Дипломдық жұмыс «Кәсіптік білім беру үрдісінде оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін қолдану әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата27.11.2023
өлшемі2.29 Mb.
#484516
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5B012000 – Ахылбек Айжан

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Берілген жұмыс қазіргі уақытта 
дамып келе жатқан белсенді және интербелсенді оқыту әдістерінің кәсіптік
білім беру саласындағы дамуы, қолданылуы қарастырылған. Жұмыстың 
бірінші бөлімінде аталған оқыту әдістерінің пайда болу теориялары, 
анықтамасы, негізгі түрлері, ерекшеліктері қамтылды. Қазіргі таңда заман 
талабына сай, қоғамға тез бейімделе алатын мамандар қажет.Ол үшін 
мамандарды дайындауда білім беру жүйесін осы заманға сай өзгерту 
жетістікке жетудің кілті болып табылады. Сол себептен педагогикалық 
инновацияларды білім беру жүйесінде қолдану белгілі бір маңызға ие болып 
отыр. Алғашқы бөлімде бұл әдістердің ерекшеліктері, негізгі мақсаттары 
жайлы қарастырылды. Екінші, үшінші бөлімдерде таңдап алынған пән 
бойынша оның технологиясы және оны кәсіптік білім беруде сабақта 
әдістерді қолдану бойынша сабақ жоспары жасалынды.
Зерттеудің өзектілігі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы 
мамыр айының 26 жұлдызында Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 
университетінде оқыған “ Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы 
білім экономикасына ” лекциясында: “ Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу 
тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп 
жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, өзін-өзі 
дамытуға қабілеттілігін ескерге мүмкіндік береді ” деп айтқан[1], яғни білім 
жүйеміз бәсекеге қабілетті болуы үшін, біздегі оқыту бағдарламаларын қалай 
қолданатынымыз өте маңызды. Зерттеуде белсенді және интербелсенді оқыту 
әдістерінің кәсіптік білім беру саласында қолданудың негізі, ерекшеліктері, 
мәселелері, келешегі, мүмкіндіктері сипатталды. 
Зерттеудің мақсаты. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерінің 
кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктерін айқындау. Осыған сай 
мынадай міндеттер шешімін тапты: 
- коммуникативті дағды мен біліктерді дамытуды жүзеге асыру; 
- ақпараттық міндеттерді шешу; 
- білім алушылардың топта жұмыс істеуде, тәрбиелік міндеттерді 
орындау; 
- жаңа технологияның маңызды міндеттерін ескеру. 
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Білім алушылардың оқытушымен 
жақсы, тығыз қарым-қатынас орната алуы, студенттердің бір-бірімен қарым-
қатынасының жақсаруы. Жаңа білім беру әдістерін терең зерттеп
теорияларды іс жүзінде қолдану, нәтижелерін сарапқа салу арқылы 
жетістікке жету жолдары жоспарланды, ерекшеліктерін ескере отырып
кәсіптік білім беру орындарын бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 
Зерттеудің практикалық құндылығы. Тәжірибе арқылы студенттердің 
сабақ үлгерім көрсеткіші артты және шығармашалық қабілеттері дамыды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет