Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков



бет4/30
Дата18.04.2023
өлшемі281.58 Kb.
#472372
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
zjoldasbekov

Дипломдық жобаның маңыздылығы. Газ-түтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі - ГТҚҚ) – Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің басқару органдарында (бұдан әрі – басқару органдары), өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде және өрт-техникалық оқу орындарында ұйымдастырылатын арнайы штаттық немесе штаттық емес қызмет. ГТҚҚ тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі заман талабына сай құрылыста күннен-күнге әр-алуан құрылыс материалдары шығуда. Олардың ішінде пластикалық терезе есіктер, ғимарат сыртын қаптайтын алюкобонд, шатыр жабындылары, декоративті қабырға жабқыштар т.б., олардың барлығыда әсем, қолдану мірзімі ұзақ, құрылыста қолдануы оңай, әрі бағасы да тиімді, бірақ аталған жетістіктермен бірге жағымсыз жағын да ұмытпаған жөн. Атап айтсақ аталған құрылыс материалдардың барлығы жану қасиетіне ие және жанған кезде түтінді, улы заттарды көптеп бөліп, температура жоғарылап, салдарынан материалдық құндылықтардың жойылуы және адамдардың зардап шегу қауіпі әлде қайда жоғарылайды. Барлық өрттердің сараптамасын жүргізетін болсақ, үлкен ғимараттарда өртті сөндірудің көбісін тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының(әрі қарай - ТОЖҚҚ) көмегінсіз жүргізу мүмкін емес. Ал ТОЖҚҚ-ды қалыпты ақаусыз күйінде жұмысын қамтамасыз ету ГТҚҚ базасының бірден бір тікелей жұмысы. Сондықтан да тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын сапалы, әрі қауіпсіз жүргізу мақсатында барлық талаптарға сай ГТҚҚ базаларын құру өртке қарсы қызмет органдарының басты міндеттері және тапсырмалары болып табылады. Жоғарыда аталған себептер бойынша дипломдық жобаның тақырыбы маңызды деп айтуға болады. ГТҚҚ базасының өндірістік қызметі, өндірістік учаскелерінің, қызметтік және қосалқы үй-жайлардың, жабдықтардың, техникалық қызмет көрсету және жеке тыныс органдарын қорғау құралдарының(әрі қарай - ТОЖҚҚ), арнайы қорғау киім-кешегін, компрессорлық жабдықтың жөндеуін, сақтауын, ауа (оттегі) баллондары мен регенеративті патрондарды толтыруын және сақтауын қамтамасыз ететін жеке құрамның бір бірімен байланысты кешені болып табылады.
ГТҚҚ базасының негізгі міндеттері:

  • өндірістік техникалық базаны жетілдіру;

  • өндірістік жабдықтарды ұтымды орналастыру, дамыту және тиімді қолдану;

  • басқару органдарымен, бөлімшелермен, мекемелер мен ТОЖҚҚ өндірушілермен іс-әрекет жасау;

  • техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізудің прогрессивтік формалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу;

  • ГТҚҚ базасының лауазымды тұлғаларының кәсіби шеберліктерін арттыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет