1.6 Баллондарды техникалық куәландыруға қойылатын талаптар
Ауалы (оттегі) баллондарды техникалық куәландыру жұмысы ГТҚҚ базасында және осы қызметке рұқсат етілетін басқа мекемелерде, сондай-ақ куәландыруды сапалы жүргізуді қамтамасыз ететін жеке, арнайы жабдықталған үй-жайларда, техникалық құралдарда жүргізуге болады.
Баллондарды куәландыру мерзімдерін, әдістерін және мерзімділігін шығарушы зауыт белгілейді және баллонның паспортында және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
Техникалық куәландыру жұмыстарына қойылатын талаптар 3-қосымшада көрсетілген.
Куәландыру нәтижелері баллондарды техникалық куәландыру журналына енгізіледі.
Министрліктің аймақтық органдарында тіркелмейтін баллондарды техникалық куәландыру қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалануда қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғамен жүргізіледі.
Ауалы (оттегі) баллондардың гидравликалық сынаулары баллондарды гидравликалық сынауға арналған сынау пунктінің арнайы сынау стендінде, сондай-ақ сапалы сынауларды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін баллондардың, жабдықтың, құрал мен материалдардың герметикалығын тексеруге арналған ванна болған жағдайда жүргізіледі.
Жабдықтың, құралдар мен материалдардың нақты тізбесін шығарушы зауыт баллондарға қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта көрсетеді (баллонмен жеткізіледі). Сынақ жүргізу тәртібін баллонды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта шығарушы зауытпен көрсетеді.
Оттегі және ауа баллондарын сынау жұмыстарын бір жабдықта жүргізуге жол беріледі.
Сынауға арналған, сынаудан өткен немесе жарамсыз болып табылған баллондар «Сынаққа», «Сыналған», «Жарамсыз» деген жазулары қойылып, бөлек сөрелерде сақталады.
Ескертпе: Ыдысты сумен толтырғанда ыдыс ауадан толық босатылуы тиіс. Егер пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (паспортта) нақты температура мәні көрсетілмесе су 5ºС төмен емес және 40ºС жоғары температурасымен қолданылуы тиіс.
1.7 ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінде ГТҚҚ заттарын ұстауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптар
Ақаусыз (тексерілген) және ақауы бар (тексеріске дайындалған) ТОЖҚҚ ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінде бөлек-бөлек тігінен немесе көлденең қалпында сақталады. Олар тораптары мен бөлшектеріне зақым келтірмейтіндей шкафтар мен сөрелердің ұяшықтарына жиналады. Ұяшықтардың жұмыс беттері (түбі мен қабырғалары) амортизациялау материалымен жабылады.
ГТҚҚ бақылау бекетінде оқшаулағыш газқағарлар мен тыныс алу аппараттарын сақтауға арналған әрбір ұяшық аппараттың нөмірі мен олардың иелерінің аты-жөні көрсетілген маңдайшамен жабдықталады.
Тыныс алу аппараттарының (маскалардың) жеке өң жақтары жеке ұяшықтарда, қорғайтын қаптамаларда шкафтарда немесе сөрелерде сақталады. Бөлімше басшылығының қалауынша ұяшықтар құлыпқа жабылуы мүмкін. Әрбір ұяшық пен масканың қаптамасы масканың инвентарлық нөмірі мен иесінің аты-жөні белгіленген маңдайшамен жабдықталады. Әрбір маскаға инвентарлық нөмір есепке қояр алдында дайындау кезінде қойылады.
Резервке қойылған ТОЖҚҚ, баллондар мен регенеративті патрондар ГТҚҚ бақылау бекетіне жөнделіп, таза және қолдануға дайын қалпында орналастырылып, сақталады. Стеллаждарға (шкафтарға) «Резервті» деген жазу басылады.
Толтырылған және бос ауа (оттегі) баллондарын сақтау «ТОЛТЫРЫЛҒАН», «БОС» деген жазулар басылатын, сөрелерде бөлек-бөлек қамтамасыз етіліп.
Баллондарды тік күйінде, сондай-ақ көлденен қалпында сақтауға болады. Көлденең қалпында олар ағаш жиектемелерде немесе стеллаждарда сақталады. Баллондардың бұрамалары бір бағытқа қаралуы тиіс.
Тік қалпында сақтағанда баллондар арнайы жабдықталған ұяшықтарда (ұяларда) сақталуы немесе бөгетпен қоршалуы тиіс.
Бос және толтырылған баллондарды тасымалдау және сақтау бұралған қалпақтармен жүргізіледі.
Арнайы қорғайтын киім-кешек комплектілері бірін бірінің үстіне қоюға болатын, бірақ тігінен екі қатардан асырмай, буып түю сөмкелерінде сақталады. Бұйымдарды құрғақ жылуы бар үй-жайда, күн сәулесінің түсуінен сақтап, жылыту құралдарынан 1 м кем емес қашықтықта сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |