Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент



бет5/19
Дата05.06.2022
өлшемі287.38 Kb.
#458975
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
агрессивті диплом

сақтаушы





Танатос
талқандаушы





Сурет 1.1.1 - Э. Фрейдтің психоаналитикалық теориясында агрессия өзін-өзі талқандау мен өзін-өзі сақтау арасындаға кикілжің ретінде


Осылай танатос жанама себепкер болуы арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады.
Психология ғылымдарында агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс-әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті (ұмтылысты) айтады. Бұл үрдіс әртүрлі сипаттарда көрініс береді.
«Агрессия» термині тұтас алғанда бейтарап мағынаға ие. Шынында, агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп, жағымды мәнге ие болуы да мүмкін немесе өзінің агрессивті құштарлығын қанағаттандыруға бағыттап, жағымсыз мәнге ие болады. Агрессияның психикалық ақиқат ретінде нақты сипаттамалары бар: бағыттылық, көрініс табу формалары, интенсивтілік. Агрессияның мақсаты жәбірленушіге (қастандық агрессия) жапа шектіру (зиян келтіру) және басқа мақсатқа жету тәсілі (инструменталды агрессия) болуы мүмкін.
Агрессия сыртқы нысандарға (адамдарға немесе заттарға) немесе өзіне-өзі (денеге, тұлғаға) бағытталуы мүмкін. Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауіпті болып табылады. А. Бандура және Р. Уолтерс бұндай агрессияны асоциалды деп атады және әлеуметтік-деструктивті сипатты іс-әрекеттермен байланыстырады.
«Бұндай қарым-қатынасты қаламайтын, басқа тіршілік иесін қорлауға немесе оған зиян келтіруге бағытталған» агрессивті мінез-құлық формалары айқын әлеуметтік-жағымсыз бағаға ие болады. Бұндай агрессивті – асоциалды мінез-құлық міндетті түрде зорлық-зомбылықты қамтиды және ауру тудыратын вербальды немесе физикалық іс-әрекеттер. Қағида бойынша, ол агрессордың жағымсыз эмоциялары фонында (ашу, долылық, біреуді азаптауға, қорлауға құмарлық, байыпсыздық) және өз кезегінде жәбірлеушінің жағымсыз әсер етушілігін тудырады (қорқыныш, қорлау). Бұндай мінез-құлық агрессивті мотивтермен көрініс береді: қирату, жою, пайдалану, кесірін тигізу, қастандық жасау және т.б. Когнитивтік деңгейде мұндай мінез-құлықтың дұрыстығын мақұлдайтын нұсқаулардан қолдау табады (нанымдар, мифтер, сенімдер, т.б.). Агрессивті мінез-құлық сипаты көбінесе адамның жасына қатысты ерекшеліктерімен анықталады. Әр жас кезеңі дамуының спецификалық жағдайына ие және тұлғаға нақты талаптар қояды [18,79-74 б.]. Инстинк пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелуінен, ішкі жағдайдың тууы салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуынан агрессия өзгеге бағытталады. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған сыртқы ортаға қатысты жасайды.
К. Лоренц агрессияны – ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. К. Лоренцтің пікірі бойынша агрессия – бұл біткен инстинкт, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет [19]. Адам бұл өзінің әрекетін табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет. Агрессияны зерттей келе, ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады. Агрессия генетикалық фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қала алады. Күшті жануарлар өз ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді. Агрессивтілік бірлесе жасалған функциялардың бірі. Осы мезетте жиналған энергияның саны өнбойынан агрессияның сыртқа шығуына алып келеді. Басқа тіршілік иелеріне қарағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық-зомбылық әрекеттері көбірек кездеседі. К. Лоренцтің пікірі бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына зиян әкелетін әрекетке тиесілі. К. Лоренц осылай келе, агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш деп қарастырады. Сондай-ақ оның айтуы бойынша агрессияны жеңілдетіп, кейбір әрекеттерді бақылауға алуға болады. Оның жорамалы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді. К. Лоренцтің тұжырымы бойынша – достық, жылы қарым-қатынас, махаббат ашық агрессияның ұйшығуын жауып, жеңілдетуі мүмкін [20].
Р. Адридің айтуы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде аңшылықтың жаңа түрі пайда болды: «Біз аштықта болмас үшін – шабуылдадық. Біз қауіпке лайықты қарсы тұрмасақ – онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік. Біз аңшылыққа анатомиялық және физиологиялық жағынан икемделгенбіз». Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Р. Адридің тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкті адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесі ретінде қарастырады [21бойынша, 11 б.].
Батыс психологтары бұл сұраққа назарларын аудара отырып, агрессиялық мінез-құлықты спонтанды қасақана реакциясы ретінде (К. Лоренц, Н. Тинберген), ал агрессивтілікті – фундаментальді адамгершілік қасиеттері ретінде (З. Фрейд, Э. Фромм), фрустрация нәтижесі ретінде (Дж. Доллард, С. Розенцвейг), әлеуметтік негізделуін (А. Басс, А. Бандура), сонымен қатар біреулердің іс-әрекетін интерпретациялау негізінде (Л. Берковиц) қарастырды. Ал, кеңес психологиясында агрессивтілік жағдайы нашар, делинквентті мінез-құлықты, психикалық аурулары бар балаларды тәрбиелеу мәселесімен және патологиялық тұлға мәселесімен байланысты қарастырды (С.С. Корсаков, П.Б. Ганнушкин, В.Н. Мясищев және т.б.) [22 бойынша].
Агрессия – бұл өлімге, қайғыға ұмтылыс (Э. Фромм). Э. Фромм зорлықтың бірнеше формасын көрсетеді: ойын арқылы зорлық, біреуден кек алу үшін, біреу-біреуді өз билігіне жүгіндіруі үшін жасалатын күштеу әрекеті, оны қорғансыз объектіге айналдыру, оған ойына келгенін жасау, балағаттау, қорлау, негізгі мақсат қайғыруға мәжбүр ету. Адам өзі жаңа нәрсені біліп, шығара алмаған кезде, ол өз күшін талқандауға жұмсайды. Яғни, адам дегені болмаған кезде зорлыққа, ашу-ызаға, агрессияға жол береді. Адам бойындағы қайырымдылыққа, махаббатқа, сенімге деген көңілі қалған жағдайда талқандауға кіріседі. Бір нәрседен көңілі қалу өмірді жек көруге әкеліп соқтырады және осыған байланысты зорлық-зомбылық, қатыгездік бір индивидке және топқа қатысты болуы мүмкін. Зорлық-зомбылық талқандауға бағытталса, ал өмірді қорғауға бағытталған – агрессия бұл басқаша түсінік. Реактивті зорлық-зомбылық өзінің бостандығын, мәртебесін қорғауға бағытталған, мұның негізгі мақсаты жою-қалыптастыру болып саналады. Ол адамның адамға эмоциялық қатынасының күрделі құрылымын ұсынды. Мұнда махаббаттың – «жақындық-алыстық» жайлы үшінші өлшемі сөз етіледі.
Э. Фроммның белгілеуінше фрустрациялық қажеттілік пен құмарлық көпшілік арасында әдеттегі құбылыс, агрессия мен зорлық әрдайым көрініп отырады деп атап көрсетті. Ол зорлық пен агрессия мәселесін адамның әлеуметтік мінез-құлқы сұранысымен байланыстырады. Көпшілік топ өз индивидінің нақты ерекшеліктерін, сондай-ақ зорлыққа қатынасын қалыптастырып, мақсатты бағыттайды [23 бойынша].
Агрессия термині әртүрлі мағынаға ие. Әлеуметтік психологтар агрессияның терминологиялық түсініктері жөнінде әлі күнге дейін келісе алмай келеді. Кейбір психологтар агрессияны қандайда бір тірі жанға (Р. Берон, 1994) зиян келтіру және балағаттауға бағытталған жеке немесе ұжымдық мінез-құлық не болмаса әрекет деп санайды. Ал басқалары агрессияны біреуге қастандық келтіруге бағытталған денелік (физикалық) немесе вербальді мінез-құлық ретінде анықтайды (Д. Майерс, 1999) [24]. Д. Майерс кейбір жолдың шетіндегі қақтығыстарды, көлік-транспорттық соқтығыстарды, тіс емдеу кезіндегі келтірілген ауыртпалық сезімдерін, әртүрлі «қоздырғыштарды» және тағы да басқа агрессивті мінез-құлық формаларын бұл жерге жатқызуға болмайды деп санайды.
К. Юнгтің пікірі негізінде агрессияны – зорлық-зомбылық, адам психикасындағы, санасындағы санасыз қимыл әрекет деп түсіндіреді. Индивидтің дау-дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі, жаңаруы. Сондықтан, психологтар агрессияның екі типін бөліп көрсетеді: қастандық агрессия және инструментальді агрессия. Қастандық агрессияның мақсаты – адамға немесе жануарларға зиян келтіру, инструментальды агрессия жағдайында – зиян келтіру бұл өзіндік мақсат емес, бірақ қандай да бір жағымды эгоистік мақсатқа жетудің тәсілі. Қастандық және инструментальды агрессия арасындағы айырмашылықтарды көрсету өте қиын. Егер суық, эгоистік есеппен жасалса, онда ол зорлыққа немесе қатыгездікке айналуы да мүмкін.
Сонымен қатар, реактивті агрессия және аутоагрессияны бөліп көрсетуге болады. Реактивті агрессия фрустрациялық жағдайға реакция ретінде пайда болады және әртүрлі жағымсыз жағдайлармен жеккөрушілікпен, ашу-ызамен жүзеге асады. Аутоагрессия – бұл өзіне-өзі бағытталған субъектінің агрессивті әрекеті [25].
Агрессивтілікті эмоцияның көріну әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай бірнеше теориялар бар. Фрустрациялық теорияда агрессия әрекеті эволюциялық үрдіске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж. Доллард. Оның фрустрациялық теориясы З. Фрейд пен К. Лоренцтың теорияларына қарама-қарсы келді [19]. Ол агрессиялық мінез-құлықты эволюциялық үрдісте қарастырмайды. Оның көзқарасы бойынша агрессия – бұл адам бойындағы автоматтандырылған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдікке жету әрекеттері. Бұл теорияның нақты түсінігі бойынша агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта агрессияны өзіне ілестіреді. Бұл теорияның негізгі жағдайлары төмендегідей:
- фрустрация агрессияға қандай да бір форманы алып келеді;
- агрессия әрқашанда адамның көңілі құлазып, ызалану кезіндегі нәтижесі болып табылады.
Агрессия–фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы. Дж. Доллард және басқалардың фрустрация-агрессия теориясын қысқаша түрінде былай айтуға болады:
1. фрустрацияның кез-келген формасы агрессияға алып келеді.
2. агрессия әрқашанда фрустрацияның нәтижесі болады [26, 26-29 б.].
Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л. Берковиц. Ол «агрессия-фрустрация» схемасына үш маңызды түзетулерді енгізді: фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды; агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды; фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттерді, дағдыға айналдырып отырады. Сонымен қатар агрессия белгілі бір күш көрсету жағынан көрінуі мүмкін.
Осы агрессияның фрустрациялы теориясымен келісе келе, агрессияны автоматты түрде пайда болмайды, ол белгілі бір фрустрацияның салдарынан болады деп қарастырылады. Бұл теорияның дәлелдеуі бойынша біріншіден, агрессия әрқашан фрустрацияның салдарынан пайда болады. Екіншіден, фрустрация әрқашан да өзінің артынан агрессияны алып жүреді, бірақ олардың дәлелдеулері қате болып шықты. Яғни, қандайда болсын агрессия фрустрацияның салдарынан болуы мүмкін емес. Сонымен қатар, қандайда болсын фрустрация агрессияға деген талпыныстың деңгейін көтеруі мүмкін емес деген тұжырымға келеді. Ал, С. Розенцвейг – фрустрацияны ұйшықтандыратын үш себебін бөліп көрсетті: мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмаса, қажеттілігін қанағаттандырудан айрылу «ішкі айрылу» және «сыртқы айрылу» болып бөлінеді. «Ішкі айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты, «сыртқы айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты емес; затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі; дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас [9 бойынша].
Әлеуметтік оқыту теориясы басқа теорияларға қарағанда, мұнда агрессия әлеуметтік ортада қалыптасады, туындайды. Д. Уотсонның қарастыруы бойынша агрессия, зорлық-зомбылық – бұл индивидтің өткен тәжірибесінің қорытындысы, оның іс-әрекетіне қоршаған ортаның әсері. Әлеуметтік оқыту теориясы – бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үрейленуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам іс-әрекетінің құрылымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтан бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі – бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлелдер бойынша ата-ана әрекеті, агрессияның ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана - агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А. Бандура. Ол агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді [27 бойынша]:
- әрекеттерді меңгеру тәсілдері;
- олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;
- оларды нақтылайтын жағдайлар.
Агрессия мен агрессиялықты зерттеген шет елдік зерттеулер мына жағдайларды анықтайды [27 бойынша, 32 б.]:
1) Агрессиялық мінез-құлықты туа берілген деп түсіну (инстинкті теория өлім инстинкті –З.Фрейд, А.Фрейд, күрес инстинкті – К. Лоренц және басқалары). Неопсихоаналитиктер агрессиялық мінез-құлықтың тамырларын индивидтердің әлеуметтік өзара әрекеттеріне көшіруде өз қиындықтары болады, ең алдымен адамның әлеуметтік сипатын абстрактілі антропологиялық сана ретінде ұғынудағы қиындық болды.
2) Агрессияны фрустрация жағдайымен шақырылған деп түсіну (Д. Доллард және басқалар).
3) Агрессияны өмірде меңгерген мінез-құлық деп түсіну; әлеуметтік үйрену теориясы (А. Бандура, А. Басс).
Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивті әрекетті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекетінің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуіне оның мотивациялық күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – даму күшінің тежелуіне алып келеді.
Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғаныс түсінігі – бұл қандай да бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен немесе сөзсіз қатынастарды бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету немесе күлу, достық немесе қастандық шарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі: жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандайда бір стимул оны ұйшықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады; жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реакцияны ұйшықтыратын стимул. Басқа да қорғаныстың түрлері көп, мысалы: жазалау немесе көтермелеу. Әдетте қорғаныстың төрт түрін қолданады:
1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қорытындысы болғаны;
2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы дейміз.
3. Егер реакцияның соңынан – жағымсыз қорғаныс ілессе, онда жағымды жағымды жазалаудың қорытындысы болғаны;
4. Егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қорытындысы болғаны.
Бала агрессияны көтеруде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы дағды қалыптасады.
С.Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияны үш негізгі функцияға бөледі:
1. Агрессия өзінің «Мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы.
Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «Мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанда-ақ өзін нақтылау үшін, агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;
2. Агрессия – бұл психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни «текені босату»;
3. Өз мақсатына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді».
Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге асыра жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін.
Аутоагрессия – бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәләу болмаса, қандай да бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта осы мәселемен психосоматикалық ауру өзекті орын алуда. Л. Берковицтің пікірі бойынша, агрессия әрекетін қадағалауға болады. Д. Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған кезде, оны бақылауға алу мүмкін емес [14 бойынша]. К. Роджерс, В. Франкл, Ф. Берлз және т.б. еңбектері агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп, түсіндіреді.
К. Роджерстің қарастыруы бойынша, агрессия мен зорлық индивидтің бостандығын таңдау мүмкіндігін, шектеуге мәжбүр еткенге қарсы әрекеті. Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі.
Агрессия бұл организмнің тәжірибеге жауабы, яғни қауіп төнетін жағдайда индивидтің өз жағдайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністері мен қаупі күшейіп, олардың оны бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады, сондықтан оған еркіндікті емес, әрекетті таңдау шектелген. К. Роджерстің айтқанындай «агрессия – бұл шектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің жауабы» [28, 27-30 б.].
Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттің теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Кеңес психологиясында алғашқылардың бірі болып агрессия мен фрустрацияны қарастырған Н.Д. Левитов [29, 118-129 б.].
Бүгінгі таңдағы психологиядағы агрессия мәселесіне нақты жинақталған бағыттарының (фрейдизм, бихевиоризм және т.б.) «агрессия» терминіне ортақ түсініктің жоқтығы. Мысалы: К. Бютнер түсінігі бойынша «агрессия сезімінің астында өз серіктестігін балағаттап, жаралап, оны құртуға бағытталу» [15]. А. Басс агрессия мен қастандықты бөліп қарастырды, олар барлық уақытта үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды. А. Басс және А. Дарки агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальды және жанама агрессияның көріністеріне сүйенеді. Авторлардың түсінігі бойынша қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік деп түсіндіреді.
Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоятын болсақ: «агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап алу өте қиын. Ғылыми тұрыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұсындағы бір-біріне өзара байланыстарын көре білу қажет» деген. Агрессияның жан-жақты әр түрлі қатынасына қарамастан, қазіргі кезде көп жағдайда мынадай түсінік қалыптасады: агрессия – бұл балағаттауға болмаса тірі жанға зиян келтіруге бейімделген әрекеттің қандай да бір формасы.
Н.Д. Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігі деп көрсетті. Екіншіден, «агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару керек. Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ұйшығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы болуы мүмкін. Г.М. Бреслевтің айтуы бойынша, «баланың өзін тануындағы, дамуындағы кейбір әркеттерін, яғни этика критериясының шеңберіне жатпайтын әрекеттерімен бағалау – бұл әдістемелік қателік» [30 бойынша].
Н.Д. Левитов агрессиялы жағдайдың танымдық, эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады: танымдық жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу; эмоциялық компонент – ашу-ызаның келуі, санасыз жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін қадағалай алмауы; жігерлілік компоненті – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды құндылықтарын көрсете білу – ол мақсаттылығы, табандылығы, шешім қабылдағыштығы және күштілігі мен иницативтілігі. Агрессиялы жағдай көп жағдайда күрес үстінде көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялы әрекетінде бұл құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді. Баланың ерте дамуында агрессияны қажетті деңгейде түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді реттеуге, жағдайды дұрыс бағалай білуге және өз әрекетінің соңын, өз көңіл-күйін меңгере алмаған жағдайда ғана көреді.
Баланың мәселелі моральдық әрекетінің нәтижесі Л.С. Выготскийдің «Педагогикалық психология» атты атақты еңбегінде жақсы ашылып айтылған. Сонымен қатар, Л.С. Выготский мінез-құлық өзара әрекет үрдісі және ағзаның ортамен қатынасын бағалау нәтижесі ретінде эмоцияны былай түсіндірді: «Эмоция мінез-құлықтың сынды минуттарындағы реакция, мінез-құлықтың дәлме-дәл нәтижесі», - деді. Эмоциялық күй жағдайдың сырт көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне көбірек көңіл бөлініп, оның қимылын саналы түрде басқарып дамыту қажет делінген [31, 246-260 б.].
Эмоциялық күйін ұстай білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа формаларымен байланыстыру, жан-жақты мақсатты бағыттау қажет. «Айналадағы стрессорлар» агрессия үшін маңызды рөл ойнайды, бұл ортаның, болмаса жағдайдың ерекшеліктері агрессияның ұйшығуын көтеретін мүмкіндіктер болуы мүмкін. Мұндай себептердің көпшілігі физиологиялық ортаның күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның жоғары температурасы агрессияның көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы: дабыр-дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, ауа ластанған жағдайда (мысалы: темекінің түтіні, т.б.) агрессиялық реакция күшейеді.
Әртүрлі жағдайлардағы тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивидті агрессиялы реакцияға итермелеуі мүмкін. Агрессия күшеюі де мүмкін және жағдайға байланысты басылуы да мүмкін, ол тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін тигізеді.
Жоғарыда атап кеткендей, агрессия мен фрустрация тығыз байланысты. Д. Креч және оның жақтастары фрустрацияны адамның жеке қажеттіліктеріне қарама-қайшылықтар және шектеулердің нәтижесі ретінде қарастырады. Кикілжің мен фрустрация бір-бірімен конструктивті (жағдайларды қайта бағалау, мақсатқа жету тәсілдерін ауыстыру) және деструктивті (агрессияның пайда болуы мүмкін) түрде болады [32].
Адам қимылын жинақтап қарағанда өзін әлеует реакциясының құрбаны, болмаса дұрыс жинақылық уәкілі, яғни өз ойын бұқаралық түрде айтады: адам өзінің ойы мен қайғысына көп көңіл бөлген жағдайда өзіне деген өзінің сезімі жайында айтады. Жоғарыда көрсетілген екі типтің де тұлғалық саналылығы агрессиялық реакцияның төмендеуіндегі мүмкіндік қаблеттілігінде. Осы тақырыпқа байланысты Т.Г. Румянцева былай дейді: «әдістемелік және тұжырымдамалық теорияның негізі, адамзат агрессиясы қазіргі заман философиясының жоғары даму деңгейіне тура келмейді, теорияның ауқымды бөлімі бекіту негізін құрайды» деген. Адамзат агрессиясы қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Осы соңғы айтылған жолдарды тұжырымдай келе, бала агрессиясы жайындағы кейбір психологиялық теориялардың өзектілігіне көбірек көңіл бөлсек жөн болар еді.
Психолог А.А. Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет, мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік осындай әрекетке дайындық. Агрессияның танымдық компоненті жағдайды қауіп-төндіруші жағынан түсіну арқылы бағдарланумен байланысты. Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Агрессия әлеуметтік формамен меңгерілетін ерекше мінез-құлық. Мінез-құлықтық көзқарастың келесі бір мүшесі А. Бандураның айтуынша, егер адам балалық шағында адамдардың, яғни өз ата-аналарының агрессивті мінез-құлқының көріністерін көретін болса, онда олар еліктеудің күші ретінде агрессивті әрекеттерге үйрене бастайды. Зерттеулер бойынша бала қандай жанұяда тәрбиеленетін болса, өскенде олар сол мінез-құлық көрінісін көрсетеді, мәселен өз үйлерінде өздерін қалыпты ұстайды да, ал құрбы-құрдастарымен және басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде өздерінің агрессивтілігін көрсетеді [33].
Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда да индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде ол мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке алып келеді. Агрессивтіліктің көрініс беруі бірқатар параметрлермен анықталады (П.Б. Ганнушкин): агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын жағдайдың дәлме-дәл емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жағдайда вербальды формада, ал ауыр жағдайда физикалық ауто және гетеро агрессия түрінде көрінеді [26, 26-27 б.].
«Агрессия» ұғымының мазмұнына байланысты негізгі көзқарастарды талдау агрессияны адамның қоғамдағы өмір сүру құқықтары мен ережелеріне қайшы келетін, шабуыл жасау объектісіне кесірін тигізетін, оларға тәндік нұқсан келтіретін немесе оларда психикалық ыңғайыссыздықтарды (уайымдар, күйзеліс күйі, қорқыныш және т.б.) тудыратын түрткі - зиян тигізуші мінез ретінде түсінуге себеп болды.
А. Бастың айтуы бойынша агрессияны үш негізгі шкала бойынша жіктеуге болады: физикалық – вербальды, активті – пассивті, тікелей – жанама. А. Басс бойынша агрессия категориялары (1- кестеде) көрсетілген [13 бойынша, 70-71 б.].

Кесте 1.1.1 - А. Басс бойынша агрессия категориялары




Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет