3.9 Аудан аумағында экологиялық таза ортаны қамтамасыз ету шаралары Ауданда таза ортамен қамтамасыз ету үшін біраз шаралар жүргізу
қажет.
Аудан
ландшафтының
биологиялық,
эстетикалық
және
функциональдық қасиетін жақсартып, оның қалыпты жағдайын ұстау керек.
Ауданымыздың тазалығын жоспарлаудың тұтастығы және ғимараттардың
биіктігіне, дұрыс орналасуына, көшелердің кеңдігіне байланысты.
Урбанизацияланған аудан ландшафтысының эстетикалық құнына тұрғын
үйлер және ластау көздерінің қолайлы орналасуы, ауданның жасыл қорын
көбейтуге көшелерге қылқанды- жапырақты екпе ағаштарды араластырып
отырғызу, жасанды және табиғи айдындар (фонтан, кішірек көлдер,
акватынымбақтар, су ағатын арықтар), жылдың құрғақ кезінде көше және
тротуарларға су шашу, еріген және жауын сулары тоқтаусыз кету үшін арық
жүйесін тазалау, көше- көлік жүйесін қайта құру, метрополитен және негізгі
көшелер қиылысында көпірлер құрылысын салу, жүк көліктері үшін айналма
жолдар құру, көліктер ағынын реттеу, жер асты өту жолдарын және бірнеше
көше қиылысына ауаның ластау көрсеткіштерін орналастыру әсер етеді.
Жылу энергиясын қамтамасыз етуге және автокөлік үшін қолданылатын
жанар майдың сапасын бақылауды күшейту, сонымен бірге ауданны газбен
үздіксіз және барлық энергетика кәсіпорындарын, жеке секторларды
газдандыруды қамтамасыз ету керек.
Әрбір өнеркәсіптік кәсіпорындар санитарлық норманы сақтау және
қоршаған ортаны қорғауға барлық экологиялық талаптарды орындау керек.
Қалдықтардың көлемін азайтып, зиянсыз ету және оны пайдаланудың тиімді
технологиясын жетілдіру, әдейілеп бөлінген жерге қоқыстарды жинау алаңын
45
жабдықтау мәселелерін шешу керек.
Табиғи ортаның өзі қалпына келе алатын және өзін реттеу қабілеті бар
болғандықтан, көмек беру керек.