Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков


Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары



бет5/30
Дата18.04.2023
өлшемі281.58 Kb.
#472372
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
zjoldasbekov

Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары. Дипломдық жобаның мақсаты – барлық талаптарға сай ГТҚҚ базасының жобасын дайындау. Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:



  • ГТҚҚ базасына және үй-жайларына қойылатын талаптардын анықтау;

  • ГТҚҚ базасының жедел-тактикалық мінездемесін анықтау;

  • Талаптарға сай базаның жобасын ұсыну;

  • Екі ГТҚҚ базасынына салыстырма жүргізу;

  • ГТҚҚ базасында жұмыс істеу ережесін және техника қауіпсіздік талаптарын анықтау.

1. ГТҚҚ базаларының жұмыстарын ұйымдастыру

ГТҚҚ базасының өндірістік қызметі, өндірістік учаскелерінің, қызметтік және қосалқы үй-жайлардың, жабдықтардың, техникалық қызмет көрсету және жеке тыныс органдарын қорғау құралдарының(әрі қарай - ТОЖҚҚ), арнайы қорғау киім-кешегін, компрессорлық жабдықтың жөндеуін, сақтауын, ауа (оттегі) баллондары мен регенеративті патрондарды толтыруын және сақтауын қамтамасыз ететін жеке құрамның бір бірімен байланысты кешені болып табылады.


ГТҚҚ базасының негізгі міндеттері:

  • өндірістік техникалық базаны жетілдіру;

  • өндірістік жабдықтарды ұтымды орналастыру, дамыту және тиімді қолдану;

  • басқару органдарымен, бөлімшелермен, мекемелер мен ТОЖҚҚ өндірушілермен іс-әрекет жасау;

  • техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізудің прогрессивтік формалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу;

  • ГТҚҚ базасының лауазымды тұлғаларының кәсіби шеберліктерін арттыру.

ГТҚҚ базасының жұмысын арнайы теориялық және практикалық оқудан өткен және жоғары қысымдағы ыдыстар мен компрессорлық жабдықтарды пайдалану құқығына куәлігі бар ГТҚҚ базасының бастығы және (немесе) ГТҚҚ аға шебері (шебері) қамтамасыз етеді. ГТҚҚ базасына жұмыс істеуге рұқсат Министрліктің аумақтық органының бұйрығымен рәсімделеді.
Штаттық аға шебері болмаған жағдайда бұл міндеттер ГТҚҚ бастығының ұсынымы бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес басқару органының, бөлімшенің, мекеменің тиісті дайындықтан өткен және ГТҚҚ базасында жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметтеріне жүктеледі.
ГТҚҚ базасы өз қызметінің мәселелері бойынша, базасында құрылған басқару органына, бөлімшеге, мекемеге бағынысты болады, ал жедел және ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты өртке қарсы қызмет гарнизонының ГТҚҚ бастығы жүзеге асырады.
ГТҚҚ бірнеше өртке қарсы бөлімшелерге қызмет көрсете алады. Бекіту Министрліктің аумақтық органының бұйрығымен жасалады. Бұл ретте келесі критерийлер мен ұсыныстар ескерілуі тиіс:

  1. ГТҚҚ базасының қызмет көрсету радиусы 100 км аспауы тиіс, сонымен қатар облыс аумағының әкімшілік бөлінуі ескерілмейді (бөлімшелердің әр түрлі аудандарға бағыныстылығы);

  2. ГТҚҚ бір ғана шебері елуден аса тыныс алу аппаратына (ООГ) қызмет көрсету ұсынылмайды.

ГТҚҚ бар бөлімшенің алыс орналасқан және саны аз болған жағдайда оның базасында ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету үшін жабдықталған ауа толықтырғыш пункті ұйымдастырылады.
ГТҚҚ базасы өз қызметін жоспарлау, талдау және есеп беру негізінде жүргізеді.
ГТҚҚ аға шебері (шебері) техникалық қызмет көрсетудің, ТОЖҚҚ жөндеуін жүргізудің жылдық кесте-жоспарын және жылдық жоспар негізінде айлық кесте-жоспарлары, сондай-ақ ГТҚҚ техникалық құралдарын жөндеу және куәландыру бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды әзірлейді.
Жылдық жоспар мен айлық кесте-жоспарларына тікелей бастық келісім береді және Министрліктің аумақтық органымен басқасы белгіленбеген жағдайда, газ-түтіннен қорғау қызметінің бастығымен бекітіледі.
Осы құжаттарды, басқа критерийлермен қатар, ресурстар қажеттілігінің есебі мен негіздемесі үшін өндірістік алаңдарда, технологиялық жабдықта, құралдарда, аспаптарда, жөндеу жиынтықтарында, шығындалған материалдарда қолдануға бола береді.
ГТҚҚ базасы табельдік тиістілік нормалары бойынша сәйкес жабдықтаумен, құралдармен және мүліктермен қамтамасыз етіледі (қосымша1).
ГТҚҚ базасында орналасқан табельді жабдық, мүлік және құрал тізімдемеге сәйкес белгілі орындарда орналастырылып, тек тікелей мақсатына қарай қолданылуы тиіс
ГТҚҚ базасында қосалқы бөлшектер мен материалдар болмаған жағдайда олармен қамтамасыз ету ТОЖҚҚ, компрессорлық жабдық, арнайы қорғау киім-кешегі мен бақылау құралдарының типтері бойынша, қолданыстағы тізімге сәйкес Министрліктің аумақтық органдарымен жүргізіледі.
ГТҚҚ базасы жеке тұрған ғимараттың бірінші қабатына немесе өрт сөндіру депосының қосалқы үй-жайларында орналастырылуы тиіс. Олар басқа ғимараттар мен үй-жайлардан өртенбейтін қабырғалармен оқшаулануы тиіс және сыртқы жағынан жеке есігі болуы керек.
ГТҚҚ базасының кем дегенде екі есігі болуы, соның ішінде толтыратын пункттен тікелей сыртқа қарай шығатын бір есігі болуы тиіс. Есіктері сыртқа қарай ашылуы тиіс.
Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасының келесі үй-жайлары болуы тиіс:
1) ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинеті;
2) (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық ;
3) жөндеу шеберханасы;
4) жуып-шаятын және кептіретін үй-жай;
5) ауа толтырғыш пункті;
6) баллондарды сынау пункті.
Оқшаулау газқағарларына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ГТҚҚ базасында келесі үй-жайлар болуы тиіс:
1) ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинет;
2) (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық;
3) жөндеу шеберханасы;
4) жуып-шаятын және кептіретін үй-жай;
5) химиялық сіңіргіш пен регенеративті патрондар жарағын сақтау;
6) оттегін толтырғыш пункті;
7) баллондарды сынау пункті.
Оқшаулау газқағарлар мен тыныс алу аппараттарына бір мезгілде қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу кезінде ГТҚҚ базасында бөлек үй-жайлар болуы тиіс.
Қызметіне арнайы қорғау киімдеріне қызмет көрсету және жөндеу кіретін ГТҚҚ базасында оларды сақтау және қызмет көрсету, жөндеу, тазарту, кептіру үшін қосымша жағдайлары болуы тиіс.
Арнайы қорғау киімін жөндеу жұмысын жүргізетін қосымша үй-жайдың сорып алатын желдеткіші болуы тиіс.
ГТҚҚ базасы үй-жайларының алаңы өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сәйкес реттеледі.
ГТҚҚ базаларының үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдық 65 % аспағанда орташа ауа температурасы 15-20 º С сақталуы тиіс.
ГТҚҚ базасындағы барлық үй-жайлардың атаулары, белгілері және реттік нөмірлері болуы тиіс.
ГТҚҚ базасында басқару органы, бөлімше, мекеменің бұйрығы бойынша бірінші комплектінің кілттері жұмыс уақыты аяқталған соң сақтауға өткізілетін үй-жайлар тізімі жарияланады. Cақтау орны мен жағдайлары да бұйрықпен белгіленеді.
Арнайы журналға Бірінші комплектінің кілттерін қабылдау және беру туралы жазу жазылады.
Үй-жайлардың екінші жинақтың кілттері ГТҚҚ базасы орналасқан тікелей қарамағында болатын басқарма, бөлімше, мекеме бастығында сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет