1.3. Өндірістің технологиялық үрдісінің сипаттамасы
ЖШС «Қуатамлонмұнай» Қызылорда мұнай базасы мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау тұтынушыларға жіберу қызметін жүзеге асырады.Мұнай базасының тұтас өндірістік технологиялық үрдісін спецификалық техногиялық үрдістері мен апараттарына сәйкес шартты түрде төрт үлеске бөлуге болады:
I үлесі - құю-толтыру темір жол этакадасы;
II үлесі - жапқыштар торабымен сорғы;
III үлесі - сұйықтық сақтайтын парк;
IV үлесі - мұнай өнімдерін бөлшектеп тарату.
Мұнай өнімдері мұнай базасына темір жол транспортымен жеткізіледі. Мұнай өнімдерін қабылдау бір жақты құю-толтыру темір жол эстакадасы арқылы тәулік бойы жүзеге асырылады. Темір жол цистерналарынан мұнай өнімдерінің үш тобын жеке дара құйып-толтыруға 6 вагон-цистерна қарастырылған. Темір жол құю-толтыру эстакадасының жалпы ұзындығы – 76 м. Эстакада цистерналардың асты және үсті арқылы құю-толтыруды қамтамасыз ететін ҚТҚ-175 (7д.) құю-толтыру құрылғыларымен, сонымен қатар мұнай өнімдерінің түрлері мен сұрыптарына қарай бөлуді жүзеге асыратын манифольдтармен жабдықталған.
Мұнай өнімдерін сұйықтық сақтайтын қоймаларға транспорттау сорғы станциясы арқылы жүзеге асады.
Сорғы станциясы мынадай маркалы сорғылармен жабдықталған:
12 МТС(мұнай табу станциясы) – 2дана;
6 НДВ - 1 дана;
6 НКЭ 9х1 - 1 дана;
АСВН-80 - 4 дана.
Сорғы агрегаты жұмысы барысында автоматты түрде барлық параметрлеріне бақылау жүргізіледі және белгілі бір бұзылу болған жағдайда, агрегат жұмысының ауытқуына себепші болған ауытқу тіркеліп отырады.
Бұдан соң, жапқыштар торабы арқылы сорғылармен құбырлар арқылы мұнай өнімдері сұйықтық сақтау қоймаларына жіберіледі.
Мұнай өнімдері жер үстіндегі вертикальды станционарлы қақпағы бар сұйық қоймаларда сақталады. Дизельді жанармай үшін ТБР-400 сұйық қоймасы орнатылған (саны: 1 дана); бензин үшін ТБР-5000 - 1 дана сұйыққоймасы орнатылған; ТБР-2000 - 3 дана, ТБР-1000 - 2 дана.
Барлық сұйыққоймалар қажет құрылғылармен және ООГҚ мен жабдықталған. Атап айтсақ:
- тыныс алу клапандары;
- гидравликалық клапандар;
- УДУ-5 типті деңгей өлшегіш;
- ПСР-4 типті сынама сұрыптаушы;
- бүйірлі басқарушылары бар шартылдақтар;
- жарықтық люктер;
- лазды люктер;
- өлшегіш люктер;
- сәйкес диаметрлі жапқыштарымен қабылдау-тарату келте құбырлары;
- найзағайқабылдағыш;
- КАГ-600 көбік атқыш генератор
- сифонды су жіберетін крандармен.
Сұйыққойма паркінен автоқұйма эстакадасына дейін әр мұнай өнімі түріне жеке технологиялық құбыр тартылған.
Автоқұю эстакадасында мұнай өнімдерін жіберу 8 сағаттық жұмыс күні ұзақтығында жүргізіледі.
Шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары канализациялық сорғы станциясының бірінші камерасына түседі, одан алдын ала тұндыру үшін тұндыру бөліміне айдалады, оннан өздігінен ағып канализациялық сорғы станциясының екінші камерасына және түзету-тоғанына келеді. Түзету- тоғанында өндірістік және шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары буланады. Буландырғыш-тоғанның сыйымдылығы 1200 м3.
Достарыңызбен бөлісу: |