Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр


-Бөлім. Мұнай базасының қысқаша инженерлі-техникалық сипаттамасы, өндіріс айналымындағы заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қаупі бар қасиеттері



бет3/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
salmirzayli

1-Бөлім. Мұнай базасының қысқаша инженерлі-техникалық сипаттамасы, өндіріс айналымындағы заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қаупі бар қасиеттері


Қызылорданың мұнай базасы Қызылорда каласында орналасқан,


А категориясына мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалар тобына жатады. Мұнай базасының территориясында келесі өндірістік және қосымша ғимараттар орналасқан: қазандық, құбыр жүргізу жүйелері,сорғы станциялары, механикалық шеберхана, бір автомобильге арналған өрт сөндіру депосы, мұнай өнімдерін ыдыста сақтауға арналған қойма, лаборатория, қосалқы бекет, өрт сөндіретін сорғы, әрі бері өтетін бөлме, автожай, оператордың бөлмесі,ашық мұнай өнімдерінің сорғы станциясы,мұнай және мұнай өнімдерін жылыту жүйесі, әкімшілік ғимараттар. Негізінен барлығы отқа төзімділігі жағынан ІІI дәрежелі ғимараттарға жатады. Мұнай базасының территориясы үлескілер мен зоналарға бөлінген. Темір жолдық қабылдау зонасында келесідей ғимараттар мен бекеттер орналасқан: темір жол құю-толтыру эстакадалары, сорғы станциясы, тиеу-түсіру платформасы. Сұйыққойма паркі зонасында ақшыл және қоңыр мұнай өнімдерінің сұйыққоймалары орналасқан.
«Қуатамлонмұнай» ЖШС БК мұнай терминалы «Белкөл» станциясының аумағында орналасқан. Терминалдың аумағы 5 га, темір тормен қоршалған және кіретін қақпалары бар. «КАМ» нысанының аумағында 3000 м3 мұнай сақтауға темірден жасалған 2 дана жердің бетінде, 100 м3 жердің астында және дизель азығын сақтауға 3 дана сыйымдылықтар орнатылған. Теміржол бойында мұнай қабылдайтын барлығы сыйымдылығы 300 м3. Қабылдайтын-ағызатын, насос бекеті, (мұнай, газ) сұйық азықпен жұмыс істейтін 2 дана SUACKO гликоль жылытатын бу қазандығы бөлмесі. Ауласы «Ночь-12» NП-88002 маркалы күзет дабылы темір сыммен қоршалған. Әкімшілік ғимараты 1 қабатты «VIKING» атомды материалдан жасалынған, жылу жүйесі тоқпен.
Насос бекетінде мұнай айдауға 7 электронасосы бар, оның: екеуі
СТN-Е-125/2 маркалы 3000 м3 резервуарға мұнай қабылдайтын бекетінен мұнай айдайды, 2 насос та автоматикалық. Қалғаны СЗЛ-У-80 250 маркалы 5 насосы өнім қоймасында орнатылған, бұл насостар 3000 м3 резервуардан эстакададағы вагонына мұнай айдауға және дренажды насосы мұнай өнімдерін резервуарға айдайды.
«КАМ» терминалының нысандарына күзет қызметі және 1 өрт сөндіру бекеті 1 өрт автокөлігімен 12 қызметкерлерімен қызмет атқарады.
Мұнай базасының өрт қауіпі өте жоғары, себебі кала ішінен алыс орналасқанымен,сұйық майларды және арнайы сұйықтықтарды транспортизация және резервуарларға құю кезінде,жұмыс қызметкерлеріне қаупі зор.
Өрт туралы ағашқы дабыл мұнай базасының диспетчерлік пунктіне түседі, диспетчерлік пунктінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы мен тікелей байланысы жоқ. Телефон байланысы қолданылады. Өрт сөндіру шарасына қатысатын мұнай базасы жұмысшыларын шақыру жеке құрастырылған график бойынша жүргізіледі.
Өрт сөндіруге қажетті қосымша күш пен құралдарды жинақтау
Күштер мен құралдарды жедел басқару жедел шығу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет