Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков



бет9/30
Дата18.04.2023
өлшемі281.58 Kb.
#472372
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
zjoldasbekov

1.8 ГТҚҚ құжаттамасы

Газ-түтіннен қорғау қызметі құрылған басқару органдарында, бөлімшелерде, мекемелерде құжаттама 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.


Газ-түтіннен қорғаушылардың жеке кәртішкелерін тіркеу үшін басқару органының, бөлімшенің, мекеменің басшысы жеке кәртішкелерін тіркеу журналын жасайды, оның ішіне келесі мәліметтер енгізіледі:

  • кәртішкенің нөмірі (алғашқы тіркеу кезінде бөлімшенің нөмірінен және журналдағы реттік нөмірден қалыптасады, мысалы: «22-5» немесе «СО-78», басқа бөлімшеге ауысу кезінде нөмір өзгертілмейді);

  • жеке кәртішке жасалатын лауазымды тұлғаның атағы, лауазымы, Т.А.Ә;

  • алғашқы медициналық куәландыруды өту датасы;

  • алғашқы оқытуды (курстық) өту туралы мәліметтер;

  • алғашқы аттестациялаудың нөмірі мен датасы;

  • ТОЖҚҚ бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен датасы;

  • жеке кәртішкесін жоғалған фактісі туралы, жоғалған жеке кәртішкенің орнына жаңа кәртішкесін беру туралы, жаңа жұмыс орнына кәртішкені жіберу туралы және тағы басқа кәртішке иесімен расталған мәлімет;

газ-түтіннен қорғаушылардың жеке кәртішкелерді есебі журналынан өткен жылға барлық мәліметтер, жылына бір рет (жылдық есеппен) кесте түрінде газ-түтіннен қорғаушылардың есеп журналы формасында газ-түтіннен қорғау қызметі бастығына жіберіледі:
Газ-түтіннен қорғаушының жеке кәртішкесі жоғалған жағдайда көрсетілген кәртішкенің лауазымды тұлғасы-иесі жеке кәртішкенің жоғалған жағдайларын көрсетіп өзінің тікелей бастығына жедел жазбаша түрде жеткізуге міндетті. Жоғалған кәртішкені қайтадан алу үшін өтінішті қаратып жазған басшы 5 күн ішінде хабарлауды алған соң жаңа кәртішкені ресімдеп белгіленген тәртіпте лауазымды тұлғаны кезектен тыс медициналық куәландыруға жібереді. Медициналық куәландыру нәтижелерін газ-түтіннен қорғаушының жаңа кәртішкесінің бланкісіне енгізіледі.
Қайта жеке кәртішке тек алғашқы (курстық) оқу мен алғашқы (немесе қайта) ТОЖҚҚ қызметіне құқығы бар аттестациясы бар жағдайда ғана беріледі.
Бланкінің оң жағындағы жоғарғы бұрышына «Осы кәртішке жоғалған кәртішкенің орнына берілген» деген жазу басылады, төменірек негіздеме, берілген күні және оны берген лауазымды тұлғаның жеке қолы көрсетіледі.
Қайта жаңадан ашылған кәртішкеге кеңсе мәліметтері болған жағдайда ғана ТОЖҚҚ бекітілген газ-түтіннен қорғаушы өткен кезеңде қолданған мәліметтер енгізіледі.
Газ-түтіннен қорғаушы Министрліктің органдарында еңбек қызметі тоқтағанда немесе газ-түтіннен қорғау қызметі функцияларымен байланысты емес қызметі бойынша ауыстырылғанда жеке кәртішкесі барлық қозғалу және сақталу кезеңіне жеке ісіне енгізу үшін кадрлар қызметіне жіберіледі. Егер жұмыс (оқу) орнын ауыстыру кезінде газ-түтіннен қорғаушының қызметі газ-түтіннен қорғау қызметімен байланысты болса, кадрлар қызметі жеке істі алған кезде бекітілген тәртіпте газ-түтіннен қорғаушының жеке кәртішкесін жаңа жұмыс (оқу) орнына жібереді.
Ескертпе: газ-түтіннен қорғаушылардың жеке кәртішкелерін тіркеу кітабына тек қана алғашқы ақпарат енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет