Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр



бет24/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
salmirzayli

5.7. Мұнай мен мұнай өнімдерін сұйыққоймаларда және сұйыққоймалық парктерде сақтау процестерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері мен техникалық шешімдері

Мұнай мен мұнай өнімдерін сұйыққоймаларда және сұйыққоймалық парктерде сақтау процестерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері мен техникалық шешімдерімен немесе олардың амалдарымен жүзеге асырылады:





  • өрт қауіпсіздігіне қатысты нормалар мен ережелерді қатаң сақтаумен;

  • сұйыққоймалар түрлерін тиімді таңдау және оларды өртке қарсы қорғау бойынша шаралар;

  • сұйыққоймада қысымы жоғары болатын тыныс алу клапындарды,газбен бекіту жүйелерімен және гермитикалық сұйыққоймаларды,газ кеңістігінің флегматизациясын пайдаланумен технологиялық процестерді тиімді ұйымдастырумен және т.б. ЖҚҚ пайда болуын болдырмаумен;

  • буланудан мұнай өнімдерін сақтап қалу үшін құрылғыларды,тораптарды,агрегаттарды қолдану және ысыраптар болмауы үшін ұйымдастыру шараларын жүргізумен (понтондар мен құбылмалы шатырлар,газ бекітпелері,тыныс алу клапындары,диск шағылдандырғыштар,сәуле шағылысатын жабындар және т.б.);

  • технологиялық процестерді тиімді ұйымдастыру, гидробекітпелер, тыныс алу мен сақтық клапындарының,от бөгеттерінің,автоматты,қол және дистанциондық деңгей өлшегіштер мен сұйықтық температура – сын,жоғарғы және төменгі сөндіргіштердің автоматты дабылдағыштардың,өрт сөндіру дабылдары мен өрт сөндіру қондырғыларының,газ теңдестіру жүйелерінің жұмыс қабілетін бақылау;

  • деңгей өлшегіш болған кезде және ақаусыз болғанда сұйыққойманы толтыру;

  • сұйыққойманың тыныс алу және сақтық клапындарының немесе желдеткіштік түтік құбырларының жиынтықтық өткізгіштік қабілетінен жоғары болмайтын толтыру жылдамдығын қамтамасыз етумен;

  • понтон немесе құбылмалы шатырдың ақаусыздығын олардың қисаюы мен жабылмай қалуы болмауы үшін тексеру,герметикалық тиектің қалпын бақылау,техникалық құжаттама бойынша олардың қозғалыс жылдамдығын шектеу;

  • тыныс алу және сақтық клапындары мен газ теңдестіру жүйелерінде орнатылған түтік құбырларда орналасқан от бөгетерінің қалпын,қорғаныс қызметін тексеру мен оны мұздан тазарту;

  • сұйыққойманы толтыру кезде құбырларда мұнай өнімдерінің 2,5м\с аспайтын қозғалу жылдамдығы шектеумен;

  • катодтық қорғаныс қондырғыларын қолдану;

  • сақталатын мұнай өнімдерінің,тауарлы судың,будың немесе ыстық судың әсеріне төзімді тотығуға қарсы жабындарды қолдану мен жөңдеу;

  • сұйыққоймаларды шөгінділерден күн сайын тазарту.Күкіртті мұнайларды сақтауға арналған сұйыққоймалар аса өрт қауіпті болады,өйткені онда жануға бейімді күкіртті темірдің пирофорлық шөгінділері пайда болады.Оларды тазарту кезінде ерекше өртке қарсы шараларды қабылдаған дұрыс;

  • сынамаларды іріктеп алудың өрт қауіпсіздігін жүргізу мен мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу;

  • корпус,құбылмалы шатыр мен понтонның жерге тұйықталу жүйелерінің ақаусыздығын тексеру;

  • тұтқырлығы жоғары және қатып қалатын сұйықтықтардың,сорғылар мен сорғы қондырғыларының жылыту қондырғыларын қауіпсіз пайдалану;

  • төгілген сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген,жермен қорғалатын немесе қабырғалары жанбайтын материалдардан тұратын,жер бетіндегі сұйыққоймалардың топтары мен жеке тұрған жер бетіндегі сұйыққоймалардың топтары мен жеке тұрған жер бетіндегі сұйыққойма периметрі бойынша орнатумен.Жеке тұрған сұйыққойма үшін топырақ үйіп қорғанудың еркін көлемі сұйыққойма көлеміне тең деп қабылданады,сұйыққойманың топтары үшін ең үлкен сұйыққойма көлемі алынады;

  • топырақ үйіп қорғану құрылысын жер асты сұйыққоймаларда мұнай немесе мазут сақтау кезінде ғана жасайды.Жеке тұрған сұйыққойма үшін топырақ үйіп қорғанудың еркін көлемі ең үлкен сұйыққойма көлемінің 100\0 тең деп қабылданады,сұйыққойманың топтары үшін ең үлкен сұйыққойманың сыйымдылығы алынады;

  • қабылдау – тарату түтік құбырында бекітпе органының ақаусыз болуы (қабылдау – тарату құрылғысы)

  • әр – түрлі технологиялық операциялардың өткізу регламенттерін және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаумен;

  • мұнай өнімдерімен сіңдірілген жылу оқшаулығыштарды алмастыру;

  • құбырларды оттан қорғау ернемек арқылы жалғастыруды мұнай және мұнай өнімдерімен жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет