36
3. Стационарлық экологиялық алаңдарда
топырақтағы химиялық
элементтермен ластану динамикасын айқындау мақсатында жұмыс
жалғасады. Салыстырмалық талдаулар бақылау кезеңіндегі нәтижелер
бойынша жинақталып, қорытылады.
Ластағыш заттар мөлшерінің төмендеуі және жоғарылауына байланысты
бес ластану деңгейі анықталады: рауалы, төмен, орташа, жоғары, өте
жоғары.[5]
Далалық, камералдық жұмыстар және зертханалық зерттеулердің
мәліметтерін қорытып топырақ есеп беру жұмысы және картографиялық
материалдар жасалады.
Топырақ есеп беру жұмысында келесі тараулар баяндалады: кіріспе,
ластау
көздерінің қысқаша сипаттамасы, табиғи жағдайы, зерттелген
топырақтың физико-химиялық және морфологиялық қасиеттері. Химиялық
сараптау нәтижесінің кестесі, ауыр металдардың
қазіргі мөлшерімен ШРК-
мен салыстырмалы сараптама, топырақтың ластану деңгейі бойынша
топтастыру және осы жерлердің жағдайын жақсартатын ұсыныстар келтірілді.
Ластағыш заттардың құрамының ШРК-дан (шектеулі рауалы
концентрация) асуына байланысты бес ластану деңгейі бөлінген.
Стационарлық экологиялық алаңдар жүйесінің үлкеюіне байланысты
картографиялық материалда ластану қарқындылығын бес: рауалы, төмен,
орташа, жоғары, өте жоғары деңгейлерін
сипаттайтын нақ контурлары
суреттелген, техногендік таралу өрісін айқындау үшін үлкен ақпараттар
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: