1.5.4. Мазут пен майлардың қасиеттері.
Мазуттар — жанғыш сұйық, мұнайдан таза жанармай фракциясын (бензин, керосин, дизельді жанармай) айырып алғаннан кейінгі қалдық өнім. Мазуттың бастапқы қайнау температурасы 350С, тығыздығы 890-995 кг/м3, жану жылуы 42000-44000 кДж/кг, жылу өткізгіштігі 1,5-1,6 Дж/(см•с•С), элементарлы құрамы: 83,5-88,5% көміртек және 10,5-12,5% сутек.
Майлар — жоғары молекулалы көмірсутектің қоспалары, қоймалжың жанғыш сұйықтар. Майдың орташа тығыздығы — 900 кг ( 830-ден 965 дейін кг/м3). Жасыл және сивуха майының тұтану температурасы 65 және 40С. Басқа майлардың тұтану температурасы (172-259С) айтарлықтай жоғары жанғыш сұйықтық болып табылады.
Сондықтан қоршаған орта қалыпты температурадан жоғары болған жағдайда да салыстырмалы түрде,майларды мұнай өнімдерінің қауіпсіз түріне жатқызуға болады. Дегенмен, қоюлық деңгейінің жоғарылығына байланысты мазут пен майды тасымалдау мен сақтау жылыту арқылы жүзеге асырылады. (жылыту температурасы тұтану температурасына жақындауы мүмкін). Сонымен қатар жылыту кезінде ауыр мұнай өнімдерінен аз мөлшерде өте жеңіл газ фракциялары бөлінеді. Олар жабық ауа кеңістігінде жанғыш концентрация түзуі мүмкін.
Әдетте мазут пен майлар үшін тұтану температурасын ашық тигльде анықтайды. Дегенмен бұл мұнай өнімдерін сұйыққоймада сақтаудың қалыпты жағдайына сәйкес келмейтінін есепке алу керек. Жабық тигельдегі мазут мен майдың тұтану температурасы ашық тигельдегіден төмен.
Жабық тигельдегі тұтану температурасын жанудың шектік температурасы ретінде анықтайды. Сондықтан тұтану температурасы экспресс-параметр екенін есепке алу керек. Ол ашық ыдыстағы немесе төгілген күйдегі жанғыш заттың өртенуіне себепші болатын жағдайдың шамамен алынған температуралық көрсеткіші.
Ауыр мұнай өнімдерінің салыстырмалы түрде көп мөлшерде жеңіл мұнай өнімдеріне араласуы соңғысының өрт қаупі көрсеткішіне айтарлықтай әсер етпейді. Ал май мен мазутқа аз мөлшерде болса да бензиннің немесе басқа жеңіл мұнай өнімдерінің араласуы олардың өрт қаупін күрт арттырып жібереді. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерінің ауыр мұнай өнімдеріне араласуы өрттің шығу жағдайына ғана әсер ететін, одан әрі жану сипатына әсер етпейтінін есепке алу керек. Бастапқы жану кезеңінде жеңіл қоспалар тез өртеніп кетеді, сондықтан жанып жатқан мазут қайтадан ауыр мұнай өнімінің қасиетіне ие болады.
Жанған кезде мазут төменге қарай қызады, сондықтан гомотермиялық қабат түзеді. Мазутттың жану жылдамдығы 6 см/сағ., қызған қабаттың үдеу жылдамдығы24-42 см/сағ, қызған қабаттың және жалынның температурасы сәйкесінше 230-300 және 1000С тең.
Достарыңызбен бөлісу: |