2 . «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
2.1 «Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау
“Жамбылгипс” зауыты №1792-ші бұйрық негізінде 1954 жылы 31 желтоқсанда құрылып, 1961 жылы зауыттың өндірістік қызметі басталып, жобалық қуаты отыз мың тонна жылына гипс тасын шығару бойынша іске қосылды.
Шикізат базасы болып- әбден қаралып, дайындалған екі уческедегі, яғни “Шығыс” және “Батыс”- Улькен-Бұрылтауда орналасқан үш қабаттан тұратын, 51,0 млн. тонна гипс запасы бар жерден тұрады. Яғни, бұл жер Тараз қаласынан Батысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан.
Таулы қойнау белгіленген 132 га бөлінген жер ауданында қопсытылуға рұқсат етілген. Ал жерлі аймақ №0085359 серия бойынша, 255,45 га ауданымен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Әкімімен 1996 жылы 24 шілдеде үнемі пайдалануға бөлінген. Сонымен қатар 1995 жылы 22 мамырда жиырма жылға берілген қойнаулы жер №319 МГ сериялы лицензияға сәйкес өңделде.
Гипсті қазу ашық тәсілмен, алдын-ала қопсытып,жару жұмыстары арқылы жүргізіледі. Карьерден гипс тасы автокөлікпен таулы цехтың өндірістік алаңына жеткізіледі, онда гипсті уату, сорттау жұмыстары жүргізіліп, шикізат қоймасына дайын жалпақ ленталық пластик түрінде жетеді. Шикізат қоймасынан гипс тасы экскаватор көмегімен теміржол платформаларына тиеліп, цемент өндірісі үшін Республика тұтынушыларына жөнелтіледі. Гипс тасының бір бөлігі автокөліктерге тиеліп, гипс цехының алаңына жеткізіледі. Осы алаңнан гипс тасы ұнтақтайтын арнайы диірменге майдалануға беріледі. Ұнтақталған гипс диірменнен шнектермен 70-140оС температура деңгейінде термоөңдеу жүргізілетін гипс қайнату қазандарына тасымалданады. Қазандар табиғи газбен ысытылады. Қайнатылу процесі аяқталғаннан кейін гипс шнектермен, элеваторлармен тиеліп барып бункерлерге одан ары қарай дайын өнім силосына тасымалданады.
Силостардан гипс пневмокөлікпен темір жол цистерналарына тиеліп немесе автокөліктермен тұтынушылар қажеттігіне жөнелтіледі.
Гипс тасының негізгі тұтынушылары болып, Қазақстанның цемент зауыттары, сонымен қатар Ресейдегі Батыстық-Сібір, кейінірек Қырғызстанның цемент зауыттары да тұтына бастады. Осы тұста айта кететін бір жәйт, бүгінгі таңда Қазақстанда бес цемент зауыттары бар, нақтырақ; Өскемен, Қарағанды, Шымкент және Семей қалаларында.
Жаңа құрылыстарға қажетті гипске деген сұраныстың ұлғаюына байланысты гипс карьерін ұлғайту шешімі қабылданған болатын. Біздің облысымыз гипс запасына бай болуына қарамастан және гипс тасын, құрылыс гипсін шығаруда үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынына қарамастан мұның барлығы 100% қолдануда емес.
Әлем тәжірибесінің талдауы көрсеткендей, көптеген дамыған мемлекеттер цемент орнына құрылыс гипсін қолданады. Гипс өніміне капитал салымы цемент өндіруге қарағанда екі есе, технико-экономикалық ресурстар төрт есе, металл сыйымдылығы үш есе аз болып келеді. Дегенмен, мұның барлығына қарамастан, Қазақстанда негізінде гипстік шикізат тек цементтік өнеркәсіпке және құрылыс гипсі жөндеу жағдайында, жекеше жұмыстарда қолданылады.
Дәл қазіргі уақытта зауыт моралді және физикалық ескірген технологиялық жабдықтарда жұмыс істеуде. Көбінесе, тұтынушылардың аз болуынан тоқтап та қалады. Бүгінгі күні зауытта 93 адам саны жұмыс істейді.
Зауыттың орналасқан жеріне келетін болсақ, “Жамбылгипс” ЖАҚ-мы Тараз қаласында орналасқан, кәсіпорынның заңды мекен-жайы; Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Ниеткалиева көшесі, 116 үй.
Зауыттың өз есеп шоты бар, Тараз қаласындағы “Центр Кредит” банкісімен қызмет жасасады.
1993 жылы “Жамбылгипс” зауыты Мемлекеттік мүліктік Жамбыл аумақтық комитеті шешімінің №4/24-ші бұйрық негізінде 1993 жылдың 17-ші қыркүйек айынан бастап “Жамбылгипс” зауыты ашық түрдегі акционерлік қоғам болып өзгертілді.
№ 2954-1919 куәлік негізінде “Жамбылгипс” ашық акционерлік қоғамы жабық түрдегі акционерлік қоғам болып өзгертілді. Жамбыл облысы Әділет басқармасы шешімімен ЖАҚ-ның жарлығына №405 бұйрық бойынша өзгертулер еңгізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып гипс тасын алу, өңдеу және өткізу болып табылады. 1961 жылдан өзінің өндірістік қызметі басталғаннан бері кәсіпорын гипстің Улькен-Бұрылтау деген қайнар көзінен алынатын шикізатты өңдеумен айналысқан.
“Жамбылгипс” АҚ-мы өндірістік негізде гипстің ең ірі қайнар көзін өңдей бастаған алғашқы кәсіпорын болып табылады, бүгінде гипсті алу немесе табу бойынша ірі потенциалды жағдайымен жалғыз өндірістік құрылым болып табылады.
Зауыттың негізгі жұмысы болып гипс тасын алу және Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің цемент зауыттарын қамтамасыз етіп, сонымен қатар құрылыс цементін шығару. Қазіргі уақытта “Жамбылгипс” АҚ-мы шығаратын өнім сапасын көтеріп және ассортимент түрлерін кеңейтуге ұмтылуда.
Кәсіпорынның аты; “Жамбылгипс” акционерлік қоғамы. № 2954-1919-АО тіркеу куәлігі бойынша 1998 жылдың 25-ші маусымынан бастап Жамбыл облысының Әділет басқармасында тіркелген.
Мекен-жайы; “Жамбылгипс” АҚ-мы Тараз қаласында орналасқан, кәсіпорынның заңды мекен-жайы; Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Ниетқалиева көшесі, 116 үй.
Бастапқы немесе қазіргі кездегі кәсіпорынның мақсаттарына келетін болсақ, бүгінгі таңда “Жамбылгипс” ЖАҚ-мы шығаратын өнімдерінің сапасын көтеріп қана қоймай, өнім түрлерінің ассортиментін кеңейтуге ұмтылуда. Болашақта кәсіпорын құрылыс қоспаларына кейбір қосымшаларды шығаруын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып бұл- импортты алмастыру өнімінің өндірісін ұйымдастыру болып табылады. Нақтырақ, Республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарының қажетсінулеріне сәйкес құрылыс цементі 1.
1 кесте - Жамбылгипс АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері
№
|
Негізгі көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2004
жыл
|
2005
жыл
|
Ауытқу
|
+;-
|
%
|
1
|
Өткізілген өнімнен түскен түсім
|
мың тг.
|
331500,3
|
339136,9
|
7636,6
|
102,3
|
2
|
Өнімнің өзіндік құны
|
мың тг.
|
248432,0
|
278060,0
|
29628
|
111,9
|
3
|
Жалпы табыс
|
мың тг.
|
83068,3
|
61076,9
|
-21991,4
|
73,5
|
4
|
Кезең шығындары
|
мың тг.
|
110434,4
|
119998,5
|
9564,1
|
108,7
|
5
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
мың тг.
|
-27366,1
|
-58921,6
|
-31555,5
|
2,2 есе
|
6
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
|
мың тг.
|
334123,2
|
12142,5
|
-321980,7
|
3,6 есе
|
7
|
Салыққа дейінгі жиынтық табыс
|
мың т.
|
306757,1
|
-46779,0
|
-35353,6
|
15,2
|
8
|
Таза табыс
|
мың тг.
|
214730,0
|
-46779,0
|
-167951
|
21,8
|
9
|
Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны
|
теңге
|
1,08
|
1,17
|
0,09
|
8,3
|
10
|
Өнім рентабельділігі
|
%
|
59,8
|
-
|
-
|
-
|
11
|
Сату рентабельділігі
|
%
|
64,8
|
-
|
-
|
-
|
12
|
Өндіріс рентабельділігі
|
%
|
21,3
|
-
|
-
|
-
|
13
|
Жұмысшылардың орташа тізім саны
|
адам
|
417
|
481
|
64
|
115,3
|
14
|
Жұмысшылардың еңбекақы қоры
|
мың тг.
|
105903,0
|
125961,5
|
20058,5
|
119,0
|
15
|
Жұмысшылардың орташа еңбекақысы
|
теңге
|
21163,7
|
21823,1
|
833,1
|
103,1
|
16
|
Негізгі құралдардың орт. жылдық құны
|
мың тг.
|
143132,0
|
168915,0
|
25783,0
|
118,0
|
17
|
Айналым құралдардың орт. жылдық құны
|
мың тг.
|
862976,9
|
253835,5
|
-609141,4
|
29,4
|
18
|
Қор қайтарымы
|
теңге
|
2,32
|
2,01
|
-0,31
|
86,6
|
19
|
Қор сиымдылығы
|
теңге.
|
0,43
|
0,49
|
0,06
|
113,9
|
20
|
Қормен қарулану
|
мың тг.
|
343,2
|
351,2
|
308,0
|
102,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |