Тақырыптың өзектілігі: Тәрбие кұнделiктi отбасы мүшелерiмен, туысқандармен басқа да отбасы мүшелерi араласатын адамдармен баланың қатынасуы, араласуымен iске асырылады. Бала мектепте, техникум, лицейде, жоғарғы оқу орнында, өндiрiсте еңбекте болса да отбасының тәрбиелiк мiндетi жойылмайды, тәрбиелiк әсер жасөспiрiмдiк кезде, ержеткенде де тоқталмайды. Жақсы ортада өнегелi отбасыда өскен бала өз iс әрекетiнде қоғамдық немесе өз коллективiнiң мүшелерiнiң пiкiрлерiн басшылыққа алып қана қоймады, өз туыстарының, жақындарының пiкiрлерi маңыздырақ болады. Туылған кезде бойымызда жоқ, бiрақ бiзге өмiрде керек нәрселердiң бәрi тәрбиемен берiледi. Барлық жеке адам өздерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен қалыптастырады.
Әр жылы еңбек еткен адам кезектi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi демалыс үйлерiнде, санаторийлерде демалады, тынығады. Сонда да болса ең жақсы демалып тынығатын, физикалық кұш жинайтын, моральдық, психологиялық жәрдем алатын жерiмiз отбасы, отбасы боп табылады. Бiрақ отбасыда қатынастар әр тұрлi қалыптасады: Ұнамды, жағымды және жағымсыз, терiс, бұлар адамға әр тұрлi әсер етедi. Мiне, осы жерде отбасының коммуникативтi функциясы-адамдарды қатынасуда, бiрiгуде қанағаттанарлық қажеттiлiгi маңызды роль атқарады.
Социологтар неке мен отбасының рухани-адамгершiлiк негiзi махаббат пен парыздық, жауапкершiлiк пен мiндеттiң бiрлiгi деп атап көрсетедi.
Отбасылық қатынастардың ерекшелiгi адамгершiлiк нормаларының, принциптерiнiң ерекшелiгiн анықтайды. Бiрiншi орында ата-ана махаббат, достық пен өзара қамқорлық, ерлi-зайыптылық, ата-аналық, қыздың, ұлдың парызы және өзара қамқорлығы, еркектiк және әйелдiк абырой, бiр-бiрiнiң мақтанышы, ерлi-зайыптылық тазалық, берiлгендiк, өзара сыйластық, рухани және идеялық бiрлiк т.б. алады. Ерлi-зайыптылардың арасындағы әйел мен еркектiң өз аттарына сай болуы.
Әйелге тән қандай қасиеттер? Әйелдiк қасиеттерге мейiрiмдiлiк, жұмсақтық, сезiмнiң әсемдiгi мен нәзiктiгi, аналық қамқорлығы, балаға ғана емес үлкендерге де, оқығандығы-тәрбиелiлiгi, берiлгендiгi, ұнемi ерiн моральдық жағынан демеп отыруға дайын болуы, ерiнiң бойына өзiне деген сенiмiн арттыру, өзiнiң және ерiнiң қасиетiне мәпелеп қарау.
Өмiрге оптимистiк көзқарасы, кездескен қиындықтармен тапқыр да жiгерлi кресе бiлу, сергектiк, жарқын, әзiл тұсiнетiн, физикалық, рухани кұшке ие, сезiмтал және жақындарына ынталы назар сап отыру, отбасысына, балаларына қамқор болу осылардың – бәрi ерлерге тән қасиеттер. Еркек нәзiк, ақылды сезiнуге, ойлауға, бейiм болған сайын өзiне әйелдердi көбiрек тарта тұседi. Ерлердiң ұй шаруасында әйелге көмектесуiн оның қасиетiн төмендеткенi деп тұсiнедi, бұл дұрыс емес.
Қазiргi кезде отбасыны әлеуметтiк-таптық белгiсiне – жұмысшы отбасыны, ауыл-шаруашылық қызметкерлерiнiң (фермер, кооператор, арендатор) отбасысы; екiншiден, қалалық, ауылдық (орналасу тұрiне қарай); ұшiншiден бiр ұлтты, ұлтаралық (ұлттық белгiсiне), төртiншiден, өмiр сүру кезеңiнде (жас отбасы, бала кұтiп отырған отбасы, орта жастағылар отбасысы, үлкен жастағылар отбасысы, қарттық жастағылар отбасысы т.б.); отбасы мүшелерiнiң санына қарай (баласыз отбасы, аз балалы, көп балалы отбасы т.б.) сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |