Зерттеу әдістері: Деректерді қарастыруда индукция, дедукция әдістерін қолдану, бақылау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Нақты әдістерге тоқталатын болсам:
халықаралық ұйымдар мен ҚР Статистика агенттігін зерттеу;
Жергілікті билік жүйесіндегі ҚР заңнамасын талдау;
Жергілікті билік тақырыбы бойынша қазақстандық және шетелдік әдебиеттерді талдау;
Деректерді жүйелеу;
Ашық ресми дереккөздер (ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі);
Деректерді салыстырмалы талдау.
Ғылыми жаңалық:
Жергілікті биліктің саяси өміріндегі болып жатқан процестерге терең талдау жүргізе отырып, жергілікті билік институттарын дамыту тұжырымдамасын және оның жергілікті жерлерде орындалуын талдау арқылы жергілікті халықтың құқықтарын бағалау және жергілікті халықтың билікке деген сенім дәрежесін статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсету.
Ғылыми тұжырымдама:
1. Қазіргі жағдайда жергілікті жерлерде қабылданған шешімдердің жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал ету қажет. Осы салада сапа менеджменті жүйесінің қажетті деңгейде болмауы жергілікті билік тарапынан көрсетілетін қызметтерге халықтың қанағаттануын төмендетеді.
2. Қазіргі жағдайда жергілікті билік институттарының жұмысын ашық түрде жүргізу арқылы жергілікті халықтың билікке араласуының маңыздылығын түсінуіне ықпал етеді.
3. Жоспарлы жиындар өткізу арқылы жергілікті азаматтардың құқықтарын іске асыруда бар проблемаларды сапалы шешуге, арнайы бөлінген қаражатты қажетті, дұрыс бағытта жоспарлауға және пайдалануға ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Жергілікті билік институттарының қалыптасуы және саяси билік жүйесіндегі рөлі тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми шығарылымдарды талдау арқылы, оларды саясаттану курсының қажетті кезеңдерінде қолдану рөлін арттыру.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен – 1-бөлім үш бөлімшеден және 2-бөлім төрт бөлімшеден, пайдаланған дереккөздер тізімінен, қорытындыдан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |