Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр


Өртке қарсы сумен қамсыздандырудың сипаттамасы



бет6/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
salmirzayli

1.4. Өртке қарсы сумен қамсыздандырудың сипаттамасы

Сыртқы өрт сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында Қызылорданың мұнай базасы қаланың су құбырынан алынған диаметрі 100мм суқұбыры желісімен жабдықталған. Желідегі қысымды арттыру( 8 атм. дейін) үшін оқшауланған жерде орналасқан сорғы станциясы бар.


Ішкі өрт сөндіру іштегі - әкімшілік-тұрмыстық корпуста, мұнай өнімдерін ыдыста сақтау қоймасында орналасқан өрт сөндіру крандары арқылы жүргізіледі.


1.4.1. Ақшыл мұнай өнімдерінің технологиялық үрдісінің
сипаттамасы

Ақшыл мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю үшін ТП 402-12-49 типтік жобасы бойынша салынған, оператор бөлмесінде және шатыр астында орналасқан , қосарланған құю құрылғылары бар 8 аралдан тұратын станция бар. Станция оператор бөлмесінен дистанционды басқарылады. Ақшыл мұнай өнімдерін жіберу үшін оператор бөлмесінен дистанционды басқарылатын АҚС-5Н (автоматты құю станциялары) құрастырылған. Автобағанның өнімділігі- 30м3/сағ. Автоқұю эстакадасында мұнай өнімдерін жіберу 8 сағаттық жұмыс күні ұзақтығында жүргізіледі.




1.4.2. Қоңыр мұнай өнімдерінің технологиялық үрдісінің
сипаттамасы.

Қоңыр мұнай өнімдері мұнай базасына темір жол транспортымен жеткізіледі. Қоңыр мұнай өнімдері мұнай базасына темір жол транспортымен жеткізіледі. Қоңыр мұнай өнімдерін құйып алу үшін ҚТҚ-175(құю толтыру құрылғылары) төменнен құю құралы орнатылған. Майларды айдау үшін РТ-30 (роторлы-тісті) және ТШ20-25А (тегершікті) сорғылары орнатылған. Сорғы станциясынан кейін қоңыр мұнай өнімдері № 1 және № 2 май-блоктарына немесе өңделген мұнай өнімдері пунктіне түседі.


Қоңыр мұнай өнімдерін жіберуге арналған 4 бағаны бар 2 машиналық орынды және 6 бағаны бар 3 машиналық орынды автоқұю этакадалары бар. Бір автоцистернаға құюдың өнімділігі 16,5 м3/сағ.


1.4.3 Өндірістік суағарлардың технологиялық үрдісінің
сипаттамасы

Өндірістік суағар қалдықтары мұнай тұзақтары арқылы өтеді, алдын ала тазартудан өткен соң (КСС) канализациялық сорғы станциясына түседі, одан сорғымен түзету-тоғанына айдалады.


Шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары канализациялық сорғы станциясының бірінші камерасына түседі, одан алдын ала тұндыру үшін тұндыру бөліміне айдалады, оннан өздігінен ағып канализациялық сорғы станциясының екінші камерасына және түзету-тоғанына келеді. Түзету- тоғанында өндірістік және шаруашылық-фикальды суағар қалдықтары буланады. Буландырғыш-тоғанның сыйымдылығы 1200 м3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет