Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр


Найзағайдан қорғау жүйесінің құрылғысы



бет20/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
salmirzayli

Найзағайдан қорғау жүйесінің құрылғысы. 3 - сурет

1.Бастиекті ұстағыш 2.Қолдау полюсі 3.Пьезоэлектрических стимуляторы


5 бөлім. Мұнай құю терминалындағы жабдықтар мен өрт пен жарылысқа қарсы құрылғыларды орнатудағы өрт қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс шаралардың жоспары.


5.1. Бірінші және екінші атмосфералық тоқтың пайда болуынан сұйық қоймалардағы қорғаныс шараларының бағалануы.
Тікелей және электростатикалық пен электромагниттік атмосфера тоқтарының құбылыстары сұйық қойма мен сұйық қойма паркіндегі өрт пен жарылыстың пайда болуының бірден бір себебі болып есептелінеді. Көп жағдайда атмосфералық тоқтың пайда болуы ең күшті тұтанудың көзі болып табылады. Егер олардан қорғану шараларын жұргізбесе іұтегі және сырттағы жанғыш заттар өртеніп кетеді.
Сұйық қойманың беті металл қақпақпен жабық болған жағдайда,тікелей найзағай түссе сұйық қойманың қабырғалары қызып ,өздігінен жанатын қоспалар немес сұйық қоймалар жанады.
Металл қақпақтар тек қақпақ қалыңдығы 4 миллиметрден төмен болған жағдайда ғана еруі мүмкін. Максимум қызу 1-2 секундтан кейін ғана пайда болады. Суретте найзағайдан жарақаттанған жердің максимум қызуы көрсетілген. Бұл сурет найзағай түскен кезде аппарат қабырғаларының мықтылығын сақтап қалу үшін және сұйық қоймаларға найзағай түскен кездегі өрт қауіпсіздігін бағалау үшін өте қолайлы.


1 - График.
20000*С қызуы бар найзағай каналы байланысқа түскен кезде кез-келген жанғыш заттарды тұтандырып жібере алады және дәл осы жағдай өрттің пайда болу салдарына алып келеді.
Сонын ішінде өртке қауіпті және найзағайдың тікелей түсуін өзіне тура қабылдайтындар қатарына темір бетоннан жасалынған сұйық қоймалар жатады.
Қақпақтарының жұқалығы 4 мм ден төмен болатын сұйық қоймаларды және демалу қақпақтарын,жеке, көлемі 200 м ден төмен болатын сұйық қоймаларды найзағай сәулесінің тікелей түсуінен сақтау үшін оларды жертөлелерде, яғни жер астында сақтау керек.
Темір қақпақтардың өздігінен жануы оның қалыңдығы 8 мм дейін болған жағдайда болуы мүмкін. Сондықтан көптеген жағдайда оларға найзағай қабылдауыш құралдар орнатып отырады. Олар олардың өздігінен тұтануын
сақтап тұрады. Найзағай қабылдауыш демалатын қақпақтары бар сұйық қоймаларғада көп жағдайда орнатылады. Олар сұйық қоймадан шығатынбу-әуә жанғыш қоспанын жанып кетуін сақтап отырады.
ПУЭ ге сәйкес сұйық қойма парктері, төгу эстакадалар, сорғы және басқада өртке және жарылысқа қарсы мұнай базасының орнатпалары жарылысқа қауіпті аумақ болып есептеледі. Олар В-1Г класына кіреді және найзағай қабылдауыш орнатуға тиім екінші категориялы гимарат пен құрылғылар тобына да кіреді.
Найзағайға қарсы құрал таңдаған кезде оның биіктігін, көршілес ғимараттар арасындағы орналасуын және көптеген қосымша факторлар назарға алынады..
1жыл ішінде 3000 м көлемі бар найзағайдан қорғалмаған сұйық қоймаға түсетін найзағайдың түсуін орташа есеппен алатын болсақ , онда бізде мынандай есеп шығар еді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет