Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр



бет25/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
salmirzayli

Тыйым салынады:



  • сұйыққойма түбінің,корпусы мен шатыры,сонымен қатар бекітпелік және фланцтық арматурасының герматикалығы жойылған кезде пайдалану;

  • сұйыққойманың,понтон немесе құбылмалы шатырдың қисаюы кезінде,топырақтың шөгуінде,құрал – жабдықтар мен құрылғылардың,әкелетін және бұрып әкететін құбырлардың,тиектердің,клапындарының,от бөгеттерінің,өртке қарсы жүйелердің ақаулары болған кезде пайдалану;

  • сұйыққойма толық болған кезде пайдалану;

  • сұйыққойма толық болған кезде немесе босаған кезде таңдама жасау;

  • жауын жауған кезде сұйыққоймаларды толтыру немесе босату.

Металдан жасалған жер үстіндегі сұйыққоймаларды пайдаланған кезде корпусында немесе түбінде ағып кету сапасыз дәнекерлеу,бірқалыпты шөкпеу және т.б. байланысты пайда болады,соның салдарынан мына шарт бойынша tc tтұт кезінде төгілу мен ЖҚК аймақтарының пайда болуына әкеледі.Сондықтан ағуды байқаған сәттен кейін тез арада жою керек.Сұйыққойманың ағымдағы немесе күрделі жөңдеу бойынша жұмыстарды оны мұнай мен мұнай өнімдерінен толық босатқан соң,барлық құбырларды ажыратқан соң,барлық люктерді ашқан соң,қалған қалдықтар мен булардан тазартқан соң (булау,жуып – шаю,желдету),сұйыққоймадан ауа таңдамалардан іріктеген соң,булардың концентрациясы адамдар үшін жарылыс қауіпсіздігі мен зиянсыз екендігіне талдау жасаған соң,сонымен қатар наряд – рұқсатнама алған соң ғана рұқсат етіледі.


5.8 Мұнай құбырларының химиялық әсер нәтижесінде технологиялық құрал – жабдықтардың зақымдалуы

Технологиялық процесте айналыста болатын заттар мен қоршаған орта технологиялық құрал – жабдықтар жасалған материалмен химиялық өзара әрекетке түседі,яғни оның бұзылуы тотығу арқылы болады.Тотығудың бұзылу әсеріне өндірістік құрал – жабдықтардың ең осал жерлері бейім болып келетінін атап өтейік:жіктер,ажыратқыштар қосылыстар,төсемдер,майысу орындары мен құбырлардың айналым орындары мен құбырлардың айналым орындары жатады.


Химиялық әсер нәтижесінде технологиялық құрал – жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері.
1.Тотығуға тұрақты металдарды қолдану.
Бірқатар жағдайларда металл құрылымдарының тотығуға тұрақтылығы осы тотығу ортасында және осы жағдайларда тұрақты материалдарды пайдалану арқылы ғана қол жеткізіледі (тұз ерітінділеріндегі қола,1650С дейінгі кез – келген қосылыстардағы сірке қышқылы ерітінділеріндегі титан);қышқылданғыш ортадағы тотықпайтын хром – никель болаттар;400/0 құмырсқа қышқылындағы алюминий және т.б.
Материалдарды тиімді пайдалану анықтамалық мәліметтер немесе арнайы қойылған зерттеулер негізінде жасалуы мүмкін.Жоғары қоспаланған тотықпайтын болаттарды үнемдеу мақсатында әр түрлі металдардан құралған екі қабатты матералдардан тұратын биметалл кең қолданылады.
Бірқатар жағдайларда болаттың тотығуға беріктігін жақсартуды тиісті термикалық өңдеу құрылымының біртектілігін жоғарылату есебінен,ішкі кернеулердің концентрациясы орындарын жою және дефермациялаумен немесе үстіңгі беттерді механикалық жолмен өңдеу арқылы (қырнаумен,жылтыратумен)қол жеткізуге болады.
2.Металды агрессиялық ортадан қорғаныс жабындарымен оқшаулау.
Металды лактармен,нитробояулармен,глифталь және полихлорвинил бояуларымен жағады.Құрылыстар мен құбырларды топырақтық тотығудан битумпектік майлау арқылы қорғайды.
Беттерді тотығудан қорғау жұқа металл қабыршықтарын (никельдеу,қалайылау,хром жалатумен,күмістеумен,алтындаумен)жағу жолымен жүзеге асырылады,сонымен қатар аппарттардың ішкі қаптауыштарын химиялық берік материалдардың көмегімен жабындау:керамикалық тақтайшамен,графитпен,қорғансынмен, серпінді массалармен,резинамен және т.б.Жабындаудың бір кемшілігі – жіктердің,жапсарлар мен бекіту орындарының болуы мен олардың жиі зақымдалуы болып табылады.
3.Ортадағы тотығу белсенділігін өңделетін заттарды агрессиялық қоспалардан тазарту жолымен,сонымен қатар тотығуды баяулататын баяулатқыштарды енгізу жолымен төмендетуге болады.
4. Металл емес химиялық тұрақты материалдарды қолдану.Серпінді массалар,жасанды шайыр мен резиналар,полиэтилен,полипропилен,поливи –
нилхлорид,полистирол,капрон,фторопластар,эбонит,күрделі пластиктер және басқа да табиғи бейорганикалық материалдар (гранит,базальт),сонымен қатар жасанды жолмен алынатын силикат материалдарды (форфор,шыны,керами – ка,цемент)пайдаланады.
5.Электр – химиялық тотығудан қорғау үшін катодтық және протектор қондырғыларын қолдану.
Қондырғылар қорғалатын құрылыстар мен топырақ арасындағы әлеуеттің алуан түрлілігін құруға мүмкіндік береді де барлық обьектілер катодтыққа айналады.Белсенді қирауға ұшырайтындар көбінесе металл қалдықтарынан (ескі құбырлардан,рельстерден )орындалатын анодты жерге тұйықтау болып табылады.Катодты орнату үшін 6 – 12 В кернеулі токтың көздерін пайдаланады, қорғалатын беттің 1м2 – ге дейінгі 2 – ден 20 мА қорғаныс тогының тығыздығын қамтамасыз етеді.Қорғалатын учаскедегі беттің жақсы битуммен оқшаулануы кезінде бір ғана катодтың қондырғысы 10 – нан 20 шақырымға дейінгі құбырды немесе әрбірі 5000 – 100000м3 болатын 5 – 10 сұйыққоймаларды қорғауы мүмкін.Ұзындығы үлкен болатын магистральдық газ құбырлары мен мұнай құбырларын катодты қорғаныссыз пайдалануға енгізбейбі.Мұндай қорғанысы бар құбырлардың қызмет ету мерзімі 20 жылдан және одан астам болады.Протекторлық қорғанысты қорғалатын құрылыстарға протекторлардың гальваникалық анодтарын қосу көмегімен орындайды,алайда олардың электрхимиялық әлеуметі қорғалатын обьектіден төмендеу болады.Протекторлық қорғаныс тоқ көздерін талап етпейді және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет