Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент



бет8/19
Дата05.06.2022
өлшемі287.38 Kb.
#458975
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
агрессивті диплом

Сауалнаманың кілті:
1.Физикалық агрессия: «Иә»-№1,25,33,48,55,62,68; «Жоқ»-№9,17,41;
2.Жанама агрессия: «Иә»- №2,18,34,42,56,63; «Жоқ»- № 10,26,49;
3.Тітіркенгіш: «Иә» -№3,19,27,43,50,57,64,72; «Жоқ»-№11,35,69;
4.Негативизм: «Иә»-№4,12,20,23,36;
5.Реніш: «Иә»-№5,13,21,29,37,51,58; «Жоқ» - №44;
6.Күдікшілік: «Иә»-№6,14,22,30,38,45,52,59; «Жоқ» - №65,70;
7.Вербалды агрессия: «Иә» - №7,15,28,31,46,53,60,71,73; «Жоқ» - №39,66,74,75;
8.Кінә сезімі: «Иә» - №8,16,24,32,40,47,54,61,67;
2. Розенцвейг модификациялаған «Агрессивтілік» әдістемесі.
Бұл тест адам бойындағы тұлғалық «агрессивтілік» деңгейінің дамуын бағалау үшін ұсынылады. Агрессивтілік- бұл тұлға бойындағы адамның адамға қатынасында немесе жануарлардың табиғат заттарына агрессивтілік әрекеттерінің бағытталуы.
Бұл Розенцвейг негізін қалаған тесте зерттелінушілерге 24 әртүрлі суреттерді (1-24) ұсынады.
Бұл суреттерде адамдар әртүрлі эмоциогенді, күйзелістік жағдайларға жақын және фрустрациялық жағдайды шақыру секілді бейнеленген. әрбір суреттерде көрсетілгендей бір адам екінші бір адамға қандайда бір әрекетті жасайтындай қимыл көрсетеді. Ал екінші адам ол жағдайларды әртүрлі деңгейде түсінеді: агрессивті ретінде өзіне деген дөрекілік немесе әдейі жасалмаған әрекеттерді және басқа адамға білместіктен зиян келтіру немесе қорлау секілді әрекеттер бейнеленеді.
Егер айтарлықтай «агрессивтілік» деңгейі бар индивид болса, онда басқа адамның барлық әрекеттеріне оның іс-әрекеті қандай да бір дөрекілік көрінісін көрсетпесе де, ол адам агрессивті түрде жауап береді.
Ал егер, агрессивтілік деңгейі әлсіз көрінген индивидтер бұл көрсетілген іс- әрекеттерге басқалай жауап береді: кішіпейілділікпен, туындаған жағдайды жұмсартуға тырысады, тыныштандырады, болған оқиғаларға аса мән бермейді.
Зерттеу жұмысын жүргізбестен бұрын барлық зерттелінушілерге келесідей нұсқау беріледі:
«Сіздерге берілген 24 суретте бір немесе бірнеше адамдар бейнеленген. Ол адамдардың біреуі басқа адамдарға қандай да бір іс - әрекеттер жасайды, сол жағдайлармен қоса олар қандай да бір сөздер айтады. Сіздер өздеріңізді сол басқа адамдардың орнына қойып, бірінші адамның сөзіне, әрекетіне жауап бересіздер. Өздеріңіздің жауаптарыңызды жылдам беріп, сол суреттің жанына нөмерлері көрсетілген және өздеріңіз қарап отырған суреттерге жазасыздар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет