Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент



бет4/4
Дата05.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#458976
түріДиплом
1   2   3   4
Киши мектеп жасындагы

ҚОРЫТЫНДЫ

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауымен сөйлеуі бірін-бірі толықтырып отыратын үздіксіз процесс.


Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі үлгерімі мен бірге өзін бағалауына ықпал етуіне күмәнсіз. Бағдарлама мәліметін игеруде айтарлықтай қиындықты сезінетін балалар, төмен бағалар алады. Оқуда не талап етіледі және оқушының тапсырманы орындауға мүмкіндік деңгейі арасындағы белгі бұл ойлаумен тығыз байланысты.
Бұл кезеңде дене мүшелерінде организмде елеулі өзгерістер болады, еңбекке шыдамдылықтары артады, анатомиялық – физиологиялық жетілуі дамиды. Балалардың мектепке алғаш баруына байланысты олардың дамуының әлеуметтік жағдайы өзгереді, оқу іс - әркеті қалыптасады. Сол іс - әрекет негізінде бастауыш мектеп балаларында психологиялық жаңа ақпараттарды қабылдау мен ойлану дамиды.
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының ақыл ойы мен тілін дамытуда әртүрлі техникалық құралдардың қолданатыны (диафильм, оқу киносы, магнитофон, слайд, т.б.) айқындалған. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу ерекшелігін анықтауға арналған құралдар ретінде психодиагностика кешені, тест түрлері, әдістемелер, психологиялық тренинг, жаттығулар және сюжетті ойындар т.б. нақтыланды. Осы әдістерді жүйелі пайдалану кіші мектеп жасына дейінгі баланың ойлау деңгейін жоғарғы көрсеткішке иелендіреді. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін тапсырмалар мен жаттығулар бала таным процесінің ойлау ерекшелігіне сәйкес келуі дәлелденді. Анықтау іс-шараларында күшті мотивация, қызығушылық, диагностикаға белсенді ұмтылыс болса, оның нәтиже көрсеткіштері жоғары болады. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының дамуы екі негізгі саты арқылы өтеді. Бірінші сатыда ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасна дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Мұнда көрнекі әсер ету басым болады. Балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын, бейнелеуге сүйенеді. I – II сыныптың оқушыларын заттар мен жағдайларды олардың қандай да бір жеке сыртқы белгісі бойынша бағалайлы. Балалардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынас жолымен жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге түсетін белгілерінің күшті қысымымен болады. Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың көпшілігі заттар мен құбылыстардың бетінде жататынн нақты қабылданған белгілер мен қасиеттерді қамтиды. Бастауыш сынып оқушысына олар жасаған жаттығулар нақтылы бақылау жағдайларына, олардың егжей- тегжейлі сөзбен сипаттауға сүйенетіндей етіп беріледі. Мұндай материалдарды салыстыруда балалар ұқсас белгілерді табады және оларды тиісті сөздермен белгілейді.
Сондай-ақ оқушылардың ақыл-ойының дамуына ұйымдастырылған басшылық, жүйелілік балалардың психикалық, жас ерекшелік жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру септігін тигізеді. Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта балалармен бірге ұйымдастырылған түрлі ойындардың құндылығы – балалардың ақыл-ойын, әрекет бірізділігін, ережелерді меңгеру дағдыларын шертуде болып табылады. Тәрбиелеудегі, дамытудағы белгілі бір жағдайлар бастауыш сынып оқушыларының, құбылыстар туралы түсініктерінің терең, нақты болуын қамтамасыз ете отырып, оларды ойлау тапсырмаларын шешуде пайдалану іскерліктерін нығайтады. Сондай қажетті жағдайларды бір мезгілде тәрбиелік және оқыту мақсаттарын шеше отырып, ойын тапсырмаларын жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларының дұрыс сөйлеуіне үлкендердің ықпалы айтарлықтай міндет тұтады. Оқу – тәрбие үрдісі ұйымдастыра отырып, оқытушы бастауыш мектеп оқушыларының танымдық процестерін сапалы және мақсаты қалыптастыруға тиісті.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөліміне келетін болсақ, анықтау жұмыстарында әдістемелердің ортақ қорытындысына сапалық талдау бойынша бейнелі ойлаудың даму деңгейі салыстырмалы түрде бір біріне жақын екені байқалды.
Ал эксперименттен кейін зерттеу нәтижесі бойынша сыналушылар санының көп бөлігі жоғары даму деңгейін, және орташа деңгей мен төмен деңгей салыстырмалы түрде жақын қатынаста екені анықталды.
Осындай зерттеулер жүргізу барысында алынған нәтижелер көрсеткіштеріне орай, арнайы дамыту жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді. Олар бастауыш сынып оқушыларының ойлауының дамуына ықпал етеді.
Зерттелген мәселе бойынша әдебиеттерді талдай келе, бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесін қалыптастыруда біз мұғалімдер үшін төмендегідей ұсыныстарды қарастырдық:
- Әлеуметтік психологиялық қолдау жасау.
- Ата ана мен мұғалім бірлесе отырып, баланың мектепке бару үрейінің алдын алу.
- Баға, басты мақсат, оқушының оқу-танымдық әрекетін дамытуға әлеуметтік психологияда жағдай жасап, бағыт беруге қызмет ету керек. Оқытушының оқушы еңбегін бағалау маңызды болуы керек. Баға – оқу-танымдық әрекеті.
- Оқушының жеке әлеуметтік психологиялық ерекшелігін ескеру қажет.
- Баланың зейіні мен ойлауын ойын арқылы анықтап, оның нәтижелерімен жұмыс жасау.
- Өзін-өзі бағалауы төмен оқушыға әлеуметтік психологиялық ерекшелігін ескере отырып, белсенділігін арттыру.
- Өз еңбегінің ерекшелігін сапалы сезіну міндетін қоятын, баланың өзін-өзін бағалау белсенділігін арттыратын жағдаяттарды енгізу.


Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет