Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр



бет26/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
salmirzayli

5-Сурет.Жерасты құбырын протекторлық қорғау;
1 – құбыр, 2 – автономдық анод,(протектор), 3 – сым


5.9. Сұйыққоймалық парктерінде құрғақ от бөгеттерін қолдану

Құрғақ от бөгеттерін құбырларды қорғау үшін қолданады,онда газ – әуе қоспалары пайда болуы мүмкін,сонымен қатар қысым,температура және басқа да факторлардың әсерінен бүлінуге қабілетті заттары бар қорғаныс желілері қолданылады.


Құрғақ от бөгеттерінің қызметі көбінесе тар каналдардағы жалынды сөндіруге негізделген,ол арқылы жанғыш қоспа еркін өтіп кетеді,ал бірнеше ағындарға бөлінген жалын тарай алмайды.
Жалынның тарау шегі теориясына сай оны тар каналдарда сөндіру канал қабырғаларындағы реакция аймағынан жылудың шығысыларына негізделеді.Егер жылуды жалын майданынан бастапқы қоспаға беру негізгі процесс болып табылады,ол суық қоспа бойынша жалынның тарауына ықпал етеді,жылуды реакция аймағыннан канал қабырғаларына беру және жанудың суытылған өнімдеріне жылуды бұру жалынның тарауын шектейтін процесс болып табылады.Канал диаметрін кішірейткен кезде әсер етуші қоспа массасының бірлігіне қатысты оның үстіңгі беті үлкейеді,яғни реакция өту аймағындағы жылу шағасылары қоспа массасының бірлігіне өседі.Бұл шағысылар кейбір аумалы шамаға жеткен кезде,жалындағы реакция жылдамдығы азаяды,яғни оның әрі қарай тарауы мүмкін болмайды.Міне осындай жағдайда құрғақ от бөгеттері құрылады.
Гидравликалық кедергілерді азайту үшін қажет от бөгеттері корпусының диаметрі қорғалатын құбырдың диаметрімен салыстырғанда көлемі үлкендеу болады.От бөгеттерінің корпусын құбырмен сенімді байланыстыру үшін оның екі жағында ернемектер орналасқан,олардың диаметрлері қорғалатын құбырдың диаметріне сәйкес болады.
МСБТ Р 53323 – 2009 сәйкес «От бөгеттері мен ұшқын сөндірушілер.Жалпы техникалық талаптар.Сынақ әдістері»от бөгеттері мына сипаттары бойынша жіктеледі:

  • жалын өшіруші элемент түріне;

  • орнату орнына

  • жалынның әсері кезінде жұмыс қабілеттілігін сақтау уақыты.

Жалын өшіруші элемент түрі бойынша от бөгеттері былай бөлінеді:торлы,кассеталық,түйіршіктелген материалдан жасалған жалын өшіргіштік элементпен,кеуекті материалдардан жасалған жалын өшіргіштік элементпен.Орнатылған орындары бойынша от бөгеттері былай бөлінеді:

  • сұйыққоймалық немесе аяққа (құбырдың ұзындығы атмосферамен қатынас үшін оның ішкі диаметрінің үшеуінен аспайды);

  • коммуникациялық (кіріктірілген)

Еңбекке қабілеттілікті ссақтау уақытты бойынша жалынның әсер етуі кезінде от бөгеттері екі жіктелімге бөлінеді.

  • I жіктелім уақыты 1 сағ.кем емес;

  • II жіктелім уақыты 1 сағ.аз.

Схемада әр түрлі үлгідегі оттан тосқауыл жасау қондырмаларының от бөгеттерінің схемасы көрсетілген.
Торкөзді от бөгеттерінде жезден,мыстан және болаттан жасалған сүзгі түріндегі торлар пайдаланылады.Жалынды сенімді өшіру үшін бір – бірінен 10 мм шамадағы қашықтықтағы орнатылған бір емес,бірнеше торды қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет