Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр


-Сурет.От бөгеттерінің негізгі түрлерінің схемасы



бет27/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
salmirzayli

6-Сурет.От бөгеттерінің негізгі түрлерінің схемасы:
а – көлденең торлармен; б – тік торлармен; в – қиыршық тастармен (шарлармен,щеңбермен); г – түрінде оратылған кеңірдіктенген және тегіс лентамен қоса жасалған; 1 – корпус; 2 – жалын өшіргіш қондырма; 3 – темір шілтер; 4 – тіректік шығыршықтар
ТТС бар сұйыққоймалардағы тыныс алу түтік құбырларын қорғау үшін кассеталық от бөгеттерін пайдаланады.Кассетаны тегіс және кеңірдектенген (гофраланған) ленталары бір мезетте есу жолымен жасалады,соның әсерінен үшбұрышты пішіндегі каналдар пайда болады.
Түйіршіктелген денелерден (шарлар,шығыршықтар,қиыршықтар,тастар және т.б.) немесе талшықтардан (әйнек мақтадан,асбест талшықтардан және т.б.)жасалған қондырмалар қисық сызықтық пішіндегі каналдарды құрайды.
Жану жылдамдығы үлкен болатын (ацетилен,этилен қоспасы немесе сутекпен ауа) жанғыш қоспалар үшін,оттегі бар жанғыш заттардың қоспалары үшін диаметрі 1 мм аспайтын әйнектен немесе фарфор шарлардан жасалған қондырмалар,сонымен қатар металл керамикалық тілікшелер немесе түтік құбырлар пайдаланылады.
Тар канал арқылы газдан жылуды бұрып әкету газдың жылу өткізгіштігімен қамтамасыз етіледі.Жалын шебінде жылудың бөлінуі жанудың химиялық реакциясының жылдамдығы және кинетикасымен анықталады.Жану процесінің интегралдық сипаттамасы жалын шебінің қалыпты тарау жылдамдығы болып табылады.

5.10. ӨСЖ ұсыныстар

1. Сұйыққойма паркіндегі өртті сөндіру кезінде ӨСЖ міндетті:



  • станцияның кезекші инженері арқылы өрт жағдайын білу;

  • өрт сөндіруге рұқсат алу;

  • өртті зерттеу және жағдайды бағалау;

  • өрт жағдайына қарамастан өрт сөндіру штабын ұйымдастыру, оның құрамына штаб басшысын, тыл басшысын, БУ басшыларын, қауіпсіздік техникасы үшін жауаптыны, әкімшілік өкілін қосу және оларға міндеттер қою.

2. Өрт сөндіру жоспарын іске қосады:

  • шешім қабылдайды, бөлімшелерге жауынгерлік міндеттер қояды, олардың өзара әрекетін ұйымдастырады және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылап отырады және сол бойынша сәйкес шешімдер қабылдайды;

  • МӨСБ-мен үздіксіз байланыс жасайды, мезгіл сайын қабылданған шешімдер және өрт жағдайы туралы хабарлайды;

  • күш пен құрал қоры жасалуын қамтамасыз етеді;

  • қиын жағдайда – қатты түтіндеу, жоғары температура және т.с.с., жұмыс жасап жатқан бөлімшелердің жеке құрамын ауыстыруды ұйымдастырады.

3. Өрт орнына аға басшы келгенде өрт орнындағы жағдайды, өрт сөндіру бойынша қабылданған барлық шешімдерді хабарлайды.
Шақыру орнына келген соң өрт орнын зерттеп мынаны анықтайды:

  • жанып жатқан және көрші сұйыққоймадағы ЛВЖ және ГЖ көлемі мен түрін, толтыру деңгейін, су жастығының болуын, сұйыққоймалар төбесінің бұзылу сипатын;

  • бекінулердің жағдайын, сұйыққойма бұзылғанда немесе атылғанда көрші құрылыстардың зақымдану қаупін, сұйықтық жайылуының мүмкін жолдарын;

  • өндірістік және нөсерлік кәріз жүйесінің, қарау құдықтары мен гидробекітпелердің бар болуы және олардың жағдайын;

  • мұнай өнімдерін сұйыққоймалардан тартып шығару немесе ағызып жіберу және оларды су немесе бумен толтыру мүмкіндігін;

  • өрт сөндіру, сумен жабдықтау қондырғылары мен құралдарының және көбіктендіргіш заттардың бар болуы мен олардың жағдайы; көбіктендіргіш заттардың көрші объектілерден жылдам жеткізу мүмкіндігін.

4. Сұйыққойма паркіндегі өртті сөндіру кезінде ӨСЖ міндетті:

  • қажетті күш пен құрал мөлшерін есептеу және оларды өрт орнында жинақтау;

  • Өрт орнында оперативті штаб ұйымдастыру, оның құрамына әкімшілік пен объектінің инженерлі-техникалық қызметкерлер өкілдерін кіргізу; сұйыққойма мен коммуникацияларды ажыратуға, көбік шабуылын дайындауға, жанып жатқан және көршілес сұйыққоймаларды суытуға, қауіпсіздік техникасын сақтауға жауаптыларды тағайындау;

  • өрт сөндіру қондырғылары мен стационарлы суыту құралдарын іске қосу;

  • қажетті жағдайларда қызмет көрсетуші қызметкерлердің өзектер панасында жану аймағына ЖТС, ЖС түсуін тоқтату операцияларын жүргізу үшін өрт алған тиекті арматураға жетуін қамтамасыз ету;

  • құю-толтыру эстакадаларындағы өрт кезінде жылжымалы құрамды ажырату және қауіпсіз жерге шығару;

  • жанып жатқан және көршілес сұйыққоймаларды «А» және лафетті өзектермен суыту;

  • көбік пен өрт сөндіретін ұнтақты беруді сұйыққоймаларды сөндіру мен суыту құралдарының толық есептелген мөлшері (қорды есепке алғанда) дайын болғанда ғана бастау. Бекінудегі ЖТС, ЖС жанғанда дереу көбік өзектерін енгізу;

  • бірнеше сұйыққойма жанғанда және өртті бір уақытта сөндіруге күш пен құрал жетіспегенде барлық күш пен құралды бір сұйыққойманы сөндіруге шоғырландыру және

  • өртті сөндірген соң күш пен құралдарды келесі сұйыққоймаларды сөндіруге топтастыру; өрт сөндіруді көрші тұтанбаған сұйыққоймаларға,технологиялық жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстьарға неғұрлым көп қауіп төндіріп тұрған сұйыққоймадан бастау керек;

  • өртті жел жақ бетінен сөндіру, автокөтергіштерді, автосатылар мен көбіккөтергіштерді пайдалану;

  • сұйыққойма «қалталарында» пайда болған ЖТС мен ЖС жанған жағдайда көбікті және ұнтақты өзектер пайдалану, оларды сұйыққойма қабырғасында жасалғансаңылауларға әкелу;

  • «ұнтақ-көбік» құрама өрт сөндіруде өрт ұнтақпен жойылып (сөндіріліп), содан соң қайта тұтануды болдырмау үшін көбік беріледі;

  • Сұйыққоймадағы қоңыр мұнай өнімдері жанғанда атылудың алдын-алу үшін уақытылы шара қолдану мақсатында мұнай өнімдері қыздырылуын және сұйыққойма түбінде судың бар болуын үздіксіз бақылау, оның мезгілімен шығарып тұру;

  • қауіпті аймақта (бекінуде) неғұрлым аз адам болу үшін: қауіпті аймаққа (бекінуге) өрт сөндіруге қатыспаған өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын және қызмет көрсетуші қызметкерлерді жібермеу, өзектегілерді бір уақытта ауыстырмау;

  • жер асты сұйыққоймаларындағы ЖТС мен ЖС жанған кезде жанып жатқан және көршілес сұйыққоймалардың периметрлерін белгілеу;

  • өзектермен жұмыс жасайтын жеке құрамды қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер пайдалану;

  • сұйыққоймадағы өрт сөндірілгеннен кейін көбік жіберуді тоқтатпау және сұйыққойма айнасы беті түгелдей көбікпен жабылуын қадағалау;

  • күш пен құралдар жеткіліксіз болғанда ЖТС мен ЖС сақтау үшін (ерекше жағдайларда) сұйыққойма қабырғаларын суыта отырып, бақыланған құйып алуды жүзеге асыру.

Көбікті шабуылды дайындау үшін қажет:

  • көбіктендіргіш пен көбікпен өрт сөндіру құралдарының қажетті қоры мен есептелген мөлшерін өрт орнында шоғырландыру және әрекет етуге дайындау;

  • қажет мөлшердегі көбіккөтергіш орнату үшін бөлімшелер мен басқарушы құрамнан жауаптыларды тағайындау, олардың өз міндеттерін білетініне көз жеткізу;

  • көбік беру және тоқтату белгілерін, қайнау, мұнай мен қоңыр мұнай өнімдерінің сұйыққоймадан атқылау қаупі болғанда шегіну белгілерін орнату және барлық жеке құрамға хабарлау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет