1.1 Аппараттық үй-жайларға қойылатын талаптар
Аппараттық үй-жайлар тексерілген ТОЖҚҚ-ны, толтырылған оттегі (ауа) баллондарын, жабдықталған регенеративті патрондарды сақтау үшін сөрелермен немесе шкафтармен жабдықталады.
ТОЖҚҚ-ны, баллондар мен регенеративті патрондарды сақтауға арналған шкафтар мен сөрелерді от жағатын және жылытқыш құралдардан кем дегенде 1,0 м. қашықта орналасуы тиіс.
Аппараттық үй-жайларда базамен қызмет көрсететін газдардың (тыныс алу аппараттарының) жалпы санынан оттегі (ауа) баллондары мен регенеративті патрондардың кем дегенде 50 % сақталуы тиіс, олардың кем дегенде 75 % үнемі толтырылған (жабдықталған) болуы тиіс.
ООГ және шағын литражды ауа баллондарын сақтауға арналған үй-жайлар сорып алатын желдеткішпен жабдықталған болуы тиіс.
Егер аппаратық бір мезгілде бақылау қауіпсіздік бекетінің қызметін атқаратын болса, онда тиісті жабдықтар орналастырылып, кезекші қарауылдың барлық газ-түтіннен қорғаушылары бір мезгілде ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін жағдайлар жасалуы тиіс.
1.2 Шеберхана үй-жайларына қойылатын талаптар
№ 3 тексерісті жүргізуге және тыныс алу аппараттары мен оқшаулайтын газқағарлардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайлар жұмыс орындарымен жабдықталуы, қажетті жабдықтармен, құралдармен, құжаттармен және жұмысты орындаудың қолайлығы мен технологиясын қамтамасыз ететін басқа да құралдармен қамтамасыз етілулері тиіс.
Жұмыс орындарын аса жарықтандырылған, табиғи жарығы бар жерлерде орналастыру керек. Табиғи жарықтандырудың болуына қарамастан, жұмыс орындары, сондай-ақ жасанды жарықтандырумен, оның ішінде жылжымалы жарықтандыру құралдарын қосуға арналған тұрақсыз тоқ розеткаларымен жабдықталуы тиіс.
Оқшаулайтын газқағарлар мен тыныс алу аппараттары тораптарын толық талдайтын учаскелердегі қабырға бетінің, төбелердің, жұмыс столдары мен стендтерін бояуды, бөлшектердің сапасын көзбен шолып бақылауды, бөлшектердің (жинақтау бірліктердің) бақылау беттерінің айқындылығын күшейту үшін, тексеруді немесе бақылауды жүргізетін лауазымды тұлғалардың жалпы шаршауын басатын ашық түсті бояуларымен жасалуы тиіс.
ГТҚҚ базасының персоналы жабдықтау жұмысының қалыпша технологиялық режимін қатаң сақтауға тиіс, үнемі оның техникалық қалпын бақылауға, тазалықта ұстауға, бұзылған жерлерін уақытылы жөндеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |