гистограмма арқылы бейнеленді.
Сурет 2.1.1. -Анықтау эксперименті нәтижесі

Қорытынды: сыналушы топтағы жоғары деңгейге жеткендердің көрсеткіші 21, орта деңгейге жеткендер - 32, төмен деңгейлі көрсеткіштер – 47. Бақылау тобындағы балалардың жоғары деңгейге жеткендері 25, орта деңгейде 36, төмен деңгей– 39. Екі топтыңда балаларының жетістіктері «жақсы» деп қабылданбайды, өйткені төмен деңгейлі ойлау процесі кездескендігі анықталды.


Келесі кезекте «Қисынсыздықтар» әдістемесі жүргізілді.
Бұл әдістеменің көмегімен оқушылардың қоршаған дүние туралы қарапайым бейнелі елестерін және дүниедегі кейбір объектілер арасында: жануарларда, олардың өмір сүру жағдайында, табиғатта болатын байланыстар мен қатынастарды бағалауға болады. Сонымен қатар осы әдістеменің көмегімен оқушылардың логикалық пікір айтуын және өз ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізу іскерлігін анықтауға болады.
Нұсқау: Оқушыларға суретте белгіленген қисынсыз жануарларды көрсетеміз. Мына суретке зейін қойып қараңдар, барлығы өз орындарында орналасып, дұрыс салынған ба? Егер бір нәрсе дұрыс емес болып көрінсе, өз орнында емес немесе дұрыс салынбаған болса, онда оны көрсетіп, неліктен дұрыс емес екенін түсіндіру керек. (Қосымша №1, Қосымша №2)
Ескерту: Нұсқаудың екі бөлімі де жүйелі түрде орындалады. Алдымен оқушы қисынсыздықтардың бәрін атайды және суретте оларды көрсетеді, ал кейін шын мәнінде қалай болуы тиіс екенін түсіндіреді. Тапсырманы орындау барысында 3-4 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушы суреттегі қисынсыз жағдайларды неғұрлым көп тауып, ненің дұрыс емес екенін, неліктен олай емес екенін және шын мәнінде қалай болу керек екенін түсіндіруі керек.
Нәтижелерді бағалау: 8-10 балл оқушы суреттегі барлық 7 қисын сыздықты тауып, қанағаттанатындай етіп, шын мәнінде қалай болу керектігін айтып берсе.
4-7 балл барлық қисын сыздықты тауып атады, бірақ соның ішінде үш төртеуін шын мәнінде қалай болу керек екенін аяғына дейін түсіндіре және айта алмаса.
1-3 балл оқушы суреттегі қисын сыздықтың біреуін немесе төртеуін тауып үлгермесе, түсіндіруге уақыт жетпесе.
Даму деңгейі туралы қорытынды: 8-10 балл жоғары деңгей.
4-7 балл орта деңгей.
1-3 балл төмен деңгей.
Қорытынды: сыналушы топ жоғары деңгейлі көрсеткіштерге - 19,
орта деңгейге жеткендер - 34,
төмен деңгейлі көрсеткіштер – 47.
Бақылау тобы жоғары деңгейге жеткендер - 22,
орта деңгейде – 31,
төмен деңгейде – 47.
Зерттеу нәтижелері екі топты салыстырмалы түрде төмендегі гистограмма арқылы бейнеленді.

Сурет 2.1.2. - «Қисынсыздықтар» әдісінің нәтижесі
Бастауыш сынып оқушыларының бейнелі логикалық ойлауын бағалау әдістемесінің қорытындысы бойынша оқушылардың ойлау қабілеттері әртүрлі деңгейлі көрсеткішті көрсетті. Мұндағы ойлаудың түрлері мен сипаты жақсы нәтиже бермегендіктен, осындай көрсеткіштерді ескере отырып дамыту жұмыстарын ұйымдастыру нақтыланды.

2.2 Бастауыш сынып оқушыларында ойлауды дамыту мен қалыптастыру жұмыстары


Қалыптастыру экспериментіне ойлаудың зерттелуіне арналған түзету әдістемелері мен психологиялық тренингтік жаттығулар қолданылды. Психологиялық жаттығулардың ең маңызды мәселесі - танымдық процестердің дамуына оған ойлаудың жан-жақты әсер етіп, өзінің жеке даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашылуына көмек береді.


«Сүйікті ісіңді көрсет» жаттығуы.
Қатысушылар өздерінің ниеті бойынша қуаныш әкелетін, оны атамай өзінің сүйікті сабағын көрсетеді. Қалғандары қандай сабақ көрсетілгенін табады.
«Мен және менің әлемім менің айналамда» жаттығуы.
Жүргізуші: Қағаз парағын алыңыз. Парақтың ортасын бос қалдырып сурет салыңыз. Сізді өмірдегі қоршаған ортаны, кіммен және немен қарым- қатынас жасауға тура келеді, соны сіздің әлеуметтік өміріңіз өзара әрекеттердің бәрін салыңыз. Салдыңыз ба? Енді ортасына өзіңізді салыңыз. Рефлексия. Осы салғандардың ішінен сіз үшін не маңызды, ал не онша маңызды емес? Сіз бен қоршаған орта арасында бөліп тұратын шекара бар ма? Сіздің айналаңыздағы салынғандармен қалай өзара әрекеттесесің?
«Өкпелеген маймыл» жаттығуы.
Топтағы қатысушы айна алдында «өкпелеген» бет мәжерін ( қастары жиылған, төменгі ерні салбыраңқы, ерін бұрыштары төмен түсірілген) көрсетеді. Жаттығу күлкілі болмайынша орындала беріледі.
«Өрмекші торы» жаттығуы.
Жүргізуші: Бізді өзара байланыстыратын үлкен бір өрмекші торын құрайық. Біреуге шарды берерде, біз сол оқушыға мынандай фразаны айтамыз. «Айдар! Сен маған ұнайсың, себебі... (бүгін сыныпқа кірерде сен маған сыпайы есікті аштың)». Сізге ол адамның сізді немен қуатқаны туралы, оның несі ұнайтыны, оған не үшін алғыс білдіргіңіз келетіні туралы айтуыңызға болады. Фразаны былай өзгертуге де болады: «Маған сенің қалай... істегенің ұнады...»
Рефлексия, саған басқа балаларға жағымды нәрсе айту оңай тиеді ме? Осы ойынға дейін саған қандайда бір жағымдылық бар екенін айтты.
«Ол қандай?» жаттығуы.
Қатысушылардың бірі есік сыртына шығады, ал қалғандары топтан біреуді жасырып отырады. Есіктің сыртындағы бала қатысушылармен аталған қасиеттер бойынша ол қандай деген сұрақты қоя отыра, кімнің жасырылып отырғанын табу керек.
«Кездесу» ойыны.
Бұл ойынды ойнау үшін топты теңдей екіге бөлеміз. Әрбір топта 2 концентрикалық шеңбер сыртқы және ішкі болатындай тізіліп тұруы тиіс. Сыртқы шеңберде тұрған барлық қатысушы өзінің ішкі шеңберде тұрған серіктесіне бұрылып бетімен қарап тұрады. Содан кейін оларға жағдаяттар ұсынылады.
1. Көз алдыңызға елестетіңіз. Сіз кездескен бала немесе қыз сіздің құпияңыз туралы басқа баларға айтып қойды. Оларға деген сезіміңді сөзбен жеткіз. Олрға сен не дер едің? (Ең алдымен ішкі шеңберде тұрғандар, кейін сырттағылар айтады).
2. Бүгін бұл оқушыға әділетсіз түрде «2» деген бағаны қойды, ал мұғалім оның түсіндірмесін тыңдаған да жоқ. Оқушы өте мазасызданып, уайымдады, бірақ оны сыртқа білдірмеуге тырысады, бірақ сен оның досысың, оған көмектесуге тырыс.
Жүргізуші: Сіз бір адамға жағымды эмоция білдіргеніңізде қандай сезімде болдыңыз және біреуге өз көңіліңіз тоқ емес сезіміңізді айтып салғанда ше? Сезімдермен қалай болу керек, өзіңе де, басқаға да зиянды жағы тиіп кетпек үшін оны қалай білдіруге болады?
Ойын қатысушылармен бірге жағымсыз эмоцияны бөліп көрсету керек. Тақтада таспен жолдың суреті салынған:
1.Ұстап қалу – солға барасың,
2. Агрессивті білдіру-оңға барасың;
3.Ынтымақты білдіру – тік журесің.
Талдау: 1.Егер адам «Сол жаққа» барса онымен не болады. (Ол әр нәрсені айтуы мүмкін, оған жаман болады. Шешім: өзін жоғалтады)
2. Егер адам «оң жаққа барса», онымен не болады? (ол басқаға ауыртпалық және жамандық жасайды. Шешім: оң жаққа барсаң – басқаларды жоғалтасың).
3. Енді 3-ші жол – бейбітшілік қалды (адамға қандай көмек керек кезде және басқалардан көмек қабылдауды талқылау керек).
«Бір – бірін суреттеу» жаттығуы.
Бір жұп шеңбердің ортасында тұрады. Бір – біріне 1 минут қарайды, содан кейін артқа қарап бір – бірін кезек бойынша суреттейді. Одан соң әрбір қатысушылардан шеңберден өзінің орнына адам таңдайды, сонымен жұптасып кезекпе кезек барлығы да қатысып шығады. Рефлексия не өтіп кетті, не назарыңызды қатты аудартты?
«Рефлексия» жаттығуы.
Басқа балалар сізбен ойнағысы келмеген жағдай, сізде бір ретте болса болды ма? Сіздердің қайсыларыңызды достарыңыз ренжітті, сіздің өтінішіңізге «менің қолым бос емес», т.б. деп жауап берді ме?
Жүргізуші: «Кейде бізге басқалардың бізбен қарым – қатынас жасағысы келмейтін жағдайымен ұшырасуға тура келеді. Бұндайда бізге біздің фантазиямыз көмектеседі, оның көмегімен біз өз өзіміге жақсы қатынасты сақтап қаламыз. Мен қазір сіздерге оны қалай жасауға болатынын көрсетемін. Өтініш өзіңізге ыңғайлы етіп отырып, көзіңізді жұмыңыз. Енді көз алдыңызға елестетіңіз; сіз ойнап жатқан балалар тобына жақындап, олармен қосылып ойнауды сұрандыңыз. Ал бұл балалар сізге «бұл жерден кет» деп айқайлап берді. Сол кезде сіз олардың сөзінен үстау керек деген шешім қабылдайсыз. Көз алдыңа «Иван» деген ертегідегі Василиса сұлу туралы, сұр қасқыр немесе конек – горбунок туралы елестетіңіз. Елестетіңіз, сізге артқа қарап, балалар өз бетінше ойнауды жалғастырып жатыр. Сіздің Иван –одан бетер күшті және алып болсын делік, оның үстінде нағыз батырлық құрал – саймандар, онда үлкен алтын әріп термен сенің атың жазылып тұр. Енді сен балалардың саған таң қаларлық әлпетпен қарап тұрғанын көресің, себебі «кішкентай» үлкен алыпқа айналады ғой. Бұл нағыз батыр, олар өмірінде көрмеген ең үлкені. Енді көз алдыңда сол батыр сен екеніңді елестет. Сондай – ақ сен балаларға үлкен ой тастауыңа, өз саймандарыңды алтынға айналдырып таң қалдыруыңа болады. Тыңда, балалар саған қызығып жатыр «Ах, ох! мәссаған!» олар келіп сенен сұрап жатыр: «Саған жақындап ұстап көруге бола ма? Сенімен бірге ойнауға болама?» Сол кезде балалардың сенімен ойнағысы келіп, сенің жаныңда әшейін тұрғысы келеді. Енді сен қайтадан өзіңмен өзің боласың және есіңде біраз уақытқа дейін –Айдар батырды сақтайсың. Өзіңізді қанағаттану сезімін сезунуге мүмкіндік алыңыз. Өз-өзіңе: «Мен маңызды және қызықты адаммын!» деп айт. Енді бірте-бірте бұлшықеттеріңді босатып, жеңілдікті сезініп, көзіңді аш.» Рефлекция. басқалар саған қызықса өзің қалай сезінесің? Басқаларға зейінді болу дегеніміз не?
«Кім автор»жаттығуы.
Әрбір қатысушы топтағы мүшелердің бірінің жеке ерекшеліктерін карточкаға суреттеп береді өз ниеті бойынша, жоғарғы жағында кім туралы жазғанының есімін, төменге өзі екінін көрсетеді. Жүргізуші барлық карточкаларды жинайды да, одан кейін оларды жеке санап шығады, алдымен топ кім туралы суреттеменін табады, содан кейін қатысушы, қазір ғана суреттелген, суреттердің авторы кім болуы мүмкін екенін табады.
«Жағымды сабақ үшін рахмет» жаттығуы.
Жүргізуші: «Жалпы ортақ шеңбер жасап тұруларыңызды өтінемін. Мен сіздердің үлкен емес рәсімге қатысуға шақыруды ұсынамын. Бұл біздерге бір – біріміздің достық сезімімізді және алғысымызды білдіруге көмектеседі. Сіздің ішіңізден біреуі ортаға тұрады, келесісі оған жақындап, қолын қысып былай дейді: «Жағымды сабаққа рахмет!» екеуі де ортада қолын сол қалып ұстап тұра береді. Одан кейін үшінші қатысушы келеді, немесе біріншісінің немесе екіншісінің бос қолынан ұстап қолынан қысып, былай дейді: «Жағымды сабақ үшін рахмет!» Осылайша ортадағы топ үнемі ұлғаяды. Барлығы бір – бірінің қолынан ұстайды. Ең соңғы қатысушы қосылғанда шеңбер тұйықталып, қолдардың қатты қысуымен рәсімді аяқтаймыз.
«Бұл жерде кім жиналды?» жаттығуы.
Балалар мен ересектер мүмкіндігінше көп нұсқа ойлар табуы керек. (халық, достар, таныстар, мамалар мен балалар, жерлестер және т.б)
«Менің ата- анам кімдер?» жаттығуы.
Жүргуші: Әрбір баладан өзінің анасы (әкесі) туралы айтуды сұрайды. Ол отырған ортасынан – оның ата-аналарын суреттеу бойынша табуы керек. Сонымен қоса жүргізуші әртүрлі сұрақтар қояды: «Сенің анаң қандай?», «Ол не істеуді жақсы көреді?», «Оған не ұнайды?» т.с.с.
«Кімнің қолы, ойлап тап» ойыны.
Ойын жұмылған көздермен жүргізіледі. Алдымен балалар шымшуды сезінуді анықтайды, кімнің кім екенін оның атын ойлап табуға мүмкіндік алады. Одан кейін ата- аналар жұмылған ( байланған) көздермен өз балаларын табады.
«Жануарлар арасынан өзіңе жұпты ізде» жаттығуы.
Жүргізуші әрбір қатысушыға жануарлар аттары жазылған алдын ала дайындалған парақтарды таратады. Жүргізушінің командасынан кейін әрбір қатысушы өзіне жұпты таба алады, себебі жануар аттары жұптасқан. Әрқайсысы өзіне «өзінің» жануарын тапқан соң жүргізуші «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
«Қыздар – аналар» ойыны.
Жүргізуші балалар мен ата- аналар рөлінің алмасуын ұсынады. Ойын үшін тобының жағдаяттың бірі таңдалады: Отбасының ұлттық мейрамы, отбасының қызығушылық, отбасылық кеш, т.б.
«Алма» ойыны.
Сыныптан 4 оқушы таңдалады. Жіпке екі алма ілінеді. Әр жұп байлаулы көзбен бір алманы жеп қоюы керек. Қолдары байлаулы болған жөн.
«Хат» ойыны.
Бірнеше оқушы ортаға шығады. Қалғандары бір ақпаратты бөлімдерге бөліп хаттарға жазады. Мысалы: бірінші хат: « Келесі жұпты күтіңіз» екінші хат «Ана туралы өлеңді бірінші жұппен айтысып айтыңыз» ә (оқушылар бірнеше жұпқа бөлінеді), б (әр жұпқа бір хат беріледі). Оны қолсыз ашып, ішіндегі тапсырмасын оқу керек. Қолды байлап қою қажет. Хаттардағы тапсырма әр түрлі болуы мүмкін).
«Саудаласу» ойыны.
Оқушылар сауда орынын жасайды да, саудагерлер мен тұтынушыларға бөлінеді. Әр саудагерде тауардың нақты бағасы болады. Ол тауардың бағасын бір тиынға да түсірмеу керек. Ал тұтынушылар керісінше бағаны түсіруге міндетті. Кейін ойыншылар орындарын ауыстырады.
«Роль» ойыны.
Бірнеше оқушы таңдалып, әрбіреуіне белгілі роль беріледі. Мысалы: саясаткер, іскер адам, әртіс, басшы, т.б. Оқушының міндеті сыныпқа кіріп, бірнеше сөйлем айту. Мысалы: бірін-бірі сайлауда жеңу туралы айтып, саясаткер ролін сомдаса, екіншісі келісім шартқа отырып, мекеменің басшы ролін жасыруы керек.
«Хайуанаттар бағы» ойыны.
Бір ыдысқа жануарлардың атын, екіншісіне эмоцияларды жазу керек. Оқушылар бір-бірден шығып, жануар мен эмоцияны алып, топтың алдына шығып көрсетеді. Топ оның қай жануар екенін және қандай эмоция екенін айту керек.
«Төртіншіcі артық» ойыны.
Мақсаты: Заттарды белгілі бір белгілері бойынша топтай білу дамуының деңгейін көрсету және жалпылау мағынасын қолдану; берілген топқа жатпайтын затты белгісі бойынша бөле білу.
Барысы: Балаға суреттердің 3 сериясы ұсынылады (әр серия 4 заттық суретке ие), олар келесі мазмұнға ие:
1. серия: қияр, пияз, алмұрт, сәбіз.
2. серия: түлкі, сиыр, шошқа, мысық.
3. серия: троллейбус, жүк машинасы, вертолет, автомобиль.
Суреттердің әр сериясын қарап болған соң келесі сұрақтар қойылады:

  1. Суреттерде не бейнеленген?

  2. Қалай ойлайсың, суреттердің қайсысы артық және неліктен?

Аталған тапсырмалар бойынша сыналушы диагностикалық тапсырмаларды орындауда ой әрекетінің дамуы туралы нәтижені дұрыс бере алмады. Диагностикалық іс-шараларда тапсырмалар, олардың орындалу шарты сыналушылар үшін барлық параметрлер бойынша икемділікте есептеп алынған.
Тапсырмалар бірізділік тапсырмалардан тұрған, ол максималды деңгейде кездейсоқ себептердің жауап нәтижесіне ой операцияларын меңгеру деңгейін адекватты бағалауға мүмкіндік береді.
Әр сыналушының диагностикасы құрбы-құрдастарының әрекетіне еліктеуден аулақ болу үшін бөлек жасалады. Бұдан мынандай ой қортындысына келеміз: бала мектепке келгендегі ақыл-ой дамуының көрсеткіші жүйелі оқыту дағдайында ой-әрекетінің қандай деңгейде болғанына байланысты. Осыдан шығып біз өз ойымызды сыналушымен оқу әрекетінің элементтерін меңгеруге, берілген ережеге сәйкес әрекет ете білу. үлкеннің нұсқауын тыңдау және орындауға аудардық.
Бірінші тапсырма оқушыларда жалпылауды анықтауға бағытталған, соның ішінде заттарды белгілері бойынша топтай білуі және берілген топқа жатпайтын белгілері бойынша затты бөлуі анықталды. Оның шешімі үшін біз «Төртінші артық» әңгімесін таңдадық, оның шешімінің мазмұны мынадай: тапсырманы көрсеткенде төрт заттың үшеуіне жалпы түсінік табу, яғни түсінікке сай келмейтін 4-ші затты алып тастау. Баланың алдында суреттер қатары қойылған және нұсқау айтылған: «Сенің алдыңда төрт сурет түр, оларда заттар бейнеленген. Олардың үшеуі ұқсаса, біреуі, яғни төртіншісі ұқсамайды. Бұл жерде артық затты алып таста». Бізге тапсырманың шешімін тек сөздік жобада емес (артық затты алып таста), оны әрекетті жобаға келтіру қажет. Бұл сөздік әрекеттегі қосымша қиындықты шешті.
Егер сыналушы қиналса, оған бейнеленген затты атау және содан кейін сәйкес келмейтінді табуға тырысу ұсынылды. Әр тапсырманы шешкеннен соң балалар не үшін берілген затты алып тастағанын түсіндірді.
Сыналушыларға кезекпен заттық суреттің 3 сериясын келесі мазмұнда ұсынады:

  • қияр, пияз, алмұрт, сәбіз; к

  • түлкі, сиыр, шошқа, мысық;

  • троллейбус, жүк машина, вертолет, жеңіл машина.

«Жұмбақ құрастыр» ойыны.
Мақсаты: Заттың негізгі белгілерін көрсете отырып, оларды өз әңгімесінде біріктіріп айтып бере алу және затты талдай білу деңгейінің дамуын анықтау.
Барысы: Мұғалім балаға ит бейнеленген суретті көрсетіп былай дейді: «Мен мына суретте не бейнеленгенін білмеймін. Сен маған оны көрсетпе. Ал мен онда не салынғанын білу үшін, сен суретте бейнеленгенді маған суреттеп бер. (сырт пішінін, дене бөлшектерін, пайдасын айтып бер). Бірақ суреттеп жатқанда суретте бейнеленгенді маған айтпай, яғни не бейнеленгені туралы жұмбақ құрастыр. Ал, мен сенің жұмбағың арқылы суретте не бейнеленгенін шешемін».
Бұл ойынның мақсаты сыналушының іскерлігін, затты талдау, оның түрі мен іскерлігін көрсете отырып, әңгімедегі байқалған сынды біріктіруден (синтездеу) тұрады.
«Салыстыр және атап көрсет» ойыны.
Мақсаты: Ұқсас обьектілерді салыстыру кезінде іскерліктің даму ерекшеліктерін көрсету, ұқсастықтары және айырмашылықтарын табу.
Барысы: Балаға салыстыру үшін екі қуыршақ беріледі. Бала оны анықтап көріп алғаннан кейін оған мынадай сұрақтар қояды:
- Қуыршақтар несімен ұқсайды?
Ұқсастықтарын тізіп болғаннан кейін сұрақ қойылады:
- Қуыршақтың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Үшінші диагностикалық тапсырмада біз ұқсас объектілерді салыстыру кезінде іскерліктің даму ерекшеліктерін көрсетуге, ұқсастықтары және айырмашылықтарын табуға тырыстық.
«Жабайы аңдар және үй жануарлары» ойыны.
Мақсаты: Бірнеше пікірлердің негізінде іскерліктің даму деңгейін көрсету, дұрыс тұжырым жасау.
Барысы: Баланың бір жақ қолына үй, екінші жағына саңырауқұлақ қойып былай дейді: «Міне мына қорада үй жануарлары тұрады, ал саңырауқұлақ орманда өседі, онда жабайы аңдар бар. Сенің алдыңда суреттер жатыр. Суретті біреуден алып, ондағы жануарды атап, оған тән қасиеттерді атап көрсет (қайда тұрады, немен қоректенеді, қандай пайда тигізеді). Ал содан кейін, ол жабайы болса, оны орманға, егер үй жануары болса, қораға қою қажет».
Балалардың жауабын жазып алып, кесте құрастыру керек. Соңғы тапсырма ойлау операцияларын меңгеру деңгейін көрсетеді және бірнеше пікірлердің айырмашылықтарын анықтауға, тұжырымдама жасауға мүмкіндік берді. Біз жануар туралы балаларға белгілі мәліметтер негізінде «Жабайы аңдар және үй жануарлары» дидактикалық ойынын қолдандық.
Сыналушыға өзіне таныс 9 жануар суретін ұсынылды (сиыр, түлкі, қасқыр, тиін, қоян, мысық, жылқы, ит, аю). Баланың бір жағына кубиктерден қорашық салынды, екінші жағынан орман. Тәжірибешінің тапсырмасы мынадай: Мына суреттерде әртүрлі жануарлар бейнеленген. Сен олармен былай әрекеттен, бір суретті алып онда не бейнеленгенін айтып, ол қандай жануар – жабайы немесе үй жануары екенін атайсың. Сен неге оны жабайы аң (немесе үй) жануары деп ойлайсың. Осыдан кейін үй жануарларын қораға, жабайы аңдарды орманға жібер. Сыналушыға сұрақтар бойынша тапсырманы орындау екі рет қайталанған. Бұл бірнеше талаптар қойылған тапсырма шарттарын бала меңгере алуы үшін қажет.
Тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау сыналушыға балалардың ақыл-ойының дамуында жеке ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді, бұл интеллектуалды іскерліктің қалыптасуының төрт деңгейін анықтауға негіз болып табылады.
Мектепте табысты оқу тапсырмаларды орындау баланың ойлау процесінің дамуының нәтижесі болып табылатындығы олардың түсініктерді меңгере алуына көңіл бөлу, оқу жұмысын меңгертуге күш салуға бастау бола алады.
Барлық жоғарыда көрсетілген психологиялық көзқарастардан оқу іс әрекеті барысында балалардың ақыл-ойының дамуы айқын көрінеді. Ой қызметінің анағұрлым тиімді тәсілдері жаттығулар болып табылады.

2.3 Зерттеу нәтижелерін жинақтау


Қалыптастыру жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушылардың ойлау процесінің құрылымында қандай да бір өзгерістер байқалды ма, әлде нәтиже болған жоқ па, мәселені айқындау үшін бақылау және эксперимент топтарына қайта бақылау эксперименті жүргізілді. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды. Ең бірінші бақылау тобындағы қатысушыларға, содан соң эксперимент тобындағы қатысушыларға бақылау зерттеу жұмысы жүргізілді.


Мұнда сыналушы топ ретіндегі 1 «а» және бақылау тобы ретіндегі 1 «ә» сынып оқушылары қайта қатыстырылды.
Кесте 2.3.1- Бақылау экспериментінің нәтижелері

Топ

Балалар саны

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей

Сыналушы топ

17

30

38

32

Бақылау тобы

18

29

40

31

Бақылау экспериментінің нәтижесі төмендегідей:

Сурет 2.3.1. –Бақылау экспериментінің нәтижесі

Қорытынды: Екі топтыңда оқушыларының көрсеткіштерінде өзгерістер байқалды, өйткені төмен деңгейлі ойлау процесінің басқада таным процестерімен байланысы ұлғайып, тапсырманы орындау барысында қиындықтар тудырмады.


Келесі кезекте «Қисынсыздықтар» әдістемесі жүргізілді.
Бұл әдістеменің көмегімен оқушылардың қоршаған дүние туралы қарапайым бейнелі елестерін және дүниедегі кейбір объектілер арасында: жануарларда, олардың өмір сүру жағдайында, табиғатта болатын байланыстар мен қатынастарды бағалауға болады. Сонымен қатар осы әдістеменің көмегімен оқушылардың логикалық пікір айтуын және өз ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізу іскерлігін анықтауға болады.
Нұсқау: Оқушыларға суретте белгіленген қисынсыз жануарларды көрсетеміз. Мына суретке зейін қойып қараңдар, барлығы өз орындарында орналасып, дұрыс салынған ба? Егер бір нәрсе дұрыс емес болып көрінсе, өз орнында емес немесе дұрыс салынбаған болса, онда оны көрсетіп, неліктен дұрыс емес екенін түсіндіру керек.
Ескерту: Нұсқаудың екі бөлімі де жүйелі түрде орындалады. Алдымен оқушы қисынсыздықтардың бәрін атайды және суретте оларды көрсетеді, ал кейін шын мәнінде қалай болуы тиіс екенін түсіндіреді. Тапсырманы орындау барысында 3-4 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушы суреттегі қисынсыз жағдайларды неғұрлым көп тауып, ненің дұрыс емес екенін, неліктен олай емес екенін және шын мәнінде қалай болу керек екенін түсіндіруі керек.
Нәтижелерді бағалау: 8-10 балл оқушы суреттегі барлық 7 қисын сыздықты тауып, қанағаттанатындай етіп, шын мәнінде қалай болу керектігін айтып берсе
4-7 балл барлық қисын сыздықты тауып атады, бірақ соның ішінде үш төртеуін шын мәнінде қалай болу керек екенін аяғына дейін түсіндіре және айта алмаса.
1-3 балл оқушы суреттегі қисын сыздықтың біреуін немесе төртеуін тауып үлгермесе, түсіндіруге уақыт жетпесе.
Даму деңгейі туралы қорытынды: 8-10 балл жоғары деңгей.
4-7 балл орта деңгей.
1-3 балл төмен деңгей.
Эксперименттен кейінгі көрсеткіш бойынша:
Қорытынды: сыналушы топ жоғары деңгейлі көрсеткіштерге - 29,
орта деңгейге жеткендер - 39,
төмен деңгейлі көрсеткіштер – 32.
Бақылау тобы жоғары деңгейге жеткендер - 27,
орта деңгейде – 37,
төмен деңгейде – 36.
Бақылау экспериментінің нәтижесі төмендегідей:

Сурет 2.3.2.- «Қисынсыздықтар» әдістемесі бойынша қорытынды

Бастауыш сынып оқушыларының бейнелі логикалық ойлауын бағалау әдістемесінің қорытындысы бойынша оқушылардың ойлау қабілеттері түрлі деңгейлі көрсеткішті көрсетті. Бұл көрсеткіштер бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуындағы жүйелі дамуды айқындайды.


Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша сыналушылардың ойлау ерекшелігіне диагностикалық жұмыстар жүргізуге болатыны анықталды. Пайыздық қорытындылары шығарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет