Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр


Өндіріс айналымындағы заттардың өрт-жарылыс қауіпі бар қасиеттері



бет7/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
salmirzayli

1.5 Өндіріс айналымындағы заттардың өрт-жарылыс қауіпі бар қасиеттері.

Мұнай өнімдері және мұнайдың жанғыштығына байланысты қасиеттерін есепке алғанда және дұрыс қолданғанда, яғни оттың тұтану, өрттің күшею және сөну жағдайын анықтайтын өрт қауіпі көрсеткіштерін есепке алғанда ғана мұнай базасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.


Заттар мен материалдардың өрт қауіпі көрсеткіштерін анықтаудың талаптарына сәйкес мұнай және мұнай өнімдерінің өрт қаупін бағалауда жанғыштық тобын, тұтану темературасын, жану температурасын, өздігінен жану температурасын, жану жылдамдығын, жану кезіндегі қызу жылдамдығын, жанып жатқан заттың су-көбікті сөндіру құралымен әрекетке түсу ерекшелігін, жанудың ауадағы аумағын, жарылыстың максималды қысымын, қоспаның жарылыс қаупі бойынша категориясын, тұтанудың минималды энергиясын, жарылыс қаупін туғызатын оттегінің минималды мөлшерін, қалыпты жану жылдамдығын анықтау қажет.
1.5.1. Мұнайдың қасиеттері

Мұнай-майлы тез тұтанатын сұйықтық,әдетте қарақошқыл түсті,ерекше исі болады.Мұнай химиялық құрамы бойынша күрделі органикалық қосынды болып табылады,негізінен екі химиялық элементтен – көміртегіден (82-87 0/0) және сутегіден (11-14 0/0) – тұрады.Сондықтан мұндай қосындыларды көмірсутекті деп атаймыз.Мұнай құрамына кіруі мүмкін:күкірт,оттегі,азот және із түріндегі – хлор,фосфор,йод,және т.б.Оның тығыздығы 0,73 – тен 1,04 г/см3 дейін болады.Қайнау бастауы шамамен 200С.Қайнау темперетурасы 1000С және одан жоғары болатын ауырлау мұнайлар болады.Қату температурасы – 60 – тан + 200С дейін,жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К),жану жылылығы 43000 – 46000 кДж/кг болады.
Мұнай суда ерімейді.Қыздыру кезінде терендікке қарай қызады,яғни қыздыру процесінде гомотермикалық қабатының өсуі пайда болады.Күйіп кету жылдамдығы 9 – 12 см/с.Қызған қабатының өсу жылдамдығы 24 – 36 см/с,оның температурасы 130 – 1600С,жалын температурасы 11000С болады.
Мұнайда метан (парафиндік),нафтендік және хош иісті көмірсутектер кездеседі.Осы немесе басқа топтың асып кетуіне байланысты мұнайға атау береді.Мұнайдың физикалық қасиеттері,сонымен қатар сапалық сипаттамалары осы немесе басқа сутектің немесе олардың жеке топтарының басым болуына байланысты болады.Күрделі көмірсутектері басым болатын ауыр мұнайларда бензин және май фракцияларының мөлшері аздау болады,яғни метан қатраының көмірсутектердің басым болуымен жеңіл мұнайларға қарағанда,олардың өрт қауіптілігі аздау болып табылады.
Мұнайда шайыр мен парафиндердің көп болуы оны тұтқыр және көп қозғалмайтын етеді,яғни соның салдарынан мұнайды өндіру,тасымалдау мен қайта өңдеу кезінде қосымша шаралар жүргізуін талап етеді.Мұнайлар құрамына таза бинзинді,жермайлы және майлы фракциялардың болуы бойынша бөлінеді.
Егер мұнайды ашық ыдыста ұзақ уақыт жел қағатын болса, кез келген мұнайдың жану температурасы күрт жоғарылайды. Сондықтан мұнай тез тұтанатын сұйықтан жанғыш затқа айналуы мүмкін.
Кен орнының әр түрлі болуына қарамастан барлық мұнай түрлерінің концентрленген жану шегі шамамен бірдей. Практикалық қолдану үшін жану шегін тең деп алуға болады:
төменгі — 2% (көлемі бойынша) немесе 40 г/м3;
жоғарғы — 10% (көлемі бойынша) немесе 200 г/м3.
Мұнай буының молекулярлық массасы орта есеппен 50 кг/кмоль-ға тең деп алуға болады.
Мұнай жану кезінде төменге қарай қызатын қасиеті бар, сондықтан үдемелі гомотермиялық қабат түзеді. олардың жану жылдамдығы 9-12 см/сағ., қызған қабаттың үдемелі жану жылдамдығы 24-26 см/сағ., сәйкесінше қызған қабаттың және жалынның температурасы 130-160 С және 1100 С.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет